Өзін өзі бағалау және өзара бағалау тәжірибесін тесті дайындау барысында қолдануға
тақырыптарды «бағдаршам» түстерімен бағалау сұралады. Бұл тапсырманың мақсаты
оқушыларды қандай тақырып қиындық тудырмайтындығы туралы ойлануға итермелеу
болып табылады. Ол тақырыптар жасыл түспен бағаланады, ал барынша назар аударуды
талап ететін тақырыпқа сары немесе қызыл түс қойылады. Бұл «бағдаршам» белгілері
қайталауды жоспарлау үшін негіз болады. Оқушыларға өткен тестілерден алынған, «қызыл»
түспен бағаланған тақырыпқа жататын сұрақтарды бағалау ұсынылуы мүмкін. Осыдан кейін
балалар бұл сұрақтарға жауап бере алатындығына көз жеткізу үшін оқулықтармен немесе
Тестілер қалыптастырушы бағалауға негіз бола алады. Егер алдымен оқушылардан
бағалауы пайдалы бола алады, себебі бұл тапсырма оқушылардан олардың білімінің
сапасының критерийлеріне назар аудартады. Құрбы-құрдастары баға бергеннен кейін,
мұғалім қалған уақытты сыныпта қиындық тудырған сұрақтарды талқылауға жұмсай алады.
Зерттеу барысында біз анықтаған тағы бір жаңалық – емтиханға дайындалғанда
«Қара жәшік»
ішіндегі жұмыс
10
-бет
ынталандыру түрінде жақсы сұрақтар сыныпқа арналған тестінің құрамына
енгізілді. Осылайша, оқушылар жұмыстарының бағаланатындығын көреді, ал мен
олардың бұл саладағы жетістіктерін көремін. Тестіні талқылау барысында белгілі
бір тақырыптың проблемалық мәселелеріне назар аудара отырып, топтық және
жұптық жұмысты пайдаланған дұрыс.
– Энжела, Cornbury Estate мектебі.
Осы сияқты жетістіктерге сүйеніп күтілетін нәтижелерді өзгертуге болады.
Кейбіреулердің пайымдаулары бойынша, қалыптастырушы және жиынтық бағалау өздерінің
мақсаттары бойынша мүлде әртүрлі, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату керек.
Онысымен қоймай, өз тәжірибесінен алынған күрделі жиынтық тестінің оқуға кері әсер
еткенінің мысалын келтіріп, жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Қалай болған күнде де,
мұғалімдер мен оқушылар бұларды ажыратып отырады дегенге сену қиын, сондықтан
олардың арасында оңтайлы өзара ықпалға қол жеткізуге ұмтылған дұрыс. Біз сипаттаған
барлық тәсілдер мұғалім баға қойылуын бақылайтын тестілерде пайдалануы мүмкін. Алайда,
мұғалім шамалы бақылайтын немесе мүлде бақыламайтын тестілерде олардың пайдалануы
шектелуі мүмкін.
Жалпы алғанда, қалыптастырушы мақсаттарға арналған жиынтық тестілерді
пайдалана отырып, сынып жұмысын жақсартудың негізгі мүмкіндіктері:
Оқушыларға өз жұмыстарын қайта қарастыруды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беру
үшін оқушылар жасаған жұмыстарының рефлексивтік шолуына қатысулары тиіс;
Өздеріне бағалау үдерісін түсінуге көмектесу үшін және алдағы уақытта күш-жігерін
қай саланы жақсартуға жұмсау керектігін түсіну үшін оқушылар сұрақ қойып, жауап
беруге тиіс;
Оқушылар өздерінің жұмыстарын қалай жақсартуға болатындығын түсіну үшін өзара
және өзін өзі бағалау критерийлерін қолдануға тиіс. Бұл сыныпта оқушыларға
емтихан сұрақтарын пысықтауға мүмкіндік беруді қамтуы да мүмкін.
Бұл жердегі көзделген мақсат - жиынтық тестілер оқу үдерісінің жағымды бөлігі
болуы тиіс. Тестілерді дайындау үдерісіне белсенді тартылу арқылы оқушылар тестілеудің
құрбаны болудың орнына, оның пайдасын көруге мүмкіндік алады, себебі тестілер оқытуды
жақсартуға көмектесе алады.
Достарыңызбен бөлісу: