Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 2,19 Mb.
бет2/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#7651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

10

ашытқылар сияқты ооъектілерді қараған қолайлы. Сонымен, бұл әдістің клетка ішіндегі қор заттарын қарағанда да көп көмегі бар. Осындай әдіспен микробтарды тірілей зерттегенде концентрациясы 0,001 ден 0,0001 % дейін болатын метил кегі және бейтарап қызыл бояуларды қолдану керек.

Аспа тамшы әдісі. Микроорганизмдер клеткаларын ұзақ уақыт бақылағанда аспа тамшы әдісін қолданады. Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе осы мақсатқа арнап физиологиялық ерітіндіде дайындалған микробтар суспензиясын зарарсыздандырылған жабын әйнек үстіне тамызады. Содан соң жабын әйнекті ортасында ойығы бар зарарсыз-дандырылған заттық әйнекке аударып жабады. Сонда ойық бетінде тамшы асылып қалады. Жабын әйнек айналасын вазелинмен қымтап жауып тастайды.

Микроорганизмдердің фиксацияланан препараттарын даярлау. Микробиологияда осындай препаратты көбірек колданады. Препаратты бояғаннан соң микроскоппен карайды. Фиксациялау деп микроскоппен карайтын тірі объектіні алдын ала тез арада өлтіруді айтады. Сонда клетка шіндегі заттар бүлінбей сақталып қалады. Ал фиксацияланған препарат Шыныға жабысады да бояу жақсы сіңеді. Бұл әдіс заттық әйнекті дайындау, жұғындыны әзірлеу, кептіру, фиксациялау және бояу сияқты бірнеше жұмыстардан тұрады.

Жұғындыны д а й ы н д а у. Таза, майсыздандырылған заттық әйнекке құбыр суының бір тамшысын тамызады. Пробиркадан бактериологиялық ілмешекпен зарарсыздандырылған жағдайда микробтың бір түйірін іліп алып, тамшыда езеді. Суспензия қою болып кетсе, сумен сұйылту керек.

Ол үшін қою суспензияның бір тамшысын екінші заттық әйнек бетіне су тамызып соған салып езеді. Жұғындыны жайып, бөлме температурасында немесе спиртовканың жалынының әлсіз жеріне ұстап кептіреді. Ыстық жалында кептіруге болмайды. Өйткені бұнда клетка белогы ұйып, оның пішіні мен құрылымы бұзылады. Кептірілген препаратты фикса-

циялайды.

Жұғындыны фиксациялау. Фиксациялау кезінде микроорганизмдер өледі, әйнекке жабысып қалады. Сонда жұғындыдағы микробтар оңай боялады. Фиксациялауды жалында жүргізеді. Заттық әйнектің микробы бар жағын 11

жоғары қаратып, спиртовка жалынында әлсін-әлі қыздырып алады. Жалпы әйнек ысып, қолға бата бастағанда фиксациялауды тоқтатады.

Әйнек салқындаған соң жұғындыны бояуға кіріседі. Метилен көгі мен негізгі фуксин ең қарапайым және іс жүзінде көп қолданылатын бояулар. Егерде фуксинмен боялса препаратты бұл бояуда 2—3 минут ұстайды, ал метилен көгі қолданылса, онда 3—4 минут керек. Бұдан кейін бояуды сумен жуады немесе таза сумен біраз шаймалайды. Сонда аққан су мөлдір болуы керек. Сузгі қағазбен әйнекті құрғатады, ал жұғындыны сүзгіш қағазды ептеп жабу арқылы дегдітеді. Дайын препараттың бір бетіне бактериялар пішіні, препарат дайындаған студент фамилиясы, оқу тобының нөмірі жазы-лады.

Бактерияларды Грам әдісі бойынша б о я у. Микроорганизмдерді жалпы бояу үшін метилен көгі, карбол немесе сілті ерітіндісінде даярланған гени-циан күлгіні қолданылады. Бұл бояулармен барлық микробтар клеткасы бояла береді. Бірақ микробтар цитоплазмасының құрылысы барлығында бірдей бола бермейді. Кейбір микробтар клеткасы бояуларға талғампаз келеді. Егер де олардың бір тобы бір бояумен боялса, қалған кейбір топтары осы бояумен боялмайтын болады. Міне микроб клеткаларының осындай қасиетін ескере отырып, бояудың күрделі түрлерін қолдану іске асырылды. Күрделі бояу әдістерінен лабораториялық жағдайда Грам әдісі, Циль-Нильсен, Козловский т. б. әдістері қолданылады.

Грам әдісімен бо яу. Бұл әдісті 1888 ж. Дания ғалымы Грам ұсынған болатын. Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды

Г р а м оң, Грамтеріс деп үлкен екі топқа бөледі. Бұл әдістің мәнісі мынада: трифенилметан қатарындағы бояулар, мысалы геницианвиолет, метилвиолет, кристаллвиолет протоплазмадағы рибонуклеин қышқылы магний тұзы бар жерде иодпен қосылғанда спиртте ерімейтін күрделі қосылыс түзеді. Осылай боялған бактериялар артынан спиртпен өңдегенде бояу кетпей, көкшіл-күлгін түске боялған күйі қалып қояды. Бүл Г р а м о ң бактериялар. Бұған көптеген шар тәрізді бактериялар, таяқша тәрізді бактериялардың біраз түрі, мәселен Вас. SиЬtіlis, С1. Раstеиrіnum т. б. жатады.

Кейбір бактериялар клеткасында мукополисахарид және фолифосфат нуклеотид қосылыстары өте аз болады және оларды липопротеидтен



12

түратын екі қабат қоршап жатады да, геницианвиолет және иод оған өте жәй енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, клеткадан — шайылып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды басқа бояумен бояса, сол түске бояла береді. Бұндай бактерияларды ( Еsсһегісһіа Соlі, Ргоtеиs Уиlgагіs, Рsеиdоmопаs

және т. б.) Г р а м т е р і с деп ажыратады.

Бояу тәртібі. Фиксацияланған жұғындынын. бетін сүзгіш қағаз тілімімен жабады да оның үстіне геницианвиолет ерітіндісін құйып, 1—2 минут ұстайды. Содан соң препаратты сумен жуып, үстіне Люголь ерітіндісін құяды да 2 минуттай ұстайды. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 96° спиртке 0,5—1 минуттай батырып қояды. Препаратты тағы да жуып, фуксинмен 1—2 минуттай бояйды. Бояуды төгіп препаратты тағы да жуады, сүзгіш қағазбен кептіреді, иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам әдісімен боялған бактериялар қара күлгін түсті, ал боялмағандары қызыл түсті болады. Грам әдісімен боялғанына анық сену үшін жаңадан дайындалған микроб культураларын алған жөн.

Бактериялар спорасын бояу. Бактериялар қолайсыз жағдайға тап болғанда споралар түзеді. Споралар қолайсыз жағдайға аса төзімді келеді. Олардың пішіні де түрліше болып келеді. Егер де спора диаметрі сол спора түзілген клетка диаметрінен артық болмаса, клетканы бацилды, егерде артық

болса спораның орналасуына қарап, яғни спора ортасында немесе клетка шетінде болса, клостридиалды немесе плектридиалды деп ажыратады. Спораны күрделі әдіспен бояйды, олардын, қабығы өте қалың болады. Бояу алдынан спораны қыздыра отырып карбол қышқылымен өңдейді. Спора қабығы бұнда жұмсарады, мөлдірленеді. Бояу жақсы сіңеді. Сіңген бояуға қышқылмен әсер еткенде, ол тез арада жойылмайды.

Мюллер ептеп өзгерткен Циль-Н ильсен әдісімен спораны бояу. Жоғарыда керсетілген жалпы әдіспен даярланып фиксацияланған препаратқа 5% хром қышқылын қосады. 5—10 минуттан кейін оны жуады. Цильдің карболды фуксинімен ылғалданған сүзгіш қағаздын бір тілімін препаратқа жабады. Спиртовка жалынында бұл пайда болғанша препаратты қыздырып алып, үстіне бояудың жаңа порциясын қосады.

13

Осылай 7 минуттай қайталайды. Бұнда бояу буланса да препарат кеуіп қалмауы керек. Салқындаған препаратты сумен жуады, сүзгіш қағазбен ұқыпты түрде құрғатады. Осылай өңдегенде клеткалар және споралар бірқалыпты боялады. Бұдан әрі цитоплазманы ғана түссіздендіруге кіріседі. Ол үшін препаратты тұз немесе күкірт қышқылының 1% ерітіндісімен 15—30 секундтай өңдейді. Бұнда уақыт мерзімін қатаң бақылау керек. Уақыт асып кетсе спора да, клетка да түссізденіп кеуіп кетуі мүмкін. Түссізденген препаратты сумен жуады да қосымша 2 минуттай метилен көгімен бояйды. Егер де барлық жұмыс дұрыс, талапқа сай орындалса, бояу өте анық керінеді. Спора ашық қызыл түске боялады, ал цитоплазма көгілдір түсті. болады.

Лаборатория жағдайында студенттер спораны бояудың М. А. Пешков ұсынған әдісін де қолданады. Оның мәнісі мынада: жалында фиксацияланған препаратқа Леффлердің метилен көгін құяды. Спиртовка жалынында 15—20 секунд қайнатады. Препаратты сумен жуады да, 30 секундтай 0,5% бейтарап қызыл бояудың сулы ерітіндісінде бояйды. Одан соң тағы да жуады, құрғатады да иммерсия арқылы препаратты микроскоппен қарайды. Сонда споралар ашық кек немесе көк, цитоплазма қызғылт түске боялады.

Микроб капсуласын бояу. Көптеген бактериялар дамуының белгілі бір сатысында капсула түзеді. Капсула шырыш қабат. Әр түрлі бактерияларда олардың қалыңдығы да бірдей болмайды. Негізінен капсула қоректік ортада көмірсулар және кальций тұздары шамадан тыс көп болғанда пайда болады. Капсуланың шырыш затында полисахаридтер, декстриндер галактандар, целлюландар болады. Сонымен бірге ол глютамин қышқылының молекулаларынан құралған полипептидтерден тұрады.

Капсуланың негізгі міндеті клетканы қолайсыз жағдайдан қорғау. Патогендік, яғни ауру қоздырғыш бактериялар үшін оларды түрлі сырттан түсетін заттардың әсерінен сақтайды. Капсуланың заттары бояулармен түрліше боялады. Сондықтан капсуланы анықтау мақсатында бояудың арнаулы әдістерін қолданады.

Негативті тірі клеткадағы капсуланы анықтау (Бурри әдісі). Туштың бір тамшысын спиртпен эфир қоспасымен жақсылап өңделген заттык әйнекке тамызады да оған бір тамшы бактериялары бар сұйықты қосады. Жабын әйнекпен жұғындыны заттық әйнек бетіне үйкеп жаяды.



14

Препарат кепкеннен кейін иммерсиялық жүйеде микроскоппен қарайды. Қара сұрғылт фонда бактериялардың боялмаған капсуласы мен клеткалары анық көрініп тұрады.

Бактериялар қылшықтарын бояу. Көптеген таяқша бактериялардың, вибриондардың және спираллалардың клеткаларының сыртында талшықтары болады. Ол өте нәзік жіп тәрізді цитоплазмадан тұратын денелер. Талшықтар көмірсулар және майлардан тұрады. Талшықтар негізінен қозғалу қызметін атқарады. Клеткаларды тірі күйінде қарағанда негізінен микробтар қозғалуын сипаттауға ғана мүмкіндік туады. Әдеттегі жарық микроскоптарында талшықтарды бояудың арнаулы әдісімен ғана көруге болады. Боялған жұғындыда талшықтардың санын және ұзындығын анықтауға мүмкіндік бар.

Бұнда жұғынды дайындалатын шынылардың барлығы таза және спирт — эфир қоспасымен майды кетіру үшін жақсылап өңделген болуы тиіс. Бактериялар клеткасы өте қозғалғыш болғаны жен. Бактерия эмульсиясы алдын ала шайқалмай және араластырылмай дайындалғаны дұрыс.

Дайын жұғындыны фиксацияламайды, қайта оған дайын улағыш затты (протрава) құяды да 10 минуттай ұстайды. Содан соң препаратты дистилденген сумен жуады. Жұғындыға жаңадан даярланған Цильдің кар-болды фуксинін құяды да, 5 минут ұстайды. Тағы да құбыр суымен жуады, ауада кептіреді. Содан соң иммерсиялы жүйеде микроскоппен қарайды. Қылшықтар қызыл түске боялады.

Ре а к т и в т е р:

1 — улағыш заттар:

кальций ашудасының қаныққан ерітіндісі — 5 мл,

танин (20% сулы ерітіндісі) — 2 мл,

сулеманьщ қаныққан ерітіндісі — 2 мл,

2— бояғыш (Цильдің карболды фуксині):

А ерітіндісі: негізгі фуксин (бояу 90%) — 0,3 г,

этнл спирті (96%) — 10 мл,

Б— ерітіндісі: Фенол — 5 г,

айдалған су — 95 мл.

А және Б ерітінділерін қолданар алдында араластырады да сүзеді.

Клетка ішіндегі заттарды анықтау. Гликогенді анықтау. Микроб клеткасында гликоген — Жануарлар крахмалы (полисахарид) жиі кездеседі.



15

Бұны анықтау үшін бактериялар культурасның бір тамшысын сондай мөлшердегі Люголь ерітіндісімен араластырады. Сонда гликоген қызыл қоңыр түске боялады. Гликоген ашытқыда, шөп таяқшасында және басқа да микробтарда кездесетіні белгілі болды. Клеткада гликоген жиналуы үшін қоректік орта көмірсуға бай болуы тиіс.

Гранулезаны бояу. Крахмал тәріздес полис; харид бактерия клеткасында спора түзелер алдында көп жиналады. Бұл да Люголь ерітіндісіне реакция бе- реді. Гранулезаны анықтау үшін картоптан жасалған ортада өсірілген май қышқылы бактериялары культурасының бір тамшысына сонша мөлшердегі Люгол ерітіндісін қосады да жабын әйнекпен жабады. Иммер сиялы жүйе арқылы микроскоппен қарағанда ұршық тәрізді, көк түске боялған май қышқылы бактерияларының клеткалары көрінеді. Клетканың бір ұшында боялған споралар болады.

Нейссеру бойынша волютинді анықтау. Волютин микробтар клеткаларында түйіршік түрінде кездеседі. Олар полифосфаттар және нуклеиі қышқылына тым ұқсас заттардан тұрады. Онда фосфат қоры мол. Волютинді табу үшін бояудың күрдел әдісін қолдануға тура келеді. Бұнда тек бір емес бірнеше бояулар және олардың қоспасы қолданылады.

Нейссеру бойынша волютинді анықтау үшін мынадай қоспалар даярлануы тиіс:

көкшіл Нейссерудің сірке қышқыл ерітіндісі:

метил көгі — 0,1 г,

96% спирт — 2мл,

мұзды сірке қышқылы — 5,0 мл,

айдалған су — 100 мл.

везувин ерітіндісі:

везувин — 2,0 г,

96% спирт - — 60,0 мл,

айдалған су — 40 мд.

Қоспаны қайнатып сүзеді.

хризоидин ерітіндісі (везувин

орнына қолданылады):

хризоидин — 1,0 г.

айдалған су -- 300 мл.

Бояу тәртібі. Дайын фиксацияланған жұғындыға Нейссерудың сірке қышқыл көгін тамызып, 1—2 минут ұстайды. Бояуды төгіп, сумен препаратты жуады.

16

Жұғындыға Люголь ерітіндісш құйып, 20— 30 секундтай ұстайды. Ерітіндіні тегеді де сумен жумай 2—3 минуттай везувин немесе хризоидин ерітіндісімен бояйды. Содан соң сумен жуып, кептіріп микроскоппен қа-райды. Бактериялар клеткасы ашық қоңыр, ал волютин дәні — қара көк түске боялады.

Майды бояу. Май көптеген микробтар клеткасында кездеседі. Оларға: ашытқылар, картоп бацилласы жатады. Клеткадағы майды анықтау үшін майда еритін бояуларды қолданған қолайлы. Мәселен, бұған судан 111, қара судан бояуларын қолданады.

Қара суданмен бояу, бояу ерітіндісін даярлау:

қара В судан — 0,3 г, '

70% этил спирті — 100 мл.

сафранин 1,5 г,

айдалған су — 50 мл.

Сафранинді қайнап түрған суда ерітеді де, салқындаған соң сүзеді.

Бояу тәртібі. Жаңадан себілген жас культурадан жұғындыны даярлайды, спиртовка жальшында фиксациялайды. Жұғындыға қара суданның спиртті ерітіндісін құяды да, бөлме температурасында 10—15

минут ұстайды. Содан соң препаратты сумен жуады да жұғындыға сафранин ерітіндісін тамызып, 5 минуттай ұстайды. Препаратты сумен жуып, кептіріп, содан кейін иммерсия жүйесінде микроскоппен қарайды. Клетка протоплазмасы қызғылт, май тамшысы — қара түссе боялады.

5. ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДЫ ДАЯРЛАУ

Микроорганизмдерді түрлі субстраттан бөлу, көбейтіп алу және оларды жоғалтып алмай сақтап қалу, сонымен бірге олардың биологиясын зерттеп білу үшін қоректік орталар дайындау керек. Ол орталар тек қажетті элементтер қоры ғана емес, сонымен бірге микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені де болып саналады. Сондықтан микроорганизмдерге арнап қоректік орталар дайындағанда олардың тіршілігіне қажетті заттардың болуын ғана емес клеткамен сол орталар арасында зат алмасу процесінің мейлінше жақсы жүруін қамтамасыз етілуін де ескеру керек.

Микроорганизмдер үшін қажетті қоректік элементтерге: көміртегі , азот, күкірт, фосфор, күл элементтері, сонымен бірге олардың кейбір

17

топтарына қоректік заттар: витаминдер, өсуді қолдаушы түрлі факторлар және т. б. қажет болады. Негізгі факторларға қоректік элементтерден басқа ылғалдық, ортадағы осмос қысымының деңгейі, орта қышқылдығы (рН), то- тығу-тотықсыздану потенциалы (гН2), температура, аэрация және басқалары жатады. Сондықтан қоректік орталарды дайындағанда жоғарыдағы көрсетілгендері ді қамтамасыз етуден басқа микроорганизмдердің өз денесін құрайтын, тіршілігін сүйемелдейтін заттардың да болуына баса көңіл аудару керек.



Қоректік орталарды табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи қоректік орталарға сүт, жұмыртқа, картоп түрлі тағамдық өсімдіктер және олардың қайнатпасы, көң, топырақ, ет, балық, түрлі жармалар жатады. Жасанды қоректік орталарға түрлі химиялық заттар және олардың құрамы беймәлім түрлі табиғи қосылыстардың қоспалары жатады. Олар пептон, еттен алынған түрлі сығындылар, қан, сарысу және түрлі тұздардан тұрады.

Ал құрамы белгілі нақты химиялық заттардан тұратын орталарды синтетикалық орталар деп атайды.

Барлық қоректік орталарды үш топқа беледі.

Әдеттегі немесе жай орталар. Микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға: ет-пептонды сорпасы (ЕПС), ет-пептонды агар

(ЕПА) ет-пептонды желатина (ЕПЖ), жартылай сұйық (қоймалжың) агар т. б.

Арнаулы қоректік орталар — жай, яғни әдеттегі орталарда өспейтін микробтарды өсіруге арналған. Бұған: ет-пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС), анаэроб микробтарды өсіруге арналған қан, қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Сабуро ортасы, туберкулез (екпе ауруы) бактерияларын өсіруге арналған орталар.

Дифференц иалды - диагностикалық орталар — түрге жіктеуді қамтамасыз ететін микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Бұған Андрэдэ индикаторы бар орта, Эндо агары, Конради-Дригальский ортасы және басқалары жатады. Бұндай орталарға микроорганизм қоспалары себілсе, осы коректік орта дәл белгілі бір микроорганизм өсуіне аса қолайлы болса, сол бірінші болып қаулап дамиды.

18

Осымен катар белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін қолданылатын орталар да бар. Оларды элективті алғамды) қоректік орталар деп атайды.



Физикалық күйі жағынан қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық және қатты болып бөлінеді.

Дайын қоректік орталарды құрғақ салқын жерде ақтайды. Аздап құрғап кеткен, ұзақ сақталған қоректік орталарды микробтарды себер алдынан балқытып алады да, содан соң белгілі бір пішінде (қиғаштап) қатырады.

Қоректік ортаға арналған ыдыстарды (пробиркалар, колбалар) тазалап жуады, кептіреді және автоклавта немесе құрғатқыш шкафта 160-170° С зарарсыздандырады. Ыдыс тығынын мақтадан қабаттап жасайды. Ол ыдысқа тығыз кіріп тұруы шарт. Бұрын қолданылған тығындарды алдымен құрғатып, зарарсыздандырып алады. Содан соң ғана оларды қайтадан қолдануға болады. Тығынды ұзақ уақыт қолданғанда шеттері шетінеп, бұдырланып кетеді. Сонда оларды дәкеге орап жоғары ұшын жіппен байлап қолдануға ботады. Тығынның құрғақ болқанына баса назар аударылғаны жөн. Өйткені ылғал тығынмен ыдысты тығындағанда онда түрлі зең саңырауқұлақтар өсіп кетуі ықтимал. Олар тығын ішіндегі қоректік ортаға енсе оны бүлдіретіні белгілі.

Көпшілік микроорганизмдерге ет қайнатпасын қолайлы қоректік орта болады деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Ет қайнатпасын даярлау үшін 1 кг жаңа сойған мал етін (сүйексіз, майсыз, шандырсыз жері) езіп,

оған 2 литр құбыр суын құйып, салқын жерге 4— 6° С температурада) 18—20 сағатқа қалдырады. Содан соң етті сығып, тұндырманы бір сағаттай қайнатады. Ет тұндырмасын қағаз сүзгімен сүзіп, оған бастапқы көлемге жеткенше дистилденген су құяды. Содан соң колбаларға құйып 120°С температурада 30—40 минуттай автоклавта зарарсыздандырады. Қоректік орталарды ыдысқа қүю үшін 3-суретте көрсетілген аспап пайдаланылады. Оның ұшына резинка кигізеді. Ал резинаға ортаны мөлшерлеп жіберіп тұратын қысқыш орнатады. Бұл пробирка шеттеріне қоректік орта там-бауын қамтамасыз етеді де, кейін пробирка мойнының таза болуына мүмкіндік туғызады.

Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Бұны даярлау үшін ет тұнбасына 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан алғанда аса таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады.



19

3-сурет. Қоректік ортаны цробиркаларға құю.

Содан соң сорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқыдығын (рН) анықтайды. рН көрсеткішін 7,3—7, 4 деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Сорпаны су қосып бастапқы көлемге жеткізіп 10 минут қайнтады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбалаға құйып 120° С температурада 20—30 минуттай автоклавта зарарсыздан- дырады.

Глюкозасы ба ет-пептонды сорпа. Дайын ет-пептонді сорпаға 1 % глюкозаны қосады. Глюкоза ерігеннен соң сүзеді де, ішінде ашытуға арналған түтікшелері бар пробиркаларға құйып, бөліп-бөліп бу ағыньн түзетін аппаратта зарарсыздандырады.

Қан сорпа. Дайын ет- пептонды сорпаға алдын ала фибриллаларынан тазартылған қоянның, қойдың , жылқының немесе сиырдың (бір бөлігі қан 4 белігі сорпа) қанын қосады.

Қанды малдың бастан басталатын (яремная) венадан алады. Қан алар алдында ол жердің жүнін қырқып тазартып, теріні зарарсыздандырады. Фибринді айыру үшін қаны бар колбаны 15—20 минуттай қатты шай- қайды.

Е т-п е п т о н д ы агар (ЕПА) *. Қатты қоректік орта болып саналады. Құрамы жағынан қатты қоректік орталар сондай сұйық орталармен бірдей. Тек мұнда ортаны қатайту үшін агар-агар немесе желатина қосылады. Көбінесе бұл мақсатта агар-агарды қолданады.

-------------------

* Пептон — қышқылды ортада ферменттер әсерінен белоктардың жартылай ыдырауының өнімі. Құрамы жағыыан алып қарағанда ол полипептид пен кейбір амин қышқылдарының қоспасы. Микроорганизмдер тіршілігіне қажетті заттар бар. Пептонды ірі және ұсақ мүйізді малдардың қарындарынан алады. Ол суда жақсы ериді, қыздырғанда ұйымайды, тұз ерітіндісін қосқанда тұнбаға шөкпейді.

20

Оны белгілі бір технологиямен теңіз балдырларынан лады. Оның құрамының басым көпшілігі көмірсулар мен азотты заттардың қоспасынан тұрады. Салқын суға салғанда агар-агар ісінеді де, ал температурасы 0—100° С ыстық суда балқиды. Сонда ол мөлдірленіп, жабысқақ күйге айналады. Агар-агар 40° жылыда қатып, іркілдек түрге айналады.



Ет-пептонды агарды (ЕПА) дайындау үшін бір литр ет-пептонды сорпаға 2—3% мөлшерде ұсақтап кесілген гар-агарды (одессалық агарды 6% алады) қосады. Агар-агарды эмальды кастрелге сальш үстіне сорпа құяды да 120° ыдыста 30 минуттай автоклавта қайнатады. Піскен агарды тұндырады.

Бұл үшін ішінде агары бар кастрөлді жылы автоклав ішінде түн бойына қалдырады. Сонда ол жайлап суынады. Қатқан агарды шайқайды (кастрөлді алдын ала ыстық суға салып ысытады), тұнбаның төменгі жағын кеседі, ал беткі жағын кесек етіп алып балқытады. Агарды мөлдірлендірудің басқа да тәсілдері бар. Олардың ішінде ең қарапайымы және оңайы — балқытып,

50° С дейін салқындатылған агарға екі есе сұйылтылған дистилденген суды және көбіктендіре қатты қопсытылған тауық жұмыртқасының ақ белогын (бір жұмыртқа белогы бір литр ортаға арналады) немесе қан сарысуын (10 мл 1 л ортаға арнап) қосады. Қоспаны 10 минут қайнатады.

Мөлдірленген агарды сүзеді. Арасына ыстық су құйылған екі кабырғалы металдан жасалған воронкаға төселген мақта арқылы сүзеді (4-сурет). Сүзінді рН 7,2—7,4-ке жеткізеді де пробиркаларға құйып 120° С ыстықта 15—20 минут зарарсыздандырады. Егерде агарды қиғаштап қатыру керек болса, агары ар пробирканы келбете орналастырса ол қиғаштана қатады.



Жартылай сүйық агар. Ет-пептонды сорпаға (ЕПС) 0,26— ,30 % агар қосады. Автоклавта 20° С ыстықта 30 минуттай пісіреді. Ыстық күйінде сүзеді. Пробиркаларға құйып 120° С ыстықта 15— 20 минут зарарсыздандырады. Бұл ортада көпшілік микроорганизмдер жақсы өседі.

4-сурет. Ысыта отырып сүзетін воронка

21

Е т-п е п т о н д ы желатина (ЕПЖ) **. Ет-пеп тонды сорпаға 10—2.0% желатина қосады да 10—1? минут пісіреді немесе су моншасында балқытады. Аздап сілтілендіреді де қайтадан 20 минуттай қайнатады, Жұмыртқаның ақ белогымен мөлдірлендіреді. Кох аппаратында пісіреді. Ортаны сүзіп, бөлшектеу әдісімен зарарсыздандырады. Егер қысыммен зарарсыздандырса желатинада қатпайтын қасиет пайда болады. Бұндай ортаға 22° С өсіп өнетін микробтарды себеді.



Бұршақты агар ортасын даярлау үшін бір литр суға 100 грамм лобияны немесе ақ бұршақты қосып қайнатады. Қайнату кезінде бұршақ дәні жарылып кетіп. оның крахмалының клейстерге айналып кетпеуін қадағалау керек. Алынған қайнатпаны ыстық күйінде сүзеді. Ал бұны осы күйінде суйық қоректік орта ретінде де пайдалануға болады. Бұршақ қайнатпасына 2% агар қосады. Агарды автоклавта балқытып, коллоид бөлшектерді тұндырады, сүзеді және зарарсыздандырады. Бұл технология басқа агарлы орталарды даярлаумен бірдей болады.

Картопты орта. Картоп микроорганизмдер үшін қоректік ортаны даярлауда кеңінен қолданылады. Оның құрамында микроорганизмдер үшін қажетті қоректік заттар мол.

Қоректік орта дайындау үшін бүлінбеген картоп түйнектерін таңдап алады. Егер де микробтар Петри табақшасында өсірілетін болса, картопты жалпақ етіп тіледі, ал пробиркада өсірілетін болса бұрғы көмегімен ұзынша цилиндр тәрізді етіп тіледі де, содан соң оны ұзынынан сына тәрізді етіп

кақ екіге беледі. Клетканың қышқыл шырынын бейтараптау үшін картоп тіліміне бор үнтағын жағып Петри табақшасына. (пробиркаға) салады. Петри табақшасының түбіне сузгіш қағаз төсейді, ал пробирка түбіне суды сорып алатын бір түйір мақта салады. Егер де қоректік ортаны пробиркада ұзақ уақыт сақтайтын болса, түбіне салынған қағаз астына картоп үзімі құрғап кетпес үшін су құйып қояды. Ортаны бір атмосфера қысыммен 30 минут бойына зарарсыздандырады.



Ескерте кететін жай: орта даярланғаннан соң іле-шала зарарсыздандырылуы тиіс, өйткені картоп көп тұрса қарайып кетеді,

----------------------------

** Желатина — белоктан тұратын жануарлар желімі. Оны шеміршекті, сүйекті және сіңірлерді қайнатып. пісіруден алады. Сыртқы түсі ашыққоңыр, иіссіз және дәмі жоқ, 32^34° С-де балқиды. ал 16°С-де қатады.


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау