Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу. Сабақ түрі: Дәстүрлі



жүктеу 2,85 Mb.
бет8/10
Дата10.02.2018
өлшемі2,85 Mb.
#9333
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Paint файлға қандай кеңейтуді автоматты түрде меншіктейді?

  • Суретті екінші және одан кейін сақтағанда қандай команеда орындалады?

  • Суретке мәтін кіргізу үшін қандай құрал қолданылады?

  • Шрифт құралдар тақтасы жоқ жоқ болса, оны қалай шығаруға болады?

  • Суретке мәтін кіргізу ретін айтып шығыңдар.

    Жаңа сабақ Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзіндіерді көбейту. Үзіндіні жою. Редакторда тәжірибелік жұмыс.

    Үзінді дегеніміз - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Суреттің бір бөлігін белгілеу үшін құралдар тақтасындағы ерікті аймақты белгілеу және тікбұрышты аймақты белгілеу құралдары қолданылады. Бірінші құралмен (Выделение произвольной области) ерікті түрдегі үзіндіні белгілеп алады. Екінші құралмен (Выделение) тікбұрышты үзіндіні белгілейді.

    Үзінділермен мынадай операциялар орындауға болады.



    1. Алмасу буферіне қиып алу.

    2. Алмасу буферіне көшіру.

    3. Басқа жерге апару.

    4. Басқа жерге көшіру.

    5. Сурет бойынша «көбейту».

    6. Пішіні мен өлшемін өзгерту.

    7. Масштабын өзгерту, қисайту.

    8. Төңкеру және бұру.

    9. Түсін өзгерту.

    10. Жою.


    Үзіндіні көшіру мен жылжыту.

    (Орындалатын әрекеттер реті компьютерде демонстрацияланады.)

    Үзіндіні көшіру немесе жылжыту үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командасының бірін пайдалану керек. Вырезать командасын таңдағанда Paint бағдарламасы үзіндіні суреттен алып (жойылады) алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасы орындалса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне орналасады. Суретті алмасу буферінен орналастырған кезде ол терезенің сол жақ жоғарғы шетіне орналасады. Содан соң оны қажетті жерге апарып қоюға болады.


    Яғни қысқаша айтқанда мынадай әрекеттер тізбегін орындаймыз.

    Үзіндіні көшіру үшін жасалатын әрекеттер.

    Үзіндіні жылжыту үшін жасалатын әрекеттер.

    1. Үзіндіні белгілеу

    1. Үзіндіні белгілеу

    2. Правка-Копировать

    2. Правка-Вырезать

    3. Правка -Вставить

    3. Правка -Вставить

    4. Керекті жерге апару

    4. Керекті жерге апару


    Үзіндіні көбейту.

    Үзіндіні көбейту дегеніміз – экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

    Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп, «барлығы басталатын» жерге апарып қойыңдар. Содан кейін оны мауспен іліп алыңдар да, Shift пернесін басып отырып, үзіндіні сурет салу аймағында жылжытыңдар.

    Осылай көбейткенде алынатын көшірме саны маусты жылжыту жылдамдығына байланысты болады.



    Үзіндіні жою.

    Үзінділерді бірнеше әдіспен жоюға болады:



    1. Алдымен үзіндіні белгілеп алып, содан соң Правка-Очистить выделение командасын орындайды.

    2. Алдымен үзіндіні белгілеп алып, содан кейін Правка-Вырезать командасын орындаңдар, бұл жағдайда үзінді алмасу буферіне орналастырылады.

    3. Егер Рисунок-Очистить командасын орындаса, онда экраннан тек үзінді ғана емес, барлық сурет жойылады.


    Практикалық жұмыс.
    Айтылған сабақ бойынша оқушыларға мынадай практикалық жұмыстар беріледі.

    1-тапсырма.

    1. Алма ағашының ортаңғы үлкен бұтағын салып ал.

    2. Алма ағашының оң жақ бір бұтағын салып ал.

    3. Осы бұтақты көшіріп, ағаштың оң жағына төрт бұтақ орналастыр. Үстіңгі бұтақтар кішірейе береді.

    4. Тап осылай ағаштың сол жақ бұтақтарын сал.

    5. Бір алма салып алып, оны көшіру арқылы ағашты алмамен толтыр.

    6. Сонда суретте көрсетілген алма ағашы шығуы керек.




    2-тапсырма.

    Берілген суретті салып шық.

    Оқушылардың жұмысы бағаланады.

    Үйге тапсырма тақырыпты оқып, компьютерде сурет салып жаттығу.

    Сабақ аяқталды

    Сау болыңыздар.



    сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
    Тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Сурет салуды жақсы көретіндерге қосымша тапсырмалар

    Сабақ мақсаты: а) Үзінділерді шағылдырып бейнелеуге, бұруға созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға үйрету.


    Б) Сурет салған кезде үзінділермен әрекеттерді тиімді пайдалану, жұмыс кезінде уақыт үнемдеу дағдыларын қалыптастыру.
    В) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, талғаммен безендіруге үйрету.
    Сабақ көрнекілігі: Карточкалар

    Сабақ түрі: Дәстүрлі

    Сабақ әдісі: Мысалдар арқылы түсіндірмелі баяндау

    Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

    Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

    Үй тапсырмасын тексеру

    Жаңа сабақ түсіндіру

    Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.

    Үйге тапсырма

    Сабақты қорытындылау

    Сәләматсыңдар ма?

    Өткен сабақта біз үзінділермен орындалатын кейбір әрекеттерді үйрендік. Үй тапсырммасы бойынша мынадай сұрақтар:



    1. Үзінді дегеніміз не?

    2. Үзіндімен әрекет жасау үшін ең алдымен орындалатын әрекет.

    3. Үзінділерді белгілеу үшін қандай құралдар қолданылады?

    4. Үзінділерді қалай көшіруге болады?

    5. Үзінділерді қалай жылжытуға болады?

    6. Үзінділерді қалай көбейтуге болады?

    7. Үзінділерді қалай жоюға болады?

    Жаңа сабақ Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Сурет салуды жақсы көретіндерге қосымша тапсырмалар.

    Бүгінгі сабақта біз осы үзінділермен орындалатын қосымша әрекетерді қарастырамыз.


    жүктеу 2,85 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау