қатысушы мұғалімдерді оқыту мен оқу міндеттері туралы терең ойлануға түрткі болды.
Кәсіби біліктілікті арттыру курсының бірінші жартысында бір қызық жағдай орын
Өткенге шолу жасайтын болсақ, мұндай өтініштің болатынын күтуіміз керек екенін көреміз.
Ақыр соңында, оқушыға қайтарылған ақпарат оның білімін жақсарту үшін пайдаланылған
жағдайда ғана мұғалім пікірінің қалыптастырушы функциясы болатындығы атап өтілді. Ал
әзірше біреулер мұғалімнің пікірі күтілген нәтижеге жеткендігін зерттеп жатса, екіншілері
оқушыларға пікір айту үшін мұғалімдерге не қажет екенін зерттеуде, ал ол пікірдің
пайдалылығына олар сенімді. Бұл үшін оларға оқушылар қалай оқитындығының моделін
көмектесетіндігіне көзі жеткенде мұғалімдер тапсырмаларды, сұрақтарды және басқа да
тапсырмалардан өздеріне қандай пайда алады деген ойға итермелеуі мүмкін. Осылайша,
оқушыларға жаңа және айтарлықтай маңызды идеяларды қосу үшін өздерінің білімдерін
қайта құруға көмектесу тәсілдерін іздестіру тиімді оқудың негізі болып табылады. ПМОҚБЖ
«Қара жәшік»
ішіндегі жұмыс
11
-бет
жобасының сыныптарында мұғалімдер оқушылардың жауаптарына мұқият назар аудара
бастаған кезде, оқушылар оқу – білімді енжар түрде алу үдерісі емес, оқушылардың білімді
өз бетінше түсінуге белсенді қатысу үдерісі екендігін барынша түсіне бастады. Басқаша
айтар болсақ, тестіден жақсы баға алуға қаншалықты күш-жігер жұмсалғанына қарамастан,
оқуды оқушы өзі ғана құра алады.
Мысалдардың көмегімен оқушылар қандай жұмыс жақсы екендігін түсіне бастайды.
Кей кездері белгілі бір мысалдың төңірегінде бүкіл сыныппен нысаналы әңгімелесу кезінде;
кей кездері құрбы-құрдастарының жұмыстарын өзара бағалау үшін белгілі бір критерийлерді
қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Құрбы-құрдастарын бағалауға және өзін өзі бағалауға тартылуы – жай ғана қателерді
түзету немесе біліміндегі ақауларды толтыруға қарағанда анағұрлым күрделі. Ол әдетте
көзге көрінбейтін нәрсені тануды қамтиды, сондықтан да оқушылардың оқу үдерісіне
белсенді қатысуын талап етеді. Бір оқушы былай деп жазыпты:
Зерттеулерімді құрбы-құрдастарым бағалағаннан кейін, маған өз қателерімді
мойындау оңай. Зерттеуді орындау нәтижесінде жалғыз мен ғана білім алып қоймай,
оны бағалаған оқушы да білім алады деп сенемін. Келесі жолы маған заттарды
барынша анық түсіндіруіме тура келеді, себебі олар «Мұны түсіну қиын...» деп
жатыр. Қазір түсінікті болуы үшін мен өзімнің есебімді тағы да түсіндіремін.
Жоба барысында оқушылар да олар білім алған не алмаған кездерін терең сезіне
бастады. Кейіннен оқу үшін бағалау жобасына қатыспаған мұғалім сабақ берген бір
сыныптың оқушылары: «Тыңдаңызшы, біз сізге айттық қой, біз мұны түсінбейміз. Сіз неге
келесі тақырыпқа көшесіз?» деп шағымданып, мұғалімді таңқалдырды. Оқуда еш қиындығы
жоқ оқушылар мұғалімдер үшін қиындық тудырып жатқанда, бізге шешуге тура келетін
қиындықтар дәл осылар болар деп үміттенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: