Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал


Жіктеуге негізделген кері байланыс



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет9/19
Дата16.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#32772
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Жіктеуге негізделген кері байланыс 

 

Оқушыларға  олардың  ауызша  және  жазбаша  жұмыстарына  қатысты  айтылған  пікір 

сыни сипатта болады. Зерттеу эксперименттерінен көрініп отырғандай, егер түсініктеме беру 

түрінде пікір  білдірілсе,  бұл  оқытуды  жетілдіруге  ықпал  етеді,  ал  сандық  балл  немесе  баға 

алу  керісінше  кері  әсер  етуі мүмкін, себебі  оқушылар бағаның  алдындағы түсініктемелерге 

көңіл аудармайды

5

. Мұғалімдер бұндай нәтижелерге қайран қалуда, алайда кейбіреулері баға 



қоюдан  бас  тартып,  бұндай  жағдайларда  оқушылардың  өзінің  жұмысын  жақсартуға 

бағытталған істері анағұрлым өнімді деген тұжырымды растап отыр.  

Көптеген  мұғалімдерді  балл  немесе  баға  емес,  түсініктеме  жазылған  жұмыстарын 

алғанда  оқушылар  қандай  жағдайда  болатыны  толғандырады.  Дегенмен,  бұл  мектеп 

саясатына қайшы келуі мүмкін: 

 

Менің  баға  қою  тәжірибем  мектеп  саясатына  сәйкес  келетін  баға  қойылып, 

мақсаттары жазылған түсініктеме беруден бастап, тапсырма берілген түсініктеме 

жазуға  дейінгі  жолдан  өтті.  Баға  қойылмаған  жағдайда  оқушылар  мақсаттармен, 

түзетулермен  анағұрлым  өнімді  жұмыс  істейді.  Клэр  (Ли)  егер  тапсырмаға 

түсініктемелермен  бірге  баға  да  қойылған  болса,  оқушылар  түсініктемелерді  оқуға 

өте аз уақыт жұмсайтынын бірнеше рет көрген екен. Қазір өзім таңдаған сыныпта 

мен  мынадай  жұмыс  тәртібін  орнаттым:1)  баға  қойылмайды,  тек  түсініктеме 

беріледі; 2) ненің жақсы жасалғанын, ал нені әлі де пысықтау қажеттігін көрсететін 

түсініктеме  беру;  3)  қосымша  тапсырманы  келесі  бағалағанға  дейін  орындауға 

болатын көлемде беру. 

– Нэнси, Riverside мектебі. 

 

Оқушылар  бұны  қалай  қабылдар  деген  бастапқы  қорқыныш  негізсіз  екен,  тіпті  ата-



аналар мен мектеп инспекторлары да жылы қабылдады. Шынымен, оқушыларға түсініктеме 

беру  ата-аналарға  белгілі  бір  балл  немесе  баға  не  үшін  қойылғанын  түсінуге  тынысқанша, 

оқу  мәселесіне  көбірек  көңіл  бөлуге  мүмкіндік  береді.  Қазір  біз  үй  тапсырмасын  бағалауға 

кетіретін  мұғалімдердің  күшін  басқаға  аударуға  болады  деп  санаймыз.  Балл  немесе  баға 

оқушыларға олардың жұмысын қалай жақсарту керектігін айтпайды, сондықтан бұл тәсілдің 

олардың білімін арттыруға ықпалы болмайды. 

Бастапқыда түсініктеме беру көп күш қажет етеді, себебі мұғалімдерге өздері айтатын 

түсініктеменің  сапасын  қадағалау  керек.  Тиімді  түсініктеме  беру  туралы  идеялар  мен 

тәжірибе  алмасу  мақсатында  орнаған  мұғалімдер  арасындағы  ынтымақтастық  өте  пайдалы, 

бұл  тәжірибе  кері  байланысты  жиі  қолдануға  әсер  етеді.  Қалай  десекте,  оқушылар  оларды 

алдағы  жұмысында  басшылыққа  алатын  болса,  түсініктеме  оқушылармен  кері  байланыс 

орнатудың тиімді құралы болмақ. 



 

Алғашқы  біліктілікті  арттыру  семинарынан  кейін  оқушыларға  барынша  мазмұнды 

пікір беру үшін жұмысты бағалаудың басқа амалын қолданып көргім келді. Оқушылар 

менің  түсініктемеме  назар  аударғандығын  білу  үшін  әрдайым  барлық  жұмыстарды 

қайталап  қарай  бермеу  үшін,  олардың  менің  түсініктемеме  реакциясын  бақылаудың 


«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

 

7



-бет

 

қарапайым тәсілін пайдаланып көруді ұйғардым. Мен 8-сыныптағы әрбір оқушымның 



дәптерлерінің  соңғы  парағында  түсініктеме  парағын  жүргіздім.  А4  көлеміндегі 

парақтың сол жақ бөлігі менің түсініктемелеріме, ал оң жағы оқушыларға арналды, 

онда  олар  олардың  жұмысты  істегендігін  көруге  болатын  парақтарға  сілтеме 

жасайды.  Түсініктемелер  шын  мәнісінде  маңызды  бола  бастады,  ал  жұмысты 

тексеруге мен бір сағаттай ғана уақыт жұмсаймын. 

– Сиан, Cornbury Estate мектебі. 



 

Түсініктемелерге  назар  аударудың  көп  жолдарын  кездестірдік.  Кейбір  мұғалімдер 

ұпай мен баға қоюды мүлде тоқтатса, кейбіреулері бағаны оқушылардың дәптерлеріне емес, 

өздерінің жеке журналдарына қоя бастады, өзгелері ұпай мен бағаны оқушылар  мұғалімнің 

ескертпелерін  орындағаннан  кейін  қоя  бастады.  Кейбір  мұғалімдер  өздерінің  жұмысқа 

қатысты  жақсы  түсініктеме  бергеніне  көз  жеткізуге  көп  уақыт  жұмсап  қойып,  содан  кейін 

жіберіп алған уақыттың орнын толтыру үшін олар басқа жүмыстарды бағаламайды, немесе 

аптасына  бір  рет  дәптерлердің  бір  бөлігін  ғана  тексереді,  болмаса  оқушыларды  сол  жерде 

орындалуы тиісті тапсырмаларды тексеруге тартады. 

 

Сабақтағы белгілі бір уақыт бөлігін жұмыстың таңдап алынған бөлігін көшіріп жазуға 



арнау маңызды тәсіл болып саналады. Осылайша мұғалімнің қолдауымен түсініктемеге көңіл 

аударылады.  Мұндай  тәжірибе  оқушылардың  сыныптағы  және  үй  жұмысындағы 

тапсырмаларға көзқарасын өзгертуі мүмкін.   

 

Жобаға  қатысушы  мұғалімдер  пайдалы  түсініктеме  құруға  талпыныс  жасаған  кезде, 



олардың көпшілігі оқушыларға берген тапсырмаларын қайта құру қажет екенін түсінді. Олар 

көптеген  тапсырмалардың  оқушының  тақырыпты  түсінген/түсінбегенін  анықтау  үшін 

пайдалы  екенін,  ал  бірқатар  тапсырмалар  көп  жағдайда  ақпарат  беруге  бағытталғандығын 

анықтады. Сондықтан кейбір жаттығулар алынып тасталып, қалғандары өзгертіліп, жаңадан 

жақсартылған тапсырмалар қосылды. 

 

Тұтастай  алғанда,  мұғалімнің  түсініктемелерін  жақсартуға  бағытталған  басты 



идеяларды былайша жинақтауға болады: 

 



ауызша  жауап  алумен  қатар  жазбаша  тапсырмалар  да  оқушыларды  дамытуға  ықпал 

етіп, оқып жатқан тақырыбының маңызды тұстарын түсінетінін көрсетулері тиіс; 

 

түсініктемелер ненің жақсы орындалғанын, нені жақсарту керектігін және оны қалай 



жақсартуға болатынын көрсетуі тіис; 

 



оқушылардың  түсініктемеге  қатысты  әрекет  етуі  бүкіл  оқу  үдерісінің  бір  бөлігі 

ретінде көзделуі тиіс. 

Бұл жердегі басты қорытынды мұғалімнің пікірі оқушыларды ойлануға мәжбүрлеуге 

тиіс  деген  қорытынды  болып  табылады,  тек  сол  жағдайда  ғана  ол  тиімді  болмақ.  Мұндай 

реформаларды  жүзеге  асыру  мұғалімдер  мен  оқушылардың  жазбаша  жұмыстарға  деген 

көзқарасын  өзгертуі  мүмкін,  оқушылардың  жұмысын  бағалау    бәсеке  немесе  бірдеңенің 

қорытындысын  шығару  сияқты  сипатта  болмай,  негізінен  білім  алу  барысындағы  ерекше 

сатыға айналады. 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау