6-бөлім. ЕЛТАНУ
6.2 ЕЛДЕРДІ САЛЫСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Заманауи картографиялық әдістер
|
Сабақтың тақырыбы
|
120-121. Картографиялық зерттеу әдістерін қолдану
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
10.2.1.1 Зерттеу тақырыбына сәйкес картографиялық
әдістерді қолдану
10.2.2.1 Тақырып бойынша Microsoft Excel бағдарламасын қолдана отырып географиялық деректер базасын құру
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Microsoft Excel, легенда, картограмма, диаграмма ұғымдарын меңгереді.
Кейбір оқушылар: Зерттеу бойынша статистикалық деректер жинақтау, себеп-салдар тізімін құрғанда алған білімдерін жүйелейді.
Кейбір оқушылар: Еуропаның демографиялық саясатының мүмкіндіктеріне баға береді (жобалық жұмыс).
|
Бағалау өлшемдері
|
- Microsoft Excel, легенда, картограмма, диаграмма
ұғымдарының мағынасын ашады;
- Зерттеу бойынша статистикалық деректер жинақтайды; - Себеп-салдар тізімін құрады; - Жоба нәтижесін ұсынады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: түртіп алу арқылы оқу
Жазу дағдысы: диаграмма құрастыру және оны оқу
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: картограмма мен диаграмма, легенда, Microsoft Excel бағдарламасы
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Экономикалық бағытындағы тәрбие (ақпараттық және экономикалық мәдениет элементтерін қалыптастыру). Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы).
|
Пәнаралық байланыстар
|
Информатика
|
Тақырып бойынша алдыңғы
білімдері
|
Елдердің интеграциясы
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланға
н кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығына көңіл бөлу, амандасу. Коллаборативті орта құру, сабақтың мақсатын қою.
1-тапсырма
Алдыңғы білімге арналған «Дейін» және «Кейін» кестесін толтырады. Оқушылар кестенің 1-бағанын толтырады, топ спикері дауыстап оқиды. 2-бағанды сабақтың соңында толтырады.
|
|
Дейін
|
Кейін
|
|
|
ҚБ. «Смайлдер»
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
2-тапсырма
Берілген суретті талдаймыз. Еуропа халқының тығыздығы берілген. Дескриптор:
1. Халық тығыздығын есептеуді біледі.
2. Елдің ЭГЖ-сін картадан көрсете алады. 3. Еуропа елдеріндегі агломерациялар мен урбандалуға мысалдар келтіреді.
4. Қорытындылайды.
ҚБ. «Бағдаршам» Өзара бағалау.
Кері байланыс:
- Балалар, жақсы, тапсырманы жылдам орындадыңдар.
(Т) 3-тапсырма
Топпен жұмыс жасай отырып, Еуропаның демографиялық саясатындағы мәселелер жайлы шағын жоба дайында.
ҚБ. Өзара бағалау: «Смайлдер» әдісі Дескриптор:
1. Еуропа халқының сауатсыздық деңгейін анықтайды.
2. Мәселеге баға береді.
3. Сауатсыздық деңгейіне сипаттама береді. Кері байланыс: Не түсініксіз болды?
Сұрақтар бойынша талқыланады.
Зерек оқушылардың жауаптары тыңдалады.
4-тапсырма
Алынған білімді бекіту мақсатында географиялық диктант алынады. Соңынан терминдер бойынша өзара бағалау жүргізіледі.
|