Мақсаты мен қолдану саласы
1.1 Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университетінде (бұдан әрі – КМТИУ, университет) оқу
кестесінің жасақталуын реттейді.
1.2 Оқу сабақтарының кестесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) КМТИУ
ішінде пайдалануға арналған.
2. Жалпы ережелер
2.1
Оқу сабақтарының кестесі
университеттегі апта күндері,
мамандықтары (маманданулары), курстары, топтары (қосалқы топтарын)
және аудиториясы бойынша оқу үдерісін
реттейтін құжат болып табылады.
2.2 Оқу сабақтарының кестесі мынадай міндеттерді шешеді:
- оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларының орындалуын;
- студенттердің оңтайлы жұмыс режимін құру кезінде күндік,
апталық сессияларды ұйымдастыру және жүргізу;
- университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына оқу
жүктемесін орындау үшін оңтайлы жағдай жасау;
- оқу сабақтарын күн ішінде үздіксіз қамтамасыз ету және оқу
жүктемесін апта ішіне біркелкі бөлу;
- аудиториялық қорды тиімді және біркелкі қолдану;
- оқу процесінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалануды
оңтайландыру.
2.3 Оқу үдерісінің кестесі – жыл ішіндегі теориялық оқыту аптасы,
емтихан сессиялары, демалыс күндер және іс-тәжірибе көрсетілген оқу
жүргізу және бақылау іс-шаралар кестесі;
2.4 Магистранттың оқытушының жетекшілігімен
өзіндік жұмысы,
(бұдан әрі - МОӨЖ) – бекітілген кесте бойынша білім алушының
оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы.
3. Сабақ кестесін жасау тәртібі мен түзету
3.1 Күндізгі оқу бөлімінің сабақ кестесі ағымдағы оқу жылының оқу
процесінің кестесіне және мамандықтартың бекітілген оқу жұмыс жоспарына
сәйкес әрбір оқу семестріне құрастырылады.
3.2 Сырттай оқу бөлімінің сабақ кестесі сессия кезеңіне жасалады.
3.3 Сабақ кестесі оқу процесінің апта ішінде біркелкі оқу жүктемесін
бөлу және күн ішінде үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
3.4 Кестеде көрсетіледі: өткізу уақыты, оқу жоспарына сәйкес пән атауы,
оқу корпусы, аудитория нөмірі, оқытушының А.Ж.Т., лауазымы.
3.5 Оқу топтары кіші топтарға бөлінген жағдайда, кестеде әрбір кіші топ
оқытушысы (оқытушылары) және аудиториялар нөмірі көрсетіледі.
3.6 Келісілген және бекітілген кесте ақпараттық стендтерде ілінеді.
4. Сабақ кестесін жасау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
4.1 Барлық оқыту нысандары бойынша оқу үдерісінің кестесі;
4.2 Білім алушылардың контингенті (топтар бойынша студенттер санын
көрсете отырып) – (Тіркеу бөлімі);
4.3 Оқу жұмыс жоспары;
4.4
Факультеттердің
аудиториялары,
зертханалары
және
мамандандырылған кабинеттер тізімі;
4.5 Профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесі;
4.6 Жазғы семестрге Тіркеу бөлімінің білім алушылар бойынша
академиялық қарыздары және оқу жоспарларындағы айырмашылықтар
туралы бұйрығы
;
4.7 Жазғы семестрге қалған профессор-оқытушылардың тізімі
(кафедралардың ұсынысы);
4.8 Аралық аттестаттау пәндері бойынша емтиханды өткізу түрі.
5. Бақылау және жауапкершілік
5.1 Оқу сабақ кестесінің құрылуын және оның орындалуын оқу-
әдістемелік бөлім басшысы бақылайды.
5.2 Оқу сабақ кестесі оқу-әдістемелік бөлім басшысымен және
факультет деканымен келісіліп, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі
проректорымен бекітіледі.