Сабақ жоспарларының үлгілері (мұғалім іс-тәжірибесінен) Құрастырған: Таумова Арай Жаксыликовна



жүктеу 465,69 Kb.
бет1/2
Дата08.02.2018
өлшемі465,69 Kb.
#9026
түріСабақ
  1   2


Биология пәнінен баяндамалар мен

сабақ жоспарларының үлгілері

(мұғалім іс-тәжірибесінен)



Құрастырған: Таумова Арай Жаксыликовна

Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебінің



химия және биология пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебі




Құрастырушы: Таумова Арай Жаксыликовна - химия және биология пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта химия және биология пәні мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі баяндамалар мен сабақ жоспарларының үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты биология пәнінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу

Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды.Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың жаңа технологияларының оқу үрдісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б. Ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейімен сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үрдісіне ендіру бөлгілі-бір шарттарды қажет етеді.

Олар:

- мұғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;



- оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық -педагогикалық ахуал;

- оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу - әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;

- оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.

Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың бөлгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.

Олар:

- мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларына бетбұруы, ынта қоюы;



- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;

- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;

- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;

- мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;

- іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;

- өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;

- технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.

Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:

- жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;

- жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

- жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

- жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;

- оқушылардың жұмыс әдісін;

- оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек;

- қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;

- әр сабақта сауатты жоспарлауды;

- оқу моделін құрастыруды;

- оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;

- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;

- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;

- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;

- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;

Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:

- жаңа технологияда пайдаланатын жәкелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;

- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;

- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;

- жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді;

- педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.

Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол.Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады. С.И.Годник зерттеулері көрсеткендей, жеке тұлға жаңа жағдайларға бейімделуде, жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін.Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады. Социологтардың мәліметтері бойынша педагогтердің тең жартысы инновациялық әрекетке бірден енуге дайын, ал қалған жартысы сенімсіздік, ұстамдылық, тіпті кей жағдайда өшпенділік те білдіруі мүмкін. Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті.

Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалықты игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған. Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін. Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін тереңдету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:

- өз тәжірибесінде жұмыстың инновациялық түрлерін қолданып жүрген тәжірибелі мұғалімдермен жұмыс.

Олардың мақсаты - өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен ендіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу:

- әрқайсысына тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен жұмыс:

Туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді;

- өз жұмысына өзгеріс енгізуге тілек білдірмеген мұғалімдермен жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.

Оқу орнының әдістемелік жұмысын жоспарлауда осындай жұмыстың мысалы ретінде "Жаңа педагогикалық технология - кәсіби даярлықта" бөлімі пайда болуы мүмкін.

Нәтижесінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны нық қолдануға әкелетін әдістемелік, техникалық қамтамасыз етуді, кеңес беруді, диагаостикалау, рефлекцияны қамтитын ұзақ кезеңді жұмыс жүзеге асырылады.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады.

Осы орайда:

- ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім;

- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам салы болуы;

- мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы-ғалым А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.

Оқу үрдісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үрдісі.

Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:

1. Ең алдымен оқу орнының үрдісін технологияландыруда таңдап алынған мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:

- бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кәсіби әрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;

- курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;

- бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талаптарды зерттеу және талдау;

- оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сәйкестік тұрғысынан талдау жасау:

- квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тәжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;

- осы талаптардың оқу пәндері мен тәжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кәсіби әрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);

- студенттерді кәсіби әрекетке дайындаудың әдістемелік және оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.

2. Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу:

- жаңа педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттерді талдау, бұл ұсынынатын әдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді жасауды, әдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып, оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесінде (әдістемелік сағаттар, озық тәжірибе мектебі, мәселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет етеді;

- басқа оқу орыдарының, салалық құрылымдардың оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру тәжірибесімен танысу (журнал мақалалары, ғылыми еңбектер жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);

- берілген бағыттағы өз тәжірибесін пәндік циклдік комиссиясы (ПЦК) мәжілістерінде талдау және талқылау;

- жаңа педагогакалық технологияларды оқу үрдісіне енгізуге шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат-міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте жаңашылдықтың мәнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жобалау;

- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.

3. Тәжірибелік-экспериментцс жұмыстарды ұйымдастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге оқытушыларды жалпы ынталаңдырумен қатар оқу орнында тәжірибелі, белсенді, бастамашыл, ендірілетін технологияның мәні мен мазмұнын түсінген 8-12 оқытушылардан тұратын тәжірибелік-эксперименттік топ құрған жөн.

Оларға барлық оқытушыларға жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету қызметі, өз тәжірибесін демонстрациялау және талдау жасау, нәтижелерін эксперименттік түрде тексеру міндеттері жүктеледі.

Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың жаңа технологияның ғылыми - әдістемеліктің қамтамасыз етілуіне кемектесу міндеті де қойылады.

Тәжірибенің мақсаты - қолданылып отырған технологияның тиімділігін мұқият тексеріп, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік базасын жасап, өз тәжірибесіне және оқыту технологиясының теориялық негіздеріне сүйене отырып, инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау.

Оқытушылардың эксперименттік тобы жаңа технологияны ендірудің жалпы жоспарына сай келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тәжірибе-эксперименттік жұмыстың екінші жылында оған қатысушы оқытушылардың шеңбері кеңейіп, жаңа технологияларды жаппай ендіру мәселесі қойылуы мүмкін.

4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету.

Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу (теориялық және практикалық сабақтардың ара-қатынасын қайта қарау, мекеме тандау пәні, студенттің таңдау пәндері есебінен әрекетті-бағдарлы пәндер көлемін арттыру).

5. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.

Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін арттыруда осы көрсетілген бағыттардың қүрылымдық мазмұнын іске асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады.
Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін отандық 12 жылдық білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді.

Біздің басты принципіміз – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.

Мұғалім кәсібінің мән – мағынасы елеулі өзгерген шақта, жаңа тұрпатты педагог педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Егеменді елдің ұрпағы болашақта қандай болмақ?



  • оқыған

  • білімді

  • сауатты

Осыған байланысты оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін қандай жұмыстар жүргізуге болады?

- Өз бетімен ойлау

- Жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басылымдық рөл берілсе, ал СТО жобасында оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Сол арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамасыз етіп, таңдап алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс - әрекеті көптеген мінез – құлық параметрлермен (іс - әрекеті сипаты, жеке интелектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен -өзі салыстырылады.

Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Мысалы: өз бетінше тұжырым жасау, білімді меңгеру. Тапсырманың орындалуы, эссенің мазмұндылығы, пікір талас жүргізе білуі, ойын қорғай білу қабілеті.

Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады.

Олардың эмоциялық сезім түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті . Ақыл – парасаттан гөрі сезім – түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы меңгеру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс.

Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай, білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Сабақтарымда СТО жобасының әдістерін пайдаланғаннан бері оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі, ынтасы оянды.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.

Технология құрылымы:


  1. Қызығушылықты ояту;

  2. Мағынаны тану;

  3. Ой толғаныс.

І кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалынады, талқыланады, жұмыстар жеке-жұптаса, топтаса орындалады. Оқушының жас ерекшелігін ескеріп, қызығушылығын арттыратындай өмірмен байланысы бар қарапайым әдістерді қолдануға болады.

ІІ кезеңде жаңа ақпараттарды шын мәнінде тұтынуға мүмкіндік беріледі. (мәтінді әр оқушыға тарату, фильм, тақырып материалдары т.б) Бұл кезеңде жеке немесе жұптасқан түрде жұмыс жасатуға болады.

Күтілетін нәтижелер:

-белсенді іс-әрекетте болу;

-басқалармен қарым-қатынас жасау;

-өзгелерді тыңдай білу;

-қажет болса, өз көзқарастарын өзгерту;

-топтық тұжырымға келе білу;

-өз тұжырымын айта білу, қорғай білу.

Бұл сатыда мұғалімнің ізденісі мен шығармашылығына қарай әдіс-тәсілдерді түрлендіруге болады.

ІІІ кезең шығармашылық, ізденіс, талдау, ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке-жұппен-топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары.

Сондықтан да оқушыға сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек.

«Адам генетикасы» тақырыбында қызығушылықты ояту кезеңінде жуан-жіңішке сұрақтар әдісін пайдаландым. Мәтін мазмұны бойынша оқушылар тың сұрақтар құрастырады. Оқушы алдымен қатесіз түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа оқушылардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Мағынаны тану. ЖигСО әдісі. Оқушыларды 4 топқа бөліп, мәтін үлестіремін.

1-топ. Генеологиялық әдіс

2-топ. Цитогенетикалық әдіс

3-топ. Егіздерді салыстыру

4-топ. Туыстық некенің тиімсіздігі

Оқушылар өз тобында ақпаратты оқиды, талдайды, өз тобына келіп, жолдастарына не үйреніп, не істеп келгенін айтып береді. Топ мүшелері өз жұмыстарын салыстыра талдайды.

Ой-толғаныс. Эссе. «Туыстық некенің түбі бұлдыр» оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, талдау жасайды. Өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады.

«Мүктәріздес өсімдіктер» тақырыбында Көрнекілік стратегиясын пайдалану арқылы әр түрлі суреттерді таныс емес суретті(жасыл мүк) көрсету әрі қызығушылықты арттыру мақсатында, әрі жаңа тақырыпты ашу мақсатында алынды. Сабақтың кезеңдерінде ассоциация, екі жақты күнделік, семантикалық карта, Венн диаграммасы пайдаланылды.

Семантикалық карта






40 см

тамыр

бриология

екі үйлі

қауашақ

споралы

өсімдік


70 см

Жасыл мүк






















Ризоид






















Ұрықтанған жұмыртқа жасуша






















Мүктәріздестер





















«Жасуша құрамындағы органикалық заттар» такырыбындағы сабақтың ой толғаныс бөлімінде РАФТ стратегиясын қолдандым.



  • Р – Витаминдер, көмірсулар, гормондар, липидтер

  • А – Адамдар, оқушылар

  • Ф – Хат, өтініш, хабарлама

  • Т – Витаминдердің маңызы

Көмірсулар – биологиялық полимер

Гормондар – тіршілік қызметін реттейтін химиялық заттар

Липидтер – маңызды энергия көзі

Сыныптағы барлық оқушылар да сабаққа қатысып шығармашылығын сөзімен де, ісімен де көрсете білді. Сабақта көпшілік көзіне түсе бермейтін оқушылар да сурет салуға да қатысып, өз деңгейінде қысқаша эссе жазып, өз өздеріне қозғау салады. Яғни СТО сабағын дәстүрлі сабақпен салыстырғанда біз не байқаймыз?

Бұл жоба бойынша өтілген сабақ пен дәстүрлі сабақ арасындағы айырмашылық:


  • оқушының білуге деген талабы жоғарылайды;

  • ұмтылысы жоғары;

  • оқушы белсенді;

  • құрметтеу сезімінің болуы;

  • өзі үшін жауап беруге ынталану;

  • өзді-өздерін сыйлау;

  • бағалай білу;

  • шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.

Бұл жобаны сабақта пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытады.

Қорыта келе оқушының жеке тұлға ретіндегі еркіндігі, мұғаліммен бірлестігі, өз еркімен, ықыласымен басқаларға тәуелді болмай қызмет жасауы, еңбектенуі біздің қоғам үшін маңызды. Бала азамат болғанда қоғамның барлық саласындағы қызметті жүзеге асыруда белсенділік танытады.
Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» З.У.Имжарова

  2. Биология және салауаттылық негізі, 1-2009

  3. Жалпы биология. 10кл оқулық. Т.Қасымбаева, К.Мухамбетжанов

  4. Биология. 7 кл оқулық, Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков


Кестелерді пайдалану арқылы оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал СТО жобасында оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Сол арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамасыз етіп, таңдау алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлермен

( іс-әрекет сипаты, жеке интелектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті т.б ) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады.

Оқыту үдерісінде адамға әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс жасауына тура келеді, және бұны әртүрлі тәсілдермен жасайды.

Белгілі бір нысана тереңірек зерттелген болса, сол жөніндегі ақпарат оқушы жадында ұзақ сақталады. Мәтіндік ақпаратты таблицаға ұйымдастыра білу, таблицаға түсірілген ақпаратты талдай білу икемі жай мәтінді оқығаннан гөрі сол ақпарат төңірегінде жоғары деңгейде жұмыс жасауға негіз болады. Меңгеріліп жатқан тақырып аясында логикалық байланысты сақтай отырып, мәтіндегі ақпаратты таблицаға түсірместен бұрын оқушылар идеяны талдай білуі , қажетті фактілерді іріктей білуі, тұжырымдамаларды өңдей білуі, әртүрлі критериилерге сәйкес мәліметтерді жинақтай білуі (уақыттылы, иерархиялық, кеңістіктілік, т.б.) қажет. Ақпаратты таблицада ұйымдастыруды оқушыларға үйретуде алғашында жеңіл формаларынан бастап, бірте-бірте күрделі формаларына ауысу керек. Мұғалім берілген форманың құрылымдық процесін үлгілеп, түсініктеме жасап отырады, оқушы бірте-бірте ақпараттың құрылымын өзбетінше ізденіспен жасауға талпына бастайды. Өз іс-тәжірибемде «СТО жобасын» меңгергеннен бастап осы жобадағы «Ти таблицасы», «Семантикалық карта» т.б. жиі пайдаланамын.

«Ти таблицасы» қарсы, жақтау пікілері үшін пайдаланылады.


Таблица №1

Жақтаушы аргумент

Даттаушы аргумент







Мысал ретінде төмендегі сабақ үлгісінен оқушы жұмысынан мысал келтірейін.

Сабақ тақырыбы: Омыртқасыз жануарларды қорғау

Мұндай таблицамен жұмысты жеке де, топпен де ұйымдастыруға болады. Бұрынғы алынған білімді пайдалана отырып, әртүрлі ақпарат көздерініен алынған білімді талдай білуі қажет. Егер уақыт аз болса жеке немесе бірнеше оқушы «жақтаушы», басқалары «қарсы пікір айтушы» аргументтерін дәлелдейді. Үлкен топта талдау барысында мұғалім ортақ келісімдегі пікірлерді тақтадағы таблицағатүсіреді.





Таблица №2

Жақтаушы аргумент



Даттаушы аргумент




Пайдалы өсімдіктерді тозаңдандырады

Топырақты қопсытып, құнарлылығын арттырады

Бал арасынан бал алынады

Жібенк құртынан жібек өндіріледі

өзге жануарларға қорек


Адам мен жануарларда ауру туғызады

өсімдік мүшелерін жеп қояды

азық- түлікті бүлдіреді

қан сорады

тазалықты бүлдіреді

Осылайша әрбір оқушы өз аргументін қатысушылардың аргументімен салыстыруға мүмкіндік алады. Ұсынылған белгілі бір идеядағы «жақтаушы», «даттаушы» аргументтерде пікір таласқа үйретуде оқушы әрбір аргументке өзінің қарсы аргументін қоя білуі керек, және оны таблица негізінде бере білуі керек. Бұл тапсырманы орындау үшін барлығының топпен жұмыс жасағаны дұрыс, себебі бір оқушы аргумент дайындаса екіншісі қарсы аргуменд дайындайды. Келтірілген төмендегі таблицада оқушылар Қан құрамы (8-класс биология) тақырыбының әлеуметтік аспектісіне байланысты аргументтермен, қарсы аргументтерді ұсынды.



Таблица №3 Аргументтер мен қарсы аргументтер таблицасы.

Эритроциттер

Ұқсастығы

Лейкоциттер

Қанның 1мм3 көлемінде 4,5- 5 млн. эритроциттер болады. Диаметрі 7,2- 7,5 мкм

Терегшік пішінді ядросыз гем және глобиннен тұратын қызыл түйіршігі.

О2 мен СО2 тасымалдайды.

Қан клеткалары сүйек кемігінде түзіледі. Көкбауыр мен бауырда ыдырайды.

Қанның 1 мм3 көлемінде 4000- 9000 лейкоциттер болады. Амеба пішінді ядросы бар, қанның ақ түйіршігі микробты жойып, қорғанышты қызмет атқарады.


Таблица №4 салыстырмалы таблица

Кейбір ақпарат түрлері салыстыру мақсатында графикалық ұйымдастыруды талап етеді, яғни объекті мен феноменнің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау үшін қолданылады.

Ұқсастық бұл обектіні сипаттаудағы ортақтық, ал айырмашылық бұл өзіне ғана тән ерекшелігімен айқындалатын феномен. Оқушылар таблицаны жеке немесе шағын топта толтыра алады. Негізінен мәтіді түсінгеннен кейін қолданылады. Белгілі критериилер бойынша оқушыларға салыстыру ұсынылды. Яғни бұрыс информация берілмес үшін

таблица толтырылған соң ол тақтада талдану керек немесе ол класпен талдану керек.

Салыстырмалы таблица жинақтаушылық сипатқа да ие. Себебі ол ақпаратты көптеген критерилер негізінде жинақтайды және критериилер арасындағы байланысты анықтайды.

Тақырыбы: Бодо- 1 жасушалы, талшықты жәндік. 7 кл- Биология



Таблица №4 салыстырмалы таблица

Бодо
Жануарлар дүниесі
Пелликула
Гиетеротрофты
Хлоропласт жоқ
митахондрия

Ұқсастық
1 жасуша

2 талшығы бар

Жыныссыз көбейеді

Оттекпен тыныс алады

Ядросы бар


Хламидомонада
Өсімдіктер дүниесі
Жасунық
Фотосинтез жүреді
Автотрофты
Хроматофоры бар

5 Таблица «Белгілер» бұны «семантикалық карта» деп те атайды




Тыныс мүшелері

16-20 шеміршекті сақина

16-10 рет

сероз

Ұзындығы 10-150см

сітіқауыз

Кеуде қуысы

300 млн

Тыныс алу






















Кеңірдек






















Өкпе





















Таблицаны толтыру ,талдау , түсіндіруде оқушы неге үйренді:



  • Мәтінен негізгі ақпаратты бөліп алуды;

  • Ақпаратты түсіндіру;

  • әртүрлі фактілер мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды табу;

  • әртүрлі критериилер бойынша ақпараттарды ұйымдастыру;

  • Бұрынғы алынған білім мен жаңа білім арасындағы байланысты таба біледі;

  • Сыни тұрғыдан ойлауды дамытады.

Сабақтың тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік


Мақсаты:

  • мутациялық өзгергіштік туралы толық білу арқылы, сыни

тұрғысынан ойлап талдауға үйрету;

  • мутациялық өзгергішті меңгерту арқылы оқушылардың

ізденушілігін, ойлау ұшқырлығын дамыту;

  • өзіне сыни тұрғыда қарап, өз білімін бағалауға, салыстыруға

үйрету.

Пайдаланатын стратегиялар:



  • АССОЦИАЦИЯ

  • ТҮРТІП АЛУ ӘДІСІ

  • ЖУАН, ЖІҢІШКЕ СТРАТЕГИЯСЫ

  • СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА

  • ӘДІСІ: топпен жұмыс

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Бағалау парағын тарату.

АССОЦИАЦИЯЛАУ



ІІ. Мағынаны ашу. Мәтіндерді үйлестіру.

Мәтінмен жұмыс. 5 мин.
Тұқым қуалаушылық материалдарының өзгергіштігі
Өзгергіштік деп — бір топқа жататын даралар арасындағы айырмашылықтарды, сонымен қатар тіршілік циклінің кезеңі, өрісі және жасындағы айырмашылық жазылмайтын дараның сол түрдің дараларынан ерекшелігін айтады.

Өзгергіштіктің екі түрі бар: тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын. Біріншісі тұқым қуалаушылық материалының өзгергіштігіне қатысты болса, екіншісі организмнің қоршаған орта жағдайына жауап қайтару нәтижесі болып табылады.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік мутациялық және комбинативтік болып бөлінеді.

Мутациялық өзгергіштіктің алғашқы себебі мутация болып табылады. Оларға генетикалық материалдың тұқым қуалайтын өзгерісі деп анықтама беруге болады. Ыдырау мен мутацияның алмасуы, және гендердің әркелкі аллельді күйде болуына негізделген өзгергішті комбинативті деп атайды.

Мутациялық теория ХХ ғасырдың басында Г. Де Фриздің еңбектерінде туындаған. Оның мәні қазіргі күнде қызығушылық тудыратын келесі негізгі жағдайларға байланысты:

1. Мутация ауысымсыз, секірмелі түрде пайда болады.

2. Түзілген жаңа формалар тұрақты

3. Мутация сапалы өзгергіштік болып табылады.

4. Мутация әркелкі бағытталған ( жағымды және жағымсыз )

5. Мутациялардың көрінісі зерттелетін организмдердің көлеміне байланысты.

6. Бір мутация қайта пайда болуы мүмкін.

Мутациялық өзгерістер әр түрлі болады. Олар организмнің морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық белгілерін қозғауы, және қалыптан өте тез немесе әлсіз көрінерлік фенотиптік ауытқу- ларды тудыруы мүмкін. Мутацияның жіктеудің бірнеше принциптері белгілі. Авторлардың айтуынша мутацияның тиімді жіктелуін жасау өте қиын, және қазіргі жіктелулер өте жүйелі түрде жасалған.


І. Генотиптің өзгеруі бойынша:

1. Гендік мутация.

2. Хромосома құрылымының өзгеруі немесе хромосомалық қайта құрылымдар.

3. Хромосома санының өзгеруі.


ІІ. Фенотиптің өзгеруі бойынша:

1. Летальді.

2. Морфологиялық.

3. Физиологиялық.

4. Биохимиялық.

5. Мінез-қылықтың.


ІІІ. Гетерозиготадағы көрінісі бойынша.

1. Доминантты.

2. Рецессивті.
ІV. Пайда болу жағдайына байланысты:

1. Тәжірибе жасаушы жағынан еш себепсіз және жағдайсыз пайда болатын өзгергіштік. Негізінен

спонтанды мутация деп, пайда болу себептері белгісіз болған жағдайда айтады.

2. Индуцияланған, яғни белгілі бір іс – әрекет нәтижесінде пайда болған.


V. Нормалы фенотиптен ауытқу дәрежесі бойынша:

1932 жылы Г. Меллер мутацияны мынадай категориямен жіктеуді ұсынды:

Гипоморфты, аморфты, антиморфты, неоморфты және гиперморфты.

VІ. Клеткадағы орналасуы бойынша:

1. Ядролы.

2. Цитоплазмалы.

VІІ. Тұқым қуалау мүмкіншілігіне қарай:

1. Генеративті, яғни жыныс клеткаларында болатын

2. Соматикалық, соматикалық клеткаларды болатын мутациялар.
Генеративті және соматикалық мутациялар.
Мутациялар көпклеткалы организмдердің кез келгенін клеткасында пайда болуы мүмкін. Ұрық клеткаларында пайда болатын мутациялар генеративті деп аталады.

Генеративті мутация жыныс клеткасының кез келген даму саты- сында пайда болуы мүмкін. Егер бұл алғашқы кезеңде болса, ол мутантты клетка саны, мутация пайда болғаннан кейінгі бөліну санына пропорцияналды көбейеді. Нәтижесінде олар көптеген көшірмелер түрінде болады. Өзара бірігіп мутация бумасын құрайды. Жыныс клеткасының, спермиялар мен жұмыртқа клеткасының дамуының соңғы кезеңінде пайда болған мутациялар, тек осы клеткаларда қалады. Соматикалық мутация кезіндегі, мутантты типтің көрінісі, оның пайда болған кезеңімен тығыз байланысты. Мутация ерте пайда болса, оны тасушы клеткалар да көп болады.

Соматикалық және генеративті мутацияны негізінен тұқым қуалау мүмкіншілігімен ажыратады: генеративті мутация тұқым қуалау арқылы беріледі. Соматикалық мутация тағдыры екіге бөлінеді.

а) организм тек жынысты жолмен көбейіп, ұрық жолының клеткасы даму сатысының ерте кезінде соматикалықтан негізделген жағдайда, олар тұқым қуаламайды.

б) егер, организм жыныссыз жолмен көбейсе, мысалы картоптың вегатативті көбеюі, олар ұрпаққа беріле алады.

Соматикалық клеткадан нәтижесінде гүл беретін, бүршік дамитын өсімдіктер үшін, соматикалық мутациялар маңызы зор.

Соматикалық мутациялар адам мен жануарларда қатерлі ісік тудыруы мүмкін.

Соматикалық мутацияның қартаю процесіне де қатысы барын естен шығармаған жөн, себебі, жас ұлғайған сайын физиологиялық мутациялардың жинақталуы мүмкін.

Түртіп алу.

V – бұрыннан білемін




V

+

?

өзгергіштік

Полиплоидия

гетероплоидия



Даун ауруы
+ – жаңалық

? – тереңірек білгім келеді

Бұл әдіс жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, әр абзацқа белгі қойып отырады. Оқып болған соң дәптерлеріне кестені толтырады. Мутациялық өзгергіштік туралы бұрыннан білетіндерін V қатарға жазады, ал + белгісі бар қатарға қазір оқығанынан толықтырған білімін жазады.

? сұрақ белгісі қойылған қатарға термин сөздер, тереңірек білгісі келетін мәлеметтерді жазып, үй тапсырмасы ретінде алады.

Жуан, жіңішке сұрақтар.
1. Мутация деген не?

2. Модификациялық өзгергіштерге мысал

келтір.
1. Реакция нормасы?

2. Гетероплоидияға мысал келтір.


1. Полиплоидия деген не?

2. Түрлі мутацияларға байланысты адамның

бірқатар тұқым қуалайтын аурулары.
1. Мутация деген терминді ғылымға кім

енгізді?


2. Модификациялық өзгергіштік пен мутациялық өзгергіштіктің айырмашылығы.
ІІІ. Толғаныс.

Семантикалық карта







Хромосома санының еселенбей артуы немесе кемуі

Хромосома саны гаплоидті жиынтыққа еселеніп артуы

21-жұпта бір хросоманың артық болуы

Тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер

Мутация














Полиплоидия















Гетероплоидия















Даун ауруы















IV. Бағалау

Сабақ басталғанда әр топқа бағалау парағы таратылып беріледі. Сол бағалау парағына оқушылар өздерін бағалап мұғалімге береді. Бағалау парағына қарап мұғалім оқушыларды бағалайды. Бағаларға мұғалім келіспесе, бағасы төмен немесе жоғары оқушыларға сұрақ қою арқылы толықтырады.

Осындай ізденіс сабақтары оқушылардың білімін шыңдауға көп септігін тигізеді.


жүктеу 465,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау