Сабақ жоспарларының үлгілері (мұғалім іс-тәжірибесінен) Құрастырған: Таумова Арай Жаксыликовна



жүктеу 465,69 Kb.
бет2/2
Дата08.02.2018
өлшемі465,69 Kb.
#9026
түріСабақ
1   2

Тақырыбы: Адам генетикасы

Міндеттері:

Оқыту: 1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы

хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын білу.

2. Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен

ауытқуларды толық ажырата білу.

3. Генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге

мүмкіндік беретін әдістерді білу.



Дамыту: 1. Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет,

жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар).

2. Ойларын салыстыруға,анализдеуге, жалпылауға және

қорытындылауға үйрету.

3. Ұлы, дарынды адамдардың шежірелік карталарын құруға

үйрету.


Тәрбиелік: 1. Топпен жұмыс кезінде оқушылардың жаңа көзқарастарын

дамыту.


2. Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты

ояту.


3. Өз ата – тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарды

дұрыс құра білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру

Сабақтың әдісі: СТО,ЖИГСО,ЭССЕ

  • түсіндіре басқарып, оза оқыту

  • жеке және топтық жұмыс

  • өздік жұмыс

  • қосымша әдебиеттермен жұмыс

  • сұрақ – жауап


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі,бағалау парағын тарату ,топ басшы сайлау

ІІ. Қызығушылықты ояту

Сиқырлы сұрақтар(4 сұрақ)

1. Жынысты қалай анықтайды және аутосом дегеніміз не?

2. Гомозигота және гетерозигота ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).

3. Хромосомалардың әртүрлілігі.

4. Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?

ІІ.Негізгі бөлім.1,2,3,4 топтарға бөлу,мәтін тарату (7минут),кесте толтыру


Негізгі түсінік


Қосымша түсінік





Өздерің айтып өткендей хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады, осы аурулар тұқым қуалайды дедік. Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана емес, сол сияқты адамзат бойындағы дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан ұрпаққа таратып осы өмірге дейін жетелеп келген.

«Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі» деп қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. Осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз. Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.



Топпен жұмыс.

І топ. Генеологиялық әдіс

«Жақсыдан жаман туса да,

Жаманнан жақсы туса да,

Тартпай қоймас негізге »

Құнанбайдың дарындылық қасиетін көрсететін шежірелік карта құру.



- Дарындылық қасиеттің берілу белгісі.


ІІ топ. Цитогенетикалық әдіс.

«Бір биеден ала да туады, құла да туады».

Оқушылар осы әдістің мағынасын толық ашып беруі тиіс.
III топ. егіздерді салыстыру.

Егіздер


БЕ ЕЕ

(монозиготалар) (дизиготалар)


Оқушылар егіздерді анықтау критерийлерін ашып айтады.

IV топ туыстық некенің тиімсіздігі.


IV. Толғаныс. Эссе Туыстық некенің түбі бұлдыр(5минут)
V. Қорытынды бағалау.

Үй тапсырмасын беру.§27



1.Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.

Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.

Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.

Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.



Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер.

Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге  полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеологиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі  Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай (Ибраһим); немерелері — Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б.

Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі — гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған.

Сонда Виктория мен оның зайыбы мұндай аурумен ауырмаған. Олардың арғы тегінде де ешкім гемофилиядан зардап шекпеген. Бірақ Викторияның ата-анасының біреуінің жыныс клеткасында мутация пайда болған болу керек. Соған байланысты королева Виктория гемофилияның генін тасымалдаушы болып, өзінің көптеген ұрпақтарына таратқан. Сөйтіп, Викториядан мутантты гені бар Х хромосоманы алған барлық ер жынысты ұрпақ гемофилиямен ауырған.
2.Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956 жылы Дж.Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның дене клеткаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп — жыныстық хромосомалар болатындығын анықтады. Бұрынғы жыныс генетикасы тақырыбында айтылғандай ер адамда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ), ал әйел адамда гомоморфты (ХХ) болып келетіндігі дәлелденді. Бұл әдісті қолдану адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына себепкер болады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.

Егіздік әдіс. Егіз болып туу адам баласында жиі кездесетін құбылыс. Олардың екі түрі болады: бір жұмыртқалық және әр жұмыртқалық. Бір жұмыртқалық егіздер дегеніміз — бір жұмыртқа клеткасының бір спермато-зоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы. Мұндай егіздер бір-біріне айнымастай ұқсас болады, себебі, олардың генотипі бір.

Ал әр жұмыртқа клеткаларының әр түрлі сперматозоидтармен бір мезгілде ұрықтануынан дамыған егіздер бір-біріне онша ұқсамауы мүмкін. Себебі әр түрлі жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардағы гендердің үйлесімі түрліше болып келеді. Осының ішінде бір жұмыртқалық егіздер аса маңызды жалпы  биологиялық проблеманы, атап айтқанда, белгі-қасиеттердің дамып қалыптасуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады. Мысалы, адамның бойындағы туа біткен қабілетті дамытып, қалыптастыру үшін оқу мен тәрбиенің қандай маңызы бар екендігі анықталады.

Сонымен қатар, егіздік әдіс адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға (шизофрения, эпилепсия, гемофилия және т.б.) бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.

3.Биохимиялық әдіс. Бұл әдіс адам генетикасын зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданылып жүр. Жалпы адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын өзгерістер клеткадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты. Олар сол клетканың құрамына кіретін белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, липидтер және т.б. екенін бұрынғы өткен сабақтардан білесіңдер. Айталық, ДНҚ молекуласында өзгеріс болса, онда ген өзгерді деген сөз. Себебі, геннің өзі сол ДНҚ-дан тұрады. Ал ондай өзгеріс тұқым қуалайды. Биохимиялық әдістің үлкен практикалық та маңызы бар. Мысалы, ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтап табуға болады. Бұл әдіс қазір археологиялық зерттеулерде де қолданылып жүр. Соңғы кезде Шығыс Қазақстандағы Алтай тауынан табылған "Алтын Адамның” кейбір ұлпалары мәңгі мұздың астында жатқандықтан сақталған. Солардың құрамындағы ДНҚ-ны алып біздің (қазақтың) ДНҚ-мызбен салыстырып зерттегенде олар ұқсас болып шыққан. Бұл біздің арғы тегіміз сақтар, ғұндар екендігін дәлелдеп отыр.

Қорыта айтқанда, қазір адам генетикасын зерттеуде жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі әдістер қолданылуда. Соған байланысты адамның генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.

2. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуде бірнеше әдістер қолданылады: генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, популяциялық, онтогенетикалық және биохимиялық әдістер.

Ой жиегiн кiшкене кеңейтсек, әлемде евгеника деген ұғым бар. 1883 жылы ағылшын ғалымы Фрэнсимом Гальтон негiзiн қалаған евгеника – таратып айтқанда «ұрпақты жақсарту iлiмi» деп аталады. Евгеника шарықтап дамыған ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында АҚШ-тың генетика-ғалымдары «демократиялық-евгенистiк республика құру» идеясын көтердi. Аталған идея бойынша евгеника екi бағытта қолға алынды. «Позитивтi евгеника» бойынша америкалық идеологтар үздiк генотиптердi сұрыптап алып, олардың көбеюiне қолайлы жағдай жасауды көздесе, «негативтi евгеника» бойынша нашар генотиптердi анықтап, оларды ұрықсыздандыру, некеге тұруына шек қою және басқа да шаралар арқылы ұрпақ тарату мүмкiндiктерiнен айыруды қолға алды. Алдыңғы бағыт бойынша ұлы адамдардың ұрығын сақтайтын арнайы банк ашу мәселесi қарастырылды. Ол күнi бүгiнге дейiн өмiршеңдiк танытып отыр. Ал «негативтi евгеника» бойынша, әлжуаз, денсаулығы нашар адамдардың көбеюiне қарсы күрестi америкалықтар қолдан ұрықсыздандыру операциясы (вазэктомия) арқылы жүзеге асырды. Алдымен АҚШ-тың бiр ғана Индиана штатында 1899–1912 жылдар аралығында ауру, ақыл-есi кем деп танылған 236 адамға вазэктомия (ұрықсыздандыру) операциясы жасалды. 1935 жылы болса, ол көрсеткiш, яғни, қолдан ұрықсыздандырылғандар саны 21539-ға жеттi...



4.Туыстық некенің тиімсіздігі.Дүниежүзiлiк статистикалық мәлiмет бойынша жаңадан туылған балалардың 7-8 пайызында тұқым қуалайтын ауру белгiлерi кездеседi екен. Ал, бiздiң елiмiзде жыл сайын 700 баланың 1-еуi даун синдромы дертiмен туылады.
Генетик-дәрiгерлер бұл көрсеткiштiң өте жоғары екендiгiн айтып, дабыл қағып отыр. Дабыл қағатынындай-ақ бар. Өйткенi, атының өзi естiген жанның төбе шашын тiк тұрғызар мұндай аурулардың 80 пайызының себептерi әлi күнге дейiн анықталған жоқ. Демек, себебi анықталмаған дерттiң дауасы да болмақ емес. Әйтсе де, медициналық генетика ғылымы тұқым қуалайтын аурулардың денi ағзадағы хромосомалардың ауытқуынан пайда болатынын айтады. Мәселен, адамда 46 хромосома болады. Егер бала ағзасында 1 хромосома артық, яғни 47 хромосомамен туылса, онда ол даун кеселiне шалдыққаны. Ал, хромосомалардың ауытқуының нендей себептерi болуы мүмкiн?
Тұқым қуалайтын дерттiң негiзгi кiлтипаны – өте жақын адамдардың ұрпағының бас қосуында жатқандығын қазақ халқы атам заманда-ақ бiлген. Жетi атаға дейiн қыз алыспағаны да сондықтан. Әрине, олар ғылыми-лабораториялық зерттеу де жүргiзген жоқ, зертханалық микроскопты да қолданған жоқ. Сонда қалай дейсiз ғой. Жан-жануарларды өзара будандастыру арқылы, неғұрлым жақын малдың төлi нашар, тiршiлiкке бейiмсiз болып туатынын, ал ата тектерi неғұрлым алшақ болған сайын, төлi де мықты болатынын дәлелдедi. Демек, өте жақын адамдардың ұрпағы бас қосқанда олардың балаларында да генетикалық ауытқулар туындауы мүмкiн. Бұл халқымыздың нағыз данышпандығының белгiсi болса керек.
Бүгiнгi таңда генетика ғылымының өзi осы пайыммен келiсiп отырған жайы бар. Генетиктердiң айтуынша, әйел мен еркек ағзасындағы хромосомалар өзара алмасқан кезде келесi бiр ұрпақтың денесi пайда болады. Яғни, екi жарты бiр бүтiн болады деген сөз. Егер осы кезде аталық және аналық клеткалар бiр-бiрiне ұқсас болса, шатасу пайда болады да, баланың бойында туа бiттi аурулар пайда болатын көрiнедi. Егер, еркек пен әйелдiң жақындығы жетi атадан асып кетсе, онда генетикалық материалдар өзара алмасып, кемтарлар мен мүгедектер аз туылатын болады.
Ғалымдар көне перғауындардың бiр кезеңдегi бүкiл ұрпағының жойылып кетуiн туысқан жандардың некелесуiнен екендiгiн айтады.
Сосын, бұрынғының патша, сұлтандары нелiктен өзге халықтан қыз алып отырған дейсiз. Олардың саяси сұңғылалығы өз алдына, осылайша, басқа ұлттың қызын алу арқылы, қанын, тегiн жаңартып отырған.
Алмагүл НАҒЫМТАЕВА, генетик-дәрiгер:
Қазақтар өте ақылды халық қой. Медицинаның ендi ғана ашуға шамасы келiп жатқан жаңалықтарын бiздiң ата-бабаларымыз әлдеқашан дәлелдеп қойған. Қазақтардың жетi атаға дейiн қыз алыспауының негiзгi себебi қан тазалығын сақтау болып табылады. Егер некелескен жандардың арғы аталары туыс болып келсе, онда олардың 50 пайызының балалары жарымжан болып туылуы мүмкiн. Ал, өз аталары немесе әкелерi туыс жандар үйленсе, онда қауiптiлiк 70-80 пайызға дейiн артады. Мұның себебi, ерлi-зайыптылар генiнiң бiр-бiрiне өте ұқсас болып келетiндiгiнен. Ал, ген деп отырғанымыз, қарапайым тiлмен айтқанда адамның ата-бабасынан келе жатқан бүкiл ақпаратты бiлдiретiн нәрсе. Көбiнесе туыстық некенiң салдарынан пайда болатын дауна дертi бүгiнде елiмiздегi 700 баланың бiреуiнде кездеседi. Бұл аурумен туылған баланың көзi қысық, құлағы жоғары орналасқан, қысқасы бет-әлпетi өзгелерден өзгешеленiп тұрады. Дауна дертiн жатырдағы балаға 9 апта толғанда анықтауға болады. Аналардың көпшiлiгi мұндай баланы туғысы келмей, жасанды түсiк жасатады. Ендi бiреулерi өз баласынан өзi бас тартып, балалар үйiне өткiзiп кетедi. Бiр баласы дауна аурумен туылған отбасында келесi бала да солай туылуы әбден мүмкiн. Мұның алдын алу үшiн ең алдымен қан тазалығын сақтау керек, сосын болашақ аналарымыз зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн дер едiм (әр бала өз жанұясының шежірелік картасын құру).

Интеллектуалдық казино
Мақсаты: оқушылардың биология пәнінен «Генетика» тарауынан алған білімдерін бекіту, бақылау қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: ойын
Көрнекілігі: «ақыл »-фишкалар, компьютер
Барысы:

1.Ұйымдастыру Ойын алаңы казиносияқты безендіріледі, ойыншыларға алдын ала бәріне бірдей мөлшерде «ақыл» беріледі. (15 ақылдан)

Ойынның шарты: ойыншылар казино алаңына жиналады. Оларға сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Олар өздерінің шамасына қарай көнге «ақыл» тігеді. Сұраққа жауап берсе көнге тігілген барлық ақылда иемденеді. Ақылдары тауысылған ойыншылар ойыннан шығады. Ең көп ақыл жинаған ойыншылар жеңімпаз атанады.
Сайыс сұрақтары мынадай бөлімдерге топтастырылған:


  1. Ұлы есімдер

  2. белгілер сыры

  3. Генетика

  4. Заңдар

  5. Мен генетикпін

  6. Есептер әлемі


1 – топ «Ұлы есімдер»

1. Ген, генотип, фенотип терминдерін енгізген кім? Иогансен

2. Тұқым қуалаудың хромасомалық теориясын ашқан ғалым. Морган

3.Бұл кім? Мендель

4.ДНК –негізгі тұқымқуалау заты екенін анықтаған ғалым. Эрви

5. «Генетика» терминін енгізген ғалым. Бэтсон


2- топ «Белгілер сыры»

1. ♂белгісі

2. ♀ белгісі

3. Р белгісі

4. Г белгісі

5. Ғ белгісі


3- топ «Ұғымдар»

1. Тұқымқуалаушылық

2. Өзгергіштік

3.Фенотип

4. Генотип

5. доминантты


4 – топ «Заңдар»

1. Мендельдің І – заңы

2. Генотип бойынша 1 АА: 2Аа:1 аа бойынша ажырау жүретін заң

3. Дигибридті будандастыруда Мендель өсімдіктің қандай белгілерін алды

4.АаВв генотипінен қандай геметалар түзіледі?

5. Тіркесіп тұқым қуалаудағы тіркесу тпотарының саны

6. Адам организміндегі гендердің саны

топ «Мен генетикпін»

1. Ақ түс доминантты, қоңыр түс рецесивті гомозиготалы қоңыр түсті организмнің гаметасын жаз.

2. Сары түс доминантты, жасыл түс рецессивті. АА генотипі қандай?

3. Сары түс доминантты, жасыл түс рецессивті. Аа, АА, гаметаларының фенотипін анықта

4. Сары –А, жасыл –а, тегіс –В, бұдыр – в.Сары бұдыр, жасыл тегіс гаметасын жаз

5. АаВВ, ааВв,АаВв, аавв, ААвв гаметаларының генотипімен фенотипін анықта
6 –топ «Есептер әлемі»

1. Қара – доминантты, ақ – рецессивті. Гетерозиготалы қара қоянды ақ түсті қоянмен шағылыстырғанда алынатын ұрпақтардың генотипі мен фенотипі қандай?

2.Домалақ пішін - доминантты, сопақ пішін – рецессивті, гетерозиготалы домалақ пішінді томатты өзара шағылыстырғанда алынатын ұрпақтардың генотипі мен фенотипі қандай?

3. Сары түс – А, жасыл түс – а, ал тегіс бұдырға қарағанда доминантты. Мына дәндердің генотипі бойынша фенотипін анықта: ааВВ,АаВВ,ААВв,Аавв,ааВв,ААвв



4. Әкесінің қан тобы ІV топ, шешесінікі – ІІ топ. Балаларының қан тоба қандай болады?

5.Анасының қаны – І топ, әкесінікі - ІV топ. Балалары ата- анасының қан тобын иемдене ме?
жүктеу 465,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау