Сабақтын тақырыбы: Уақытты басқару элементіне сипаттама және пайдалану



жүктеу 0,57 Mb.
Дата21.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#34075
түріСабақ
f5fe90d5a829330


Сабақтын тақырыбы: Уақытты басқару элементіне сипаттама және пайдалану

мақсаты: басқару элементіне сипаттама және пайдалану
Бұл бөлімде тапсырмалар арқылы жаңа сабаққа қажетті мәліметтер еске түсіріледі. Promethean Activstudio интерактивті тақтасының «сиқырлы өшіргіш» әдісімен дайындалған тапсырманы орындаған кезде 2 оқушы «Даярламаның жинақталған ортасы қандай элементтерден тұрады?» деген сұраққа ауызша жауап береді. Оқушы жауабының дұрыстығы жазылған жауапты өшіргішпен өшірген кезде тексеру арқылы анықталады. Жауап санына қарай 1,2,3 ұпай беріледі.

Promethean Activstudio интерактивті тақтасының «сыр сандық» әдісімен дайындалған тапсырманы орындаған кезде 5 оқушы инструменттер панеліндегі басқару элементтерінің атауын интерактивті тақтада жылжытып, батырма тұсына орналастырып орындайды. Жауап санына қарай 1,2,3,4 ұпай беріледі.


Даярламаның жинақталған ортасының элементтері, оның ішінде инструменттер панелінде орналасқан басқару элементтерімен таныстық. Бүгінгі сабақта TextBox Енгізу өрісі, Label Жазу, CommandButton Батырма, OptionButton Ауыстырып қосқыш, CheckBox Жалауша сияқты басқару элементтері туралы, олардың қызметін меңгеретін боламыз. Олай болса TextBox енгізу өрісіне тоқталсақ.
TextBox Енгізу өрісі

TextBox басқару элементі Енгізу өрісі   TextBox батырмасымен жасалады. Негізінде, TextBox мәтін енгізу үшін қолданылады, сонымен қатар оны программа есептерінің нәтижелерін шығару үшін де қолданады. Бұл басқару элементінің негізгі қасиеттері төмендегідей:

Аlignment – мәтінді 0 - сол жақтан, 1 – оң жақтан, 2 – ортаға туралау

Арреаrаnсе – мәтіннің пішінін 0 – жайпақ, 1 – көлемді етеді.

ВаскСоlоr – өрістің фон түсін орнатады

ВоrdеrStyle – өріске жақтау орнатады немесе алып тастайды

Font – шрифттің стилін орнатады

FоrеСоlоr – шрифттің түсін орнатады

Неіght – өрістің биіктігі

Техt – енгізу өрісіне мәтін енгізеді немесе алып тастайды

Width – өрістің ені



CommandButton Батырма

Бұл басқару элементі CommandButton Батырма   батырмасымен жасалады. Батырманы басумен шақырылатын кейбір әрекеттердің орындалуын инициализациялау үшін (мысалы, бағдарламаны іске қосу немесе оның орындалуын тоқтату, нәтижелерді басып шығару және т.б.) қолданылады. Батырманың ең жиі қолданылатын қасиеттерін атап өтейін:

Сарtіоn – батырмада бейнеленетін мәтінді орнатады немесе қайтарады.

Default – Енгізу батырмасын беретін логикалық қасиет. Егер батырманың Default қасиетінің мәні Тruе-ге тең орнатылған болса, онда оқиғаны өңдеу процедурасы – осы батырманы басу арқылы да, Еntеr пернесін басу арқылы да орындала береді.

Vіsіble – программа орындалу кезінде батырма бейнелене ме – соны анықтайтын логикалық қасиет.
OptionButton Ауыстырып қосқыш

Ауыстырып қосқыш OptionButton   батырмасымен жасалады. Ауыстырып қосқыш екі күйде болуы мүмкін: таңдалған және таңдалмаған. Ауыстырып қосқыш бірнеше бірін-бірі жоққа шығаратын параметрлер немесе әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, көше қиылысындағы бағдаршам уақыттың бір мезетінде үш күйдің бірін ғана бейнелей алады. Ауыстырып қосқыштың ең жиі қолданылатын қасиеттеріне келтірейік:

Сарtіоn – ауыстырып қосқышта бейнеленетін мәтінді орнатады.

Value – ауыстырып қосқыш таңдалған жағдайда Тrueні, таңдалмаған жағдайда False-ні кері қайтаратын логикалық қасиет.

Enabled – пайдаланушы ауыстырып қосқышты таңдай алу мүмкіндігін беретін логикалық қасиет.



Label Жазу

Label Жазу басқару элементі Label   батырмасымен жасалады. Бұл басқару элементі негізінде Сарtіоn қасиеті жоқ жазуларды, мысалы тақырыптарды бейнелеу үшін қолданылады. Қолданба орындалып жатырған кезде пайдаланушы жазуға кіре алмайды. Жазуды өзгерту қолданба орындалу кезінде тек программалық түрде ғана іске асырылады. Жаудың негізгі қасиеттері төмендегідей:

АutoSize – Жазу өлшемін автоматты түрде өзгерту режимін енгізетін логикалық қасиет. Тruе – ақиқат, Fаlsе – жалған.

Сарtіоn – жазуда бейнеленетін мәтінді орнатады немесе алып тастайды.

Left – пішіннің сол жағынан қалдыратын орынды анықтайды.

Visible – программа орындалу кезінде жазу бейнелене ме, жоқ па соны анықтайтын логикалық қасиет.



CheckBox Жалауша

CheckBox Жалауша басқару элементі CheckBox   батырмасымен жасалады. Жалаушаның екі күйі бар: таңдалған және таңдалмаған. Пішінде бір немесе бірнеше жалауша болуы мүмкін. Ауыстырып қосқыштан ерекшелігі – жалаушалар тобы бірін-бірі жоққа шығармайды.



Жалаушаның да ауыстырып қосқыштікіндей Еnаbled, Visible, Style, Рicture және Captіоn қасиеттері бар, бірақ жалаушаның Value қасиеті үш мән қабылдай алады.

Күйі

Мәні

Тұрақтысы
Бекіту сұрақтары:
CheckBox Жалауша не ұшін қажет?

TextBox Енгізу өрісі қандай жұмыс атқарады?
жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау