SI
ПАЙДАЛАНУ, ЖИНАҚТАУ
ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСУ
ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KZ
KZ
WWW.GORENJE.COM
601671
Пісіру панелі тағамды үй жағдайында пісіруге арналған.
Осы нұсқаулық сіздің жаңа пісіру панеліңізбен тезірек танысуға
көмектеседі. Аспапты пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты және басқа қоса тіркелген құжаттаманы міндетті
түрде сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иесіне беу кезінде осы
құжаттарды да онымен бірге беруді ұмытпаңыз.
Іске пайдалану нұсқаулығы тұтынушыға арналған. Онда пісіру
панелі және оны басқару сипатталады. Нұсқаулық аспаптардың
бірнеше түрлері үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ
жеке функциялардың сипаттамасын қамтуы мүмкін.
Қосу «Пісіру панелін электр желісіне қосу» бөліміне сәйкес, сондай-
ақ қолданыстағы ұйғарымдар мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі.
Білікті маман ғана қосуды жүргізе алады.
Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық тақтайша пісіру панелінің
төменгі жағында орналасқан. Зауыттық тақтайша деректерінің
ашылып оқылуын «Техникалық деректер» бөлімінен таба аласыз.
Өзіңіз жоя алмайтын ақаулықтар пайда болған кезде («Ескертулер
және қателер индикациясы» бөлімін қараңыз), авторландырылған
сервис орталығына хабарласыңыз.
Авторландырылған сервис орталықтарының тізімін «Кепілдік
міндеттемелер» кітапшасынан және www.gorenje.ru сайтынан
таба аласыз.
Құрметті сатып алушы!
Арналуы
Нұсқаулық
Іске пайдалану
нұсқаулығы
Қосу жөніндегі нұсқаулық
Зауыттық тақтайша
Сервистік қызмет көрсету
2
ҚОНДЫРЫЛАТЫН ӘЙНЕК КЕРАМИКАЛЫҚ
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ ПАНЕЛІ
601671
МАҢЫЗДЫ – АСПАПТЫ БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНАР .................................................................. 4
Сақтық шаралары ..................................................................................................................4
Ескертулер ..............................................................................................................................5
АСПАПТЫ СИПАТТАУ......................................................................................................................... 6
Басқару панелі .......................................................................................................................7
Электр плитканы алғаш пайдаланған кезде әрекет ету қағидасы ......................................7
Лайықты ыдыс ........................................................................................................................8
Қыздыру дәрежелері ..............................................................................................................9
Электр энергиясын үнемдеу жөніндегі кеңестер .............................................................. 10
ПІСІРУ ПАНЕЛІН БАСҚАРУ ............................................................................................................. 11
Пісіру панелін қосу және өшіру .......................................................................................... 11
Конфоркаларды қосу және өшіру ...................................................................................... 11
Пісіру панелін ағыту ........................................................................................................... 12
Басқару панелін қорғаныш қамалау ................................................................................. 12
Қалдық жылу индикаторлары ............................................................................................. 12
Қыздырудың максималды қуатының режімі ..................................................................... 13
Максималды рауалы жұмыс уақыты .................................................................................. 13
Таймер ................................................................................................................................. 14
Bridged cooking zones (кейбір модельдер үшін ғана) ....................................................... 15
Қауіпсіздік пен қателерді көрсету функциялары .............................................................. 16
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ ........................................................................................................ 17
Күтіп ұстау ............................................................................................................................ 17
ПІСІРУ ПАНЕЛІН ЖИНАҚТАУ .......................................................................................................... 19
Маңызды нұсқаулар ............................................................................................................ 19
Көбікті тығыздауышты жапсыру ......................................................................................... 20
Жинақтау ойығының өлшемдері ........................................................................................ 21
Жинақтау үдерісі ................................................................................................................. 22
Асүй шкафын желдету.......................................................................................................... 23
Қосу сұлбасы ....................................................................................................................... 25
ПІСІРУ ПАНЕЛІН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ ................................................................................... 26
Маңызды нұсқаулар ............................................................................................................ 26
Сенсорларды баптау ........................................................................................................... 26
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ............................................................................................................... 28
Зауыттық тақтайша ............................................................................................................. 28
3
КЕСТЕ
601671
• Сегіз жастан үлкен балалардың және физикалық, қозғалу және
психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың, сондай-ақ оны
пайдалану үшін жеткілікті тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдардың
қадағалаумен немесе, егер олар аспапты пайдалануға оқытылған
болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты ықтимал
қауіпті сезінетін болса ғана аспапты пайдалануына рұқсат етіледі.
Балалардың аспаппен ойнауына рұқсат етпеңіз!
Балалар үлкендердің қадағалауымен ғана аспапты тазалай алады
және қызмет көрсетуді жүзеге асыра алады!
• ЕСКЕРТУ! Жұмыс істеу кезінде аспап және оның қолжетімді
бөліктері қатты қызып кетеді. Абай болыңыз, қыздыру
элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз. Сегіз жастан кіші балалар
үнемі бақылауда болуға тиіс!
• ЕСКЕРТУ! Тұтану қаупі! Пісіру бетін заттарды сақтау үшін
пайдаланбаңыз!
• ЕСКЕРТУ! Май пайдаланылатын тағамдарды дайындау кезінде
үнемі қадағалаңыз, өйткені тұтану қаупі бар. Егер тұтану орын
алса, жалынды сумен өшірмеңіз. Аспапты өшіріңіз, ыдысты
қақпақпен немесе ылғал сүлгімен жабыңыз.
• Дайындауды аяқтағаннан кейін басқару панелінің көмегімен
конфорканы өшіріңіз. Ыдысты тану жүйесіне ғана сенуге
болмайды.
• ЕСКЕРТУ! Жарылған және сынған пісіру панелін пайдаланбаңыз.
Электр тогына ұрыну қаупі бар! Сызаттарды байқаған кезде,
сақтандырғышты бұрап немесе негізгі ажыратқышты өшіріп,
аспапты дереу электр желісінен өшіріңіз де, сервис орталығына
хабарласыңыз.
• Конфоркаларда металл заттарды, мысалы, қаңылтыр табаны,
қақпақтарды, асхана және асүй аспаптарын қалдырмаңыз. Егер
аспап кездейсоқ қосылатын болса, олар қызып кетуі мүмкін.
• Аспапты тазалау үшін жоғары қысымды тазартқыштарды және
бу ағынды тазартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені бұл электр
тогына ұрынуға әкеп соғуы мүмкін.
4
МАҢЫЗДЫ – АСПАПТЫ БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНАР
АЛДЫНДА ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Сақтық шаралары
601671
• Аспапты электр желісіне қосуды авторландырылған сервис орталығының маманы ғана жүргізе
алады.
• Білікті емес жөндеу пайдаланушы үшін және аспаптың сынып қалуына қауіп себебі болуы мүмкін.
Аспаптың бөлшектерін авторландырылған сервис орталығының маманы ғана жөндей және
ауыстыра алады.
• Аспап тағам дайындау үшін ғана арналған. Аспапты басқа мақсатта, мысалы үй-жайды қыздыру
үшін пайдалануға тыйым салынады. Пісіру бетіне бос ыдысты қоймаңыз.
• Көрші электр аспаптарының қосу кабельдері ыстық конфоркаларға тимеуге тиіс. Қысқа тұйықталу
қаупі бар!
• Аспаптың астында тез тұтанатын заттарды, мысалы тазарту құралдары мен аэрозольдарды,
сақтамаңыз.
• Пісіру панелін заттарды сақтау үшін және жұмыс үстелі ретінде пайдаланбаңыз, өйткені пісіру панелі
зақымдануы немесе сырылуы мүмкін. Пісіру панелінде алюминий фольгада және пластик ыдыста
дайындамаңыз. Бұл материалдар балқып, пісіру панелін бүлдіруі және тұтану себебі болуы мүмкін.
• Индукциялық конфоркаларда металл заттарды, мысалы, қаңылтыр табаны, қақпақтарды, асхана
және асүй аспаптарын қалдырмаңыз. Егер аспап кездейсоқ қосылатын болса, олар қатты қызып
кетуі мүмкін.
Бұйымдағы немесе оның қаптамасында көрсетілген таңба оның тұрмыстық қалдықтар
ретінде кәдеге жаратылуға жатпайтынын көрсетеді. Бұйымды кезекті кәдеге жарату үшін
электрондық және электр жабдықтарын қабылдайтын тиісті жерге өткізу керек. Бұйымды
кәдеге жарату ережелерін сақтай отырып, сіз қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына
осыған ұқсас қалдықтарды лайықсыз қолдану салдарынан келтірілуі мүмкін зиянның алдын алуға
көмектесесіз. Бұйымды кәдеге жарату жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін жергілікті билікке,
қалдықтарды шығару және кәдеге жарату қызметіне немесе бұйымды сатып алған дүкенге
жолығыңыз.
• Аспап сыртқы таймерге және сыртқы қашықтан басқару блогына
қосу үшін арналмаған.
•Аспапты жайдан тыс пайдаланбаңыз.
5
Ескертулер
601671
1. Артқы сол конфорка
2. Артқы оң конфорка
3. Алдыңғы сол конфорка
4. Алдыңғы оң конфорка
5. Басқару панелі
6. Пісірудің жабық аймағы
6
6
6
АСПАПТЫ СИПАТТАУ
601671
A Пісіру панелінің вкл./выкл. сенсоры
В Конфоркаларды қыздыру дәрежесінің, жұмысқа дайын 0 және
қалдық жылу Н цифрлық индикаторлары
В1 Конфоркадағы таймерді қосу индикаторы-нүктесі
С Конфоркаларды таңдау сенсорлары
Е + және - сенсорлары
Н Цифрлық уақыт индикаторы
• Шыны-қыш бет үш немесе төрт конфоркамен жабдықталған.
Пісіру панелінің беті өте таза және тегіс, кір жиналып қалатын
бұрышы болмайды.
• Пісіру беті жоғары тиімді индукциялық электрконфоркалармен
жабдықталған. Жылу шыны-қыш бет арқылы қандай да бір
шығынсыз, ең қажет болатын жерде, ыдыс түбінде тікелей
өндіріледі. Осылайша, энергияны таратудың қажетті аймағы
сәулелену қағидасы бойынша жұмыс істейтін стандартты
қыздырғыш аспаптармен салыстырғанда едәуір аз болады.
• Шыны-қыш электрконфоркалар тікелей емес, ыдыс түбінен жылу
есебінен қызады. Конфоркаларды қосқаннан кейін осы жылу
«қалдық жылу» деп аталады. Индукциялық электрконфоркалар
шыны-қыш бетке орнатылған индукциялық орауыш арқылы
жылуды өндіреді. Орауыш өз кезегінде сосын конфорка
қызатын токтың құйыңдатылған тогын жасайтын ыдыс түбінде
магниттік өрісті жасайды (ол магниттеле алады).
Электр плитканы алғаш
пайдаланған кезде әрекет
ету қағидасы
МАҢЫЗДЫ!
Егер конфоркаға қант немесе басқа қандай да бір өте тәтті зат түссе, конфорканың зақымдалуына
жол бермеу үшін, оны дереу сүртіп, егер тіпті пісіру беті әлі ыстық болса да, қант қалдығын қырғыш
көмегімен кетіру керек. Беттің зақымдалуына жол бермеу үшін, егер ол әлі ыстық болса, пісіру бетін
тазаламасын.
H
C
C
BB1 E
A E
B
7
Басқару панелі
601671
• Индукциялық пісіру панелінде дайындау лайықты ыдысты
пайдаланған кезде ғана мүмкін.
• Индукциялық пісіру панелінде дайындау үшін ферромагнитті
материалдардан жасалған ыдыс жарайды. Бұл болат, болат
эмальданған ыдыс және құюлы болат ыдыс. Түбі мыс немесе
алюминий қосындыланған болаттан жасалған ыдыс және әйнек
ыдыс жарамайды.
Ыдысты сатып алған кезде бұл ыдыстың индукциялық
пісіру панельдері үшін жарамдылығын белгілейтін индукция
символының болуына назар аударыңыз.
• Дайындау кезінде ыдысты конфорканың ортасына қойыңыз.
• Жылдам қайнатқышта дайындау кезінде тиісті қысымға қол
жеткізілмейінше, дайындау үдерісін үнемі бақылап отырыңыз.
Алдымен конфорка ең жоғары қуатта жұмыс істеуге тиіс, содан
кейін, жылдам қайнатқышты жасап шығарушының ұсынымдарын
ұстана отырып, конфорканы қыздыру дәрежесін уақтылы
азайтыңыз.
• Ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын
қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздырудан пісіру панелі қатты ысып
кетуі мүмкін, соның нәтижесінде ыдыс және панельдің өзі
зақымданады.
• Тегіс емес түбі бар ыдысты пайдаланбаңыз! Батыңқы және иілген
түп қызып кетуден қорғау жұмысына кедергі келтіруі мүмкін,
сондықтан пісіру панелі қызып кетуі мүмкін, соның нәтижесінде
әйнек керамика шатынап, ыдыстың түбі балқып кетуі мүмкін.
Лайықты еес ыдысты пайдалану және бос ыдысты қыздыру
нәтижесінде пайда болған зақымдануларға кепілдік таралмайды.
• Осы ыдыстың индуцәиялық пісіру панельдеріне жарамдылығын
белгілейтін индукция символы тұрған ыдыс ең лайықты.
Электр мен индукцияның көмегімен дайындауға лайықты
мынадай ыдысты пайдаланыңыз:
- түбі қалың (кемінде 2,25 мм),
- түбі тегіс.
Конфорка диаметрі
Ыдыс түбінің ең кіші диаметрі
Ø 160 мм
Ø 110 мм
Ø 180 мм
Ø 110 мм
Ø 200 мм
Ø 145 мм
Лайықты ыдыс
8
601671
Қыздыру
дәрежесі
Пайдалану
0
Конфорка өшірулі, қалдық жылуды пайдалану.
1 - 2
Тағам температурасын ұстап тұру, тағамның кішігірім мөлшерін дайындауды
жалғастыру (ең аз қуат)
3
Баяу дайындау (жоғары қуат кезінде қыздырғаннан кейін дайындауды жалғастыру).
4 - 5
Тағамның көп мөлшерін баяу дайындау (дайындауды жалғастыру), үлкен
кесектерді қуыру.
6
Қуырып пісіру.
7 - 8
Қуыру.
9
Дайындауды, қуыруды бастау, қуыру
P
Ең жоғары қыздыру қуатының режимі дайындаудың басында немесе тағамның
көп мөлшерін дайындау үшін қосылады.
Магниттің көмегімен ыдысты тексеру
Индукциялық пісіру панелінде дайындау үшін ыдыстың
жарамдылығын магниттің көмегімен тексеруге болады. Егер магнит
ыдысқа тартылса, ол индукциялық дайындау үшін жарамды.
Ыдысты тану
• Индукциялық пісіру панелі артықшылықтарының бірі- ыдысты
тану функциясының болуы. Егер қосылып тұрған конфоркада
ыдыс болмаса немесе диаметрі тым кіші ыдыс қойылса, энергия
берілмейді. Конфорканың цифрлық индикаторында U символы
жанып тұрады.
• Егер қосқаннан кейін және қыздыру дәрежесін қойған соң,
10 минут ішінде конфоркаға лайықты өлшемді ыдысты қойса,
конфорка қойылған қуатпен жұмыс істеуді бастайды. Егер сіз
ыдысты конфоркадан алсаңыз, энергияның берілуі тоқтайды да,
конфорканың цифрлық индикаторында U символы жанады.
• Егер сіз түбінің диаметрі кіші, бірақ конфорка танитын ыдысты
пайдалансаңыз, пісіру панелі осы өлшемді ыдыста азық-түлікті
қыздыру үшін талап етілетін энергия береді.
Конфорка бүлінуі мүмкін:
• Егер конфоркада бос ыдысты қыздырсаңыз;
• Конфоркаға ыдысты қояр алдында, жылудың қалыпты берілуін
қамтамасыз ету және конфорканың бүлінуін болдырмас үшін,
ыдыстың түбін және конфорканың өзін құрғатып сүртіңіз;
• Индукциялық пісіру панелінде дайындау үшін ферромагнитті
материалдардан жасалған ыдыс лайықты. Бұл болат, болат
эмальданған ыдыс және құюлы болат ыдыс.
Әрбір конфорканың он қыздыру дәрежесі бар. Кестеде әртүрлі
дәрежелерді пайдалану мысалдары келтірілген.
Қыздыру дәрежелері
9
601671
• Ыдысты сатып алу кезінде жасап шығарушы әдетте ыдыстың
диаметрін жоғарғы ернеуі немесе қақпағы бойынша
көрсететініне назар аударыңыз, ол әдетте түбінің диаметрінен
үлкен болады.
• Жоғары қысым және жабық кеңістік есебінен дайындау
уақыты және энергия тұтыну едәуір қысқартылатын жылдам
қайнатқыштарды пайдаланыңыз. Аз дайындау уақыты азық-
түлікте көп дәрумендердің сақталуына мүмкіндік береді.
• Егер тағамды дайындау рецепті мүмкіндік берсе, ыдыстың
қақпағын жауып қойыңыз. Қақпақ өлшемі жағынан ыдысқа
сәйкес келуге тиіс.
• Ыдыс дайындалатын тағамның мөлшеріне сәйкес келуге
тиіс. Үлкен ыдыста тағамның аз мөлшерін дайындау электр
энергиясының шығынына әкеп соғады.
Электр энергиясын
үнемдеу жөніндегі
кеңестер
10
601671
• Пісіру панелін электр желісіне қосқаннан кейін барлық
индикаторлар бірнеше секунд жанады. Пісіру панелі жұмыс істеуге
дайын.
• Пісіру панелі сенсорлы басқару панелімен жабдықталған.
Сенсорды қосу үшін тиісті символды басыңыз және саусағыңызды
кемінде 1 секунд ұстап тұрыңыз.
• Сенсорға әрбір басу дыбыстық сигналмен расталады.
• Сенсорлы басқару панеліне ешқандай заттарды қоймаңыз
(қателер туралы хабарлар пайда болуы мүмкін).
• Басқару панелінің әрқашан таза болуын қадағалаңыз. Басқару
панелі ластанған немесе онда сұйықтық төгілген жағдайда,
қателер туралы хабарлар пайда болуы мүмкін.
Пісіру панелін қосу
• вкл./выкл. А сенсорын басып, кемінде 1 секунд ұстап тұрыңыз.
Конфоркалардың В цифрлық индикаторларында 0 жанғанда
және В1 индикаторлары жыпылықтай бастағанда, пісіру панелі
қосылады.
Егер сіз әрі қарай орнатулар жүргізбесеңіз, пісіру панелі
автоматты түрде 10 секундтан кейін өшеді.
Пісіру панелін өшіру
• вкл./выкл. А сенсорын басып, пісіру панелін кез келген сәтте
өшіруге болады. Қоңыраулы сағаттың баптауларынан басқа
барлық баптаулардың күші жойылады («Таймер» бөлімін қараңыз).
Конфоркаларды қосу
Пісіру панелін қосқаннан кейін (А сенсоры) 10 секунд ішінде
конфоркаларды қосуға болады.
• С сенсорын басып, конфорканы таңдап алыңыз. Цифрлық
индикаторды 0 жанады.
• + және – сенсорларының көмегімен 1-ден 9 немесе Р-ға дейін
қыздыру қуатын қойыңыз. Егер – сенсорын алдымен бассаңыз,
бірденнен 9 қыздыру дәрежесі орнатылады.
Егер «+» С немесе «-» Е сенсорын ұстап тұрса, мән тезірек
өзгеретін болады (тиісінше көбейеді немесе азаяды). «+»
С немесе «-» Е сенсорын қысқа уақытқа басу қыздыру
қуатын 1 дәрежеге өзгертеді.
Пісіру панелін қосу және
өшіру
BB1
A
B
C
C
E
A E
Конфоркаларды қосу және
өшіру
11
ПІСІРУ ПАНЕЛІН БАСҚАРУ
601671
Конфоркаларды өшіру
• Өшірілуге тиіс конфорканы таңдаңыз.
• Сенсормен – 0 қыздыру дәрежесі қойыңыз.
Егер барлық конфоркаларда 0 қыздыру дәрежесі қойылса, пісіру
панелі 20 секундтан кейін өшеді.
• Қосу/ағыту (А) сменсорына басы, кез-келген сәтте пісіру панелін
ағытуға болады. Кері санау таймерін баптауды қоспағанда,
барлық баптау алынып тасталады («Таймер» бөлімін қараңыз).
Қорғаныш қамалау функциясы пісіру панелінің және жеке
конфоркалардың қосылуын болдырмауға мүмкіндік береді, сондықтан
қамалау функциясын балалардан қамалау ретінде де пайдалануға
болады.
Қамалауды қосу
• Пісіру панелі өшірілуге тиіс.
• А сенсорымен пісіру панелін қосыңыз. Барлық цифрлық
индикаторлар 0 көрсетеді.
• Артқы сол конфорканың С сенсорын және – сенсорын бір
уақытта басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Дыбыстық сигналдан
кейін барлық цифрлық индикаторларда L символы жанады, ол
бірнеше секундтан кейін жоқ болып кетеді. Қамалау қосылды.
Қамалауды өшіру
• А сенсорымен пісіру панелін қосыңыз. Барлық цифрлық
индикаторлар L символын көрсетеді.
• Артқы сол конфорканың С сенсорын және – сенсорын бір
уақытта басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Барлық цифрлық
индикаторларда L символы жанады. Қамалау өшірілді.
Индукциялық қыздыру кезінде конфорка тікелей емес, ыдыс
түбіндегі жылу есебінен қызады, сондықтан пісіру панелі қалдық
жылу индикаторларымен жабдықталған.
Конфорканы немесе пісіру панелін өшірген соң, конфорканың
цифрлық индикаторында Н символы жанады, ол конфорканың
ыстық екендігін білдіреді. Қалдық жылуды дайындалған
тағамдардың температурасын ұстап тұру үшін пайдалануға болады.
Индикацияның ұзақтығы қыздыру дәрежесі ескеріле отырып,
есептелген және конфорканың қаншалықты ұзақ қосылып
E
E
A
Пісіру панелін ағыту
Басқару панелін
қорғаныш қамалау
C
E
A
Қалдық жылу
индикаторлары
12
601671
тұрғанына байланысты болады.
Н символын өшірген соң, конфорға кейбір жағдайларда (электр
энергиясының өшуі, конфоркада ыстық ыдыс тұр) ыстық болып
қалуы мүмкін. Абайлаңыз: күйіп қалу қаупі бар!
Барлық конфоркаларда тағамды тез дайындау үшін барынша
жоғары қыздыру қуатының режимін қосымша қосуға болады.
Осылайша, конфоркалардың қосымша қуатының арқасында
тағамның көп мөлшерін тез қыздыруға болады.
Ескертпе: Алдыңғы сол жақ пісіру аймағының қыздырудың максималды
қуатының функциясы болады. Конфорка бес минут бойы максималды
қуат режімінде жұмыс істейді, сосын 9 қыздыру дәрежесіне ауыстырып-
қосылады.
Ең жоғары қыздыру қуатының режимін қосу
• С сенсорын басып, конфорканы таңдаңыз. + және –
сенсорларының көмегімен 9 қыздыру қуатын орнатыңыз да,
содан кейін дереу + сенсорын басыңыз.
• Цифрлық индикаторда Р символы жанады.
Ең жоғары қыздыру қуатының режимін өшіру
• С сенсорын басып, конфорканы таңдаңыз және содан кейін
дереу – сенсорын ьасыңыз. Р символы өшеді, қыздыру дәрежесі
9-ға қайта қосылады.
Қауіпсіз ағыту
Қуатты баптау
Қауіпсіз ағытар алдында уақыт
аралығы
1
8
2
6
3
5
4
5
5
4
6
1,5
7
1,5
8
1,5
9
1,5
P
1,5
Бөлек конфорканың максималды үздіксіз пайдаланылуы шектелген,
және ұзақтылығы жоғарыда көрсетілген кестеде көрсетіледі.
Қорғағыш ағытқыш іске қосылған кезде конфорканың цифрлық
индикаторында »0«, немесе егер конфорка әлі ыстық болса, »H«,
символдары жанады.
Қыздырудың максималды
қуатының режімі
C
C
B
E
E
B
Максималды рауалы
жұмыс уақыты
13
601671
Мысал:
Конфорканы 6 қуатқа қосып, оны ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге
қалдырыңыз. Егер конфорканың бапталуын өзгертпесеңіз, онда
1,5 сағаттан соң қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін конфорка
сақтандырғыш механизм арқылы ағытылады.
• Таймерді қою үшін + және – сенсорларын бір уақытта басыңыз.
Таймердің уақыты үстіңгі екі цифрлық индикаторларда бейнеленеді,
төменгі цифрлық индикаторлар ештеңе көрсетпейді.
• Таймердің уақыты индикаторларда 10 секунд бойы жанып тұрады,
содан кейін индикаторлар қыздыру дәрежесін көрсетеді.
Таймерді мыналар ретінде қолдануға болады:
А. конфоркаларды өшіру қызметі бар таймер — конфорканың жұмыс
уақытын бағадарламалауға мүмкіндік береді, осы уақыт өткеннен
кейін конфорка өшеді;
Б. хабарлау қызметі бар қоңыраулы сағат — конфорканың жұмыс
істеуімен байланысты емес, қойылған уақыт өткеннен кейін
дыбыстық сигнал беріледі, конфоркалар өшпейді.
Таймерді қосу
Таймерді қою үшін + және – сенсорларын бір уақытта басыңыз.
• Егер сіз алдын ала конфорканы таңдап алып, және тиісті цифрлық
индикатор қатты жанып тұрса, осы конфорка үшін өшіру қызметі
бар таймер қосылады. Цифрлық индикатордың жанындағы жанып
тұрған нүкте өшіру қызметі бар таймердің қосылып тұрғанын
көрсетеді.
• Хабарлау қызметі бар қоңыраулы сағатты конфоркалар өшіріліп
тұрғанда да қоюға болады. Белгілі бір уақыттан кейін дыбыстық
сигнал беру үшін пайдаланылады. Цифрлық индикатордың
жанындағы екі жыпылықтап тұрған нүктелер қоңыраулы сағаттың
қосылып тұрғанын көрсетеді.
• Таймердің уақыты + және – сенсорларымен қойылады. Егер
алдымен – сенсорын басатын болса, уақыт бірден 30 минутқа
қойылады. Егер сенсорды саусақпен басып ұстап тұрса, қою кезінде
уақыт тез өзгере бастайды.
• Уақытты 1-ден 99 минутқа дейінгі диапазонда қоюға болады. Өшіру
қызметі бар таймерді кез келген конфорка үшін қоюға болады.
• Өшіру қызметі бар таймердің қалған уақытын тексеру үшін, керекті
конфорканы таңдаңыз да, бір уақытта + және – сенсорларын
басыңыз. Таймердің уақытын + және – сенсорларының көмегімен
өзгертуге болады. Қалған таймерлерді көру үшін + және –
сенсорларын бір уақытта басыңыз.
H
E
E
Таймер
C
E
E
14
601671
• Таймердің уақыты өткеннен кейін цифрлық индикаторда 00
жыпылықтайды, өшіру қызметі бар таймер жағдайында да
конфорканың тиісті цифрлық индикаторының жанындағы нүкте
жыпылықтайды. Дыбыстық сигнал беріледі. Дыбыстық сигналды
өшіру үшін кез келген түймені басыңыз немесе сигнал 2 минуттан
кейін автоматты түрде өшеді.
• Кейбір модельдерде екі сол жақ пісіру аймақтары бір үлкен
пісіру аймағына біріктірілген. Осылайша, біріктірілген пісіру
аймағына үлкен сопақ кастрөлді немесе табаны салуға болады.
Үстіңгі және астыңғы пісіру аймағының екі ортасын қапсыру
үшін кастрөл жеткілікті үлкен болу тиіс. Кастрөлдің максималды
мөлшері: 25 см-ге 40 см. Біз пісіру үшін форманы немесе түбі
ауыр кастрөлді пайдалануға ұсынамыз. Пісірген кезде форма
немесе кастрөл қызатын болады, Абай болыңыз, күйіп қалмаңыз.
• Пісіру бетіне пісіру үшін форманы орналастыру кезінде оның
басқару моделін жаппайтынына көз жеткізіңіз..
Пісіру аймағының қосылыстарын белсенділеу
• Қосу/ағыту (А) сенсорын басу арқылы пісіру бетін қосыңыз.
• Сол жақтан (С) пісіру аймақтарын белсенділеу үшін екі сенсорды
бірмезгілде басыңыз. Экранда екі пісіру аймағының қосылғанын
көрсете отырып, артқы сол жақ өрісті белсенділеу үшін »
аударылған U« белгісі шығады.
• Қосылған пісіру аймағы үшін пісірудің керек қуатын қойыңыз.
• Пісіру бетін кешірек өзгертіңіз, бірінші кезекте сол жақ пісіру
аймағын белсенділеу үшін сенсорды басыңыз.
Ескертпе: Қосылған пісіру аймақтары максималды қуатқа
бапталмайды. Максималды рауалы қуат 9 бола алады.
Пісіру аймағының қосылыстарын белсенділемеу
• Сол жақтан пісіру аймақтары үшін екі сенсорды бірмезгілде
басыңыз. Экраннан » аударылған U« белгісі кетіп, плита
ағытылады.
• Екі пісіру аймағын бөлек пайдалануға болады.
C
Bridged cooking zones
(кейбір модельдер үшін
ғана)
15
601671
Пісіру аймағы қызып кетуден сенсорлармен жабдықталған.
Температураның максималды шегіне жеткен кезде бөлек
конфоркалар немесе тіпті барлық пісіру беті біраз уақытқа
автоматты түрде ағытыла алады.
Қателер, ықтимал себептер, шешім
• Үздіксіз сигнал және Er03 дисплейінде пайда болуы.
- Су сенсор бетіне төгілген, немесе сенсорлардың үстінде
қандай да бір нысан тұр.
Сенсордың бетін сүрту керек.
• E/2 көрінісі
- Пісіру аямағы қызған. Оның суығанын күту керек.
• E/3 көрінісі
- Электрмагниттік қасиеттері болмайтын жарамсыз ыдыс. Басқы
ыдысты пайдалану керек.
Жұмыста жаңылысу болған жағдайда, немесе егер қате/
жаңылысу туралы ақпарат жойылмаса, бірнеше минутқа
қоректендіру желісінен пісіру плитасын ағытыңыз
(сақтандырғышты ағытыңыз немесе бас ауыстырып-
қосқышты токтан ағытыңыз); сосын электржеліге қайта
қосып, бас ауыстырып-қосқышты қоссын.
Жаңылысу қайта болған кезде қызмет көрсету бойынша маманға
барыңыз.
Қауіпсіздік пен қателерді
көрсету функциялары
16
601671
Пісіру панелін тазалау үшін жоғары қысымды тазартқыштарды және
бу ағынды тазартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені бұл қысқа
тұйықталуды тудыруы және электр тогына түсуге әкеп соғуы мүмкін.
Әйнек керамикалық бетті тұрақты күтіп ұстау үшін әйнек
керамикалық бетте ластан қорғайтын қабатты түзетін арнайы
құралдарды пайдаланыңыз.
Арнайы тазалау құралдарын шығарушылардың
нұсқауларын қолданыңыз.
Әйнек керамикалық пісіру беті
Күтіп ұстау
Әйнек керамикалық бетті тұрақты күтіп ұстау үшін әйнек
керамикалық бетте ластан қорғайтын қабатты түзетін арнайы
құралдарды пайдаланыңыз.
Арнайы тазалау құралдарын шығарушылардың
нұсқауларын қолданыңыз.
Тазалау
Әйнек керамикалық бетті әр жолы оны қолданғаннан кейін
тазалаңыз (оның суығанын күтіңіз!), әйтпесе келесі қолдану
кезінде тіпті азғантай ластанудың өзі қызған бетте күйетін болады.
Әр жолы пайдаланар алдында әйнек керамикалық беттен және
ыдыстың түбіндегі бетті сызып кетуі мүмкін шаң мен ластануды
сүртіңіз. (1–сур.)
Азғантай ластануларды жұмсақ сулы шүберекпен кетіруге болады.
Содан кейін таза бетті құрғатып сүртіңіз. (3–сур.)
Қатты ластанулар әйнек керамикалық беттерді күтуге арналған
арнайы құралдардың көмегімен кетіріледі.
Қолданар алдында сұйық тазалау құралын жақсылап
шайқаңыз.
Қызған кезде оның агрессивті қасиетке ие болып,
әйнек керамикалық беттің құрлысының өзгеруіне әкеп
соғатындықтан, әйнек керамикалық бетте тазалау
құралының дақтарының қалып қоймауын тексеріңіз. (3–
сур.)
Кез келген тазалаудан кейін әйнек керамикалық бетті
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Күтіп ұстау
2–сур.
3–сур.
1–сур.
17
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
601671
Пісіру бетін тазалау үшін металл губкаларды, абразивті
тазарту құралдарын пайдалануға болмайды, өйткені олар
әйнек керамикалық бетті сызып кетуі мүмкін.
Пісіру бетін тазалау үшін металл губкаларды, абразивті
тазарту құралдарын пайдалануға болмайды, өйткені олар
әйнек керамикалық бетті сызып кетуі мүмкін.
Пісіру бетіндегі декоративті сурет агрессивті және қатты тазалау
құралдарын, сонымен қатар түбі бүлінген немесе қатты ыдысты
пайдаланғаннан өшіп қалуы мүмкін (2-сур.).
Су дақтарын сірке қышқылының әлсіз ерітіндісінің көмегімен
кетіруге болады. Бұл ерітіндімен аспаптың жиектерін, ол жылтырын
жоғалтатын болғандықтан, сүртуге болмайды. Әк шөгінділерін кетіру
үшін агрессивті спрейлер мен тазалау құралдарын пайдалануға
болмайды. (3-сур.)
Кетуі қиын ластанулар мен күйген тағамды арнайы қырғыштың
көмегімен кетіруге болады.
Ластануды сулы шүберектің немесе әйнек керамиканы
тазалауға арналған құралдың көмегімен кетіру мүмкін
болмаған жағдайда ғана қырғышты қолданыңыз.
Пайдалану кезінде қырғышты тазалайтын бетке дұрыс бұрышпен
ұстаған жөн (45°-тан 60°-қа дейін). Қырғышты ақырын баса
отырып, ластануларды кетіріңіз. Қырғыштың пластмассалы
тұтқасының (кейбір модельдерде) ыстық бетке тиіп кетпеуін
қадағалаңыз.
Бетті қырғышпен тік бұрышпен тазаламаңыз. Қырғыштың
ұшының пісіру бетін сызып кетпеуін қадағалаңыз.
Қырғышпен жұмыс істеу кезінде сонымен қатар жүзімен
жарақаттанудан абай болыңыз!
Қант пен тәтті тағамдар әйнек керамикалық бетті қатты бүлдіруі
мүмкін (5-сур.), сол себепті бетті бүлдіріп алмас үшін, тіпті егер
пісіру беті әлі суымаса да, оларды қырғыштың көмегімен бірден
тазалаңыз (4-сур.).
Әйнек керамикалық бет түсінің өзгеруі аспаптың жұмыс істеуіне
әсер етпейді. Көбінесе бұл күйген тағам қалдықтары, ыдыстың
кейбір түрлерін пайдаланудың нәтижесі (мысалы, алюминий
немесе мыс). Мұндай дақтарды толық жою қиынға түседі.
Жоғарыда айтылған бүлінулер сыртқы түріне жатады
да, аспаптың жұмыс істеуіне әсер етпейді. Осы тектес
бүлінулерге кепілдік берілмейді.
4–сур.
5–сур.
18
601671
• Іске пайдалану қауіпсіздігіне жинақтау бойынша аспапты осы нұсқаулыққа және қолданыстағы
ұйғарымдар мен стандарттарға сәйкес білікті түрде орнатқан кезде ғана кепілдік беріледі.
• Аспапты асүй жиһазының элементіне орнатуды, электр желісіне қосуды тек білікті маман ғана жасай
алады.
• Пісіру панелін жинақтау алдыңғы екі бекіту элементіне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге
тиіс.
• Пісіру панелінің үстіндегі кішкене асүй шкафтары ас пісіргенде бөгет болмайтындай биіктікке ілінуге
тиіс.
Жиһаз
• Пісіру панелі ені 600 мм және одан да көп болатын асүй шкафының үстіңгі тақтайына орнатуға
арналған.
• Пісіру панелі қалыңдығы 30-50 мм үстелдің үстіңгі тақтайына орнатылуы мүмкін. Егер үстелдің үстіңгі
тақтайының қалыңдығы 30 мм-ден асып кетсе, пісіру панелінің желдетілуін қамтамасыз ету үшін А
суретінде көрсетілгендей, жинақтау ойығының төменгі шетін алып тастау қажет.
• Аспап орнатылатын асүй жиһазының элементінің кілтегі мен басқа материалдары қызуға (100°C)
төзімді болулары тиіс, әйтпесе, материалдардың қызуға төзімділігінің төмендігі олардың пішінінің
және түсінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
• Пісіру панелі асүй жиһазының элементтерінің арасына орнатылуы мүмкін, бұл ретте олардың біреуі
пісіру панелінен биік, ал екіншісі онымен бірдей биіктікте болуы мүмкін.
Ең аз арақашықтықтар
• Пісіру панелі мен сорып шығару құрылғысының арасындағы арақашықтық сорып шығару
құрылғысын жинақтау нұсқаулығында көрсетілген қашықтықтан кем болмауға тиіс.
• Пісіру панелінің шетінен көршілес биік ас үй шкафының қабырғасына дейінгі қашықтық 40 мм-ді
құрайды.
• Пісіру панелінің артқы жағындағы тақтайдың ағаш ернеуліктерін орнату сызбасында келтірілген ең
аз рұқсат берілген арақашықтықты сақтаған жағдайда пайдалануға болады.
• Пісіру панелі мен артқы қабырға арасындағы ең аз арақашықтық орнату сызбасында келтірілген.
19
Маңызды нұсқаулар
ПІСІРУ ПАНЕЛІН ЖИНАҚТАУ
601671
Аспапты үстелдің үстіңгі тақтайына орнатпас бұрын әйнек
керамикалық немесе әйнек пісіру панелінің төменгі жағына
жиынтықта қоса берілген тығыздауышты жапсыру қажет. (сур.
қараңыз).
Аспапты тығыздауышсыз орнатуға тыйым салынады!
Тығыздауышты жапсыру үшін:
- тығыздауыштан қорғаныш қабатын алыңыз;
- тығыздауышты әйнек керамиканың немесе әйнектің төменгі
жағынан, шетінен 2-3 мм бос жер қалдыра отырып (сур.
қараңыз), жапсырыңыз. Тығыздауыш пісіру панелінің барлық
периметрі бойынша жапсырылуға тиіс және бұрыштарында
бірінің үстін бірі жауып қалмауы тиіс;
- тығыздауышты жапсыру кезінде өткір заттар әйнек керамикаға
немесе әйнекке тиіп кетпеуін қадағалаңыз (мысалы,
тығыздауышты пісіру бетінде кеспеңіз).
Ескерту!
Кейбір пісіру панельдерінде тығыздауыш орнатылған!
Көбікті тығыздауышты
жапсыру
20
601671
• Пісіру панелі қалыңдығы 30-50 мм үстелдің үстіңгі тақтайына
орнатыла алады.
• Егер үстелдің үстіңгі тақтайының қалыңдығы 40 мм-ден артық
болса, пісіру панелінің желдетілуін қамтамасыз ету үшін жинақтау
ойығының ішкі шетін алу қажет.
• Егер үстелдің үстіңгі тақтайының қалыңдығы 30 мм болса,
қондырылатын духовканың үстіне ортасы бойынша жақтау жасау
қажет. Бұл ретте пісіру панелі духовканың тұстамасына тимеу
үшін, үстелдің үстіңгі тақтайының алдыңғы шетінен жеткілікті ара
қашықтық қалдырған жөн.
• Егер сіз аспапты бар ойыққа орнатқыңыз келсе, орнатудың
өлшемдерін тексеріңіз (орнату биіктігі 56 мм).
21
Жинақтау ойығының
өлшемдері
- SIVK6
min 20
558-560
min 600
488-490
min 40
47
min 50
595-600
520
51-55
- SIVK7
min 20
708-710
min 600
488-490
min 40
47
min 50
750-755
520
51-55
601671
• Асүй жиһазының үстелінің үстіңгі тақтайы тегіс және көлденең
болуы тиіс.
• Ойықтың бүйіржақтарын дымқылдану мен ластанудан қорғау
үшін тиісті түрде саңылаусыздандырған жөн.
• Жиынтықта қоса берілген бұрандалары ( 4 дана) бар бекіту
бөлшектерін (4 дана) пісіру панелінің алдыңғы және артқы
қабырғаларындағы тесіктер мен ойықтарға бұрап бекітіңіз.
• Пісіру панелін электр желісіне қосыңыз («Пісіру панелін электр
желісіне қосу» бөлімін қараңыз).
• Пісіру панелін жинақтау ойығына орнатыңыз және оны жоғарғы
жағынан үстелдің үстіңгі тақтайына қысыңыз.
Жинақтау үдерісі
22
601671
• Индукциялық пісіру панелінің электроникасының қалыпты жұмыс
істеуі үшін жеткілікті түрде желдетуді қамтамасыз ету қажет.
A Жәшігі бар асүй шкафы
• Асүй шкафының артқы қабырғасының жоғарғы бөлігінде, пісіру
панелін орнату аймағында шкафтың бүкіл енінің бойымен биіктігі
140 мм-ден кем болмайтын ойық жасау қажет. Асүй шкафының
алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың бүкіл енінің
бойымен биіктігі 6 мм-ден кем болмайтын ойық жасау қажет.
• Пісіру панелі, оның төменгі жағында орналасқан суыту
желдеткішімен жабдықталған. Пісіру панелінің астындағы
жәшікте ұсақ заттар мен қағаз сақтауға болмайды, жұмыс істеу
кезінде оларды желдеткішке тартып кетуі мүмкін, бұл суыту
жүйесінің сынуына әкеп соғады. Жәшікте алюминий фольга және
тез тұтанатын заттар, мыс., тазалау құралдары мен аэрозольдар
сақтамаңыз, сонымен қатар оларды пісіру панеліне жақын
қоймаңыз. Жанып кету қаупі бар! Желдеткіштің төменгі бөлігі
мен жәшіктің ішіндегілердің арасында 20 мм-ден кем емес
қашықтықты қамтамасыз ету қажет.
Асүй шкафын желдету
23
601671
B Духовкасы бар асүй шкафы
• Пісіру панелінің астына суыту желдеткіштерімен жабдықталған
EVP4…, EVP2…, духовкаларын орнатуға болады.
Духовканы пісіру панелінің астына орнату кезінде, асүй
шкафының артқы қабырғасын алу қажет. Асүй шкафының
алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігіне шкафтың бүкіл енінің
бойымен биіктігі 6 мм-лік ойық жасау қажет.
24
601671
Аспап екі фазалы қосуға арналған, алайда бір фазалы қосуды да
орындауға болады.
• Екі фазалы қосу
4–5 клеммалары арасына қосқыш орнатыңыз.
• Бірфазалы қосу
4–5 және 1–2 клеммалары арасына қосқыш орнатыңыз.
Ескерту: 3 клемма бос болады.
Ескерту!
Жалғастырғыштар клемма қалыбында жатыр. Клеммалардың
бұрандалары бұрап алынған, сондықтан оларды бұрап алудың
қажеті жоқ. Бұрандаларды бұрағанда әлсіз сыртыл естіледі: бұл
бұранданы қатты бұрау керектігін білдіреді.
Қосу үшін мыналар қолданылуы мүмкін:
• сары-жасыл қорғаныш сымы бар H05RR-F 4x1,5 тұрпаттағы
резеңке жалғағыш кабельдер,
• сары-жасыл қорғаныш сымы бар H05VV-F4x1,5 тұрпаттағы ПВХ
оқшауланған жалғағыш кабельдері, сонымен қатар басқа түрлі-
түсті кабельдер мен үздік сапалы кабельдер.
Қосу сұлбасы
25
601671
• Аспапты электр желісіне қосуды және жалғайтын кабельді
ауыстыруды тек сервис орталығы немесе білікті маман ғана жасай
алады!
• Қосар алдында, зауыттық тақтайшада көрсетілген кернеудің желідегі
іс жүзіндегі кернеумен сәйкестігін тексеру қажет.
• Аспаптың негізгі мәліметтері бар зауыттық тақтайша пісіру панелінің
төменгі жағында орналасқан.
• Аспап 230 В~ айнымалы тоққа қосуға арналған.
• Клеммаларға қол жеткізу үшін клеммалар қалыбының қақпағын
ашыңыз.
• Пісіру панелін электр желісіне қосу үшін барлық түйіспелерді
ажырататын ажырату құрылғысын және ажыратылған түйіспелердің
арасындағы арақашықтықтың 3мм-ден кем болмауын ескеру
қажет. Сақтандырғыштар, тоқтың қорғаныш ауыстырып-қосқыштары
және т.с.с.
• Қосуды электр желісінің сақтандырғыштары мен ток жүктемесінің
мүмкіндіктерін ескере отырып орындаған жөн.
• Пісіру панелі асүй жиһазының элементтерінің арасына орнатылуы
мүмкін, әрі олардың біреуі пісіру панелінен биік болуы мүмкін, ал
екіншісі онымен бірдей биіктікте болуға тиіс.
• Жинақтаған соң ток өткізгіш және оқшауланған бөлшектеріне тиіп
кетуден толық қорғанышты қамтамасыз ету қажет.
• Жинақтау кезінде кабельдің басылып қалмауын және өткір
ернеулерге түсіп қалмауын қадағалаңыз.
• Көршілес қосылған электр аспаптарының жалғайтын кабельдері
ыстық конфоркаларға тиіп қалмауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Кез келген іске кіріспес бұрын аспапты электр желісінен
ажыратыңыз.
• Желілік кернеуге байланысты пісіру панелін сызбаға сәйкес
қосыңыз. Жерге тұйықтаудың қорғаныш сымын (РЕ) жерге тұйықтау
символымен
белгіленген клеммаға қосыңыз.
• Жалғайтын кабельді міндетті түрде кабельдің шамадан тыс созылуын
болдырмайтын қысқыш арқылы өткізіңіз.
• Аспап тарапынан жерге тұйықтаудың қорғаныш сымы қалған
сымдардан ұзынырақ болуға тиіс.
• Қосып болған соң, ыдыс қойылған барлық қыздыру элементтерін,
олардың жұмыс істеуін тексеру үшін, 3 минутқа іске қосыңыз.
Пісіру панелін электр желісіне әрбір қосқаннан кейін олардың қалыпты
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сенсорларды автоматты түрде
баптау жүргізіледі. Барлық цифрлық индикаторлар бірнеше минутқа
жанады. Баптау кезінде сенсорлардың бетінде ешқандай зат болмауға
тиіс, әйтпесе, сіз оларды алып тастамайынша, баптау тоқтатылады.
Сенсорларды баптау кезінде пісіру панелін пайдалану мүмкін емес.
Маңызды нұсқаулар
Сенсорларды баптау
26
ПІСІРУ ПАНЕЛІН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
601671
Қуаттың жалпы шектегішімен бір фазалық қосылыс (үш
пісіру аймағымен және аймақтарды қосу функцияларынсыз
модельдерде ғана)
• Егер сіздің үйіңіздің ортақ сақтандырғышы 32 А-ге есептелмеген
болса, жалпы қуаты шектеулі жүктемесінің ең үлкен тогы 16 А-ге
дейінгі аспапты қосуға болады.
• Егер қосу шектеумен жүргізілген болса, шектеудің ең үлкен
мәніне жетпей тұрып, конфоркалардағы қыздыру қуатын
арттыруға болады. Бұл туралы басқару панеліндегі дыбыстық
сигнал мен қыздыру деңгейінің жыпылықтаған мәні ескертеді.
• Аспапты электр желісіне қосқаннан кейін (пісіру панелі өшірілген
және блоктан шығарылған болуға тиіс) екі минут ішінде шектеуді
қосуға болады.
• Қысқа дыбыстық сигнал берілмей тұрып, конфоркаларды
таңдауға арналған барлық сенсорларды бір уақытта басып, 3
секунд ұстап тұрыңыз. Цифрлық индикаторларда қосудың жоғары
қуатын білдіретін Hi жазуы жанады.
• Баптауды растау үшін конфоркаларды таңдауға арналған барлық
сенсорларды қайтадан бір уақытта басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз. Қысқа дыбыстық сигнал естіледі де, индикация өшеді.
• Қуатты шектеуді баптау аспаптың жадында сақталады. Баптауды
өзгерту үшін аспапты электр желісінен ажырату керек.
Ескерту
Баптауды вкл./выкл. сенсорын басу арқылы алып тастауға болады
немесе бір минуттан соң ол автоматты түрде өшеді. Жадыда ескі
баптау сақталады.
Мысал
Егер екі конфоркада қыздырудың ең үлкен қуатының режимі
қойылған болса, қалған конфоркаларды пайдалану мүмкін емес.
Егер барлық төрт конфоркаларды пайдалану қажет болса, олардың
әрқайсысының қыздыру деңгейі 7-ден аспайды.
C
C
E
A E
C
C
E
A E
27
ӨНДІРУШІ АСПАПТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫНА ӘСЕР
ЕТПЕЙТІН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ.
601671
Зауыттық тақтайша
A Сериялық нөмірі
B Артикулы
C Моделі
D Тұрпаты
E Сауда маркасы
F Техникалық деректері
G Сәйкестік белгілері
Аспапты іске пайдалану нұсқаулығын да www.gorenje.ru / < http://
www.gorenje.ru /> сайтынан табуға болады.
28
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
SIVK_BI2 _ORAITO2
kk (11-16)
Достарыңызбен бөлісу: |