Қазақстан тарихы пәнінен 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік емтиханның сұрақтары жауаптарымен
1.Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
Жауап: Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
2.Тарихи үдерістің кезеңдері. Ежелгі тас ғасырында адам мен оның шаруашылығының қалыптасуы.
Жауап:
4 үлкен кезең бар :
1) Ежелгі Қазақстан 3) Жаңа замандағы Қазақстан
2) Орта ғасырдағы Қазақстан 4) Қазаіргі замандағы Қазақстан
Ең алдымен, бұл неандертальдықтар. Неандертальдықтар өте дамыған. Олар аң аулаумен, балық аулаумен айналысты.
3.«Неолиттік революция». Ботай мәдениеті.
Неолиттік революция – аңшылық пен жеміс терушіліктен жер ендеуге көшу. Ботай мәдениеті – энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.
4.Қола дәуірдегі палеоэкономика. Андронов мәдениеті.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Андронов мәдениеті—біздің дәуірімізге дейінгі XVI-XII ғасырлардағы қола дәуірінің жақын археологиялық мәдениеттерінің жалпы атауы, олар Оңтүстік Орал, Батыс Сібір жазығының оңтүстігі, Қазақстан, Алтай Обьі, Кузнецк және Хакас-Минусинск бассейндерінің аумағын алып жатыр. Мәдениетті 1927 жылы С. А. Теплоухов бөлді.
5.Сақ тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Алтын адам, «Аң стилі»,Тасмола мәдениеті.
Сақтардың әлеуметтік кұрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Аң стилі-Сақ кезіндегі тайпалардың көркем шығармашылығының неғұрлым айқын және есте қаларлық көріністерінің арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады.
6.Орталық Азиядағы ертедегі таптық ірі бірлестіктер. Ғұндар.
Б.3.Б мынжылдыкта казіргі Монголиянын онтустігіндегі Ордостан Каспий еніріне дейінгі Орталык Азияинын улан-байтак кеністігі мен этникалык курамы женінен ор турлі таипалар
Мекендеген.
Шаруашылыктын біртіндеп дамуы, турмыстын біршама ортактыгы, этникалык жакындык саяси тартіп факторы Орталык
Азияда ертедегі таптык ірі
Бірлестіктердін курылуына экеліп сокты.
Олардын уакыты жатынан алгашкылары
Сюнну (гундар) болды. Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген.
7.Усундер-Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі.
Жауап: Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен.
8.Б.з.б. II-ғ. Екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қангюй мемлекеті. Жетіасар мәдениеті.
Ғұндардың жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деген оқиғамен белгілі. Ғұндар Қазақстан және Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді.
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. Айтылады. Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші елдер оларды кезінде “канх” деп атаса, бірде “қан” деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Жетіасар мәдениеті — Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы, оның ескі арнасы Қуаңдарияның бойында орналасқан көне ескерткіштер тобының жиынтық атауы (б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасы — б.з. 9 ғ-дың басы).
9.Түркілердің шығу тегі. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Ғалымдардың пікірінше, түркі халқы солтүстік-шығыс Азия халқының құрамына кірді және өзінің отаны
10.Батыс Түрік қағанаты: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды.
11.Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы.Түргеш қағанаты.
Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
12.Қарлұқ конфедерациясының саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді.
13.Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды.
14.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы
9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
15.Қарахандар мемлекеті – түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі.
Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, билік екі тайпалық топ – жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлініп, мемлекет Шығыс және Батыс деген екі иеліктен (хандықтан) тұрды. Оларды өз қағандары басқарды.
1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда қаласы (оны Қара Орда немесе күз Орда деп те атаған) кейін Қашғар каласы болды.
2. Батыс хандық Мауренахрды биледі. Орталығы алғаш Бұхара, кейін Самарқан қаласы болды. Қарахан мемлекетінде биліктің қосарлы немесе тең құқықты жүйесі қалыптасты.
16.Қарақытайлардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы
Тоғызыншы ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген, моңғолтілдес тайпалар ретінде атап өтіледі.
Қытай тіліңде «қидандар» араб, фарсы тілінде «қарақытайлар» деп аталатын тайпа 927-947-інші жылдары Қытайдың солтүстік жағын бағындырып алып, ю-Чжоу (Бейжің) қаласын өздерінің астанасына айналдырған. Осы кезден бастап Ляо (темір) империясының дәуірі басталады.
1125-інші жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды.
17.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы
Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.
Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.
Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды.
18.Наймандар, Керейлер және Жалайырлар тайпалар одағының саяси тарихы.
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
19.Түркілер өркениеті, көшпелілер және отырықшылар мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы.Орхон-Енисей сына жазуы ежелгі түркі өркениетінің белгісі.
Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.
20.Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. Фон Рихтһофен (F. Von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
21.Орта ғасырлық мәдениет пен ғылым. Қорқыт Ата, әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи.
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Еуропада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзі “Һорқұт” сөзінен шыққан. “Хор” деген көне түркі тіліндегі “Өр” деген сөз, “Һор” деп те айтылған. Ал, “құт”, ол кәдімгі “құт”, “береке”, “игілік” деген сөз. Демек, Қорқұт сөзі “жоғарыдан келген құт” деген мағынада. Бірақ, қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туындаған. Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. Ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) — ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029—1101) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.
22.Шыңғысхан және Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы
Шыңғысхан Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады. Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
23.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территориясы, этникалық процестер, мәдени симбиоз.
Алтын Орда (13ғ ортасы- 15 ғ ортасы) Жошы ұлысының орынына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі. Алғашқы орталығы Сарай Бату. Негізін қалаушы Батый хан. ТЕРРЕТОРИЯ(Алтай тауынан Дунай өз)
Батысқа жасалған жорық (1236-1242ж) нәтежиесінде Батыс елдерін жаулап алу мақсатында елдің шегарасы кеңейіп Сол т Кавказ, Қырым бойы, Орыс княздіктері елдері Алтын ордаға тәуелді болып салық төледі.Алтын Орда Берке мен Өзбек хан тұсында жақсы дамыған болатын.
Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египед сұльаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түсті.
Өзбек хан тұсында 1312 ж мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде жарияланды
14 ғ 2 жартысында Алтын Орда арасында алауыздық күшейіп 1830 ж Куликова даласында Мамай қолбасшылық еткен әскерде Орыс әскерлерінен жеңіледі. Бұл әлсіздікті пайжаланғанТоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен билікті өз қолына алған.1832 ж Тоқтамыс хан билігін ныңайту үшңн Мәскеуді өртейді.Әмір Темір бұл опасызыдықты білген соң Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, әлсіреп тұрған елді талқандайды.
24.Ұлыстар арасындағы күрес, Алтын Орданың ыдырауы.
Алтын Орданың әлсіреуі, 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда ішінде алаусыздық күшейеді, 1357-1380 жылдар арасында 20 хан ауысады, 14 ғасырдың 60 жылдарың өзінде мемлкеттің астанасы Сарайда бір жылдың ішінде 4 хан ауысады, Ішкі саяси жағдай әлсірейді, бұны тарихта Ұлы Дүрбелең кезеңі деп атайды, Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орда, 1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі, Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді, бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған, 1382 жылы Тоқтамыс хан билігін нығайту үшін Мәскеуді өртейді, Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған мемлекетті бас көтерместей етіп талқандайды.
25.Ақ Орда. Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін бәсекелестігі
XIV-XV ғасырдың басындағы Ақ Орда мемлекеті.
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталық, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет – Ақ Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, крейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары.Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ, Барақ, т. Б
26.Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы
Моғолстан — 14 ғ. Ортасында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
27.Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Әбілқайыр хандығы.
XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд-Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілқайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.
28.Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы.
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.
29.Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы.
Сібір хандығы — 1468 жылықұрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір .
Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы – Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.
30.Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.(сәулет өнерінің ескерткіштері, ауыз әдебиеті, музыка өнері )
Ұлы Дала төсінде өркендеген Алтын Орда өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы, сондай-ақ кейінгі дәуірлерде тарих сахнасында бой көрсеткен хандықтар, әмірліктерге тигізген ықпалы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн конференцияға арқау болды
31.Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары.
Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік.
32.«Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуы.
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер «қазақ» терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казакия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касакия деп оқылуға тиіс.
33.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандар.
Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
34.Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы - «Қасым ханның қасқа жолы»
Қасым хан (1445—1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі. Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан хандық құрған кезде (1511 – 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б.
35.Тақ үшін күрестер және Қазақ хандығындағы саяси дағдарыс. Мамаш, Тақыр, Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш хан қаза тапты.
XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар хан (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.
Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.
36.Қазақ хандығының қайта өрлеуі, Хақназар хан.
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
37.Сырдариялық қалалар үшін күрестің аяқталуы. Тәуекел хан.
Тәуекел хан[1] — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қаза тапты.
38.Есім хан тұсындағы қазақ хандығы. «Есім ханның ескі жолы».
Есім ханның ескі жолы” – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 – 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне “Есім ханның ескі жолы” деп аталды.
39Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қатынастары. Орбұлақ шайқасы.
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ Хандығы (1628-1652) Қазақтың хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырды, Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады, Жәңгір хан Жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара, Жаркент хандықтарымен, қырғыздармен одақтас қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады 1643 жылы Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне баса-көктеп кірді, Жәңгір 600 жауынгерімен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шықты, жер жағдайын пайдаланып, ескі Жаркент қаласынан күншілікті жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген, Шайқаста Жоңғарлар 10 мың адамнан айырылады, Осы кезде Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды, Бұл соғыста Жәңгірдің жау жүректігі мен тапқырлығы, көрегендігі қазақ халқының мерейін асырады.
40.«Белгісіз жылдар» (1652-1680 жж.) кезеңі. Сайрам соғысы.
Сайрам согысы
1635 жылдан 1758 жыла дейін созылган казак-жонгар согыстары деуірі казак
Ултынын калыптасуына жане казіргі
Казакстан аумагынын калыптасуына улкен
Асер етті. Бірак бул асерді тіпті тарих гылымы элі толык зерттеген жок. Сайрам-
Казакстан аумагындаты ен кене
Коныстардын бірі. Ол Талас пен
Сырдариянын орта агысы арасындаты
Ангарда орналаскан. Казір осы алкаптын жене букіл Онтустік Казакстаннын
Орталыты Шымкент каласы болып
Табылады. Бірак орта гасырларда Сайрам –
Исфиджаб – Аккала басты кала болды. Ол
Онын ен шеткі шыгыс басында, Жібек
Жолынын киылысында турды жане
Туркістанга Шыгыс какпа болды. Бірнеше
Рет кайтыс болган жане кайта жанданган.
41.Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы». Билер институты.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы
42.XVI—XVII ғ.ғ. қазақ халқының рухани мәдениеті. Шалкиіз жырау (1465-1560) Доспанбет (XVI ғ.) Жиембет жыраулар(XVII ғ.) Асан Қайғы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Жалайыридің еңбектерінің маңызы.
ХV ғасырда өмір сүрген, өз заманының асқан ақылгөйі Асанқайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы Еділ бойында дүниеге келген. Тарихи аңыздарда Асанның әкесі Сәбит саятшы болған деген дерек бар. Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Жиембет Бартоғашұлы (1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Батыс Қазақстанды мекендейтін Алшын елінің Тана руынан.
43.XVII—XVIII ғасырлардың басындағы қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан
Шұбырынды, Алқакөл сұлама». Бұланты, Аңырақай шайқастары. Әбілқайыр хан.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 27).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. Орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді. Бұланты шайқасы – ж. Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды.
44.Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы.
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді. Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға* тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Бұл уақытқа дейін Ресей империясының құра-мына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын. Әбілхайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.
1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды.
45.Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтудағы Абылай ханның дипломатиялық саясаты
XVIII ғасырдағы қазақ билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай хан өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады. Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойылған аты Әбілмансұр болатын.
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп дамуын қолдамаса да, 1778 жылы 24 мамырда Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай ант қабылдаудың және патшаның сенім грамотасы мен тарту-таралғыларын тапсырудың салтанатты рәсіміне барудан бас тартты. Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
46.Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. 1822-1824 ж.ж жарғылар. 1867-1868 ж.ж уақытша ережелер.
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.
47.Ресейдің Қазақ жерін жаулап алуының аяқталуы. 1886 және 1891 ж.ж Заңдар. Әкімшілік құрылым.
XIX ғасырдың ортасына карай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа және Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің Жем, Ырғыз және Торғай бойына дейін жететіндігін айтты. Сырдарияның төменгі жағасына орыс және қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттеріне қарамастан, оларды Қоқан қолдары, кейін жақсы қаруланған Ресей әскерлері ығыстыра бастайды.
Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақырады. Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының өктемдігі мен қатыгездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да құтылуға әзір болды.
48.XIX ғасырдың II жартысындағы орыс-қытай қатынастары. Қазақ жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің көшірілуі.
XIX ғасырдың 70-80-жылдарында ұйғырлар мен дүнгендер Қытайдан Жетісуға қоныс аудара бастады. XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.
49. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі (1775-1776 жж.)
Көктемір, Невидимка – ел аузындағы аңыздың кейіпкері. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейін Кіші жүзде көтерілісті әрі қарай жалғастырған адам. Халық арасында 1775 ж. Үлкен Қобда өзені жағасында «көзге көрінбейтін адам» пайда болды, ол тіпті Сапира атты әйелдің үйінде тұрыпты-мыс деген әңгімелер шыққан. Көктемір қазақ даласына «патшаның» (Е.Пугачевтің) келетінін аян етіп, халықты оның айналасына жиналуға шақырды. 1775-76 ж. Жалпы саны 10 мыңға дейін жететін Казак отрядтары Ресейдің бірсыпыра бекіністеріне шабуыл жасады. Көктемір қозғалысы 1775 ж. Көктем мен жаз айындағы қаралы оқиғадан кейінгі күрестің жаңа түрі болды.
50.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж.)
Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардабы болды.
Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б.
Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады.
С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.
51.Жоламан Тіленшіұлының наразылық қозғалысы (1822-1824 ж.)
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс — азаттық көтеріліс болып саналды. Ол 1822 – 1825 жылдары болды. Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті.
52.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.(1836-1838 жж.)
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838). 1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
53.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847).
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
54.Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері (1856-1857жж.).
Ресей әскерлерінің қазіргі Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік-шығыс аумақтары арқылы ілгері жылжи түсуі, Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан үнемі шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлерді тартып алуы жергілікті қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болды. Ол көтерілістер кезінде халықтың қалың бұқарасын атақты батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы басқарды.
55.1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтарының көтерілістері.
Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс (1869) – 19 ғасырдың І-жартысында Торғай және Орал облыстарында бұқара халықты қанау жылдан-жылға күшейе түсті. Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. 1810 ж. Елек, Қурайлы өзендерінің бойынан 700 мың десятина жер, 1830 ж. Ор өзенінен Березовкаға дейін 7,5 млн десятина жер, Ор мен Құмақ өзендері бойындағы шабындықтарды және 1865 ж. Орал өкілдерінің оң жағалауынан қырға қарай 25 шақырым жер алынып, Орал, Орынбор казак-орыс әскерлеріне берілді. Аманқарағай, Наурызым ормандарын Орынбор әкімшілігі пайдаланды. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. Жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады, Қазақтар тұзды (Елек, Тұзтөбе, ақжал), балықты (Шалқар, Қамыстысамар және т.б.) көлдер мен өзендерден (Есіл, Ор, Орал) ығыстырылды. Жем өкілдерінің төменгі бойы мен Каспий теңізінің шығыс жағалаулары Ресей кәсіпшілерінің меншігіне алынды. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мәжбүр болды.
56.ХІХ ғасырдағы музыкалық шығармашылық. Махамбет, Тәттімбет, Құрманғазы(1818-1889), Дәулеткерей (1829-1882), Біржан сал (1832-1895), Ақан сері (1843-1913), Жаяу Мұса (183-1895)
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп тануға болады.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, – 1862 жыл. Қайтыс болған) — қазақ күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820, Орал облысы,Орда ауданы – 4.05.1887) — қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы.
Біржан сал Қожағұлұлы – Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында 1825 жылы дүниеге келіп, 1897 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Қожағұл бүркеуі деген жерден топырақ бұйырған.
Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835 жыл, Семей облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы – 1929 жыл) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны.
57.Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.
58.Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келді. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. Алғаш мұсылманша оқып сауатын ашады (2-3 жылдай). 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға түседі.
Орынбордағы 7 жылдық мектепті бітіріп шығып, кеңсе қызметінде істейді. Ғалым В.Григорьевпен жақын араласып, оның бай кітапханасынан пайдаланады.
1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп – 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің испекторы болады (1879). Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды.
59.Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі
Ұлы Абайдың Қара сөздері – педагогикалық (тәрбиелік) тұжырымдар, олар қазақ ұлттық педагогикасына қағба-бағдар ретінде енді. Абай өлеңдері еңбекке, ғылымды сүюге, өнерге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай тұлғасы – отандық мәдениет пен әдебиетте салмақты орын алады.
Төменде ұсынылып отырған, оқырмандардың кең ауқымын ұлы ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыруға бағытталған көрсеткіште Әл-Фараби кітапханасының қорында сақталған Абай шығармалары және ол туралы кітаптар берілген.
Көрсеткішке Абайдың 1939-1940 жылдар аралығында латын графикасында басылған жұмыстары енгізілген.
60.Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдардың («Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла», «Айқап») қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі.
Мерзімді басылымдардың маңызды сипаты олардың бір мезгілде шығатын санына байланысты, əсіресе олардың қалыптасуының бастапқы жəне қоғамдық күйзеліс кезеңдерінде жарық көрген басылымдардың көп бөлігі ұзақ уақытқа жетпеді. Сондықтан жиі қолданатын мерзімді басылымдардың жалпы саны газет жəне журналдардың жағдайына тең болмады. Келесі бір мерзімді басылымдардың сипаты оның таралымына байланысты болуында. Аталған сипаттар бір-бірімен тікелей байланысты. Мерзімді басылымдардың жеке немесе ресми екендігін ескеру қажет жəне оны қаржыландыру көзін де нақты білген дұрыс
Тарих емтихан
61.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. Көпұлтты қоғамның қалыптасуы.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дүниежүзіне танылған мемлекет болды. Ұлы Отан соғысы жылдары елдерді еріксіз көшіру науқанынан Қазақстан көп этносты мемлекет болып, бүгінгі күні оны мекендейтін ұлттардың өз Отанына айналды. Тоталитарлық жүйеде миллиондаған азаматтардың тағдыры тәлкек болып, заман қасіретін арқалап, алғашында жеке адамдар қудаланса, кейіннен бұл сасясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарына Қазақстан кірді. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына дейін де тоталитарлық жүйенің нақты орталығы болып келді. Себебі қазақ халқының ашаршылық жылдары, ұжымдастыру кезеңі, қуғын-сүргін уақытындағы демографиялық өзгеріске ұшыратқан кеңестік дәуірдің терең саясатының бір көрінісін - Ұлы Отан соғысы жылдарында басқа ұлт өкілдерін күштеп шоғырландыру арқылы тағы да жүзеге аса түскенін байқатады. Сондай-ақ, кейіннен ақпан-наурыз пленумының шешімімен ағылып келіп жатқан халықтардың шоғырлануымен толықтырды.
62.Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
63.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Бірінші дуниежузілік согыс жылдарындаты
Казакстан. Казактардын 1916 жылы улт-
азаттык кетерілісі
Бірінші дуннежузілік согыс 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Согыска дейінгі туста Ресейде жана енеркосіп
салалары жедел каркынмен дамыды.
Онеркесіп орындары ел экономикасы- нын
дамуына улес косумен катар, согыс
кажеттілігіне орай ірі мемлекеттік
тапсырмаларды да аткарды. Онеркэсіп ондірісінін ішінде металлургия ондірісі улкен жетістіктерге жетті. Эйткенмен, Ресей
согыска дайындыксыз, аскери-енеркасіптік элеуеті темен, келіг нашар дамыган жадайда кірісті, армия эскери-техникалык жагынан нашар камтамасыз етілген еді.
Согыс басталган сон жалпы империяда,
ішінара Казакстанда ондіргіш куштердін даму денгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дуниежузілік согыс Казакстан
экономикасынын кулды- рауына экеліп
сокты. Ауыл шаруашылыгы елкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол кунарлы, егіншілік шаруашылыгын жетік менгерген аудандарда
жаксы дамыды.
64.«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының 1916 жылғы көтеріліске көзқарасы.
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ.
65.Ресейдегі Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Қос өкімет жағдайындағы Қазақстан.
Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
66.Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жарияланды, Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
67.«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. Алаш автономиясы.
Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисін қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ съезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, олар Ресей құрамында ұлттық мүддені көздейтін демократиялық құрылымды негізге алатын автономия құру мәселесін алға тартты. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, ол 1920 жылда таралды.
68.Түркістан (Қоқан) автономиясының тарихы. М.Шоқайдың саяси қызметі.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.
69.Т.Рысқұлов және оның тұтас Түркістан идеясы
Тұрар Рысқұлов Түркістан Республикасы Халкомкеңесінің төрағасы лауазымымен 1923 жылғы сәуірде Ресей компартиясының 12-шi cъезіне делегат болып қатысты. Cол съезде Орталық Комитеттің мүшелігіне кандидат болып сайланды. Бұған дейін ол 16-шы жыл көтерілісшілерін қолдаған, 17-ші жылғы Ақпан революциясы жол ашқан саяси мүмкіндіктер ауқымында қоғамдық өмірге белсене араласып, жастар ұйымын құрған. Сол жылғы қыркүйекте большевиктік партия мүшесі болған. Ал Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметінің Әулиеата үйездік буынында белсенді ұйымдастырушылық жұмыстар атқарған. 1919 жылдың күзіндегі Кеңестер съезінде Түркреспубликаның Денсаулық сақтау халық комиссары лауазымына сайланып, үкімет құрамына кірді. Республикалық деңгейдегі қызметтерінде, әсіресе түрлі комиссариат өкілдерін біріктірген арнайы комиссияны басқарып ашаршылықпен күресу кезінде қилы астам да қазақ мүддесіне шекеден қараушылықтармен бетпе-бет келе жүріп, ұлт мәселесін терең түсінді. Түркатком төрағасының әуелі орынбасары, сосын төрағасы лауазымында өлкенің ұлттық тұрғыда дамуына бар күш-жігерін жұмсады. Түркістан халықтарының біртұтастығын паш ететін ірі шешімдер қабылдауға қол жеткізді. Одан Мәскеуде екі жылдай Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет атқарғаннан кейін, 1922 жылдың күзінде Ташкентке қайта оралып, Түркреспубликаның Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болған-ды. Партия форумына осы лауазымымен келген.
70.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. «Әскери коммунизм» саясаты.
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
71.Ұлттық мемлекет құру идеясын, таптық негіздегі мемлекет-Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасын құрумен ауыстыру.
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы. 1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды 1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
72.1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
Жер-су реформасы
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:
Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жыл – Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921–1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
73.Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
74.Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
Ф. И. Голощекиннің есімі қастерлі қазақтың тарихында социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдарындағы әрекеттерімен есте қалған.Өз жерінде еркін ойнап күле алмаған сорлы қазақтың қайғысына қайғы қосылып,езулерінен күлкі қашқан сұрғұлт заман дәл осы кездермен күңіренген еді. Голощекин жергілікті ауылдардың қазақ лебін сезінбегенін алға тартып,бізге Қазан төңкерісі керек деп,өзінің ойлап отырған,жоспарлап жүрген идеясын халыққа ұсынған болатын.
Тарих тағылымына көз жүгіртсек,Голощекин алғаш идеясын халыққа таныстырған кезден бастап көптеген қарсылықтарға ұшырап отырған,көбі оның идеясын даттаса,енді бірі мақтаған.Осындай кезде жоғары жақтын қолдауын күткен Голощекин Сталинге арнап хат жазған болатын.Ол өзінің хатында өзінің идеясының қоғамға пайдалы екенін айтып барынша ағынан жарылған болатын.Нәтижесінде Сталин оған кері хат жазып,оны қолдайтынын білдірген.Сталин хатында Голощекиннің идеясының жақсы саясат екенін айтқан.Осылайша алып қолдауға ие болған Голощекин өз идеясы жолында алғы жұмыстарды жасай бастайды.Дәл осы кезден бастап Голощекин идеясына жол ашылды. Голощекиннің негізі «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты екіге бөліктер тұрған,оныі біріншісі өлкенің өнеркәсіптерін орташа және жоғарғы деңгейде дамыту,ал,екіншісі сол өлкелердегі шикізат қорын молайту.Голощекин негізі өзінің идеясын 1927 жылы ұсынып,ол 3 жыл аралығында қолдау көрмей тек 1930 жылы осы идеясы партиялар жиналысында мақұлданған болатын.Солардың қатарында А.Андревте болған болатын.Осылайша Голощекиннің идесы уақыт өткен сайын қолдауға ие бола бастады,бірақ оған қарсылық білдіргендерде болды.Мәселен, Смағұл Садуақасов осы идеяға қарсы болған боалтын.Ал,Садуақасовтың бағыты осы Голощекиндікіне біраз ұқсас болғанымен,негізгі екпін Қазастанды өнеркәсіп еліне айналдыру болды..Қарсылықтар мен қолдауларға ие болған Голощекин өз идеясын іске асыруда аянбай еңбек еткен болатын.Тіпті,сол кезеңдерде Кеңес үкіметіне наразылықтарын білдіріп,ел қамын ойлап,шыр-пыр болып жүрген қаншама адамдар соқпақ жолдардан өтуге мәжбүр болды.
75.Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттары, іске асыру әдістері, салдары
Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді.
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығымен айналысатын аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуы тиіс еді. Онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, тек жеке мал мен құрал-жабдықтарды пайдалануға ақы төленуі керек болды.
1928 жылы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауылшаруашылығы коммунасы, 1215-і ауылшаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестігі еді.
1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық І съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытына жол ашып, ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды.
76.1921-1922 жж. Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».
77.ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары
Қазақстанды Одақтан бөліп әкетуді көздеген «буржуазиялық ұлтшылдар» атанды. Кеңестік мекемелерде қызметте болған Ж.Мыңбаев, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов сынды ұлт зиялыларының жаңа толқынында да «Буржуазиялық ұлтшылдар» ізбасарлары, «жікшілдер», «ұлтшылдар» деген сияқты негізсіз айыптаулар тағылды, осы саясатты нәтижелі жүргізу үшін ұлттық ерекшелік, ұлттық дербестік туралы түсініктерден біржола безіндіру мақсатында шүбәлі болса да, шындықтың өзі деп көрсеткен нақты шаралар атқарылды. Кеңестік тоталитарлық жүйе ұлт басындағы халық мүддесі үшін күрескен ұлттарды «жіктердің көсемдері» етіп, соның негізінде түрлі «шылықтарды» ойлап шығарды.
Солардың бірі – Сәдуақасовшылдық. «Сәдуақасовшылдық» - қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) ұстанған ұлттық позицияға байланысты «партиға қарсы» деп танылған. Қазақстандағы большевиктік шолақ белсенділердің ойлап шығарған ағымы. Басшы қызметте өзіндік пікірі бар, ерекше талантымен ерекшеленген адамдарды жала жауып қуғындап, өзінің жеке дара билігін орнату мақсатында Ф.И.Голощекин осы «Сәдуақасовшылдыққа» және тағы басқа «шылдықтарға» саяси астар беріп, өз пайдасына шебер пайдалана білді. Ұзақ уақыт бойы С.Садуақасов есіміне алашорда ұлшылдары тобына жақын оңшыл оппортунистік идеяны уағыздаушы, Коммунистік партия ішіндегі буржуазия тыңшысы, жеке меншік пен байдың мүддесін көздеуші, партияның жерге орналастыру, байларды тәркілеу, ұжымдастыру мен индустрияландыруларына қарсы болды деген негізсіз айыптаулар тақты.
Келесі қазақ ұлтының көрнекті қайраткері Сұлтанбек Қожановқа «Қожановшылдық» атауы берілді. С.Қожанов 1925 жылы республикамыздың ұлттық-территориялық жағынан межеленгенге дейін де бірқатар жауапты қызметтер атқарып, Түркістан республикасының ішкі істер халық комиссары, Ағарту Халық комиссары, «Ақжол» газетінің редакторы қызметінде болды. Түркістан Кеңестері мен Түркістан Коммунистік партиясының барлық съезідеріне, РК(б)П-ның Х және ХІІ съездеріне делегат болып, қай мінберден де ойлы ұсыныстарымен, қай істе де ұйымдастырушылық қабілетімен көрінді. Астананы Ақмешітке көшіруде үлкен еңбек сіңірді.
78.Қазақстандағы жеделдете индустрияландырудың(1928-1940 жж.) отаршылдық сипаты: барысы және қорытындылары.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.
79.XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. Бесеудің Ф.Голощекинге хаты. Т.Рысқұловтың И.В.Сталинге хаты.
Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады. көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мәліметтерді көрсетеді.
80.ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңы, 30-жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. А.Байтұрсыновтың араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу.
ХХ гасырдын 20-30 жж. кызу айтыска
айналып, аз гана уакыт ішінде
озгертуге ыкпал еткен кенес укіметінін ектемдік саяясатынын максаты мен себептері, жане осы саясатка карсы курескен А. Байтурсынов бастаган бір топ казак зиялыларынын пікірлері мен делелдерін, тел аліпбиді сактап калу барысында жузеге асырган іс-шаралары туралы элі кунге дейін гылыми зерттеулер жургізілген жок. Такырып
аясындаты XXF. 20-30 жж. казак
зиялыларынын екі турлі позиция устануы,
латын эрпін ендіру саясатынын
бастау алуы, алаш зиялыларынын араб
эліпбиінін артыкшылыктарын делелдеу
себептері, А. Байтурсыновтын эліпби реформасы мен латын алфавитінін
кажеттілігі дэрежесін айкындау т.б.
мэселелер толык зерттелмеген жене
объективті бага берілмеген актандактар катарында калып отыр.
81.Сталиндік «үлкен террордың» ауқымы және ауыр салдарлары.
Сталиндік репрессия саясатының құрбандарына айналған отбасылардың тағдырлары жайында сөз етеді.
Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын.
Молдованың белгілі жазушысы Владимир Беслига 1937 жылы алты жастағы бала болған. Ол өзінің кішкентай ауылындағы сол бір жаралы жылдарды былай деп еске алады:
- Ол кезде жаппай тұтқындаулар жүріп жататын, әр күні таңертеңгісін адамдар бір-бірінен бүгін түнде кімді алып кетті деп сұрайтын, ауылдастардың аузынан "қара қарға" деген сөздер түспейтін, түнде тұтқындалғандарды алып кететін машиналарды халық осылай атап кеткен.
82.Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. 1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды.
Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды (барлығы 11 одақтас республика)
l 1937 жылғы наурыз – Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Онда:
Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері;
Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді.
1937 жылғы желтоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды.
1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды:
112-сі – жұмысшы;
116-сы – колхозшы;
152-сі – қазақ;
60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.
83.Отан соғысының басталуы, жекелеген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару. Қазақстан экономикасын соғыс қажетіне бейімдеу
1941-45 жылдардағы қанды майдан… Ол Қазақстан жерінен қашық болса да бізге соншалық жақын болды. Украина, Белоруссия республикаларында, Фин-Балтық жағалауында қанды майдан жүріп жатқанда Қазақстанның әрбір облысында, қаласында, өндіріс орындары мен ауылшаруашылығында, ауылы мен қыстауында, бригада, звено, цехтарында тылдағы майдан жүріп жатты. Себебі коммунистік жүйе мен фашистік тәртіптің өзара текетірес соғысы басталған күннен бастап Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның Орталық Комитеті, Қорғаныс комитеті алдын-ала жасалған жоспар жасап, Қазақстанды бірден майдан арсеналына айналдырып жіберді. Өйткені, олар Қазақстанның жерінің кеңдігін, табиғи ресурстары мол екенін ескерді. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитетінің 1941 жылғы 16 тамыздағы қаулысы бойынша республиканың барлық шаруашылығы, өндіріс, құрылыс орындары мен экономикасы соғыс мүддесіне бағындырылды.
84.Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.
Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі; оған жау тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін.[1] Партизан қозғалысының түрлері:
• қарулы күрес,
• саботаж,
• диверсия,
• өкімет органдарының беделін түсіруге бағытталған үгіт-насихат.
85.Қазақстан – майдан арсеналы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
86.1940 жылдардың екінші жартысы -1950 жылдардың басындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің күшеюі. «Бекмаханов ісі».
Танымал тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры туралы жары Халима апай әңгімелейді
Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. Ахмет Жұбанов Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды. Ленинград пен Мәскеуде "Ленинградтық іс", "дәрігерлер ісі" "қолдан жасалып" жатқан кезде, Қазақстанда "Бекмаханов ісі" пайда болды.
«Танысуымызға сеп болған - кітапхана»
Танымал тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры туралы жары Халима апай әңгімелейді
Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. Ахмет Жұбанов Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды. Ленинград пен Мәскеуде "Ленинградтық іс", "дәрігерлер ісі" "қолдан жасалып" жатқан кезде, Қазақстанда "Бекмаханов ісі" пайда болды.
87.1940 ж. екінші жартысы - 1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы
30 –жылдардың соңы 40 жылдың басы – әдебиетте авангардизм (көркемдеу), ұлттық реализм (кезеңді бейнелеу), натурализм (шынайы), сюрреализм (асыра реализм), кино өндірісінің қалыптасуы, өнеркәсіптік дизайнның қалыптасуы. физика, медицина, астрономия, кибернетика, т.б. салалардың дамуында аса ірі жаңалықтар болды.
38.Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым адемиясын құру идеясы. Ұлы Отан көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргжүргізді.
88.Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. И.Сталиннің жеке басына табыну саясатын айыптау.
1953 жылы 5 наурызда кайтыс болды.
Сталиннін елімімен тутас бір доуір
аякталды. Сталин кайтыс болысымен елде
болуы мумкін езгерістердін мені туралы уш багыт айкын корінді: бірінші багыт окімет басына Бериянын келуімен байланысты болса, екінші багыт Молотов немесе
Булганин, ушінші багыт Хрущевтін екімет басына келумен байланысты еді. Жадай
Хрущевтін пайдасына шешілді.
1953 жылы кыркуйекте Н.С.Хрущев КОКП
Орталык комитетінін бірінші хатшылыгына
(1953-1964 жж.) сайланды. Жылымык
жылдары аталган 50-жылдардын екінші жартысынан бастап елде игі істер
аткарылды.
1956 жылты акпанда болган КОКП ХХ
съезінде КОКП ОК-нін бірінші хатшысы
Н.С.Хрущев Жеке адама табыну жене онын
зардаптары туралы баяндама жасады.
Баяндамада.
89.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру, экологиялық және демографиялық зардаптары.
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартты: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды.
90.1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртау оқиғасы.
Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға әскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.
91.Н.Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы. 1965-66 жж. реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.
1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
92.XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақтардың ұлттық санасының қайта өрлеуі:«Жас тұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері.
Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.
1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту.
“Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды.
1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды.
Еділ бойындағы автономиялық құрылым таратылғаннан кейін жүздеген мың неміс Қазақстанға қоныс аударған болатын. 1979 жылғы көктемде КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың көрінісі еді. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы А.Коркин басшылық ететін арнайы комитет құрылды. Болашақ неміс автономиясының əкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы деп белгіленді. Автономия құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілмек болды. 1979 жылғы 16-19 маусымда Целиноград жастарының наразылығы болып өтті. Олар “Қазақстан бөлінбейді”, “Неміс автономиясына жол жоқ” деген транспаранттарын көтерді. “Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз” ұраны айтылды.
93.«Тоқырау» кезеңіндегі (1970-1985-жылдар) әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.
“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды
94.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы ретіндегі қызметі
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.[1] Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
95.Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Себептері, сылтауы және салдары.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
96.Қазақстандағы экологиялық жағдай. Аралдың тартылуы. Семей полигоны.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі.
97.Қазақстан «қайта құру» (1985-1991 жж.) кезеңінде. М.С.Горбачевтың реформалары.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі
98.Кеңестер Одағының ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД)құрылуы.
Кеңес Одағының ыдырауы — Кеңес Одағы (КСРО) ішіндегі ішкі ыдырау процесі болды, бұл елдің егемен мемлекет және оның федералды үкіметі ретінде өмір сүруін тоқтатты, бұл өз кезегінде 1991 жылы 26 желтоқсанда оның құрамына кіретін 15 Республиканың толық тәуелсіздігіне әкелді. Бұл бас хатшы (сонымен бірге президент) Михаил Горбачевтің саяси тоқырау мен экономикалық құлдырау кезеңін тоқтату мақсатында кеңестік саяси және экономикалық жүйені реформалау жөніндегі күш-жігерін тоқтатты. Кеңес Одағы ішкі тоқырау мен этникалық сепаратизмді бастан өткерді. Соңғы жылдарға дейін орталықтандырудың жоғары деңгейіне қарамастан, ел әртүрлі этникалық топтардың отаны болған 15 жоғары деңгейлі республикалардан тұрды. 1991 жылдың аяғында, апатты саяси дағдарыс жағдайында, бірнеше республикалар одақтан шығып, орталықтандырылған билік әлсіреген кезде, үш құрылтайшы елдің басшылары Кеңес Одағы енді жоқ деп жариялады. Көп ұзамай олардың декларациясына тағы сегіз Республика қосылды. Горбачев 1991 жылы желтоқсанда отставкаға кетті және кеңес Парламентінен қалған нәрсе өзін-өзі жоюға дауыс берді.
99.Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi
Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып,
Адам хұқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның хұқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып,
қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу хұқын растай отырып,
азаматтық қоғам және хұқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып,
бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып,
ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды.
100.«Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. ҚазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.).
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11. - Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.
101.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады
102.1993 және 1995 жж. ҚР Конституциялары. Мемлекеттік басқару органдары: Президент, Парламент және Үкімет.
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды
103.Қазақстан Республикасының «көп векторлы» сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ол 2010 жылы басқарған), Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағын құрды, ол Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа, содан кейін 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа айналды.
Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық саясаттағы ірі ойыншыға айналды, бұл оның әлемнің екі бөлігінің, Еуропа мен Азияның шекарасында, халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылары, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық тиімді географиялық жағдайына байланысты. Кең аумақтардың (әлемдегі тоғызыншы орын), Пайдалы қазбалардың және басқа да табиғи ресурстардың болуы елге өзінің халықаралық саяси рейтингі мен мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.
104.ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуы мен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Саяси партиялар жөніндегі заң. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы.
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
Партия – мақсаты билікке қол жеткізу болып саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды. Дегенмен елде компартияға деген халықтың сенімі әлсіреді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42 пайызы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49 мыңға кеміді.
«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық-коммунистік партиясы) – Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Бұл партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
105.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этнодемографиялық жағдай. Ұлтаралық келісім – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
106.Тәуелсіз Қазақстанның конфессиялдық саясаты. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
107.Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және рухани жаңғырудың жолдары
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
108.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі: қиыншылықтар мен кемшіліктер
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
109.Қазақстан және әлемдік, аймақтық қауіпсіздік проблемалары
Еліміз 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететіні белгілі. Сондай-ақ Қазақстан осы жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) да жетекшілік жасайды. Әлемдік және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ұжымдық негізде мүше елдердің тәуелсіздіктері мен территориялық тұтастықтарын қорғап, көптарапты әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бұл аймақтық халықаралық ұйымға еліміздің төрағалық етуі Қазақстанның жаһандық саясаттағы беделін өсіре түсетіні сөзсіз.
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылған ұйымның қызмет ету бағыты әскери-саяси ынтымақтастық болып табылады. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ны құру барысында оның қызметіне жаңа сын-қатерлермен, қауіптермен күрес, сыртқы саяси үйлестіру мәселелері де енгізілген.
110.«Қазақстан-2030» Стратегиясы индустриялық-инновациялық дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасы.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді
111.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты мен негізгі бағыттары.
Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.
112.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздері, мәні және маңызы.
Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
113.«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының мазмұны және маңызы.
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
114.Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті
2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған Президент ретінде Мемлекет басшысының лауазымына кірісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.
115.Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы
Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды». Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.
116.Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
117.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Үндеу үзіндісі:
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.
Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын.
118.«Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Үндеу үзіндісі:
Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.
Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.
Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.
119.Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі. 2022 жылы Конституцияға енгізілген түзетулер
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сəйкес Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Парламентіне "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" Жол дауын (бұдан əрі – КК жолдауы) ұсынады.
Конституциялық Кеңестің бұл Жолдауы оның өткен 26 жыл ішіндегі қызметінің нəтижелерін көрсететін қорытынды құжат болып табылады. Қолданыстағы Конституция қабылданғаннан кейін құрылған Конституциялық Кеңес құқықтық мемлекеттің қағидаттарын бекіту ісіне лайықты үлес қосты
120.Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2022 жылғы 1 қыркүйек.
Құрметті отандастар!
Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!
Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын!
Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.
Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады.
Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады
Достарыңызбен бөлісу: |