Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



жүктеу 2,61 Mb.
бет15/18
Дата17.01.2020
өлшемі2,61 Mb.
#26998
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

V. Сабақты қорытындылау.

«Синквейн» әдісі:

Орман. Ағаш.

Ну, қалың.

Жайқалады, гүлденеді, өседі.

Орманды жерде қыдырғанды ұнатамын.

Тоғай.
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрау.
99-7-сабақ

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог құрау. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

Жануарлар әлемі

Жануарлар - өсімдіктер сияқты жер бетіндегі тірі ағзалардың бірі. Жануарлар – жүре және сезе алатын тіршілік иелері. Жануарлар өздерін қоршаған ортаға қарай қалыптасады. Мысалы: суық, ыстық, сулы жерлерде сол жерлерге бейімделген жануарлар ғана мекендейді. Егер өздеріне қолайлы өмір сүретін ортасы жойылса, жануарлар құрып кетеді. Қазір көптеген жануарларға жойылып кету қаупі төніп тұр. Жануарлардың дүние жүзінде бір жарым миллионнан астам түрлері бар. Жануарлардың адамдар өмірінде де маңызы зор. Олар бізге ет, май, сүт, бал тағамдарын, жүн, жібек сияқты өнімдер береді.

(С.Қаженбаевтан)
2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Адамдардың жануарларға тікелей тигізетін әсері қандай?

2. Жанама әсері немен байланысты?

3. Кейбір жануарлардың саны не себепті азаяды?

ІІ деңгей

Мәтінді үш бөлікке бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

І деңгей

«Жануарлардың санын сақтап, көбейту үшін не істеуіміз керек?» деген сұраққа дәлелді жауап дайындаңдар.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құрау.

Ағаштарды кесу

Тың жерлерді жырту бәрі табиғатты және

Батпақты кептіру жануарлардың

Қалаларды, жолдарды салу тіршілік жағдайын

Ауаны, топырақты, суды ластау өзгертеді
олардың саны азаяды.

Соның нәтижесінде

кейбір түрлері жойылып кетеді.
VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, қоршаған ортаны қорғауға арналған қандай жұмыстарды жүргізуге болатыны туралы пікірлесу.
100-8-сабақ
Тақырыбы: Құстар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, мағынасына сипаттама беру. Есте сақтау.

Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.

Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,

Қолыңдағы шымшығыңнан айрылма.

Ертеңгі тауықтан,

Бүгінгі жұмыртқа артық.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау.

Тапсырмалар:

1. Жоспар негізінде мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеу.

І. Бүркіттің мекендейтін жері.

II. Тұрған жерінің жағдайына қарай ұя салатыны.

III. Салған ұясының ерекшеліктері.

IV. Балапандарының өмір сүруі.

2. Зат есімдерді теріп, септік жалғауларын анықтау.

Үлгі: Қырғызстан –зат есім,

- да – жатыс септігінің жалғауы.
3-тапсырма. Диалог сұрақтарымен толықтырып, өзара сөйлесу.

- ...?

- Құстар жер жүзінің барлық жерлерін мекендейді.

- ...?

- Олардың тоғыз мыңға жуық түрлері бар.

- ...?

- Барлығына жуығы ұшады, дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

- ...?

- Құстардың барлығы жұмыртқа салады.

- ...?

- Бәрі бірдей ұя салмайды. Ұрғашы үкі жұмыртқасын жерге салады, көкек бөтен құстың ұясына салады.

- ...?

- Құстар балапандарын жұмыртқадан денесінің қызуымен басып шығарады.

- ...?

- Олар жұмыртқасы мен балапандарын қорғау үшін жапырақтардан, талдардан ұя салады.
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Қызықты мәліметтерді оқып, есте сақтау.

Ең биік, ең салмағы үлкен және ең үлкен жұмыртқа салатын құс – түйеқұс, биіктігі – бір жарым-екі жарым метр, бірақ үша алмайды.

Ең кішкентай және ең кішкентай жұмыртқа салатын және қауырсыны ең көп құс – колибри, ұзындығы – бес-ақ сантиметр, ал жұмыртқасының ұзындығы – бір-ақ сантиметр.

Ең ұзақ өмір сүретін құстар – ақ тырна, каказу (тотықұстың бір түрі), қаз. Ғалымдар олардың сексен жылға дейін өмір сүретінін анықтаған.
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, неге «Сөзшең тотылар» деп атағаны туралы айту.

101-9-сабақ
Тақырыбы: Халықаралық «Қызыл кітап»

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. «Қызыл кітапқа» не жүктеледі?

2. Бұл кітап қандай құрал?

3. Оның қажеттілігі қандай?

4. Халықаралық «Қызыл кітапқа» Қазақстан жерін мекендейтін қандай құстар мен аңдар енгізілген?
2-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.

- Біздің елімізде жануарларды қорғауды ұйымдастыру қандай бағытта жүргізіледі?

- Екі бағытта. Оның бірі – қорықтар ұйымдастыру, екіншісі – кәсіптік маңызы бар жануарларды пайдалану барысында сақтайтын қорық.

- Олар екеуі де қажет пе?

- Әрине, олар бір – бірін толықтырып отырады.

- Қорықтар арқылы Қазақстанда қандай аңдар сақталады?

- Құландарды, барыстарды, Тянь – Шань қоңыр аюын, гепартты, т.б. тіршілік ететін жерлерін қорыққа айналдыру арқасында сақтап қалу мүмкін болды.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.

Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға байланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс қарамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, қазір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр. Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5,6 мыңнан астамы Қазақстанда өседі.

(С. Қаженбаев)

V. Сабақты қорытындылау.

«Он сұрақ қой» әдісі:

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы маңдайына сөз жазып алып, барлық оқушыларға сол сөз туралы он сұрақ қойып шығады. Он сұрақ қойып тауып алса жеңгені, таба алмаса жеңілгені. Әрі қарай басқа оқушы жалғастырады.

Сөз: Құлан, қорық, т.б.
VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төменде берілген кестені толықтыру.


102-10-сабақ

Тақырыбы: Табиғат — екінші үйің

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Табиғат туралы айтылған ұлағатты сөздерді түсініп оқып, есте сақтау.

«Дала тұрғынын басқаша көрініс, басқаша табиғат қоршайды. Жайқалған өзен, кең айдынды тұнықта үйрек, қаз, аққулар су бетінде әсем қалықтап жүзеді, қиқулап үн қосады, бірақ бәрі де орынды, жарасымды».

(Ш.Уәлиханов)

«... Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр».

(Ш.Айтматов)

«Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келгенінің бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып, жайнап кеткен болар еді».

(А.П.Чехов)
2-тапсырма. «Табиғатты қорғау» деген тақырыпта мектеп қабырғасында қандай шараларды ұйымдастыруға болатыны туралы пікірлесу.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әрі қарай шығарма ретінде өздері жалғастыру.

Жердің асыл қазыналары

Жер ресурстарымен өте бай. Дәнді дақылдар мен жемістер егістіктерде өседі. Өзен, теңіз, көлдерден балық аулайды. Орманның ағашын пайдаланамыз. Тауларда пайдалы қазбалар өндіріледі.

Көмір, мұнай және газ - табиғи маңызды пайдалы қазбалар. Олар электр энергиясын береді. Бірақ жер байлықтары мәңгілік емес. Сондықтан ғалымдар энергияны өндірудің басқа да жолдарын қарастырады. Мысалы: жел мен күн сәулесі арқылы электр энергиясын өндіруге болады...
V. Сабақты қорытындылау.

«Табиғат» сөзіне байланысты сөзжұмбақ құру.

Т- тамаша

А- асқар таулар

Б- бұлттар

И- ирелеңдеген жоталар

Ғ- ғажайып көрініс

А- айдынды көлдер

Т- тіршілік иесі
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


103-11-сабақ

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. «Нөсер жаңбыр» деген сөзде «нөсер» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

A) жай жаңбыр B) суық жаңбыр

C) қатты жаңбыр D) жылы жаңбыр

2. Ауаның көбірек ластанатыны қай қабаты?

A) жоғары қабаты B) ортаңғы қабаты

C) төменгі қабаты D) барлық қабаты

3. Мәңгі жасыл өсімдіктер орманның қай түрінде болады?

A) қылқан жапырақты B) аралас жапырақты

C) ұсақ жапырақты D) ірі жапырақты

4. Ең үлкен орман қалай аталады?

A) қылқан жапырақты B) аралас жапырақты

C) тайга D)сахара

5. Біздің Жер шарымыздағы ең құрғақ жер қалай аталады?

A) көл B) шөл C) орман D) ауа

6. Сахара шөлі қайда орналасқан?

A) Америкада B) Африкада

C) Австралияда D) Қазақстанда

7. Әлемдегі ең биік ағаш қалай аталады?

А) эвкалипт B) емен C) шырша D) аққайың

8. Сүт ағаштары қайда өседі?

A) Африкада B) Бразилияда

C) Австралияда D) Үндістанда

9. Ең биік, ең салмағы үлкен және ең үлкен жұмыртқа салатын құс қайсы?

A) тырна B) колибри C) шымшық D) түйеқұс

10. Халықаралық «Қызыл кітапқа» Қазақстан аумағын мекендейтін қанша аң-құстың түрі енген?

A) 24 түрі B) 25 түрі C) 26 түрі D) 27 түрі
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

  1. Туынды зат есімдерді қолданып, табиғат байлықтары туралы шығарма жазыңдар.

  2. Орман түрлеріне сипаттама беріп, адам өміріндегі орманның маңызы туралы айтыңдар.

  3. Жануарлар әлемінің пайдасы мен зияны туралы тірек сызба құрастырып әңгімелеңдер.

  4. Қазақ халқы үшін бүркіттің маңыздылығын атаңдар. Туынды зат есімдерді қолданыңдар.

  5. «Қызыл кітапқа» енген ит – құстардың қайсысымен таныссыңдар. Шағын диалог құраңдар.

  6. «Табиғатты қорғайық» деген тақырыпқа бұйрық рай мен туынды зат есімді қолданып, шағын шығарма жазыңдар.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
104-12-сабақ

Тақырыбы: Диктант

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Диктант жазу.
Диктант мәтінін бірнеше рет оқып шығамын. Содан соң түсініксіз, қиын сөздердің емлесін түсіндіремін, тақтаға қалай жазылатынын көрсетемін. Жазып болған соң бір рет тексеріп, содан соң оқушылардың өздеріне тексертемін. Емле ережелерін қайталап өту.

Ізбасты
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға айтты дейді:

- Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де қалды ере алмай; сол түлкіні кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан дұшпан жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып, тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алмай. (98 сөз).




V. Сабақты қорытындылау.

Тапсырмалар:

1. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті.

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

2. Қыпшақ, Ізбасты сөздерін септеу.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


XIII МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Менің күн тәртібім
Грамматикалық тақырыбы: Біріккен сөздер


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру. Лексикалық тақырып. Грамматикалық тақырып. Бекіту.

Диалогпен жұмыс.

Жаттығуларды орындау.

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Жаттығуларды орындау. Өлеңмен жұмыс

45 минут

3-сабақ

Жаттығуларды орындау. Тақырып бойынша сұрақтармен жұмыс.

45 минут

4-сабақ

Нақыл сөздермен жұмыс. Жаттығулармен жұмыс. Ө.Ақыпбековтің өлеңімен жұмыс.

45 минут

5-сабақ

Жаттығуларды орындау.

Диалогпен жұмыс.

45 минут

Қорытынды

6-сабақ

Нәтиже сабақ.

1. Тест.

2. Бақылау сұрақтары.

45 минут


105-1-сабақ Кіріспе бөлімі

Тақырыбы: Күн тәртібім

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру. Біріккен сөздерге қатысты қосымша мәліметтерді есте сақтау.

1. Өсімдік, құс, жөндік, ақ атаулары: итмұрын, аққу, аққұтан, т.б.

2. Кісі аттары: Боранбай, Орынбасар, Қазанғап, т.б.

3. Жер, су, географиялық атаулар:Ақтөбе, Қызылорда, кемпірқосақ, Алакөл, т.б.

4. Ойын атаулары: ақсүйек, алтыбақан, т.б.

5. Өн, күй атаулары: Сарыарқа, Қаражорға, Қараторғай, т.б.

6. Анатомиялық атаулар: ұлтабар, асқазан, тоқішек т.б.

V. Бекіту. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны.

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.

1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар

Мұғалім әp жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар 4-қатар + 6-қатар 2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтар қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша). Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

III тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар 2-қатар + 3-қатар 4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

2. Академик И.П. Павлов адамға қандай сипаттама берген?

3. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

4. Күн тәртібінің өзін-өзі тәрбиелеуде маңызы қандай?

2-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.

3-тапсырма. Таңертең тұрғанда жуыну мен ас ішуді ескеру. Осыған қатысты төменде берілген өлеңдерді түсініп оқып, жаттау.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. «Өз жартыңды тап» ойынын өткізу. Ойынның шарты:

Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

1. Біріккен сөздер деген не? 2. Біріккен сөздер қалай жасалады?

3. Біріккен сөздерге бірнеше мысал келтіріңдер. 4. Біріккен сөздерден сөйлемдер құрандар.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Біріккен сөздерді мағынасына, бірігу жолдарына қарай талдау. Ереже жаттау. VIІ. Бағалау.
106-2--сабақ Сөйлесу бөлімі

Тақырыбы: Дене шынықтыратын жаттығулар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны.

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.


1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар

Мұғалім әp жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар

4-қатар + 6-қатар

2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

III тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер:

1-қатар + 6-қатар

2-қатар + 3-қатар

4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

1. Таңертен; тұрғанда дене шынықтыратын жаттығулар жасайсыңдар ма?

2. Қандай жаттығуларды жиі жасайсыңдар?

3. Жаттығулардың денсаулыққа өсері қандай деп ойлайсыңдар?

4. Таңертең тұрғанда жасайтын жаттығулар жүйесін ұсыныңдар.

2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, жаттау.

3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрау.


  1. Сабақты қорытындылау. Топтастыру:





Дене

шынықтыратын

жаттығулар
VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, тұрлаулы мүшелерін табу.

VIІ. Бағалау.

107-3-сабақ

Тақырыбы: Тамақтану

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1 - тапсырма. Сөйлемдерді басқа тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазу.

2-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрау.

3-тапсырма. Сұрақтар бойынша әңгіме дайындау. «Сұрақтар мен жауаптар» ойыны.

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.


1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар


Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар 4-қатар + 6-қатар 2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтар қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

III тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар

2-қатар + 3-қатар

4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

1. Таңертеңгі асқа не дайындап жейсің?

2. Тамақ дайындағанда анаңа көмектесесің бе?

3. Тамақты асықпай ішесің бе?

4. Ыстық тамақты суытып жеу керек екенін білесің бе?

5. Тамақтан кейін қолды және ауызды шаясың ба?

6. Түскі және кешкі асқа анаң қандай тамақ дайындайды?

7. Үйықтар алдында тамақтануға бола ма?
V. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы:

Пайдалы ас Зиянды ас




VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдердің маңыздылығын талқылау.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
108-4-сабақ

Тақырыбы: Мектепке бару

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді түсініп оқып, талдау, пікірлесу.

1. Адам жанындағы ынта мен ұмтылыстардың бәрі жоғалып, қатып қалса, сол қайғы; сезімдердің бәріне де екіжүзділік үстемдік етіп, адам бетперде киеді.

(Д.Байрон)

2. Адамның ең күштісі – ешкімге міндет артпайтыны.

(Э.Бошен)

3. Басқа адамдардың өзіңізді жақсы көруіне неғұрлым көбірек жағдай жасасаңыз, сіздің оларға ұнауыңыз да соғұрлым тезірек болады.

(Пьер Буаст)

4. Кімге ақыл айтсаң да, оны алдымен өзің іске асырып көр.

(Лұқпан Хакім)
2-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құрап, өзара сөйлесу.

«Өз жартынды тап» ойынын өткізу.

Ойынның шарты:

Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

1. Мектепте сабақ қашан басталады?

2. Қазақ тілі сабағы қашан басталады?

3. Бірінші сабаққа қоңырау қашан соғылады?

4. Дене шынықтыру сабағы қай уақытта аяқталады?

5. Үзіліс қанша минут?

6. Сабақ неше минуттан болады?

7. Бүгін қандай сабақтар болады?

8. Сабақтар қиын ба?

9. Қандай пән саған ұнайды? Неге?
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрау.

Сабақтың аяқталуы, сабақтан шығу, үйге қайту, үйге барып демалу, тамақ ішу, сабаққа дайындалу.
IV. Бекіту.

4-тапсырма. Ө. Ақыпбековтің өлеңін түсініп оқып, мәнерлеп оқуға жаттығу.
V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Берілген мәліметтерді түсініп оқып, есте сақтау.

Сен білесің бе?

  • Тез оқығанда көз аз шаршайды екен.

  • Адам миының 80 пайызы судан тұрады.

  • Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен.

  • Адамның басы орташа есеппен 3,6 кг болады.



VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларын қойып жазу.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
109-5-сабақ

Тақырыбы: Сабақтан кейінгі уақытым

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді әрі қарай жалғастырып жазу.

Таңертең мен ерте тұрамын. Тұрғаннан соң, дене шынықтыру жаттығуларын жасаймын. Содан кейін анама таңғы асты дайындауға көмектесемін. Таңғы асты ішкеннен кейін мектепке барамын. Сабақ аяқталғасын үйге қайтамын.
2-тапсырма. Оқыған кітап, журнал, газеттерінен біріккен сөздердің түр-түріне мысал тауып, кестені толықтыру.

Біріккен сөздер

Кісі аттары

Жер, су географиялық атаулар

Ән, күй аттары

Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты атаулар


























Ү. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Диалогті толықтыру

- Сабақтан кейінгі бос уақытыңда не істейсің?

- ... .

- Үй жұмыстарымен айналысасың ба?

- ... .

- Анаңа қандай көмек бересің?

- ... .

- Сабақтарға дайындалу үшін кітапханаға барасың ба?

- ... .

- Үйдің қасында кітапхана бар ма?

- ... .

- Сабаққа қанша уақыт дайындаласың?

- ... .

- Сабақтарға дайындалғаннан кейін не істейсің?

- ... .

Синквейн әдісі: Бес жолды өлең құрап жазу.

Уақыт. Көмек.

Ұзақ, қысқа.

Тоқтамайды, зымырайды, емдейді.

Мен уақытымды үнемдеп жүремін.

Кеңістік.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
110-6-сабақ

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Біріккен сезді табыңдар.

A) еңбек B) қарлығаш C) парыз D) қамқорлық

2. ... тамақты көп жеуге болмайды. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сын есімді қойындар.

A) тәтті B) майлы C) ыстық D) салқын

3. Географиялық атауға байланысты біріккен сөзді табыңдар.

A) тасбақа B) Орынбасар C) Орынсатпақ D) Ақтөбе

4. Дене тәрбиесі қандай қасиетті шыңдайды?

А) шыдамдылық В) жалқаулық C) еріншектік D) шыдамсыздық

5. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар. Таңертең мен ерте тұра... .

A) –пын B) –пін C) –мын D) -мін

6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Мен бос уақытымда ... барамын.

A) ауылда B) мектептен C) кітапханаға D)саябақта

7. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар. Адам... ең күштісі - ешкім... міндет артпайтыны.

A) -дың, -қа B) -ның, -ге C) -нің, -ға D) -дің, -ке

8. Берілген сұраққа керекті сөзді қойыңдар. (Нені?) көп жеу керек.

A) шырынды B) шайды C) көкөністі D) сорпаны

9. Анатомиялық атауға байланысты біріккен сөзді табыңдар.

A) Қаратөбе B) аққу C) ұлтабар D) қарлығаш

10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Тез оқығанда көз ... шаршайды екен.

A) көп B) аз C) тез D) сонша
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.


  1. Бір күнгі тәртіптеріңді мәтін ретінде жазыңдар.




  1. Біріккен сөздердің мағынасына қарай бірнешеуін мысалға келтіріңдер.




  1. Адамның өзін - өзі тәрбиелеуі мақсатында қалай жұмыс жүргізуге болатындығын айтып, өзара сөйлесіңдер.




  1. Дене шынықтыратын бірнеше жаттығулар жөнінде мәтін құраңдар.




  1. Сабақтан бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер? Шағын мәтін құраңдар.



Ү. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.

XIV МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы:

Сабаққа дайындық



Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру.

Лексикалық тақырып.

Бекіту. Кітапханаға байланысты мәтінмен жұмыс.

Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен жұмыс.

Жаттығуларды орындау.

45 минут



3-сабақ

Нақыл сөздермен жұмыс. Жаттығуларды орындау.

45 минут



4-сабақ

«Қазақ тілі сабағында» мәтінімен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Жаттығулармен жұмыс.

45 минут

Қорытынды

5-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут




6-сабақ

Диктант.

45 минут




7-сабақ

Мазмұндама.

45 минут


111-1-сабақ Кіріспе бөлімі

Тақырыбы: Кітапханадағы жұмыс

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінмен танысып, сұрақтар дайындау. Сұрақтарға өзара жауап беру.

2-тапсырма. Сызбалар бойынша мәтін құрау.

3-тапсырма. Берілген мәтінді пайдалана отырып, кітапханашы мен оқырман арасындағы диалог дайындау.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.


1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар


Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау