Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 2,19 Mb.
бет6/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#7651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

55

көптеген микроорганизмдер, актиномицеттер, микроскоптық саңырауқұлақтар белсене қатысады.

Факультативті анаэробтар. Ргоіеиз vulgагіs, ұсақ (1,6—4 мм), спора түзбейтін қозғалғы таяқшалар, әр түрлі құрамды қоректік ортада пішіндері түрліше болып құбылып тұрады. Белокты ыдыратқанда реакция нашар сілтілі болады, күкіртсутек және индол түзеді.

Еsсһегіһіа Соlі (ішек таяқшасы) — қысқа (2—Х0,5 мкм), қозғалғыш, спора түзбейтін шеттері жұмыр таяқша бактериялар, Грам теріс боялады. Эндо, Леви Плоскирев орталарында өсіргенде лактозаны пайдаланып, түрлі түске боялған колониялар түзеді. Лактозаны, глюкозаны, маннитті және мальтозаны ашытқанд қышқылдар мен газдар түзеді.

Анаэроб бактериялар. Сіоstгіdіnm риtгіftсиm (шіріткіш таяқша) — кішкене, қозғалғыш, спор түзетін таяқша бацилла. Споралары таяқшаның ұшын да ұршық тәрізді орналасқан. Көмірсуларда ашытпайды. Белоктарды тек анаэробты жағдайда ғана ыдыратады, бұнда газ көп түзіледі, топырақта көңде түрлі консервілерде тағамдық заттарда кездеседі.

С1. sрогоgепеs (спорогенді таяқша) — қозғалғьш спора түзетін таяқша бацилдер, мөлшер 5—6 мкм. Белокты ыдыратқанда көп мөлшерде күкіртсутекті бөледі, қолайлы температура 37° С.

б) мочевинаның аммонификациялануы

Мочевина адам мен жануарлар организмдеріндег азот қосылыстарының ең ақырғы өнімі болып есептеледі. Мочевинаны ыдырататын бактерияларда уреаз; ферменті болады. Ол мочевинаны аммиакка дейін гид роллздейді.

СО(NН2)2 + 2Н2О—2NН3 + СО2+НгО

Көміртегі көзі ретінде олар кейбір көмірсуларды және органикалық қышқыл тұздарын пайдаланады.

Материалдар мен құрал-ж абдықтар Уробактерияларға арналған қоректік орталар. Эрлен мейер колбалары, топырақ, көң, скальпель, целлофан резина, сақиналар, қызыл лакмус қағазы, Несслер реактиві ***

56

микробиологиялық ілмешектер, заттық әйнектер, спиртовка фуксиннің немесе геницианвиолеттің сулы ерітіндісі, пинцет, микроскоп, фарфор пластинка, шпеткалар.



Жұмысты жүргізу. Уробактерияларды жинау үшін құрамы мынадай синтетикалық қоректік ортаны дайындайды (1 литр дистилденген суда г есебімен).

шарап қышқылды калий .....5,0 (алма қышқылы-

немесе натрий ның тұзын алуға да болады)

мочевина ...50,0

К2НРО4 ...0,5

MgSO4 ... 0,2

Қоректік ортаға мочевина салмай дайындайды, зарарсыздандырады. Мочевинаны бөлек 106° С термостатта 30 минут бойына зарарсыздандырады да, соңынан қоректік ортаға қосады. Қоректік ортаны 30 мл-ден сыйымдылығы 100 мл эрленмейер колбасына құяды да, оған топырақ (немесе көң) салып, 25—30° С термостатқа қояды. Аммиакты анықтау үшін мақта тығынның астына дистилденген суда ылғалданған қызыл лакмус қағазын іліп қояды. Тәжірибені 3—5 күннен кейін тоқтатады да, тексеруге алады.

Аммиақтың болуын лакмус қағазының түсінің өзгеруімен, сонымен қатар Несслер реактивімен де анықтауға болады. Сондай-ақ қоректік ортадан препарат даярлайды да, оны бояйды. Микроскоппен қарағанда Вас. ргоЬаtиs клеткалары жиі кездеседі. Олармен қоса спора түзбейтін Васі. mіgіеlli мен рlапоsагсіпа иrеае клеткалары да кездесіп қалуы мүмкін.

Материалдар мен құрал-жабдықтар: Мочевинаны аммонификациялайтын қоректік орта, сыйымдылығы 10 мл цилиндр, сыйымдылығы 100 мл

эрленмейер колбасы, топырақ,-алюминий қасығы, қызыл лакмус қағазының бір тілімі, ұяшықтары бар ақ көрден пластинкалар, Несслер реактивті, пипеткалар, микроскоптар және боялған препараттарды даярлауға қажетті материалдар мен микроскоптар.

----------------------------

*** Несслер реактивін төмендегіше даярлайды: 20 г КІ-ты 50 мл суға ерітеді, оған әбден қаныққанша (32 г шамасында) НgІ2 ерітіндісін қосады. Бұдан соң оған 460 мл су, оның үстіне 134 г КОН косады. Сұйық біраз тұрғаннан соң қоңыр түсті колбаға құйып сақтайды.

Бұл реактивтің құрамында 4 г парадиметиламидобензальдегид, 30 мл 96%-ті этил спирті, 80 мл концентрлі НСІ болады.

57

в) нитрификация

Нитрификация аммиактың азотты қышқыл, содан соң азот қышқылына дейін тотығуы. Бұл процесс ек сатымен жүреді, тиісінше оны екі топқа жататын микроорганизмдер атқарады.

Бірінші сатысында аммиак азотты қышқылға дейін тотығады:

4+ +1/202—NO2- + 2Н+ + Н2О + 279 кДж

Бұл процеске нитроза бактериялары: Nitгоsоmопаs Nіtгоsосуstіs, Nіtгоsозрtгs.

Екінші сатысында азотты қышқыл азот қышқылына дейін тотығады.

2-+1/202—”-N02-+ 71,4 кДж

Бұл процесті NіtгоЬасtег оның екі түрі: NіtгоЬасtеr vіпоgгаdsку және Nіtг. аgils атқарады.

Аммиак ыдырағанда энергия бөлінеді де, соның көмегімен бактериялар көміртегін көмір қышқыл газына яғни хемосинтез жолымен қамтитын болады.

Нитрификациялаушы бактерияларды көптеп алу үшін С. Н. Виноградскийдің ортасын қолданады (бір литр дистилденген суға г есебімен).

Нитрификацияның бірінші сатысы үшін:

(NН4)24 ..2,0

К2НРО4 ...1,0

Мg5О4 ...0,5

NСІ ...2,0

Ғе5О4 ... 0,4

СаСО3 ... 5,0

Нитрификацияның екінші сатысы үшін:

NaNO2 ...1,0

N2СО3 ... 1,0

NСІ ... 0,5

К2НРО4 ... 0,5

МgSО4 ... 0,5

ҒеSО4 ... 0,4

Ортаны автоклавта 1 атм. 20 минут зарарсыздандырады, эрленмейер колбасына 1,0—1,5 см қалыңдықпен құйып парник топырағың салады. Қолбаларды мақта тығынмен жабады да, 25—28° С температурасы бар термостатқа 14—21 күндей қояды.

Нитрификацияның жүруін колбадағы қоректік ортаның, өзгеруіне қарай анықтайды. Бірінші сатысында аммиактың Несслер реактивімен

58

болуын, ал азотты кышқылды цинкиод-крахмал реактивімен жүретін реак-ция арқылы анықтайды.



Эмаль пластинкаға жаңадан алынған топырақтың 50 түйірін орналастырады да, 28—30° С термостатқа қояды. Белгілі уақыттан соң әрбір топырақ түйірінің айналасына көз салады. Сонда кейбір түйіршіктер айналасында бордың еріген аймағы байқалады. Осы аймақта аммиактың Жоғалып, азотты қышқылдың пайда болуын қадағалап отырады. Аммиактан ілмешекпен алып, препарат даярлайды.

Ал нитрификацияның екінші сатысында азотты қышқылдың болуын цинк-иод — крахмал реактивімен анықтап, одан дифениламин реакциясы арқылы азот қосылысының түзілуін байқайды. Кәрден ыдысқа 3—4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызады да оған дифениламиннің түйірін қосады. Түйір ерігеннен кейін оған зерттелетін сұйықты тамызады. Азот қышқылы бар жерде сүйық қара көк түске боялады. Нитраттар мен нитриттердің жиналуын орта бояуынын, реңіне қарай крестер санымен белгілейді: + нашар боялған, + + орташа боялған, + + + күшті, ал + + + өте күшті боялған болып есептеледі.



Тәжірибе жазу кестесінің үлгісі:

Тәжірибе варнанттары

аммиактың болуы

Азотты қышқылдың болуы

Азот кыш-қылының

болуы


Нитрификацияның бірінші сатысы

 

Нитрификацияның екінші сатысы



білінер білінбес

ізі ғана

бар

--


+++

 

 



--

 

 

 



++++

 

 

Нитрификацияны қоздырғыш бактерияларды зерттеу үшін бактериялар жиынтығынан жұғынды даярлайды, оны бояйды, МИ-90 объективін пайдалана отырып микроскопқа салып қарайды. Сонда сопақша немесе коккалар тәрізді Nнгоsоmопаs клеткаларын, NіtгоЬаtеrдің қысқа таяқша тәрізді клеткаларын көруге болады.



Осы тәжірибеден бактериялардьщ активтігін анықтауға болады. Сонда табақшаға жайыльш салынған

59

топырақтың 50 түйірін 100% деп алады. Айналасында еріген бор аймағы бар топырақ түйіршіктерін есептеп, оны түйірлердің бастапқы санына шаққандағы процент есебін шығарады. Әр түрлі типтегі топырақта бакте-риялар активтігі әр қилы болады.



Реактивтерді даярлау және реакцияларды байқау. 1. Мырыш-иод — крахмал. 4 г крахмалды азғана мөлшердегі суда ерітеді де, оны қайнап тұрған хлорлы мырыш (20 г ZпС12 100 мл су) ерітіндісіне үнемі араластыра отырып құяды. Қоспаны крахмал толық ерігенше қайнатады да 2 г құрғақ иодты мырышты қосады. Ерітінді мөлшерін бір литрге жеткізеді. Оны қараңғы жерде сақтайды.

Реакцияны былай жүргізеді: Кәрден пластинкасының ұяшығына бір тамшы мырыш—иод—крахмал ертіндісі, оған бір тамшы 10% күкірт қышқылын және бір тамшы зерттелетін орта қосылады. Азотты қышқыл бар жерде орта қара көк түске боялады.

Дифениламинді күкірт қышқылының күшті ертіндісінде даярлайды. Кәрден пластинкасының ұяшығына зерттелетін ертіндінің бір тамшысын тамызады. Егерде ортада азот қышқылы болса қара көк түс пайда болады.

Қ ұ р а л-ж а б д ы қ т а р: Жаңадан алынған топырақ, сағаттық әйнек, ұшы ұзынша таяқшалар, тиісті қоректік орталар, эрленмейер колбалары, алюминии таяқшасы. Несслер реактивті және мырыш—иод—крахмал, 10%-ті Н25О4, микроскоптар және микроскоптауға қажетті құралдар, ұясы бар кәрден пластинкалары, крахмал, күшті күкірт қышқылында ерітілген дифенил-амин.



г) денитрификация

Денитрификация дегеніміз нитраттардың молекула күйіндегі азотқа дейін тотықсыздануы. Бұл процесс бірнеше сатымен жүреді.

HNO3------HNO2----NO----N2O----N2

Бұдан денитрификация процесі орын алғанда топырақтағы азот қоры шығынға ұшырайтынын көреміз және ол ауыл шаруашылығы үшін зиянды құбылыс болып саналады. Бұл бактериялар факультативті анаэробтар. Аэробты жағдайда денитрификаторлар органикалық заттарды ауадағы оттегі көмегімен тотықтырады.

60

Бұл процесті сызбанұсқа түрінде мынадай теңдеумен көрсетуге болады:



6Н12О6 + 24KNО3-—>24КНСО3+6СО2+ 18Н2О+ 12N2

Денитрификациялаушы бактериялар ауасы жоқ, ылғал, құрамында органикалық заттары көп топырақтарда орын алады. Оларға: Рsеиdоmопаs dепіtгfiсапs, СһгоmоЬасtегіиm dепіtгfiсапs, Васt. stигегі, Рsеиdоmопаs flиогеsсепs, Рз. руосуапа жатады. Денитрификация процесін бақылау үшін Гильтая ортасын қолданады. Ол екі ерітіндіден тұрады:



Екі ерітіндіні қосып рН (6,8—7,0) анықтайды да 1000 мл-ге жеткенше су қосады.



Жұмысты атқару. Бұл үшін аспап немесе эрленмейер колбасы жарап жатыр. Бұларды азғана мөлшерде қоректік ортаға құйып 1/3 шәй қасық топырақ салады. Қоректік ортаны топырақпен көпіршік таусылғанша араластырады да аспапты немесе колбаны жоғарғы ернуіне дейін ортамен толтырады да каучук тығынмен тығындайды. Тығынға төменгі жағы аздап қана кеңейтілген шыны түтікті орнатады. Тығын ыдыстағы сұйықтың біразын ығыстырып шығарады, ол суреттегідей шыны түтіктің тығыны үстіндегі бөлігінің біразына дейін көтеріледі. Сұйық бетіне вазелин майын құяды. Сонда ыдыста анаэроб жағдай туады, ортада көмірсу болмағандықтан ашу процесі жүрмейді. Міне осындай жағдайда оттегінің тек байланысқан түрін пайдалана алатын микроорганизмдер топтары ғана тіршілік ете

алады. Ішінде қоректік зат пен топырақ бар аспапты 30—35° С температурасы бар термостатқа орналастырады.

Тәжірибені қояр алдында ыдыстағы қоректік орта да нитраттардьщ бар-жоғын білу керек. Ол үшін кәрден пластинкасына күкірт қышқылы мен дифениламин тамшысына қоректі ортаны тамызады, сонда тамшы қа-

ра көк түске боялады.

61

5—б күн бткен срң тәжірибені тексереді, яғни тығын астында газдың пайда болуын (СО2 және N2) анықтайды. Кейде қоректік орта жасыл түске боялады. Бұл Рs. flиогеsсепs немесе Рз. Руосуапа бактерияларының болғандығының белгісі болып есептеледі. Соңғы аталған микроб көбінесе құрамында лимон қышқылы бар қоректік ортада жақсы өніп өседі. Ал құрамында сегнет тұзы бар орталарда Васі. stutzегі жақсы көбейе алады. Денитрификациялаушы бактериялар дамуы барысында алынған өнімдерден нитраттарды (NОз) дифениламинмен, нитриттерді (NО2) мырыш—иод—крахмалмен қышқыл ортада, одан соң Несслер реактивімен аммиакты анықтайды. Әдетте тәжірибенің алтыншы күнінде нитраттар мен нитриттер болмайды. Нитраттын біраз бөлігі аммиакқа дейін тотықсызданады (қоректік ортаға Несслер реактивімен әсер еткенде онда аммиак барлығы анықталды).



Нитраттардың құрамындағы азоттың негізгі бөлігі молекулалық азотқа дейін тотықсызданады. Соның салдарынан ортада газдар түзіледі (С02 және N2).

Нитраттарды кейбір автотрофты микроорганизмдер, мәселен, ТһіоЬасiflиs dепіtгiflсапs тотықсыздандыра алады. Анаэробты жағдайда бұл микроб нитраттардағы оттегін қолдана отырып күкіртті немесе тиосульфатты күкірт қышқылына немесе сульфатқа дейін тотықтыра алады.

Бұл процесті сызбанұсқа түрінде былай бейнелеуге болады:

5S+6KNO3+ 2Н2О ----3N2 +K2SO4 +4KHSO4

5K2S2O3+ 8К242О4-----4N2 + 9K2SO4 +H2SO2

Нитраттардағы оттегінің көмегімен күкіртті күкірт қышқылына дейін тотықтыратын денитрификаторларды жинап алу үшін Бейеринктың қоректік ортасын қолданады ( 1 литр дистилденген суда г есебімен):

S2 10,0 К2НРО4 …0.2

KNO3 ...0.5-1.0 MgCI2 ...0,1

Na2CO ...0,3 СаСО3 ... 10,0

 

Тәжірибені қою тәртібі жоғарыдағыша. Денитрификация процесін газ бөлінуіне, ортада нитраттардың жоғалуына және барий хлоридімен реакция әсерінен күкірт қышқылының түзілуіне қарап бақылайды. ТһіоЬасіllиs dепіtгіfісапs клеткалары таяқша тәрізді, қозғалғыш, 6—8 қылшықтары болады.



62

Құ р а л-ж а б д ы қт а р: Гильтая немесе оның орнын баса алатын

қоректік орта, тәжірибе қоятын аспап, жаңадан алынған топырақ, кәрден пластинка, кәрден немесе металл пластинка, пипетка, күшті күкірт қышқылында даярланған дифениламин, Мор пипеткасы, фарфор пластинкасы немесе табақша, мырыш— иод—крахмал, 10% -ті күкірт қышқылы. Несслер реактиві, микроскоп, және микроскоптау, боялған препараттарды даярлау үшін қажетті барлық заттар.

9. МОЛЕКУЛАЛЫҚ АЗОТТЫ ТОПЫРАҚТА



ТІРШІЛІК ЕТЕТІН МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ

СІҢІРУІ

Топырақтың бір гектарында азоттың мөлшері 15 тоннаға дейін жетеді. Оның негізгі бөлігі өсімдіктерге сіңімсіз топырақтың гумусты органикалық бөлігінде орналасады. Суда оңай еритін, өсімдіктер қоректенуіне азоттың пайдалы қосылыстарының мөлшері топырақта не бары 1 % қана.

Жыл сайын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімімен жер бетіндегі 100—110 млн тонна азот топырақтан аластайды. Азот тыңайтқыштарымен топыраққа өсімдіктер пайдаланған азоттың 15%-і ғана қайта оралады. Міне қолданылатын азот пен кері қайтатын азоттың арасындағы осындай алшақтықты ескерер болсақ азот қоры 50—70 жыл ішінде таусылып біткен болар еді. Бірақ табиғатта ондай байқалмайды. Оның себебі азоттың біраз мөлшері топыраққа ерекше микроорганизмдер көмегімен ауадан кері қайтып, түсіп отырады. Сонымен қатар азоттың биологиялық жолмен кері

қайтуы бұршақ тұқымдас және басқа да бұршақ тұқымдас емес өсімдіктермен бірлесе тіршілік ететін микроорганизмдер көмегімен атқарылатыны анықталды. Өсімдіктер өлгеннен кейін олардағы микробтар сіңірген азот топыраққа қайта оралады.

Бұл процестің мәні әлі күнге дейін толық зерттеліп, анықталды деп айтуға болмайды. Бұл жөнінен көптеген болжамдар да аз емес.

Ауыл шаруашылық өндірісі үшін топырақта жеке тіршілік ететін микроорганизмдер және бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп, яғни симбиоз құрап тіршілік ететін түйнек бактерияларының зор маңызы бар.

Өздігінен бос күйінде тіршілік ететін атмосфера азотын сіңіруші микроорганизмдерге Сlоstгіdіиm, АzоtоЬасіег Веіjегіпсkіі кейбір

63

спириллалар, күкірт бактериялары, ашытқылар және көкжасыл балдырлар жатады. Осымен қатар мұндай қасиет азотты анаэробты жағдайда сіңіретін Сlозtхіdіum раstіеигіаnum да тән; Бұл спора түзетін микроорганизм. Клеткасында гранулеза деп ахалатын иодпен көк түске боялатын крахмал тәріздес зат жиналады. Қантты ашытқанда сірке және май қышқылдарын СО2 және Н2 түзеді. Бір грамм қантты ашытқанда 10—12, ал кейде 27 мг азот түзеді.



АzоtоЬасіег сһгососсит — кең тараған тұр. Таяқша тәрізді, қозғалғыш. Ересек бактериялар шар тәрізді, өзара байланысқан, сыртында капсуласы бар, клетка ішінде волютин деп аталатын қор заты болады, колониялары түссіз немесе қарақоңыр, кейде қара түстес. Бұл түрдің негізгі ерекшелігі көміртегінің көзі ретінде крахмалды қолдануы. Бір грамм қантты ашытқанда 20 мг атмосфера азотын сіңіреді.

АzоtоЬасіег аgіlе ірі шар тәрізді немесе сопақша клетка, өте қозғалғыш, клеткалары қосақтала орналасады. Клетка сыртында капсуласы болады. Бір грамм қанттай 10—15 мг атмосфера азотын сіңіре алады.

АzоtоЬасіег vіпеlапdі жас кезінде қозғалғыш, кірпікшелері бар, олар перитрихты орналасқан таяқшалар. Есейген сайын клеткалары қысқарып, шар тәрізді күйге айналады. Қоректік ортада өскенде көк жасыл пигмент түзеді. Бір грамм қантты пайдалана отырып 15 мг-дай атмосфера азотын жинайды.

АzоtоЬасіег bеіjегіпсkіі қлеткалары сопақша, ірі, ұштары дөңгелене келетін, қосақтала орналасқан. Клеткалар сыртында капсулалары болады, Ашық жасыл, суда ерімейтін пигмент түзеді. Олар тропикалық топырақтарда кездеседі. Клеткалары таяқша тәрізді. Есейген клеткалар қозғалмайды.

Бос күйінде тіршілік ететін азот тұтушы бактериялардың культурасын өсіру. Бұл үшін Эшби қоректік ортасьш пайдаланады. Оның құрамы мынадай (1 литр дистилденген суға 1 г есебімен):

маннит (немесе глюкоза)- ... 2.0,0 г,-

КН2РО4 ... 0,2

МgSО4 ... 0,2

NаСІ ...0,2

К24 ...0,1

ҒеSО4 ... ізі бар

бор ... 5,0



құбыр суы … 1000 мл

64

А Б


11-сурет. Сүзгіші бар колбада азотобактерді өсіру. А — тәжірибе басында, Б—тәжірибе аяғында.

Дайындалған қоректік ортаны сыйымдылығы 100— 150 мл колбаға құйып, зарарсыздандырады. Бұған азғана мөлшерде (0,5 г) топырақ салады. Колбаны температурасы 22—25° С термостатта 10—14 күндей ұстайды. Азотобактер ішінде қағаз сүзгіден конус тәрізді етіп жасалған сұйық қоректік ортада жақсы өседі (11- сурет). Қоректік орта бетінде коңыр жарғақша түрінде азотобактер өсіп шығады. Ал қоректік сұйық көпіріп, ай қышқылының исі шығып ұрса ортада Сlоstгіdium Раstеигіапиmның өскені белгілі болады. Май қышқылын темір хлоридінің реакциясы арқылы анықтайды. Бұл үшін сұйықтың 5 мл пробиркаға құйып оның үстіне 2 мл 10%-ті темір хлоридін қосады да а

здап қайнатады. Сонда пайда болған май қышқылы темір қою қызыл түсті келеді.

Микробтың морфологиясын көру үшін екі препарат даярлайды. Біреуінде қоректік орта бетінде өскен азогобактер жарғақшасынан препарат даярлап клетка сыртындағы капсуланы анықтау үшін бояйды. Екіншісінде колба түбіндегі сұйықтан тірі клеткалар препаратын даярлайды. Жасалған жұғындыны микроскоппен қарайды, клеткалардың морфологиясын суретке салады.

Топырақ түрлерінен азотобактерлерді бөліп алу үшін Петри табақшасына құйылған агарлы Эшби ортасын пайдаланады. Ол үшін сұйық Эшби ортасына 2% агар қосып, автоклавта 1,5 атм. 20 минут бойына балқытып, зарарсыздандырады. Қатырылған орта бетінде топырақ түйірлерін орналастырады. Әрбір Петри табақшасына 50—60 топырақ түйірін салады. Содан соң табақшаны 28—30° С термостатқа қояды. 5—7 тәуліктен соң топырақ түйірінің айналасында шырыштана азотобактер колониясы өседі. Қолонияны сипаттап жазғаннан соң одан жұғынды жасап микроскоппен қарайды. Айналасында азотобактер өскен топырақ түйірлерін өспегендерімен салыстырып, санайды. Сөйтіп топырақ типіне байланысты


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау