Информатика
|
Скакова Нургул Демесінқызы
|
ВТ-13од
Оқушының саны-20
|
ККГТК
|
|
16.10.2015ж
|
10.10-11.40
|
№307 кабинет
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Есте сақтау құрылғыларының құрылымы
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділік: Есте сақтау құрылғылары туралы түсінік қалыптастыру, компьютердің қызмет ету функциялары мен негізгі мінездемелері туралы оқып-үйренуді үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, өзара түсіністікке, сыйластыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.
|
Негізгі дерек көзі
|
1. Информатика авторлары: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов
2. http://bilimdiler.kz/tags, http://ustaz.kz, "Білім шапағаты" газеті
|
Табыс критерийлері
|
1. ДК есте сақтау құрылғысы туралы айту мінездеме беру
2. ДК құрылғысының классификациясы туралы түсіндіреді
3. Тұрақты есте сақтау құралдары туралы мәлімдейді
4. Жедел жады туралы түсіндіреді
|
Нәтижені бағалау
|
Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.
|
Сабақтың типі
|
Аралас сабағы
|
Сабақта қолданылатын модулдер
|
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жекелей жұмыс. "Галерея аралау" әдісі
|
Стратегиялар
|
«Қайталау–оқу айнасы», "Ой қозғау", "Топтастыру", "Сандар не дейді?",
"Әр сұраққа–бір жауап", "Рефлексия"
|
Пән аралық байланыс
|
Математика, қазақ тілі,ағылшын тілі
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, бағалау парағы, оқулық, постерлер, стикерлер, жұмыс дәптері
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау. Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
|
Амандасады. Тамаша, жақсы. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
|
Сыныпты топқа бөлу
Оқушыларды компьютердің құрылғысы арқылы топқа бөлу (қоржынға компьютердің құрылғысын жазып қоямын, оқушылар бір-бірден таңдап алған компьютердің құрылғысына байланысты, сол топқа отырады).
І топ-"Тұрақты жад "
ІІ топ-"Жедел жад "
Топ басшыларын сайлау, (топ ішінде спикер, тайм спикер, хатшы рөлдерін бөлу)
"Бағалау парағын" тарату
|
Топқа бөлінеді
|
Үй жұмысын тексеру
|
Оқушылардан техника қауіпсіздік ережесін сұрау
«Қайталау–оқу айнасы»
І топ. "Тұрақты жад " тобына тапсырма:
Компьютердің миы.
Аз батырмалы құрылғы
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?
Принтердің неше түрі бар?
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.
Асинхрондық санауыштар триггерлердің ауысуы қалай жүреді?
Тригердің қанша тұрақты жағдайлары бар?
Синхронизазация сигналы не үшін қажет?
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
ЭЕМ архитектурасының негізгі блогы
Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Екілік жүйенің сандары
Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді?
Дербес компьютер неше топқа бөлінеді?
«5» екілік жүйеде қандай сан?
Кез келген санның «1» дәрежесі
Тәжірбиеде бірфазалы синхронизация қай жерде жиі қолданылады?
Қай құрылғыны құру кезінде жылжыту түсінігі қолданылады?
Жүйелік магистраль не үшін қажет
ЭЕМ-нің негізін салушы
«Қайталау–оқу айнасы»
ІІ топ. "Жедел жад " тобына тапсырма:
Аты бар байттар тізбегі? (файл)
Регистр-бұл ? (ұзақ уақытты жад)
Синхронды қ санауыштарда тригерлердің аусуы қалай жүреді? (паралельді )
Алғашқы есептеу құрылғысы. (Саусақтар)
Регистр не үшін қажет ? (мәліметтерді жинақтау және жылжыту )
Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
Синхронды D тригерде неше кіріс болады? (2)
Келесі жолға өту пернесі? (enter)
Позициялық санау жүйесінде қолданылатын цифрлар санын не деп атаймыз? (негізгі )
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
Сандардың аталу және жазылу ережелері мен әдістерінің жиынтығы (санау жұүйесі)
n -разрядтылық сан үшін 2 шығыс шиналары бар дешифратор қалай аталады? (толық дешифратор)
Сандық құрылғылар қандай айнымалылармен жұмыс істейді (екілік)
Шығыс жағдайы қосымша сигналмен анықталатын триггер.(синхронды триггер)
Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
16. Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.(Тактілік жиелік )
17 .Ақпараттың өлшем бірліктері (бит ,байт )
18.Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
19.1 байт қанша битке тең?
20.Он алты санау жүйесінің негізі
|
Оқушылар техника қауіпсіздік ережесін, орнынан тұрып айтады
1.процессор
2.тышқан
3.монитор
4.3 түрі
5.сканер
6.тізбектеліп
7.2 түрі
8.Сандық құрылғыларды тактілеу үшін
9.бит
10.енгізу/шығару құрылғысы
11.Логика
12.0 және 1
13.4 түрге
14.3 топка
15.101
16.сол санның өзі
17.Тригерлерде
18.регистерде
19.Ақпаратты жіберу үшін
20.Фон Нейман
1.файл
2.сканер
3.2 түрі
4.саусақтар
5.мәліметтерді жинақтау және жылжыту
6.операциялық жүйе
7.2 түрі
8. enter
9. негізгі
10.компьютер
11. санау жүйесі
12.толық дешифратор
13.екілік
14.синхронды тригер
15.1024 байт
16. Тактілік
жиелік
17.бит,байт
18.пернетақта
19.8 бит
20. 16
|
|
"Ой қозғау "
|
|
Білу
1-қадам
|
ІШКІ ЖАД
Ішкі(жедел) жад-негізі
|
Жаңа сабақ бойынша алып отырған ақпарат-тарды үлгеріп, дәптерге жазып отыру, түртіп отыру. Түсінбегенін дер кезінде сұрау.
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
2 қадам: «Түсіну»
|
І топ-«Тұрақты жад » тобына тапсырма:
тұрақты жадтайтын құрылгы ТЖҚ — бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады, компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алынады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық жүйе іске қосылады.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) –ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы Тұрақты жад жедел жадқа қарағанда баяу жұмыс істейді, бірақ олардың жады тұрақты және кедергілерге төзімді.Компьютердің сыртқы жадына иілгіш магнитті дискілер, қатты диск, оптикалық дискілер және флеш жинақтауыштар жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.
ІІ топ-«Жедел жад» тобына тапсырма:
Жедел (оперативті) жадтайтын құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан акпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.
Жедел есте сақтау құрылғысы(ЖЕСҚ)- компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны. Тоқ көзінен ажыратқанда жедел жад өз мәліметтерін жоғалтады. Жедел жад көбіне уақытша қойма ретінде қарастырылады, өйткені оған мәліметтер мен программалар компьютер қосулы тұрғанда ғана емес болдыртпау батырмасын басқанға дейін сақталады. Жедел жадтың қосымша Кэш жадтары қолданылады. Кэш жады - орталық процессордың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.
|
Топтағы оқушылар тапсырмаларды қарастырып, бірге отырып талқылап, түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, ізденеді. Оқулықтан өздігінен оқып, постер қорғайды.
|
Сергіту сәті
|
Интерактивті тақтада Сәйкестендіру мақал-мәтелдер.
Техникалық диктант
|
Қол көтеру арқылы орындарында тұрып, бойларын сергітеді
|
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
3-қадам: «Қолдану»
|
«Галерея аралау» әдісі
2-топқа берілетін тапсырма: Компьютерді пайдаланып тест тапсыру жұмысын орындау.
|
АКТ-ны пайдалана отырып, компьютермен жеке жұмыс жасау
|
4-қадам «Жинақтау»
|
«Әр сұраққа–бір жауап» ойыны
І топ
1. Ішкі жад дегеніміз не?
2. Тұрақты жад дегеніміз не?
3.Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?
ІІ топ
1. Компьютердің ішкі құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады?
2. Компьютер жадының қандай түрлерін білесіздер?
3.Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңыздар?
|
Оқушылар ауызша жауап береді
|
5-қадам: «Бағалау»
|
Берілген бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорыту
|
Бағалау парағындағы ұпайлар есептелінеді
|
Үй тапсырмасын беру
|
Тапсырмалар тақтаға жазылады.
|
Дәптерге жазады
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату
Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
Ұсыныстарыңыз бар ма?
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу
|