Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата16.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#32772
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Уәждеу және өзіндік қадыр-қасиет 

 

Оқу  –  тек  қана  танымдық  үдеріс  емес:  ол  адамды  тұтасымен  тартып  алады. 



Оқушының  ынтасын  арттырып  отыру  қажет  екені  анық.  Әдетте  баға,  алтын  жұлдыз  және 

сыйлық  сияқты  сыртқы  марапаттар  оны  ынталандырудың  ең  жақсы  жолы  сияқты 

қабылданады. Алайда, бұл ұйғарымды жоққа шығаратын дәлел бар.   

 

Оқушылар  белгілі  бір  жетістікке  жететініне  сенімді  болса  тапсырманы  орындауға 



құлшыныс  білдіреді.  Егер  де  сабақ  жарыс  деп  қарастырылатын  болса,  онда  жеңімпаз  да, 

жеңіліс  тапқан  да  болатыны  түсінікті,  сондықтан  бұған  дейін  жеңіліс  тапқандар  тізімінде 

болған  оқушылар  талпынуға  тырыспайды  да.  Осылайша,  мұғалімдердің  алдында  тұрған 

міндет  –  кейбіреулер  табысты  болып,  ал  басқалар  шамалы  нәтижеге  қол  жеткізетініне 

қарамастан,  барлық  оқушыларды  бірдей  ынталандыра  білу.  Бұл  мәселені  шешуде 

орындалған  тапсырма  туралы  түсініктемелердің  маңызы  зор.  Көптеген  зерттеушілер  осы 

тұжырымды қолдайды. Бірнеше мысал келтіре кетейік: 

 



Оқушыларға түсініктемелер «сендерге оқуда көмектеседі» делінсе, олар «сендердің 

тапсырманы  қалай  орындағандарың  бізге  сендердің  қаншалықты  ақылды 

екендеріңді,  қандай  баға  алатындарыңды  көрсетеді»  деп  айтылған  оқушыларға 

қарағанда  көп  біліп  алады.  Нашар  оқитын  оқушылар  үшін  бұлардың 

айырмашылығы зор

11



 

Баға алатын оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын көреді (жеке 



қызығушылық);  ал  тек  қана  түсініктеме  алған  оқушы  бұдан  жақсартуға 

бағытталған  көмекті  сезінеді  (тапсырмаға  деген  қызығушылық).  Соңғысы 

алғашқыларынан асып түседі

12



 

Бәсекелестік  жүйеде

  үлгерімі  нашар  оқушылар  өзінің  үлгерімінің  нашар  болуын 

«қабілетінің»  жеткіліксіздігімен,  ал  үлгерімі  жақсы  оқушылар  өзінің  талпыныс, 

күш-жігерімен  байланыстырады. 

Тапсырмаға  бағдарланған  жүйеде

  үлгерім 

жұмсалған  күштің  нәтижесі  деп  саналып,  оқу,  әсіресе  нашар  үлгеретін 

оқушылардың оқуы жақсарады

13





 

Түсініктемелерді  зерттеуге  жан-жақты  шолу  жүргізу  оның  үлгерімді  60  пайызға 

жақсартатынын көрсетті. Пікірлер пайдасыз болған жағдайларда, ол пікір жай ғана 

пайымдау немесе қалай жақсартуға болатынын көрсетпейтін бағалау ғана болған

14




«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс

 

14



-бет

 

 



Жалпы  алғанда,  мадақтау  немесе  бағалау  түріндегі  пікір  тапсырмаға  деген 

қызығушылыққа  қарағанда,  жеке  қызығушылықты  арттырады.  Ол  оқушылардың  назарын 

талпынудың  маңызды  екендігіне  аударудың  орнына,  олардың  «қабілетіне»  аударады, 

осылайша  нашар  үлгеретін  балалардың  өз  күшіне  деген  сенімін  талқандап,  «сырттан 

таңылған дәрменсіздік» проблемасына әкеледі

15

. Ал не істеу керектігі туралы түсініктемелер 



балаларға  өздерінің  оқуларын  жақсарта  алатындықтарына  сенім  ұялатады.  Мұндай  пікір 

оқушылар  тарапынан  күш  жұмсау  арқылы,  мұғалімдер  тарапынан  сол  күшті  жұмсауға 

ынталандыру арқылы оқуды жақсартуға ықпал етеді

16



    


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау