Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қазақстан республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаменті (индекс 090006, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, №208, Электрондық мекенжайы: rn_du_zko@mail.ru ақпараттық телефондар: /8-7112/ 51-52-74, факс: 50-50-95) мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
1. Орал қалалық Әділет Басқармаларының бас маманы /С-R-4 санаты, 1 бірлік/, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде). Лауазымдық ақысы жұмыс атқарған жылдарына байланысты 64063,14 (бір жылға дейін) теңгеден 86485,24 (20 жыл астам) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Акт жазбаларды қалпына келтіру, түзетулер енгізу, акт жазбаны жою жөнінде консультация беру; неке тіркеу, салтанатты түрде неке тіркеу, бала асырап алу тіркеу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту тіркеу, некені бұзу тіркеу, тууды тіркеу, салтанатты түрде тууды тіркеу, әкелікті анықтау, қайтыс болуды тірке; некелік жасын кеміту туралы құжаттарды дайындау; неке қию, некені бұзу, туу және әкеліктә анықтау, қайтыс болу бланкілердің шығысын тіркейтін кітаптарды жүргізу; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгер мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім; Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.
Аталған лауазымның қызметтік міндеттері саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес, ҚР Конституция, ҚР «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», ҚР «Әділет органдары туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы.
Қосымша талаптар: функциональдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу қабілеті
2. Орал қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы / С-R-5 санаты, 1 бірлік/, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде). Лауазымдық ақысы жұмыс атқарған жылдарына байланысты 49969,25 (бір жылға дейін) теңгеден 67906,93 (20 жыл астам) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Акт жазбаларды қалпына келтіру, түзетулер енгізу, акт жазбаны жою жөнінде консультация беру; неке тіркеу, салтанатты түрде неке тіркеу, бала асырап алу тіркеу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту тіркеу, некені бұзу тіркеу, тууды тіркеу, салтанатты түрде тууды тіркеу, әкелікті анықтау, қайтыс болуды тірке; некелік жасын кеміту туралы құжаттарды дайындау; неке қию, некені бұзу, туу және әкелікті анықтау, қайтыс болу бланкілердің шығысын тіркейтін кітаптарды жүргізу; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгер мамандығы бойынша жоғары немесе арнаулы орта білім
Аталған лауазымның қызметтік міндеттері саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес, ҚР Конституция, ҚР «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», ҚР «Әділет органдары туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы.
Қосымша талаптар: функциональдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу қабілеті.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасымен бекітілген 2013 жылғы 19 наурызындағы №06-7/32 Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы негізінде өткізіледі.
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/35 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрлігінде 2013 ж. 20.03 № 8383 тіркелген.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат).
Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмағанда, конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуының негізі болып табылады.
Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер, оларды сұхбаттасуға жіберу туралы хабарлама алғаннан кейін, 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы департаментінде сұқбаттасудан өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |