|
Негізгі тірек сөздер тізбегі: мониторинг, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі, биоэкологиялық мониторинг, геожүйелік мониторинг, биосфералық мониторинг
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Экологиялық тәрбие (табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау).
Ынтымақтастыққа баулу(оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы).
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Географиялық зерттеу әдістері
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығулардың түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы 10 мин
|
Ұйымдастыру сәті. Сыныпта жағымды ахуал құру, эмоциялық көңіл күй.
«Өрмекші» әдісі
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жіптің түйнектерін, барлығы жіптің сыртына кірісу үшін береді. «Бүгін сабақта саған тілеймін…»
Тірек етістіктердің көмегімен мақсатты қалыптастыру.
Мұғалім сабақ тақырыбын атайды және оқушыларға тірек етістіктердің көмегімен мақсатты тұжырымдауды ұсынады: оқыту, білу, анықтау, қорыту, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, талдау, қорытынды жасау, түсіну, жүйелеу, т.б.
|
Тірек етістіктері бар слайд
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Жаңа материалды зерттеу.
1-тапсырма, 2-тапсырма.
«Мұздықтардың еруін болжау және су басу аймақтарының салдары» суретін пайдалана отырып:
1. Су басу аймағына қандай материктер кіргенін түсіндір.
2. Материк бөліктерін анықта.
(Ж) Сен үшін не жаңалық екенін және оқу материалы бойынша қандай сұрақтар туындағаны белгілі болғанын талқылаңыз. Кешенді экологиялық мониторингті ұйымдастырудың өзектілігін негізде. Дескриптор:
1. Белгісі бар мәтінді оқиды.
2. «V» – білемін (бұл маған мәтінді оқығанға дейін белгілі болды), «+» – жаңа нәрсе білдім! (Мүлде жаңа ақпарат), «?» – сұрақтар туындады, осы әдіс туралы
|
«Мұздықтардың еруін болжау және су басу
аймақтарының
салдары» суреті
Венн диаграммасы
|
|
көбірек білгім келді.
3. Кешенді экологиялық мониторингті ұйымдастырудың өзектілігін негіздейді.
ҚБ. Мұғалім + оқушы. «Екі жұлдыз – бір тілек»
(Т) 3-тапсырма
- Оқулық мәтінін оқып, постерде елді мекендегі түскен жапырақтарды пайдалану жолдарын ұсын. Дескриптор:
Өз елді мекенінде түскен жапырақтарды пайдалану жолдарын ұсынады. ҚБ. Оқушы-оқушы. Кері байланыс
|
|
Сабақтың соңы 10 мин
|
Рефлексия
«Insert» әдісі арқылы қорытындылау, кері байланыс орнату
|
|
Үй тапсырмасы
|