Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.
Отразить/Повернуть командасының көмегімен бөлініп алынған үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) осьтеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.
Бұл операцияларды қандай да бір суретпен жүргізу үшін мына әрекеттер орындалады:
Қажетті үзінді белгіленіп алынады.
Рисунок-Отразить/Повернуть командасын орындайды. Экранға Отразить/Повернуть командасының диалогтік терезесі шығады.
Суретті кері бұру үшін Отразить слева направо опциясына белгі қойып ОК –ді шертеді. Сонда сурет горизонталь оське қатысты кері бұрылады.
Отразить сверху вниз опциясына белгі қойып, ОК-ді шертсеңдер сурет төңкеріліп түседі.
Повернуть на угол опциясына маусты шертіп, 90 градусты тасңдасаңдар, сурет 90 градусқа бұрылады.
Үзіндіні еңкейту мен созу.
Растянуть/Наклонить командасы арқылы үзіндіні созуға және горизонталь немесе вертикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.
Ол үшін:
Қажетті үзінді белгіленіп алынады.
Рисунок-Растянуть/Налонить командасын орындайды. Экранға Растянуть/Наклонить командасының диалогтік терезесі шығады.
Бұл терезеден қажетті әрекетті таңдаңдар.По горизонтали немесе по вертикали өрісіне, пернетақтадан қажетті градус санын енгізіп, ОК-ді басыңдар. Енгізілген градус бойынша еңкею орындалады.
Суретті қарап шығу режимі
Кейбір кездерде салынған суреттің ұсақ бөліктерін салу қиындық тудырады. Бұл жағдайларда суреттің бөлшектерін жақынырақ көру үшін сурет масштабын үлкейту немесе оны толық көру үшін кішірейту керек.
Суреттің бейнелеу масштабын өзгерту үшін Вид-Масштаб командасын орындаңдар. Бұл кезде пайда болған бағынышты менюден Крупный, Выбрать командаларының бірін таңдаңдар немесе Масштаб батырмасында шертіңдер.
Кәдімгі масштабты қалпына келтіру үшін Вид-Масштаб-Обычный командасын орындаңдар.
Салынған суреттерді түсқағаз ретінде пайдалану.
Ол үшін:
Салынған суретті сақтау керек.
Сосын Файл-Заполнить рабочий стол немесе В центр рабочего стола командасын орындайды.
Түстер палитрасын өзгерту.
Графикалық редактордың түстер палитрасын өзгерту үшін немесе оған жоқ түстерді қосу үшін төмендегілерді орындау керек.
Графиктік редакторды іске қосады.
Палитраның аустырылатын түсінде шертеді де, Палитра-Изменить палитру командасын орындайды немесе палитраның ауысатын түсінде маусты екі рет шертеді.
Изменение палитры терезесінде Определить цвет батырмасын шертеді.
Изменение палитры диалог терезесінде түстер спектрі ашылады. Түстер спектрінде меңзерлерді жылжытып отырып, Цвет/Заливка жақтауында пайда болған қай түсті болсын таңдап, Добавить в набор батырмасын шертеді.
Бұдан кейін таңдалған түс Дополнительные цвета бөлімінің бірінші бос ұяшығында пайда болады.
ОК батырмасын шертеді. Палитрада таңдалған түс пайда болады.
Суреті қағазға басып шығару.
Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орындайды. Баспа терезесі пайда болады. Қандай парақтар шығарылуы керек екенін көрсетіп, қанша дана керек екенін көрсетіп, ОК батырмасын шертеді.
Ал баспаға берместен бұрын суреттің бетте қалай орналасқанын көру үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орындайды.
Практикалық жұмыс.
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
– сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салуды жақсы көретіндерге қосымша тапсырмалар
Сабақ мақсаты: а) Сурет салуда графикаоық редактордың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға үйрету.
Б) Редакторда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, талғаммен безендіруге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикалық сабақ
Сабақ типі: Қайтлау, пысықтау сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Редакторда орындауға жеке тапсырма беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Сонымен біз Paint графикалық редакторын оқып аяқтады. Енді өздерің кез келген уақытта бұл қосымшамен жұмыс жасай аласыңдар. Бүгінгі сабақта сурет салуды жақсы көретіндерге арналған қосымша тапсырмалар беріледі. Осы тапсырманы Paint графикалық редакторында орындайсыңдар.
Салуға ұсынылатын сурет.
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма Paint графикалық редакторын қайталау.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
– сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу.
Сабақ мақсаты: а) WordPad қолданбасымен таныстыру. Құжат құру туралы түсінік беру.
Б) Мәтіндік редакторда қөұжат құра білуге, мәтіндік редактор көмегімен мәтінді өңдеу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушыллрадың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: WordPad қолданбасыме терезесі
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Сонымен біз графикалық редакторды оқып аяқтадық. Бүгін жаңа тақырып бастаймыз.
Жаңа сабақ Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу
Қазіргі кезде дербес компьютерлер құжат пен мәтін өғдеуде кеңінен қолдалады. Оның мынадай қосымша мүмкініктері бар:
Компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәиін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтін шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжаттарды сақтап, баспаға қанша болса да шығаруға болады.
Әртүрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өөзін түрлі пішінде орналастыруға болады.
Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Мәтіндерді дискіге жазып қоюға болады.
Осы айтылғандарды орындау үшін Windows-тің WordPad қолданбасы қолданылады.
WordPad қолданбасы қарапайым құжаттрады жасауға арналған. Оны іске қосу үшін мына команданы орындайды.
Пуск-Программы-Стандартные- WordPad
Экранға WordPad қолданбасының терезесі шығады.Терезе келесі элементтреден тұрады.
Тақырып жолы
Меню жолы
Құрал-саймандар тақтасы
Пішімдеу тақтасы
Сызғыш
Терезенің жұмыс аймағы
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
ҚҰрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын команларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін сол батырманың үстінде маус нұсқағышын ұстап тұрса, аз уақыттан соң ішіне батырманың міндеті жазылған төртбұрышты аймақ шығады.
Пішімдеу тақтасында мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынасу батырмалары орналасқан.
Мәтіндік редактор WordPad бағдарламасының батырмалары:
Батырма суреті
|
Батырма міндеті
|
Батырма суреті
|
Батырма міндеті
|
|
Құру
|
|
Болдырмау
|
|
Ашу
|
|
Қайтару
|
|
Сақтау
|
|
Табу (құжаттағы мәтінді тез табады)
|
|
Басу
|
|
Қаріп (шрифт)
|
|
Алдын ала қарау
|
|
Қаріп өлшемі
|
|
Қиып алу
|
|
Қарайтылған
|
|
Көшіру
|
|
Курсив
|
|
Кірістіру
|
|
Асты сызылған
|
|
Түс (белгіленген мәтін түсін өзгертеді)
|
|
Сол жақ шеті бойынша
|
|
Ортасы бойынша
|
|
Оң жақ шеті бойынша
|
|
Маркерлер
|
|
|
WordPad бағдарламасында екі меңзер бар: кірістіру нүктесі және І меңзері.
Кірістіру нүктесі - өшіп-жанып тұрған тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
І-меңзері – терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның І әрпінің түрінде болады.
WordPad-та құжат құру.
WordPad-та құжат құру мынадй сатылардан тұрады.
Қаріп және оның өлшемін таңдау.
Мәтінді енгізу және редакциялау.
Мәтінді пішімдеу (форматтау)
Құжатты сақтау және ашу.
Баспаға шығару.
Енді осы сатыларды толық қарастыралық:
Қаріп және оның өлшемін таңдау.
Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай флфавитпен мәтінді енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал өлшем 12 пт, бұл параметрлерді және батырмаларын басып, қажетті мәнді таңдау арқылы орнатамыз.
Мәтінді енгізу және редакциялау.
Мәтін пернетақтадан символдық түрде енгізіледі. Кейбір пернелердің қызметін қарастыралық.
Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек. Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады. Ал меңзерді құжат бойымен жылжыту үшін меңзерді экранда басқару пернелері қолданылады.
Сонымен бірге мынадай пернелер комбинациясын қолдануға болады.
Пернелер
комбинациясы
|
міндеті
|
Ctrl+
|
Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады
|
Ctrl+
|
Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады
|
Ctrl+
|
Меңзерді бір сөзге солға жылжытады
|
Ctrl+
|
Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады
|
Page Up
|
Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады
|
Page Down
|
Меңзерді бір бетке төмен жылжытады
|
Home
|
Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады
|
End
|
Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады
|
Ctrl+Home
|
Меңзерді құжаттың басына жылжытады
|
Ctrl+End
|
Меңзерді құжаттың соңына жылжытады
|
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.
Мәтінді пішімдеу (форматтау)
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы батырмаларды қолдану.
Мәтінді туралау үшін батырмалары қолданылады.
Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да, енгізілгеннен кейін де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса, пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |