Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 2,19 Mb.
бет10/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#7651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

98

ылғалдайды, жақсылап араластырады, жұқа қабатпен жайып кептіреді, қапшықтарға салып бірден қолдану үшін егістікке жөнелтеді.

Қазіргі кезде құрғақ нитрагинді алудың технологиясы жасалып, игерілді. Негізгі принципі азотобактер жасаумен бірдей. 1 г құрғақ препаратта

түйнек бактерияларының клеткалары 10 млрд-тан кем болмауы тиіс. Құрғақ нитрагинді тұқымға жұқтыру үшін тұқымдарды дәрілеуге арналған машиналарды қолдануға болады.

Егерде тұқымды химиялық препараттармен, мәселен, ТМТД немесе гранозанмен өңдейтін болса бұл жұмысты нитрагинді қолданудан бір айдай бұрын жүргізу керек. Соңғы жылдары технологиясы жағынан көп қиындық келтірмейтін нитрагинді құрғақ күйінде шығаруды кеңінен қолданып отыр. Оны өндірудің негізгі процесі түйнек бактерияларын өсіру, оны өскен сұйық-тан бөлу, яғни паста (қоймалжын) түрінде алу, құрғақ каолин (саз) сияқты затпен араластыру жүзеге асырылды. Сапалы құрғақ нитрагин топырақты нитрагиннен кем түсйейді. Құрғақ нитрагинді алдын ала ылғалдамай тұқымға шаңдата жұқтыруға болады. Құрғақ нитрагиндегі бактериялар санын анықтау үшін тексеруге алынған орта үлгіден 10 г нитрагинді алып, сыйымдылығы 250 мл ішінде 90 мл зарарсыздандырылған түтік суына салып, 5 минуттай араластырады да бір сағатқа қалдырады. Одан соң ертіндіні тағыда 2 минуттая шайқайды. Осы суспензиядан (10~'—109) дейін сұйылтады. Әрбір сұйылтуды жүргізер алдында суспензияны 2 минуттай шайқап, араластырып алады.

Ең соңғы екі сұйылтудан (10~8 және І0~9) бір минуттай араластырғаннан соң екі рет 1 мл-ден суспензия алып, параллель тұрған екі Петри табақшасына құяды. Қалған жұмыстарды топырақ нитрагиндегі түйнек бактерияларының санын анықтағандай етіп жүргізеді. Құрғақ нитрагиндегі бегде микробтарды анықтау үшін ЕПА ортасына 10~7 сұйылтудан суспензия алып себеді. Бөгде микробтардың процент мөлшерін анықтау үшін мынадай формуланы пайдаланады.



 А—1 г түйнек бактерияларының саны, Б — бөгде микробтардың саны, 100 — проценттік белгі.

Азотобактерин — топырақта жеке күйінде тіршілік ететін азот тұтқыш бактериялардың таза культуралары. Бұнда негізінен зарарсыздандырылған агарлы



99

қоректік ортада немесе топырақта өсірілген АzоіоЬасtег сһгоососсиm өкілі қолданылады.

Азотобактерин атмосфера азотын тұту арқылы өсімдіктердің азотпен қоректенуін жақсарту үшін қолданылады. Осымен қатар, ол топыраққа өсімдіктердің өсуін қолдаушы (физиологиялық активті заттарды) ауксиндер, гибереллин тектес заттарды, витаминдерді) бөледі. Бұл заттар топырақтағы түрлі микроорганизмдер топтарының тіршілігін жақсартып, топырақтың ор-ганикалық заттарының минералданушылық қасиетін өршітеді.

Азотобактеринді даярлау үшін кг. сһгососеит таза культурасын қоректік ортада өсіреді. Бұл үшін агарлы азотобактеринге минерал тұздар, қант, микроэлементтер мен борды қосады. Ортаны қатайту мақсатында оған 2% агар қосады.

Қоректік ортаны 200 мл сүт шөлмегіне (0,5 л) құйып, автоклавта 1 атм. қысыммен 30 минут зарарсыздандырады. Осындай ыстық ортасы бар шөлмекті қисайтып, яғни қиғашталған агарды алу үшін, орналастырады. Азотобактердің таза культурасын зарарсыздандыру жағдайында ілмешекпен қиғаш агар бетіне иректей жұқтырып, себеді. Шөлмекті 25—27° С 4—6 күндей термостатта өсіреді. Сонда агар бетінде азотобактер шырыштана жаппай өседі, түсі ақшыл, бара-бара қою қоңырланады. Заводтан шыққан шөлмекте 40 млрд. клетка болуы керек. Дайын күннен бастап оның жарамдылығы үш айдай.

Соңғы жылдары завод құрғақ азотобактеринді ұдайы шайқалып тұратын қоректік ортада түптік әдіспен өсіреді. Бұдан соң сұйықты сепараторда тұндырып азотобактердің қою массасын алады, оны коалин ұнтағымен араластырады. Бұндай препараттың 1г активті азотобактер клеткасының саны 10 млрд-тан кем болмауы тиіс.

Азотобактеринді дәнді, кекөніс, техникалық және басқа да дақылдардың өнімділігін арттыруға қолданады. Топыраққа оны дақылдардың тұқымы мен немесе отырғызылатын көшеттермен бірге енгізеді. Дәнді және кекөніс дақылдардың гектарлық нормасына агарлы азотобактериннің екі шөлмегі кетеді, ал картоп түйнегі мен көкөніс кешеттеріне — 3—4 шөлмек қолданылады. Тұқым себетін күні әрбір шөлмектегі шырыштарға сумен араластырып құйып алады. Дәнді және көкөніс дақылдар тұқымдарына – 1л,

100


картоп пен көкөніс көшетіне 15 л, алып жақсылап араластырады, ал

көшеттің тамырын ертіндіге батырып алып отырғыза береді. Топырақ немесе пен көкөніс көшеттеріне 6—9 кг. Осы көрсетілген тұқым мөлшерін брезентке немесе таза жерге жайып оған азотобактер суспензиясын құйып, жақсылап араластырады. Бұнда да микробтар қырылмауы үшін жұмысты жабық бөлмеде, көлеңкеде, күн сәулесі түспейтін жерде жүргізген абзал.

Азотобактериндегі азотобактерлер клеткасын анықтау. Қазіргі кезде топырақты емес агарлы азотобактерин даярланады. Азотобактер клеткасының саньш орта үлгі ретінде таңдап алынған шөлмектердің барлығынан анықтайды.

Агарлы азотобактерині бар шөлмекке 200 мл су құяды да, үнемі шайқай отырып, бір сағаттай араластырады. Бұндағы мақсат агар бетінде азотобактерлер колониясының қалмауын көздеу.

Осыдан кейін алынған бактериялар суспензиясын ішінде 90 мл зарарсыздандырылған суы бар колбаға құяды да 5 минуттай араластырады (сұйылту дәрежесі 101). Бұл колбадан келесі сұйылтуларды даярлайды

10-2; 10-3 10-4 10-5 10-6; 10-7; ; 10-8; сұйылтудан (10-7 10-8) екі рет 1 мл суспензия алып, параллель екі Петри табақшасына араластырады да қалыңдығы 7 мм етіп, балқытылған, 45° С дейін салқыдатылған Эшби агарын құйып суспензиясымен жақсылап араластырады. Агар қатқан соң табақшаны түбін жоғары қаратып төңкеріп, 26—28° С термостатқа салады. Өсіп шыққан азотобактер клеткаларын 3~4 тәуліктен кейін санайды. Онда мынадай формуланы пайдаланады:

Х = К-Р-200; К — колониялардың орта саны, Р — сұйылту дәрежесі,

200 — азотобактерині бар шөлмекке құйылған су мөлшері. Бір шөлмекте

40 млрд азотобактер клеткалары болуы тиіс, ал сақтау барысында олардың саны 15 млрд-тан төмендемеуі керек.

Азотобактериндегі бегде микробтар санын микрос-коппен қарау арқылы және ішінде ЕПА бар параллель екі табақшаға өсіру арқылы олардың колонияларын санайды. Бегде микробтар колониясын суспензияны сепкеннен соң екі тәуліктен кейін анықтайды.

Фосфоробактери н—органикалық фосфор қосылыстарының минералдануына белсене қатысып, бактекриялардың таза

101

культураларынан даярланады. Бұл мақсатта көбінесе Вас. mеgаtһегіum vаг. Розрһаtісиmды қолданады.

Фосфоробактеринді алу үшін алдымен қоректік ортада бактериялардың таза культурасының суспензиясын алу керек. Содан соң оны коалиннін. құрғақ ұнтағына араластырып, құрғақ препарат алады. Завод жағдайында фосфор бактерияларының таза культураларын арнаулы аппарат - ферементерлерде түптік әдіспен сұйық қоректік ортада споралары пайда болғанша өсіреді. Содан соң споралар массасын микроб өскен сұйықтан бөліп алады. Одан алынған пастаны құрғатады да коалин ұнтағымен араластырады. 1 г құрғақ фосфоробактеринде спора күйіндегі бактериялар саны 8 млрд. Дайын бактериялы тыңайтқыштарды 50 г жеке кішкене қораптарға салып, тұтынушыларға жөнелтеді.

Фосфоробактеринді дәнді, техникалық, көкөніс және басқа да дақылдарға тұқыммен бірге енгізеді. Жаздық бидай, сұлы және арпа дәнінің

гектарлық нормасына 5 г, күздік бидай мен жүгеріге—10 г, картоп және көкөніс дақылдарына 15 г құрғақ фосфоробактерин қолданады. Тұқымға фосфоробактерин жұқтырмастан бұрын оның спорасын жандандыру үшін ірі тұқымдарға суды бір литрден 100—200 кг, майда тұқымдардың 100—150 кг екі литрден суспензия жасайды. Өңделетін тұқымды тегіс етіп таза көлеңкелі жерге жаяды. Фосфоробактериннің қажетті мөлшерін таза ыдыстағы суға салып, араластырады. 100 кг майда дәнге 3—5 г, ірілеріне — 1 л суспензия қолданылады. Тұқымға сұйылтылған фосфоробактеринді қосқаннан соң жақсылап араластырады. Дәнді дақылдардың гектарлық нормасын фосфоробактериннің 50 мл, ал картопқа 150 мл алады. Құрғақ фосфоробактеринді дәнді дақылдардың гектарына 5 г, жүгеріге,

мақтаға, картопқа және көкөніс дақылдарына 15 г алады.

Фосфоробактериндегі тірі клетка-лардың санын анықтау. 1г фосфоробактеринді ішінде 99 мл зарарсыздандырылған суы бар колбаға са-лады. Колбаны әрбір 1—2 минут сайын шайқап бір сағаттай бөлме температурасында ұстайды. Алынған суспензиядан бірнеше (10-3—10-9 дейін) сұйылту жасайды. Соңғы екі сұйылтудан зарарсыздандырылған параллель екі табақшаға 1мл суспензия, 20 мл балқытылған 45° С салқындатылған ЕПА құяды. Агар қатқаннан

102

соң табақшаны 30—35° С термостатқа қояды. 24 сағаттан соң өсіп шыққан колонияларды санайды.

Тірі клеткаларды жоғарыда көрсетілгендей тәсілмен санайды. Сақтау мерзімінің ақырында 1 г фосфоробактеринде Вас. теgаtһегiumның тірі клеткаларының саны 6 млрд-тан кем болмауы тиіс. Бөгде микробтардың тірі клеткаларының саны тыңайтқыштағы тиісті клеткалар санының 1 % -інен аспауы керек.

Материалдар мен құрал-ж абдықтар: Бактериялық препараттар, 10 мл қоректік ортасы (бұршақты немесе маннитті-ашытқылы агар, Эшби ортасы және ЕПА) бар пробирка, 90 және 100 мл зарарсыздандырылған су құйылған 250 миллилитрлік колбалар қойылған жылытқыш, 1 және 10 миллиметрлік зарарсыздандырылған Мор пипеткалары, сағат әйнектері, пинцеттер, шай қасықтар немесе кәрден шпательдер, таразылар, зарарсыздандырылған Петри табақшасы, балауызды қарындаштар, лупалар, Вольфрогель есепшот камерасы, колонияларды санауға арналған арифмометр, микроскоп және боялған препараттарды дайындап, оларды микроскоп арқылы қарауға қажетті құрал-жабдықтар.

Бактериялы тыңайтқыштардың салыстырмалы сипаттамасы


Тыңайт-

қыштар


сипат-

тау


белгілері

Нитрагин

 

Азотобактгрин



 

Фосфоробактерин



1

2

3

4

Қолданылған микроорганизм

түйнек бактериялары RһігоЬіиm 1еgиmіпоsротит және басқа түрлері

АzоtoЬасtеr Сһтоососсиm

фосфор бацилласы — Вас. теgосtһетіиm vаг. рһоsрһаtісит

Микроорганизмге қысқаша сипаттама

майда, спорасыэ таяқша немесе бактероид сим-биозды азот тұтушы

қысқа таяқша және шар тәрізді және диплококка-лар, жеке тір-шілік етуші азот тұтушы

спора түзетін бацилла, органофосфатты ыдыратады, шіріткіш аэроб

103

1

2

3

4

Бактериялық тыңайтқыш-тардың типі

топырақты, шым-тезек сұйық және құрғақ нитрагин

топырақты, шымтезекті аграрлы және жергілікті азотобактерин

құрғақ фос-форобактерин

Бактериялар титрі (тірі клеткалар са-ны, г)

соя және люпин үшін 70 млн., басқаларына 300 млн.

1 г 40 млн кем емес

1 г 8 млрд. . кем емес

Қандай

дақылдарға



жоғарыда көрсе-тілген бұршақ, тұқымдастар тұ-қымын өңдеуге

дәнді, техника-лық көкөніс дақылдарын

барлық дақылдарды

Гектарлық порциясы

500 г (бір шөлмекте)

дәнді дақыл-дарға — 3 кг, картопқа .6—9 кг

дәнді дақылдарға 5—10 г, басқаларына 15г

Қолдану тәсілі

тұқыммен бірге себіледі

тұқыммен бір-ге себіледі, кешетпен бір-ге отырғыз-ғанда қолда-нылады

Алдын ала тірілтеді, тұ-қымды өңдейді

Сақтау мерзімі

даярланғаннан бастап 9 ай

даярланғаннан бастап Зай

ұзақ сақталады (12 жыл)

18. МИКРОБТАРДЫҢ КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ

КУЛЬТУРАЛАРЫН ҚҮТУ МЕН САҚТАУ

Арнаулы практикумдарды және күнделікті сабақтарды үздіксіз жүргізіп отыру үшін лабораторияда микроорганизмдердің азғантай болса да коллекциялық культуралары болуы тиіс. Әрине культуралардың кол-лекциясын үнемі қажетті жағдайда ұстап отыру оңай

104


жұмыс емес. Оған белгілі бір еңбек шығыны, уақыт және қаржы керек.

Микроорганизмдердің коллекциялық культураларын сақтау үшін қарапайым екі әдісті қолдануға болады. Микроорганизмдерді жаңадан даярлап қоректік орталарға оқтын-оқтын сеуіп, жаңартып отыру және мик-роорганизмдер культурасын минерал майлардың астында сақтау әдістері. Бірінші әдіс бойынша қолайлы қоректік ортада микроорганизмдерді

оқтын-оқтын жаңа қоректік ортаға сеуіп отыру және одан әрі культураларды келесі сепкенге дейін жақсы қоректік ортада сақтау. Бұл әдіс едәуір

қиындық келтірсе де практикада кеңінен қолданылып келеді. Осы әдіспен сақталған культуралардың активтігі тым жоғары болады, оны үнемі

таза күйінде ұстауға мүмкіндік береді. Осымен қатар оқтын- оқтын

себу, культуралардың басқа микроорганизмдермен ластану қаупін арттырады. Жаңадан даярланған қоректік ортаға уақтылы себілмесе культуралар құрғап, онда тірі микроорганизмдер жойылып кетуі ықтимал. Бұндайда олар өздері зат алмасуы барысында бөлетін заттармен уланып қалатыны практикадан белгілі.

Ал минерал майлар астында ұстау мен сақтау әдісі тым қарапайым болғандықтан лаборатория жағдайында кеңінен қолданылады. Оның мәні мынада: Микроорганизмдер культурасын әдеттегі қоректік ортада (қи-ғаштала қатырылған агарда) өсіреді. Бактериялар мен дрожжылар культурасын колониялары белгілі мөлшерге дейін өскенше, яғни 5-—7 тәулік, актиномицеттерді 10—14 тәулік өсіреді.

Микроорганизмдер культурасын сақтау үшін бейтарап минерал майды қолданады. Әсіресе вазелин немесе тығыздығы 0,8—0,9 парафин майын пайдаланады. Алдымен майды 1 атм. 45 минут бойына немесе 150— 170° С термостатта 1,5 сағат бойына зарарсыздандырады. Автоклавта зарарсыздандырылған май бумен -араласқандықтан лайланып тұрады.

Май мелдірленуі үшін оны лабораторияда бөлме температурасында 1—2 тәулік ұстайды. Микроорганизмдер культурасын маймен жабу үшін қарапайым қондырғы — бөлгіш воронкаларды пайдаланады. Оның ұшын төңкерілген үлкен воронкаға кигізіп, оған резина түтікпен бекітіп тастайды.

Микроорганизмдер культурасын маймен жапқанда ескеретін жәй: май қабаты пробиркадағы қиғаштала



105

қатырылған агардың беткі шетіне дейін жетуі тиіс. Сонда май қабаты агардың беткі шетінен 1 см биіктеу болса қолайлы болады. Сонда пробиркадағы микроорганизмдер тіршілігіне нұқсан келмейді де қоректік ор-та бұзылмай сақталады. Дегенмен даму барысы мүлде тоқтап қалады деп кесіп айтуға болмайды. Бастапқы кезде олардың ептеп тіршілік етуі де байқалады. Егерде май қабаты 1 см-ден артып кетсе, ауадағы оттегі жетіспегендіктен микроорганизмдер тіршілігін тоқтатады, ал ол қабат 1 см-ден аз болса, культуралар құрғапта қалуы ықтимал.

Маймен жабылған микроорганизмдер культурасын бөлме температура-сында 25° С ұстайды. Ал кейбіреулерін +4—5°С тоңазытқышта ұстаған қолайлы. Мәселен, бұған АzоtоЬасtег жатады. Май астында микроорга-низмдер культурасын қоректік ортаға жиі-жиі қайталап сеппей біршама уақыт (1—2 жыл және одан, да ұзағырақ) сақтауға болатынын жүргізілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Мәселен, АсһгоmоЬасtег, Васillиs, Васtегіиm, Еsсһегісһіа, Місгососсиs, Рsеиdоmопаs, Sагсіпа туыстарының кейбір

өкілдері май астында 8—14 жылға дейін тіршілігін жоғалтпай сақталғаны белгілі. Бұның тағы бір артықшылығы май астында қиғаштала қатырылған агар бетінен май құйып алмай-ақ микроорганизмдерді микробиологиялық ілмешекпен алып, басқа ортаға себе беруге болады. Мұнда микробты іліп алғаннан соң ілмешекті пробирканың аузын жақындатып майды ептеп ағызып алу қажет.

Жалпы май астында сақталған микроорганизмдер культурасының өзгергіштігі женінен жеткілікті мәліметтер жоқтың қасы. Болған күннің өзінде ол көрсеткіштердің бір-біріне қайшылықтары жеткілікті.

Төменгі кестеде кейбір микроорганизм культурасының сақтау жағдайлары мен уақыты женінен мағлұмат берілген.

Атиномицеттер культурасын сақтау. Бұл үшін оларды құрамында 1% глицерин бар ЕПА-да өсіреді. Бұған ҚАА-да алуға болады." Өсіру температу-расы 26—28° С, уақыты — екі жұма. Бөлме температурасында сақтағанда айына 2—3 рет жаңадан даярланған қоректік ортаға сеуіп отыру керек. Ал культураларды тоңазытқыштарды, яғни +4—5° С себуді алты айдан кейін ғана жүргізуге мүмкіндік туады. Актиномицеттер культуралары қоректік ортада минерал майдың астында біршама жақсы сақталады. Сонда культураның тіршілігінің ұзақтығы 1,5—2 жыл және одан да көпке дейін созылады.

106


Бактериялар культураларын сақтау женіндегі

мәліметтерден құрастырылған кесте

Туыстар

Микроорганизмдерді

өсіруге арналған орта



Сақталатын

жағдайы


Тірі қалатын, ягни

сақтау мерзімі



АzоtоЬасteг sр

АzоtоЬасtеr

Васіllіs

Васillиsw

 

Васtетіum sр.



Васtетіun sр.

Місгососсиs sр.

Місгососсиs sр


Эшби-агар Мо

осы ортада

ЕПА

—”—


 

—”—


—>—

глицерия


бар ЕПА

—”—


майсыз

май астын-

да

майсыз


май астын-

да

майсыз



май астын-

да

майсыз



май астын-

да


Зай

2жыл


Зай

1 жыл


2ай-

Зай


6ай

Зай


 

2 жыл


Rizobium sp

 

Rizobium sp



Sгсіпа sр.

Sаrсіпа sр.

Stарһуlососсиs sр. Stарһуlососсиs sp


бұршақты агар немесе Эшби-агар ти-

розині бар

—”—

1 глицирин бар ЕПА



—”—

—”—


—”—

 

майсыз


май астын-

да

майсыз



май астын-

да

майсыз



май астын-

да


 

3 ай


6 ай

1 жыл


Зай

6ай —


2жыл

Зай


6ай —

2 жыл


Ескерту: культуралар бөлме температурасында сақталған.

19. СЫРТҚЫ ОРТА ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ

МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ ӘСЕРІ

Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері. Табиғатта су бос және байланысқан күйінде кездеседі. Байланысқан суды ертінді ретінде қолдануға болмайды. Сондықтан микроорганизмдер ортада бос күйіндегі су болғанда ғана тіршілік ете алады. Бұндай суда еріген қоректік заттар микроорганизмдер

107

клеткасына ене алады. Ортада судың мөлшері неғұрлым азайған сайын солғұрлым микроорганизмдер тіршілігі баяулай береді. Сондықтан кептіру микроорганизмдер, тіршілігі үшін аса қауіпті. Дегенмен ылғал тапшы болған жағдайда да микроорганизмдер тірі қалатыны байқалады. Бұған олардың спора түзетін қасиеті дәлел бола алады.

Ылғалдың микробтарға әсерін анықтау. Мақсатында ылғалы әр түрлі ақ нанның тілімдерін алады. Кейбір тілімдерді қолдан кептіреді де. Осыларды Петри табақшасына салып, 20 минут бойына 1 атм. зарарсыз-

дандырады. Бір тілімнің үстіне ілмешекпен сапрофит бактерияларды (Sагсіпа Lиtеа, АсһгоmоЬасtег Ргосdіgiosum) жұқтырады, басқаларына зең саңырауқұлақтарының спорасын салады. Табақшаларды бөлменің

жылы әсеріне немесе температурасы 25° С термостатта ұстайды. Келесі сабақта бактериялар мен зең саңырауқұлақтардың әртүрлі ылғалда даму дәрежесін анықтайды. Сөйтіп бактерияларға қарағанда зең саңырау-

құлақтарының қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен қорытынды шығарады. Мерзімі жағынан ұзақ болғанымен осындай тәжірибені топырақтарда жасауға болады.

Жарықтың микроорганизмдерге әсері. Табиғатта кездесетін шашырап түсетін сәулелер көпшілік микроорганизмдерге аса көп әсер ете қоймайды. Ал күн сәулесі тікелей түссе микробтарды қырып жіберетінін ескеру керек. Сәулелердің ішінде ультракүлгін тобының жойқын әсері күшті. Сондықтан оны бөлмелерді, ауаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданады. Кейбір микроорганизмдер күн сәулесінің арқасында көміртегін сіңіре алатындықтан олар жарыққа мұқтаж болады.

Қатырылған ет-пептонды агардың бетіне ішек таяқшасын мол етіп

себеді. Бұл үшін бактериялардың таза культураларынан ілмешекпен алып, пробиркадағы 1 мл зарарсыздандырылған суға езеді. Зарарсыздандырылған пипеткамен бактериялар суспензиясын алып қоректік орта бетіне тамызады да, шыны шпательмен орта бетіне жаяды: табақшаға түбіне кара қағаз

желімдеп қояды. Оның ортасына жарық түсетіндей етіп ойып қояды. Табақшаларды бірнеше сағатқа күн сәулесіне қояды. Бұнда қара қағаздың ойған жерінен ғана жарық түсетін болады. Келесі сабақта табақшадағы бактериялардың өсу барысын. тексереді. Сонда тікелей түскен күн

108

сәулесінен микроорганизмдердің еспей қалатынын анықтауға болады.



Темпер атураның бактериялар дамуына әсері. Микроорганизмдер өздері қоршап тұрған орта температурасында ғана тіршілік ете алады. Олардың басқа организмдер сияқты дене температурасын реттейтін мүмкіндігі болмайды. Температура әсеріне байланысты микроорганизмдерді үш топқа бөледі.

Психрофильдер — суық сүйгіш, тіршілік ету диапазоны — 2—4 суықтан, 20° С жылы дейін. Мезофильдер — орташа температурада тіршілік етеді. Тіршілік диапазоны 20—25-дан 40—45° С дейін. Бұлардың көпшілігі ауру қоздырғыштар. Термофильдер — “ыстық сүйгіштер” жоғары температура аймағында кездеседі. Тіршілік диапазоны — 40-тан 70—75° С аралығында жатады.

Картоп және шеп таяқшасынан ілмешекке материал алып пробиркадағы 1 мл суға жақсылап езеді. Осыдан пипеткамен 2—3 тамшысын алып, ет-пептонды агар бетіне тамызады. Шыны шпательмен оны жақсылап жаяды. Табақшаларды 20 және 50° С термостатта + 4°С температурасы бар тоңазытқышта орналастырады. Келесі сабақта тәжірибе нәтижесін бақылайды. Ортада өсу қабілеттілігіне қарай, олардың ең жақсы дамитын температура деңгейін анықтайды.

20. КЕЙБІР РЕАКТИВТЕРДІ ДАЯРЛАУ ТӘРТІБІ

Шынытазалауға арналған хром қоспасы. Бихроматтың (К 2Сг 2О 7) 25% ертіндісіне 100 мл аздап 250 мг концентрлі күкірт қышқылын қосады. Заттық және жабын әйнектерді тазалауға арналған шыныдан жасалған түрлі аспаптарды осы хром қоспасында 24 сағаттай батырып ұстайды. Содан соң оны жақсылап жуады.

Фиксациялауға арналған заттар:

1. 96% этил спирті Фиксациялау



уақыты

10—15 минут



2. Флеминг қоспасы 5 минут

Хром қышкылы 1 % — 75 мл,

Осьмий қышқылы 2% — 20 мл,

Сірке қышқылы 75% — 5 мл.



109

3. Карнуа крспасы 5 минут

Сірке қышқылы 75% — 10 мл,

Абсолютті этил спирті — 60 мл,

Хлороформ — 30 мл.

4. Никифоров қоспасы (этил

спирті мен күкірт эфирінің

бірдей мөлшердегі қоспасы) — 5 минут

Б о я у л а р:

Микроорганизмдерді бояу үшін бояулардың сулы немесе спиртті ертінділері белгілі бір концентрацияда қолданылады. Кейде бояулардың спирттегі қаныққан ертіндісін сұйылтып та пайдаланылады.

Бояудың қаныққан спиртті ертіндісін даярлау үшін 96% спиртке бояуды әбден ерімей түбіне тұнып қалғанша салады. Әрине әр түрлі бояудың ерігіштігі бірдей болмайды. Мәселен, фуксиннің қаныққан спиртті ертіндісін даярлағанда 100 мл спиртке 10 г құрғақ бояуды қосса болғаны, ал метилен көгінің қаныққан спиртті ертіндісі үшін 100 мл спиртке 6 г құрғақ

бояу, генициан — виолет үшін 4,8 г жеткілікті. Қаныққан спиртті ертіндіден қажетті концентрациясы бар сулы — спирт ертінділерін әзірлеуге мүмкіндік болады.

Микробтарды тірі күйінде қарау үшін көбіне бояулардың сулы (0,01—0,001%) ертіндісін пайдаланады. Метилен көгінің 0,001% ертіндісін даярлау үшін 10 мг құрғақ бояуды 1 литр дистилденген суда еріту керек.

Фиксацияланған препараттарды даярлау үшін метилен көгі немесе генициан — виолеттің 1 : 40 концентрациялы сулы ертіндісін даярлайды. Бұл үшін бояудын 1 мл қаныққан спиртті ертіндісіне 40 мл су қосады.



Леффлер бойынша метилен көгін дайындау, 3 г метилен көгін 20—

30 мл спиртпен (95° С) араластырады, оған 1 %' күйдіргіш натрийдың 1 мл және 100 мл дистилденген суды қосады немесе метилен көгінің қаныққан спиртті ертіндісіне 10% күйдіргіш калийдің 2 тамшысын және 100 мл дистилденген суды қосады.

Цильдің карболды фуксині. Бұл үшін І00 мл 5% карбол қышқылына 10 мл негізгі фуксиннін қаныққан спиртті ертіндісін қосады.

Карболды эритрозин. 10 мл дистнлденген суға фенолды және 5 г эритрозинді ерітеді.

Судан III. Бұл клеткадағы майларды анықтау ушін қолданылады. Оған 96% этил спирті кемесе концентрлі сүт қышқылы қажет. Ертіндідегі судан III концентрациясы 0,5% болғаны жен.

110

Бактериялар талшықтарын табу үшін мынадай қоспа даярланады:

20% танин (сулы ерітіндісі) —10,0 мл,

ҒеSО4 (қаныкдан сулы ерітіндісі) — 5,0 —”—

негізгі фуксин (қаныққан спиртті ерітшдісі) — 1,0—”—

Қоспаны 24 сағатқа қалдырады да, одан кейін сүзеді.

Грам әдісі бойынша бояу үшін сафранин керек, Грам әдісі бойынша жекелеп бояу үшін сафранин ертіндісін қолданады. Оны жасау үшін 100 мл дистилденген суға 10 мл бояудың 2,5% спиртті ертіндісін алады.

Негативті бояу үшін туштың ертіндісін даярлау. Кәдімгі сатудағы тушты 10 есе дистилденген сумен сұйылтады да ірі түйіршіктерін тұндыру үшін центрифугалайды. Препарат даярлау үшін тушь ерітіндісін алып 0,5 атм. зарарсыздандырып, екі жұмадай тоңазытқышта сақтайды.

Негативті бояу үшін нигрозиннің сулы ерітіндісінде қолдануға болады.

Иодты калийдегі иодерітіндісі (Л юголь ерітіндісі). Иод суда ерімейтіндіктен йодты калийде ерітеді. 3 г иодты калийді 5 мл суда ерітіп, оған 1 г иодты қосады. Қоспаның еруін шапшаңдату мақсатында оны кәрден тостағаншаға салып ысытып, үстіне 300 мл су қосады. Осылай даярланған ерітіндіні (Люголь ерітіндісі) Грам бойынша микробтарды бояу үшін қолданады.

Клеткадағы гранулеза мен гликогенді анықтау үшін 7 г иодты және 20 г иодты калийді 100 мл дистилденген суда ерітеді. Сонда концентрлі иод ерітіндісі алынады.

Дезинфекциялаушы ерітінділер. Бұл мақсатта лабораторияда 5% фенол ерітіндісін (карбол қышқылы) дайындайды. Дезинфекциялау үшін 5% кре-зол ерітіндісін, 10—20% хлорлы әк қою ерітіндісін (хлорлы әк сүті) және басқа заттарды қолданады.

Несслер реактиві аммиакты анықтауға арналған. Оны былай даярлайды: 20 г KJ 50 мл суда ерітеді, оған қаныққанша біртіндеп НgС12 (32 г шама-сында косады). Бұл ерітіндіге 460 мл дистилденген су және 134 г КОН косады. Реактивті салқын, қараңғы жерде сақтайды. Аммиакты анықтау үшін бактерия культурасының бір тамшысын кәрден пластиикаға тамызып оған 111

бір тамшы Несслер реактивін қосады. Аммиактың азғана мөлшері бар жерде реактив сары немесе қызыл сары түске боялады. Ал аммиак көп болса, қоңыр немесе қошқыл түсті тұнба түседі.

Грисс реактиві. Бұл азотты қыщқылды анықтау үшін қолданылады. Реактивтің өзі екі ерітіндіден тұрады.

1. 0,5 г сульфанил қышқылын 30 мл мүзды сірке қышқылында ерітеді. Оған 100 мл дистилденген су құйып, сүзеді. Ерітіндіні бір айдай сақтауға болады.

2. 0,1 г нафталинді 100 мл суда ерітеді, салқындатады. Оған 30 мл мұзды сірке қышқылын қосады. Ерітіндіні көлеңкеде бір жұмадай қымтап жабылған ыдыста сақтайды.

Азотты қышқылды анықтау үшін пробиркаға 0,5 мл бактерия культурасын құйып, әрқайсысын 0,5 мл-ден I және II ерітіндіні қосады да қайнатпай қыздырады. Азотты қышқыл бар жерде қызыл түс түзіледі.

Дифениламин. Азот және азотты қышқылдарды анықтау үшін күкірт қышқылында ерітілген дифениламинді қолданады. Реактивті даярлау үшін 1 г дифениламинді 100 мл күшті күкірт қышқылында ерітеді де алынған қоспаға 20 мл дистилденген су қосады. Азот және азотты қышқылдар бар жерде реактив көк түске боялады.

Ыдыстарды жууға арналған ерітінді

Хром қоспасы. 1. Концентрлі (күшті) күкірт қышқылына 5% (қышқыл көлеміне қарай) ұсақталған, майда кристалды қосхромқышқыл калийді

2С 2О 7) кәрден тостағаншаға салып араластырады да су моншасын да ептеп қыздырады. Сонда ол ериді. 2. Қосхромқышқыл калийді суда ерітеді, оған аса сақтықпен күшті күкірт қышқылын құяды. Қоспа мөлшері 100 мл су, 6 г қосхромқышқыл калий, 100 мл сыбағалы салмағы 1,84 күкірт қышқылы. Бірнеше рет қолданғанда қою сарғылт хром қоспасы қою жасыл түске боялады. Бұндай қоспа ыдыс жууға жарамайды.

КОН-ның спирттіерітіндісі де жақсы жуғыш ретінде қолданылады. Оны даярлау үшін 40—50 г КОН 500 мл суда ерітеді. Ерітінді суынған соң оған жалпы ерітінді көлемі бір литр болатындай етіп спирт қосады. Сонда ерітінді ыдыс жууға дайын болады.



112

ОҚУЛЫҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ



- Автоклав — лабораторияларда, ауруханаларда, дәріханаларда және түрлі тағамдық консервілер жасайтын заводтарда микроорганизмдерді құрту мақсатында қолданылатын қабырғасы қалың аппарат. Мұнда зарарсыздандырылатын заттарға 100 градус температурада қыздырылған ыстық су буынын жоғары қысымы (0,5-тен 2 атм) әсер етеді. Қысым және жоғары температураға көптеген микроорганизмдер және олардың споралары шыдамай, қырылып кетеді.

Автолиз — аутолиз (ыдырау). Клеткадағы ферменттер әсерінен оның құрамындағы заттардың (белоктар, углеводтар, майлар, т. б.) ыдырауы. Көбінесе А. төменгі температура, құрғату және түрлі улы заттар)

(толуол, хлороформ, т. б.) әсер еткенде байқалады. А. кейбір өндіріс процестерінде де) қамырдың пісіп-жетілуі, азықты сүрлеу, т. б.) байқалады.



Агар-Агар — кейбір теңіз балдырларынан алынатын өнім құрамының дені углеводтар. Ыстық суда балқытылған агар салқындатқанда іркілдеп тұрады. Микробиологияда, химияда, кондитер өнеркәсібінде (мармелад, пастилалар, т. б.) қолданылады.

Азотты түту — немесе азотты сіңіру. Ауадағы бос күйіндегі молекулалық азотты биохимиялық жолмен организм өз бойындағы азот қосылыстарына айналдыруы, яғни сіңіруі, тұтуы. Бұл топырақ құнарлылығын арттырады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларына топырақта жеке тіршілік ететін азот тұтқыш микроорганизмдерге тән қасиет. Бұлардың өкілі ретінде азотобактерді түйнек бактерияларын атап өтуге болады.

Азотобактерин — ауыл шаруашылық өсімдіктерінің түсімін арттыратын белсенді азот тұтушы бактериялардан даярланатын тыңайтқыштар..

Активаторлар—(биоактиваторлар деп те атайды).— микроорганизмнің өніп-өсуін қолдайтын қоректік ортаға қосылатын заттар.

Амилаза — немесе диастаза — крахмалды декстрин және мальтозаға дейін ыдырататын гидролиздеуші фермент.

Анабиоз — тіршіліктің әдетте байқалмайтын жасырын түрі. Өсімдіктер мен жануарлар өнімін консервілеудің негізгі принциптерінің бірі. Бұған шөпті құрғатып пішен даярлау, құрғақ дәндерді сақтау, өнімдерді салқында сақтау жатады.

Анаэробиоз — атмосфералық оттек болмайтын жерде тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдер.

Антагонизм —организмнің бір тобына олардың екінші бір топтарының жойқын әсер ету қасиеті. Оларға сүт қышқылы бактерияларынын шіріту бактерияларының тіршілігін тежеуі мысал бола алады. Бұған қарама-қарсы кұбылыс — симбиоз.

113


Антибиоз — тіршілікті тежейтін әрекет. Микробтар тіршілігін тежейтін, кейде оларды қырып жіберетін әр түрлі организмдердің тіршілігі барысында бөлетін заты. Оларға бірқатар антибиотиктер жатады.

Ашытқылар автолизаты — витаминдер, амин кышқылдары, солардың ішінде триптофан және басқада өсуді қолдаушы факторлар, оның ішінде пурин және пиримидиндердің негізгі көзі ретінде микроорганизмдерді өсіретін ортаға қосылатын зат.

Аэробиоз — ортада оттек болғанда байқалатын тіршілік нышаны.

Бактериолизис — түрлі бүлдіруші факторлардың әсерінен бактериялар клеткаларының еріп кетуі. Бұған биологиялық (ферменттер, антибиотиктер, т. б.) және химиялық (сілтілер,' түрлі кышқылдар, т. б.) жатады.

Бактериофагтар немесе фагтар деп те атайды — бұлар табиғатта кең тараған, жәй микроскоптармен көрінбейді, тірі бактериялар клеткасына еніп, оларды ерітіп, ыдыратып жібереді.

Бактерицидтік лампалар — микробтармен жұмыс істейтін бөлмелер ауасындағы микроорганизмдерді жою мақсатында қолданылатын аспап. Бұнда микроорганизмдердің тек вегетативті клеткалары ғана емес, сонымен бірге, споралары да қырылады. Бұл үшін көбінесе толқын ұзындығы 2537 А° (ангстрем) ультракүлгін сәуле шашырататын лампалар қолданылады.

Бактериялар жіпшелері — бактерияларды қозғаушы органоид. Флагеллин деп аталатын жыйырылуға қабілетті белоктардан тұрады. Микробтар клеткасында орналасуыиа қарай лофотрихты, монотрихты және перитрихты болып бөлінеді.

Бактериялар капсуласы — кейбір бактериялардың бөлетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа да - қолайсыз жағдайлардан сақтап қалады.

Бактериялық культуралар — қатты және сұйық, қоректік орталарда өсірілгей бактериялардың тіршілікке қабілетті популяциялары.

Бактериялық сүзгілер — сұйықтарды бактериялар мен саңырау-құлақтардан тазартуға арналған майда саңылаулары бар аспап. Ал бұл сүзгілерден вирустар оңай өтіп кетеді.

Бактериялық ілмешектер — метал немесе шыны сабы бар платинадан жасалған микроорганизмдерді бір ортадан екінші ортаға ауыстырып себуге арналған құрал. Б. і. шілтер жалынында тез қызады да, тез суиды.

Бацилдер — өз клеткасында спора түзетін таяқша және басқа да пішінді микробтар. Бактерияларға қарағанда олардың айырмашылығы осында.

Биокатализаторлар — микроорганизмдер тірішлігінің барлық саласында белсене қатысатын тірі клеткалардағы ферменттер немесе энзимдер.

Биологиялық тазару — арнаулы жерлерде және түрлі микроор-ганизмдердің қатысуы арқылы ластанған орталардың тазаруы.

Биопрепараттар — халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылатын, құрамында белсенді әрекет көрсететін микробтар бар немесе сол организмдердің туындысы болып есептелетін арнаулы заттар. Оған: вакциналар, сарысу, антибиотиктер, бактериялы тыңайтқыштар, азық ашытқылары жатады.

Буферлік ерітінділер— белгілі бір тұрақты концентрациясы бар сутек ионының ерітіндісі: әлсіз қышқыл мен оның тұзының қоспасы

(мысалы: СН3СООН және СН3СОONа немесе әлсіз негіз бен



114

оның тұзының қоспасы (мысалы: NH4ОН және NH4С1). Химиялық және биохимиялық зерттеулерде буферлік ерітінділер кеңінен қолданылады. Бұған ацетат-аммиакты буфер, фосфат, буфер, борат буфер ерітінділері жатады.



Волютин —әр түрлі микроорганизмдер клеткаларында жиі кездесетін белокқа ұқсас құрамында фосфоры және азоты бар заттар

Гидролиз — заттардың суды қосып алып, оның әсерінен ыдырауы. Бұнда ферменттер белсенділігі артады.

Гликоген — микроорганизмдер клеткаларында және хайуанаттар бауырында кездесетін крахмалға ұқсас углевод — полисахарид. Организмде ол қор заты ретінде жиналады.

Грам әдісімен бояу - Дания бактериологы Грам (1884 ж) ұсынған микроорганизмдерді бояудың күрделі әдісі. Осы бояуға қатысына қарай микроорганизмдерді екі топқа бөледі. Біріншісі Грам әдісімен боялатындар, екіншісі боялмайтындар.

Гранулеза — қоректік заттар қоры ретінде көптеген микроорганизмдер клеткаларында жиналатын және құрамында крахмалы бақ көмірсу. Иод ерітіндісімен әсер еткенде ол көк түске боялады.

Гумус — микроорганизмдердің әсерінен өсімдіктер және жануарлар қалдықтарынан пайда болатын органикалык заттардын ерекше күрделі тобы. Ол топырақ кұрамында болады. Мәселен, қара топырақта 15 процентке дейін гмус болады, шымтезекті топырақта ол 25 процентке дейін жетеді. Топырақ құнарлылығын түзетін зат.

Дезинфекция — жұқпалы ауруларды қоздырғыш микроорганизмдерді құрту үшін қолданылатын химиялық заттар. Бұл тәсілмен бөлмелерді, аспаптарды, киімдерді зарарсыздандырады.

Диастаза — амилазаны қараңыз.

Ет-пептонды агар (ЕПА) — ет-пептонды сорпамен агар қоспасынан жасалған микроорганизмдерге арналған қоректік орта.

Ет-пептонды сорпа (ЕПС)—ет сорпасы, пептон және ас тұзы қоспаларынан даярланған микроорганизмдерге арналған сұйық қоректік орта.

Ет-пептонды бауыр сррпасы (Китт-Тарроции) — анаэроб микробтарды өсіруге арналған қоректік орта.

Желатина — мал шеміршектерінде және сүйектерінде болатын жабысқақ коллаген затының гидролизденуінен алынатын зат. Мик-робиологияда белгілі бір микроорганизмдерді өсіру үшін жасалатын қоректік ортаға қосады.

Жұғындылар (мазки)—микроскоппен зерттеу үшін заттық әйнек бетіне жағылған зерттелетін материалдан дайындалып (микробтардан, қаннан) жасалатын препарат.

Зимаза — ашытқылар клеткасында кездесетін, спирт ашу процесі кезінде көмірсуларды ыдыратуда- қатысатын ферменттер тобы.

Инвертаза (немесе сахараза деп те атайды) — қызылша қантын (сахароза) глюкоза және фруктозаға дейін ыдырататын фермент.

Йндикаторлар — анализге алынған зат толық реакция беруін, яғни титрлеу кезінде реакция аяғын анықтау үшін қолданылатын заттар. И. орта жағдайларының өзгерісіне байланысты өздерінің түсін тез өзгерте алады. Бұндай қасиет кебінесе бояуларға тән. Оларға метилоранж, метилрот, лакмус, фенолфталеиндер жатады.

Казеин — күрделі белок, фосфопротеид, сүт белогының басты компоненті. Суда және органикалық еріткіштерде ерімеиді, тұздың, негіздердің сулы ерітіндісінде ериді. Микроорганизмдер қоректік ортасының құрам бөлігіне енеді.

115


Карбол қышқылы — өзіндік өткір иісті, кристалл зат. Ауа, ылғал, күн сәулесі әсерінен ол қызыл-күрең-қызғылт түске боялады. Сұйық карбол қышқылы құрамында 90% кристалл фенол және 10% су болады. Лабораторияда дезинфекциялау мақсатында карбол қышқылының 3% ерітіндісі қолданылады. К. қ. клеткалардың түрлі ұлпарын улай алады. Әсіресе ол нерв жүйесіне зиянды әсер етеді. К. қ. жұмыс істегенде қолға қолғап киіп алу керек.

Каталаза — сутегінің асқын тотығын су мен молекулалық оттегіне дейін ыдырататын фермент.

Клетчатка — және оны ыдырататын микроорганизмдер. Целлюлозаны қара.

Коли — бактериялар (немесе ішек таяқшасы деп те атайды.) — булар адам мен жануарлардың ішек-қарнында кең тараған. Олардың басым көпшілігі іш сүзегі, паратиф, дизентерия, оба және басқа да ауруларды қоздырғыштар.

Колония — қоректік заттар бетінде немесе қатты және сұйық қоректік орталар ішіне орналасқан бір түрге жататын бактериялар жиынтығы. Пішіні жағынан олар түрліше болып келеді. Олар, негізінен бір клеткадан дамыған түр сипатын анықтай алады.

Коферменттер — ферменттердің белоктық бөлігінен оңай ажырататын простетикалық топ.

Қор заттары — тірі клеткаларда жиналатын белоктар, углеводтар, тұздар т. б. сол сияқты заттар.

Қоректік орталарды мөлдірлендіру — анаэроб микроорганизмдердің бөлініп алынған колонияларын анықтап керу мақсатында агарлы және желатина қосылған қоректік орталарды мөлдірлендіреді. Ол ушін кебінесе тауық жұмыртқасының ақ уызын қолданады. Ол ортаны біршама жақсы мөлдірлендіреді.

Лаг-фаза (көбеюдің, тежелу фазасы) — алғашында клеткалар қарқындап өніп-өскенімен, соңынан олардың бөліну шапшаңдығы баяулап қалады. Бактериялық популяция көбеюінің алғашқы екі фазасында микробтар коректік ортаға, температураға, көмірқышқыл газының концентрациясына, рН, орта аэрациясына бейімделеді.

Лизоцим — адам мен мал сілекейлерінде болатын бактериялар клеткаларын оңай ерітетін фермент текті заттар,

Липаза — гидролиз барысында майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ажырататын микроорганизмдерде кездесетін фермент.

Лофотрихтер — бірнеше жіпшелер клетканың бір ұшында орналасуын атайды.

Мальтаза — мальтоза қантын екі молекула глюкозаға ажыратуға белсене қатысатын фермент. Кейбір микробтар клеткасында кездеседі.

Маринадтау — сірке суын қосып, содан соң ептеп қыздыру арқылы тағамдарды консервілеу.

Мезофильдер — сыртқы ортаның температурасы бір қалыпты болғанда ( + 30—40° С) өніп-өсіп, көбейетін микроорганизмдер.

Мембрана — клетка аралык жарғак. Цитоплазма мембранасы клетканың сыртқы кабығымен шектесіп жатқан цитоплазманын сыртқы кабаты.

Микроорганизмдерді бояу — микробтар клеткасының ішкі құрылысын зерттеуге арналған әдіс. Ол көбінесе диагностикалық мақсатта қолданылады. М. б. бірнеше тәсілдері бар.

Микроорганизмдердің жинақталған культуралары — әр микробтар түріне тән арнаулы қоректік орталарда солардың өкілдері басым болатын жинақталған тобы.

116


Монотрихтер — қозғалғыш бактериялар клеткасының бір по-

люсінде жіпшелердің біреуден орналасуы.



Мутагендер — организмде тұрақты тұқым қуалаушылық өзгерістерді туғызатын физикалық және химиялық заттар.

Нитрагин — бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін олардың тұқымына жұқтыратын түйнек бактерияларынан даярланған препарат,

Нингидринді айқындап көрсеткіш — Арнаулы қағазға сіңген түрлі амин қышқылдарын анықтау үшін оған нингидринді бүркеді. Сонда олар түрлі түске боялып, онда белгілі бір амин қышқылының бар екіндігін айқындап береді.

Нормалды (бірқалыпты ерітінді IN белгіленеді) — ерітіндінің бір литрінде еріген заттың 1—2 эквиваленті бар.

Осмос—түрлі заттардың өткізгіш немесе шала өткізгіш қалқаншалардан өтуі. Бұл тірі клеткалардың әрқайсысының зат алмасуында орын алатын, соларға тән қасиет.

Пастеризация — француз ғалымы Пастердің атына орай аталған, органикалық сұйықтықтарды (сүт, жеміс-жидек, түрлі шырындар, т. б.) 100°С ыстықта (көбінесе 60—70°С-де) 30 минут бойына қыздырып,

артынан 10°С-ге дейін суыту тәсілі. Ол микробтардың вегетатив клеткаларын құртады, ал споралар тіршілікке қабілетті түрінде қалып қояды.



Пектиндер — өсімдіктердің клеткаларын өзара жалғастырып, қабыстырып тұратын полисахаридтер тобына жататын көмірсулар.

Пептонды су — микробтарды өсіруге арналған көптеген қоректік орталардың негізі. Ол үшін 1% пептон, 0,5% ас тұзы және дистилденген су алып, қайнатады да сүзеді, рН деңгейін тұрақтандырып, ыдыстарға құяды және жабады да автоклавта зарарсыздандырады. Бұл Гисс ортасын дайындау үшін қолданылады.

Петри табақшасы — микробтардың колонияларын алу үшін қатты қоректік ортаны құюға арналған ыдыс. Оны ең алғаш бактериолог Петри ұсынған.

Плазмолиз — қант, тұз, глицерин және басқа да заттардың күшті концентрациялы ерітіндісіне салғанда бактериялар клеткасында байқалатын құбылыс. Мұнда клетка қабығы дитоплазмадғы судың ерітіндіге ауысуына байланысты ажырап, жиырылады.

Протеазалар — белок заттарын ыдырататын тірі клеткаға тән ферменттер.

Психрофильдер — 5—7° С-дегі салқындықта, яғни төменгі тем-пературада өніп-өсуге бейімделген салқын сүйгіш микроорганизмдер.

Сапрофиттер — жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтарымен және басқа да бөлінділермен қоректенетін организмдер. С. гетеротрофты организмдерге жатады және заттардың табиғаттағы айналымына белсене қатысады. Бұлар жалпы алғанда патогендер емес, бірақ кейбір жағдайларда мұндай да қасиеттің пайда болуы ықтимал.

Спора — негізінен өніп-өсуге, көберге арналған және қолайсыз жағдайларға төзімді, микроорганизмдердік ерекше денесі.

Стерилизацйя (зарарсыздандыру) — қоректік орталарды, сондай-ақ сол тәрізді заттарды микроорганизмдерден ада қылу, Бұл тәсіл көбінесе микробиологияда, тамақ өнеркәсібінде, медицинада, мал шаруашылығының саласы — ветеринарияда қолданылады.

Сусло (сыраашытқы) — шарап жасауда, сыра даярлауда қолданылатын арпа дәнінен арнаулы технология бойынша өндірілетін зат.

117


Термо Стат — микроорганизмдерді белгілі температурада өсіруге арналған құрал.

Термофильдер — жоғары температурада (70° С). тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдер.

Уреаза — мочевинаны аммоний карбонатына, кейіннен аммиакка, одан әрі көмірқышқыл газ бен суға дейін ажырататын микроорганизмдердің ерекше тобында кездесетін фермент.

Фенол — карбол қышқылын қараңыз.

Фосфоробактерин — топырақтағы органикалық, фосфор қосылыстарын минералдауға белсене қатысатын микроорганизмдерден даярланған бактериялы тыңайтқыш.

Хемосинтез (немесе хемиосинтез деп те аталады) — микроор-ганизмдердін, бейорганикалық заттарды тотықтыру барысында бөлінетін энергияны пайдалана отырып, органикалық заттар түзу үдерісі.

Целлюлоза (немесе клетчатка — жасунық деп те аталады) — көбінесе өсімдік қабығында кездесетін, аса берік көмірсу. Оны тек кұрамында целлюлоза ферменті бар микроорганизмдер ғана ыдырата алады.

Штамм — морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей, бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Арестовская Т. В., Владимирская М. Е., Голлербах М. М. и др. Большой практикум по микробиологии. М., 1962.

2. Д а р к а н б а е в Т. Б., Ш о қ а н о в Н. К- Микробиология және

вирусология негіздері. Алматы, Мектеп, 1982.

3. Е ж о в Г. И. Руководство к практичееким занятиям по сельско-хозяйственной микробиологии. М., Высшая школа, 1981,

4. Коленько Е. И., Руководство к практическим занятиям по

микробиологии. М., Сельхозгиэ, 1952.

5. Құлдыбаев М. М, Ауыл шаруашылық микробиологиясы, Ал-

маты, Білім, 1994.

6. Лабинская А. С. Микробиология с техникой микробиологи-

ческих исследований. М., Медицина, 1978.

7. Никитинский Я. Я., Алеев Б. С. Практическое руководство по микробиологии. М., Пищепромиздат, 1943.

8. Руководство к лабораторным зантятиям по микробиологии

(под ред. Л. Б. Борисова), М., 1979.

9. Федоров М. В. Практическое руководство по микробиологии.

М., Сельхозгнз. 1957. .

10. Череиисинов Н. А., Б о е в Л. ,И„ Семихато.ва О. А. Практнкум по микробиологии, М., 1961,



118



Учебное издание

МЭЛС МУКАТАЕВИЧ КУЛДЫБАЕВ,

НАЖМИДЕН КАИРОВИЧ ШОКАНОВ

ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ ПО МИКРОБИОЛОГИИ

(на казахском языке)

Редакторы Р. Ж- Каржасбаева,

Суретшісі Б. Ф. Серікбаев. Көркемдеуші редакторы И. Т. Серікбаеәа. Техникалық редакторы 0. Д. Рысалиеөа.

ИБ № 153


Теруге 22.08.94 жіберілді. Басуға 19.12.94 қол қойылды. Пішімі 84Х1087з2-Баспаханалық қағаз. Әріп түрі “Әдеби”. Шығыңқы басылыс. Шарттъі баспа табағы 6,3. Шартты бояулы беттаңбасы 6,51. Есептік баспа табаРы 6,46. Таралымы 2000. Тапсырыс № 851. Бағасъі келісім бойынша.

Казақстан Республикасы чБаспасөз жэне бұқаралық ақпарат министрлігіиіқ “Білім” баспасы. 480124, Алматы қаласы, Абай дацғылы, 143-үй.



Қазақстан Республикасы Жоғаргы Қеңесініқ баспахаиасы, 480016, Алмагы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 15/1.


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау