"Маяковский атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекеменің
9 - сынып оқушысы Құрмашева Аружан
Ғылыми жетекші: Саржанова Гульжаннат Тусупбековна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: "Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар"
(қоғамдық - гуманитарлық бағыт)
2016 - 2017 оқу жылы
1. Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Абай – қазақ әдебиетіндегі ірі тұлға.
1. 1 Қазақ тіл біліміндегі антонимдер.
2. Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптарды топтастыру және қолданылу
ерекшелігі.
2. 1 Ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер мәні.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудағы мақсатым - оқушыларды ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденудің әдістерін үйрету арқылы көрегендікке, шығармашылыққа баулу.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Ұлттық руханияттың белгісі - мәдени мұраға иек арту жаһандануға жақындау мен ұлттардың өзін - өзі сақтауы болып табылады. Осынау өркениетке ұмтылып отырған уақытта ұлттық ұранымыз бен рухымызға айналған Абай есімі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, бүгінде маңызын жоймайтын мәңгілік тақырыпқа айналды. Ұлылар туралы жинап зерттеу, оны таныту көп ізденісті және жауапкершілікті қажет етеді. Абай өлеңдеріндегі антонимдердің қолданылуы шығармаға ерекше мән беруі жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің нысаны:
Зерттеудің нысанына Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар негіз болып отыр.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - сыршыл лирик, данышпан ақын өлеңдерінде антонимдік жұптардың қолданылғанын зерттеу.
1. Абай - қазақ әдебиетіндегі ірі тұлға. Сан ғасырлық поэзияға бай қазақ әдебиетінде ақынның алар орны ерекше.
Абай – қазақтың жаңа реалистік жазба әдебиетінің негізін салған ақын. Ол - керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері.
Ақын поэзиясы өзі өмір сүрген тарихи кезеңді тұтастай жан - жақты бейнелеген. Ол сол кездегі қоғам өміріндегі моральдық проблемалардың, адамның жақсы және жаман қасиеттерін, мінез - құлықтарын сынай келе, сол заманның тіпті бүгінгі заманның да өмір шындығын танып - білуге үлкен себебін тигізеді.
Ұлы ақын өлеңдері терең мәнді және мазмұнды. Бұған себеп ақынның аса шеберлігі.
1. 1 Қазақ тіл білімінде антонимдердің қызметі өте күшті. Қарама - қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Қазақ тілінде антонимдердің қалыптасу, даму тарихына байланысты сөз болған еңбектердің ішінде ерекше атап өтетін еңбек – Ж. Мусиннің «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» атты еңбегі. Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру қарама - қарсылығын білдіретін жұптар деп топтап, нақтылы тілдік деректер бойынша талдап, тың пікірлер айтады.
Тілдегі мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Мысалы: жақсы - жаман, ескі - жаңа, бар - жоқ.
Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл әрекеттерді анықтайтын етістіктерден болады.
Антонимдес сөздер бір сөз табына қатысты. Мысалы: өтірік - шын (зат есім), жоғары - төмен (үстеу), ақ - қара (сын есім).
Антоним жұрнақ арқылы немесе сөз тіркесі арқылы жасалған болымды - болымсыздық мағынаны теңестіруге болмайды. Ол емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалуы мүмкін. Оларды былайша салыстырып көрсетуге болады.
Антонимдер: жақсы - жаман немесе жақсы - жақсы емес, ал - бер немесе ал - алма, сулы - құрғақ немесе сулы - сусыз, көңілді - қапалы немесе көңілді - көңілсіз.
Антонимдер - ойды әсерлі, бейнелі, яғни образды түрде жеткізудің оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады. Бұл ойды тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізуде антонимді қолдану ұтымды тәсіл екендігін танытады. Мысалы: қорқақты көп қусаң, батыр болады (қорқақ - батыр).
Тілде бір - бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады. Мысалы: дұрыс - бұрыс, үлкен - кіші, пайда - зиян, т. б.
Түбір күйінде кездесетіндер: ауыр - жеңіл, кең - тар, ыстық - суық, үлкен - кіші.
2. Шеберлігімен тақырыптың көркін аша білген ақын өлеңдерінен антонимдер жиі кездеседі. Антоним сөздер өлеңге терең мағына, өзінше бір сыр - сипат береді.
Дана ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне назар аударсақ:
Жамандық көрсең нәфрәтілі
Егер түзу көрінсе,
Ойлап - ойлап, құлаққа іл.
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Жақсылық көрсең ғибрәтілі
Деме көптің сөзі бұл.
Оны ойға жисаңыз.
Сізге ғылым кім берер,
Егер қисық көрінсе,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Мейлің таста, мейлің күл
Мұнда жамандық, жақсылық антонимдері туынды сын есімдер – дық, - лық жұрнақтары арқылы жасалған, ал қисық - түзу, ақымақ - ақылды, көп - аз негізгі, дара сын есімдер, жан - сөн етістіктері арқылы ақын неден жиіркеніп, неден үлгі алу керектігіне бағыт - бағдар берген, білімге шақырып, надандықтың артта қалу кесапатын айыптаған.
"Интернатта оқып жүр" деген өлеңінде:
... Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы...
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе
Кімге тиер панасы
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Өлеңдегі ақ пен қара антонимі тұлғасына қарай негізгі, құрамына қарай дара, мағынасына қарай сапалық сын есім. Аз - көп?.. Жоқ - бар Зат есім мен жоқ сөзінің тіркесуі және сұрау есімдігі мен бар сөзінің тіркесу арқылы жасалған. Ақын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын айтады. Озық мәдениет пен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін ақын кейін өз ұлы Әбдірахманға арналған өлеңдерінде көрсетті.
Ақын табиғат лирикасын жырлауда шеберлігін танытып, аса үлкен лирикалық сезімді тербейді. Өлең мазмұны көңілге терең ой, нәзік сезім ұялатқандай анық та сұлу елес береді.
Таймаңдай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып...
Ұлы ақын шағын ғана бес шумақтан тұратын «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне түнгі тіршілік көрінісін және көрініспен қатарласа баяндалған екі жастың терең махаббат сезімін сыйдырған. Суыну - ысыну антонимдері жас жүректің толқыған шағын суреттеуде табылмайтын сөздер тәрізді. Суынып - ысынып туынды етістіктер. – н - ырықсыз етіс жұрнағы, - ып – көсемше жұрнағы. Антонимдер өлеңде салыстыру мағынасында қолданылған.
«Жаз» өлеңінде:... Жоғары – төмен үйрек - қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз - келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап...
Жоғары – төмен сөздерін қатыстыра отырып жаз келбетін келтірген. Жоғары - төмен дара күйдегі негізгі мекен үстеуі. Бұл өлеңде антонимдер ыңғайласа қолданылған.
Ал ақын «Жазғытұры» өлеңінде:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып...
деп төгіле жырлаған өлең жолдарында қыр - ой антонимдері арқылы жазғытұрымғы сипатты әсерлі бояумен бейнелеп отыр. Қырдағы, ойдағы антонимдік жұбы түбір зат есім. Антонимдер өлең тармағында ыңғайласа, кезектесіп жұмсалған.
«Қараша желтоқсан мен сол бір - екі ай» өлеңінде:
Қараша желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,
Кемпір - шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азнап
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да – қылған кедейге үлкен сыйы.
Ақынның бұл өлеңі екі жақты мағынаға ие. Бір жағынан күздің соңғы күндері туралы сыр шертілсе, екінші жағынан қара күздегі кедейлердің жабыраңқы күн көрісін ашық кескіндеп отыр. Ақ қылышын сүйретіп келе жатқан қыстың әр жылы әрқалай түсетіндегі ерте - жай, жоқ - бар, байдың - кедейдің антонимдері арқылы расталған. Ерте - жай антонимдері түбір күйдегі мезгіл үстеу. Жоқ - бар антонимі негізгі дара түбір зат есім. Бай - кедей антонимі негізгі түбір сын есім. Антонимдік жұптар өлеңде салыстыра айтылған.
"Көлеңке басын ұзартып" өлеңінде":
Ұзартып - қысқартып, алыс - жақын, күн - түн, төмен - жоғары, ой - қыр.
Заңғыр көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да "тіршілік базарынан оралар шағында" "күңгірт көңіл" шырмауына оралып,"сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын" сәтін салыстырған.
"Қыс" өлеңінде:
... Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды...
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті - қолы домбығып, үсік шалды.
"Қыста " шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға "бет қарауға шыдамай, сырт айналып", тағы да мал соңында қар жамылып мұз жастанған жылқышылар, суық өтіп, титыға құрыған тайлар мен жабағыларға ауыз салуға аран ашып, жанталасып, айдалада шоқақ - шоқақ жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді. Көшпелі қазақ ауылының тұрмыс - тіршілігін көрсету кезінде қолданылған антоним өлеңге ерекше бояу беріп тұр.
"Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ" өлеңінде:
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды - арты бірдей келсе ерге жайлы.
Кең - тар және алды - арты антонимдер өлеңнен нақ орын тапқандай. Жылқы малының мүсінін әсем жырмен үлкен шешендікпен шебер сипаттаған ақын қазақ тілінің мол байлығын танытады. Кең - тар негізгі, дара сын есімдер. Алды - арты көмекші сөздер. - ы тәуелді жалғаудың 3 жақ жалғауы. Жұптар өлеңде салыстыру мақсатында қолданылған.
"Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" өлеңінде:
... Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды...
Бұл жолдарда ұзын - қысқа антонимі қолданылған. Осы сөздер арқылы жылқы малының сыр - сымбатын бейнелейді. Қарапайым ғана сөздер арқылы сұлу мәнді өлең құрау ақынның шеберлігін танытады. Ұзын - қысқа дара күйдегі негізгі сын есімдер. Антонимдік жұп мұнда ыңғайласып кезектесе жұмсалған.
"Қалың елім қазағым, қайран жұртым" өлеңінде:
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. Жастайынан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуніктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық - зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы Абай олардың озбырлығын мінеп сынайды.
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңінде:
Бір - ақ секіріп шығам деп,
Бір - ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Бір сөз үшін жау болып,
Жүз құбылған салт шықты.
Ел берекесін кетірген атқамінерлер мінезін суреттеп, олардың екі беткейлігін дос - жау антонимдері арқылы сипаттаған. Бұл сөздер өлеңнің өз ішінде салыстырып жұмсалған.
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" өлеңінде:
Алғашқы іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Арамдық пен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, адамдықты кім теңгермек?
Іші - сырты, шайтан - періште, арамдық - адалдық антоним сөздерін қолданып, ел арасында "жақсымын", "жұрт ағасымын " дегендерге ең алғаш сын сөздер айтады. Іші - сырты сөздері қайталанып отыр, яғни іш, сырт - түбірі,- і,- ы тәуелдік жалғауының 3 жағы. Бұл жұп өлеңде қарама - қарсы қоя жұмсалған. Шайтан - періште антонимдері түбір күйдегі зат есімдер. Мұнда ақын шайтан сөзімен залымдарды, періште сөз арқылы қарапайым ақ жандарды сипаттайды.
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман" өлеңінде:
Бай алады "кезінде көп берем" деп,
"Жетпей тұрған жеріңде тек берем" деп.
Жарлы алады: қызметпен өткерем деп,
Елубасы -"шар салып, леп берем" деп.
Дос алады, бермесең бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп.
Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін - бірі жүр ғой аңдып.
Бұл өлеңде бірін - бірі алдаған қазақ аулындағы қу мен сұмды, алдамшы алаяқтарды шетінен өлтіре сынайды.
"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" өлеңінде:
Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Бұл өлеңде халық тәжірибесі танытылғанын, шындықты айта отырғанын, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз адал достыққа үгіттегені жайлы жазылған.
"Әсемпаз болма әрнеге" өлеңінде:
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын, артың - мұз,
Барар едің қай жақ?
Жастарға өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтқан, патриоттық сезімінен туған шығармасы. Бас - зат есім, - та - есім сөзден жасалған етістік,- п - көсемше жұрнағы,- қы - етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ. Соңы - зат есім, - ғы - етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ,- сыз - туынды сын есім жасайтын жұрнақ. Алды - арты - көмекші сөздер.
Абай өлеңіндегі антонимдік жұптарды былай топтастырып, зерттеу жұмысымды толықтырдым.
Өлең тақырыбы
Антонимдік жұптар
Өлең аттары
Ғылым - білім туралы
жамандық - жақсылық,
қисық - түзу, ақымақ - ақылды, көп - аз, ақ - қара, жоқ - бар, жанбай - сөнсеңіз. “Ғылым таппай мақтанба”, "Интернатта оқып жүр”
Табиғат лирикасы
жоғары - төмен, бай - кедей, бар - жоқ, ерте - жай, қыр - ой, суынып - ысып, күн - түн, ұзартып - қысқартып, кәрі - жас. “Жаз”, “Қыс”,”Желсіз түнде жарық ай”, “Жазғытұры”,”Қараша желтоқсанмен сол бір - екі ай”,”Көлеңке басын ұзартып”
Саятшылық
кең - тар, ақ – қара, ұзын - қысқа, алды - арты.
“Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”,”Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы”
Қоғамдық сипат
күн - түн, жақсы - жаман, жау - дос, шығам - түсем, іші - сырты, бай - жарлы, алыс - жақын.
“Қалың елім қазағым,
қайран жұртым”,
”Сабырсыз, арсыз еріншек”,”Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек”,”Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман"
Жастар туралы
жалған - шын, арзан - қымбат, бай - кедей, бастапқы - соңғысыз, алды - арты.
“Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат”,
“Әсемпаз болма әрнеге”
Екінші кестеде жоғарыдағы антонимдерге тіл жағынан толық талдау жасалған, яғни әр антонимдік жұп қай сөз табынан жасалғандығы көрсетілген.
Антонимдерді сөз табына талдау
Тақырып
Өлең тақырыбы
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
Үстеу
Көмекші сөздер
Ғылым - білім
туралы
“Ғылым таппай мақтанба жамандық - жақсылық
қисық - түзу,
ақымақ - ақылды көп - аз
жанбай - сөнсеңіз
“Интернатта оқып жүр” ақ - қара
көп - аз жоқ - бар
Табиғат
лирикасы
“Желсіз түнде жарық ай” суынып - ысып
“Жазғытұры" қыр - ой
“Қараша желтоқсан мен сол бір – екі ай” бай - кедей
бар - жоқ
ерте - жай
“Жаз”
жоғары - төмен
“Қыс”
кәрі - жас
Көлеңке басын ұзартып” күн - түн, ой - қыр ұзартып - қысқартып
Саятшылық “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” кең - тар
алды - арты
“Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы”
ақ - қара,
ұзын - қысқа
Қоғамдық сипат
"Қалың елім қазағым, қайран жұртым"
күн - түн
жақсы - жаман
"Сабырсыз,
арсыз, еріншек" жау - дос
шығам - түсем
"Қартайдық, қайғы ойладық,
ұйқы сергек" іші - сырты
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман" бай - жарлы,
дос - жау.
алыс - жақын
Жастар туралы
"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" жалған - шын
арзан - қымбат,
бай - кедей алды - арты
"Әсемпаз болма әрнеге"
бастапқы – соңғы сыз
2. 1 Қорытынды
Қорыта келгенде ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер ақын шығармаларының мәні мен мазмұнын ашуда үлкен тірек болған. Осылайша ақын өз ойын еркін жеткізе білген. Ол адам өмірін мағыналы етуде ақыл, еңбек, білімнің және жігердің пайдасын дәріптеп, адамгершілікті жас ұрпаққа өсиет ете жырлаған. Жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыра келе, ұлы Абай түзу де адал ақ жолды көздеп, жас буынға бағдар көрсете білді. Осылайша ол жастар қамқоршысы болды. Бес асыл мен бес арсызды салыстыра келіп, ақын оқу - білім қамқоршысы бола білді.
Сондай - ақ саятшы, шебер сыншы, сыршыл лирик, данышпан ақын ретінде танылған Абайдың сегіз қырлы, бір сырлы жан болғандығын білдім.
Осылайша зерттей келе, толық болмаса да, мен Абай өлеңдерінде антонимдердің үлкен көлемде қолданғандығына көз жеткіздім.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Абай Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық жинағы,
А., “Жазушы” 2005 жыл.
2. Абай энциклопедиясы “Атамұра” баспасы
3. Абай Құнанбайұлы шығармаларының бір томдық жинағы,
А., 1961 жыл
4. 5 - 8 сыныптың әдебиет оқулықтары.
1. Ж. Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» А., 1984
Достарыңызбен бөлісу: |