Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



жүктеу 2,61 Mb.
бет18/18
Дата17.01.2020
өлшемі2,61 Mb.
#26998
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Жауап үлгісі:

Хост-машиналармен хат алмасуды автоматтандыратын бағдарламалық қамтамасыздандыру (телефон соғу, жөнелтілетін хаттарды жіберу, кіріс хаттарын қабылдау) пошта бағдарламасы деп аталады.

Пошта бағдарламасы поштаны қабылдау, қарау, өңдеу және жіберуді жүзеге асырады. Көбіне пошта бағдарламасында екі құрамдасты бөліп көрсетеді: пошталық пайдаланушы агент және пошталық транспорттық агент. Пошталық пайдаланушы агент жаңа хаттар жазуға, келгендерін жүйелеуге, хат алмасуды сақтауға, оларды өңдеуге, мекенжайлардың жазбаша кітапшасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Пошталық транспорттық агент хаттың хост-машина - пошта жәшігіне келуіне дейінгі жеткізілуін қамтамасыз етеді.
5-тапсырма. Берілген сөйлемге керекті септік жалғауларын жалғап, үлгі бойынша талдау. Хабарламаға жауап қайыру туралы мәліметпен танысу.

Үлгі: хабарламаны; -ны - табыс септігінің жалғауы.

Жауап үлгісі:

Хабарламаны оқыған соң, «жауап қайыру» батырмасын басасыз. Абонентіңіздің мекенжайы өздігінен «кімге» әрісіне орналасады. Тақырып әрісіне сіз қабылдап алған хаттың тақырыбы Re деген белгімен көрініс табады. Тақырыпты өзгертуіңізге де болады, хабарламаны жазып болған соң, «жөнелту» батырмасын басыңыз.
V. Сабақты қорытындылау.

6-тапсырма. Өз пошталарында хатты қалай әзірлеп, жөнелтіп, жіберетіндері туралы әңгімелеу.
VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Берілген сөйлемді аяқтап, электронды хабарламаны қабылдап алу туралы мәліметті айтып беру.
3-сабақ Хаттарға файлдарды тіркеу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырманы орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.

2. Мәтіндегі басқа тілден енген термин сөздерді теріп жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Хаттарды файлдарға тіркеу туралы рет-ретімен айтып беріңдер.

2. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Файл, батырма, жөнелту, тіркеу.

Фа-йл, 2 буын, 1-ашық буын, 1-тұйық буын.

Ф- дауыссыз қатаң

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

Й- дауыссыз үнді

Л- дауыссыз үнді

4 әріп, 5 дыбыс.
Ба-тыр-ма, 3 буын, 1,3-ашық буындар. 2-бітеу буын.

Б- дауыссыз ұяң

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

Т- дауыссыз қатаң

Ы- дауысты жуан, қысаң, езулік.

Р- дауыссыз үнді

М- дауыссыз үнді

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

7 әріп, 7 дыбыс.
І деңгей

Жоғарыда берілген мәтін бойынша хаттарға файлдарды тіркеу туралы айтып беріңдер.
2-тапсырма. Диалогті толықтыру.

- Хатқа файлдарды тіркеу кезінде қандай батырманы пайдаланамыз?

- ... .

- Тіркеу батырмасын басқаннан кейін қандай терезе ашылады?

- ... .

- Таңдаған файл атауы қандай жолда көрініс табады?

- ... .

- Хабарламаға тіркейтін файлдың түрі қандай болуы мүмкін?

- ... .
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Берілген сездерді қолданып, сөйлемдер құрау.

Кескін, батырма, жөнелту, пошта жәшігі, жылдам, қабылдау, қарау, тіркеу, біріктіру.
VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Сөздерді жіктеу, тәуелдеу.

4-сабақ Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

Сөздік:

Сыпайылық ережелері – правила этикета

өңдеу – разрабатывать

әрдайым – всегда

сұрыптау – сортировать

өзек – основа

1-тапсырма. «Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

«Кезбе журналист» әдісі:

Бір оқушы журналист, бір оқушы оператор болып өз рөлдеріне енеді. Оқушылардан хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері туралы сұрастырып, олардың пікірлерін тыңдайды. Қазіргі кезде хат жазудың қаншалықты пайдасы бар екені жайлы айтып, дәлелдеу. Оқушылар бір-бірімен электронды пошта арқылы қалай хабарласып тұратыны жайлы айтады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Электронды хаттар алмасудың қандай ережелері бар?

2. Хаттар ережелері хатқа қанша уақытта жауап қайтарылуын талап етеді?

3. Хабарламаға әрдайым қандай сөзді енгізу керек?

4. Хабарламаның өзегі не болып табылады?
5-тапсырма. Сөз тіркестерінен үстеуді қатыстырып, сөйлем құрау.

Хаттың тақырыбы, жылдам байланыс, сыпайылық ережелері, хабарламаның өзегі.
6-тапсырма. Сөздерге морфологиялық талдау жүргізу.

Хабарламаға, алмасудың, электронды, қайтарылуын, тақырыпшаларға.

Үлгі: Хабар-түбір сөз.

- ла – зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ.

- ма – етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ.

- ға – барыс септігінің жалғауы.
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Диалогті толықтыру.
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрау.

5-сабақ Сәнді хаттарды әзірлеу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген диалог бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Диалог бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.

2. Сәнді хаттар әзірлеу үшін қандай жұмыстар жасалу керектігін ретімен айтып беріңдер.
Кластер жасау:

Әр топ оқушылары қағаз бетіне сәнді хаттардың үлгісін жасап, қалай әзірлегені туралы ортаға шығып айтып береді. Осылайша оқушылар өз ойларын ортаға шығып қорғайды.
ІІ деңгей

1. Екі дос арасындағы диалогті пайдаланып, сұхбат құраңдар.

2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Сәнді хаттарды әзірлеу – менің әуес ісім. (Хабарлы сөйлем, құрмалас сөйлем, сабақтас қ.с., жақты сөйлем, толымды сөйлем, жайылма сөйлем).
2-тапсырма. Берілген мәтіндегі мәліметті оқып, іс жүзінде қолданып көру.

Түрлі смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіру.

Кей кездері хатта көңіл-күйімізді көрсеткіміз келеді, сондайда мәтінге смайлик (ағылш. - жымиыс) – көңіл – күй нышандарын кірістіру қажет. Бұл символдардың мәнін түсіну үшін, нүктелердің орнында көз тұр деп елестетіп көрсеңіз болғаны: кәдімгі жымиыс; жеңіл мысқыл; өте күлкілі; көңілсіз және т.б. Енді түрлі смайликтерді пайдаланып, сен электронды хабарламада тек ойларыңды ғана емес, сезімдеріңді де білдіре аласың.



V. Сабақты қорытындылау.

Хат жолдау әдісі:

Оқушыларға досына, танысына, құрбысына немесе өз таңдауы бойынша хат жазуға тапсырма беріледі. Ол хатқа өз көңіл күйлерін білдіріп жазу керек. Содан соң жазып болған оқушылар хаттарын бүктеп ортаға жинайды, жиналған хаттарды алмастырып басқа оқушыларға таратамын. Хатты алған оқушылар сол жазған хатқа жауап жазып жібереді. Жазып болған соң хат иелері өздерінің жазған хаттарына жауаптарын оқиды. Кездейсоқ адамның жазған жауабының қызықты болуы туралы өз пікірін айтады.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру.

6-сабақ E-mail поштаға ұялы телефонды пайдалану

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

Сөдік:

Күнтізбе – календарь

Хаттама – протокол

Жіберу – отправить
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Ұялы телефон арқылы Интернет желісіне қосылуға бола ма?

2. Ұялы телефон арқылы Интернетке қосылу үшін не керек?

3. Электронды пошта хабарларына, күнтізбесіне қатынауға қандай ұялы телефондар жарамды?

4. Қандай ұялы телефондарда хабарларды тек жіберу және алу мүмкіндігі бар?
2-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, сөйлем құрау, үш сөзге фонетикалық талдау жасау.

Ұялы телефон, хабарлама, қабылдау, алу, жіберу.

Ха-бар-ла-ма. 4 буын, 1,3,4 – ашық буындар, 2-бітеу буын.

Х- дауыссыз қатаң.

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

Б- дауыссыз ұяң.

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

Р- дауыссыз үнді.

Л- дауыссыз үнді.

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

М- дауыссыз үнді.

А- дауысты жуан, ашық, езулік.

9 әріп, 9 дыбыс.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Берілген өлеңдегі көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, электронды пошта арқылы достарына жазып жіберу.

Анамдай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім,

Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым,

Өмірдің өтіп өткелін,

Қойныңда өсіп көктедім,

Сәулетті дарқан мектебім,

Тербеліп жүрмін осы күн!
VI. Үй тапсырмасы. Хат жазу.

7-сабақ E-mail пошта - достық орталығы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

Сөздік:

Шалғай – даль

Бүркеншік ат – псевдоним

Жағдай жасау – обеспечивать

әңгіме-дүкен – разговор

ыңғайлы – удобный

пайда – польза

зияны – вред
1-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, e-mail пошта жөнінде мәтін құрау.

Байланыс жәшігі, ыңғайлы, ақпарат көзі, тіл табысу, шалғай.

2-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Диалог бойынша бірнеше сұрақ құраңдар.

2. Интернеттің пайдасы мен зиянын атаңдар.

ІІ деңгей

1. Өз электронды пошталарыңды атап, латын әріптерімен тақтаға жазыңдар.

2. Сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.

Оқиға, құрал, хат жазу, мол көзі.

І деңгей

«Е-mail пошта – достық орталығы» деген шағын шығарма дайындаңдар.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау.

1. Достарымда электронды пошта бар.

2. Олармен электронды пошта арқылы жиі хабарласып тұрамын.

3. Ең жақын достарыма хатты сәндеп жіберемін.

4. Электронды пошта арқылы достарыммен әңгіме-дүкен құрамын.
VI. Үй тапсырмасы.

8-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Электронды хабарлама жіберу үшін бірінші не керек?

A) Хаттарға файлдарды тіркеуге болады

B) Хат әрісіне жай хабарлама жазатын кеңістік

C) Хабарлама қабылдап алушының электронды мекенжайы

D) Хабарламаның тақырыбы

2. Сандық хабарлама Интернет арқылы қайда жетеді?

A) тіркеу бөліміне B) алушының мекенжайына

C) пошталық серверге D) дұрыс нұсқа жоқ

3. Хатқа файлдарды тіркеу үшін қандай батырманың көмегі қажет?

A) «тіркеу» батырмасының B) «жасау» батырмасының

C) «енгізу» батырмасының D) «жөнелту» батырмасының

4. Хаттың ... - тұтас хабарламаның өзегі. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

A) тақырыбы B) мазмұны C) жіберілуі D) қабылдануы

5. Хатты жіберу үшін қандай батырманы басамыз?

A) «тіркеу» батырмасын B) «жасау» батырмасын

C) «енгізу» батырмасын D) «жөнелту» батырмасын

6. Кей кездері хатта көңіл күйімізді көрсеткіміз келсе, мәтінге не кірістіру қажет?

А) сурет В) смайлик С) дыбыс D)слайд

7. Outlook Express бағдарламасында хатты сәндеуге болады, бұл үшін қандай батырманы таңдаймыз?

A) «тіркеу» батырмасын B) «жасау» батырмасын

C) «енгізу» батырмасын D) «жөнелту» батырмасын

8. Хабарламаны оқыған соң, қандай батырманы басасыңдар?

A) «тіркеу» батырмасын B) «жасау» батырмасын

C) «енгізу» батырмасын D) «жауап қайыру» батырмасын

9. E-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына ... ішінде жауап қайтарылуын талап етеді. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

A) бір тәулік B) екі тәулік C) бір жарым тәулік D) өзіңе байланысты

10. Электронды пошта ... келетін хаттар тармағын шертіңіз. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар.

A) терезеге B) терезелер C) терезесіндегі D) терезе
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

  1. Жеке тегін пошта мекенжайын қалай алуға болатыны туралы диалог құраңдар.

  2. Поштада хатты әщірлеу, жіберу, қабылдау туралы анықтамаларға сипаттама беріңдер, түсінбегендеріңді іс жүзінде қайталап көріңдер.

  3. Электронды поштада сыпайылық ережесін сақтайсың ба?

  4. Өз поштаңа компьютер арқылы кіресің бе, әлде ұялы телефонды қолданасың ба?

  5. Интернет жүйесінде қанша досың бары туралы сұхбат жүргізіңдер.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.
жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау