Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан



жүктеу 1,64 Mb.
бет13/23
Дата14.05.2018
өлшемі1,64 Mb.
#12919
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




Оқу бағдарлама сына

сілтеме


Оқу мақсаттары


Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)


Оқыту ресурстары

1.1

Қоршаған ортаны білу және түсіну



2.1.1.1

Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем,фактура) суреттеу және түсіндіру



Біз де спортшылармыз!







(С) Спортшылар мен спорт туралы бейнеролик немесе таныстырылымды көруді ұсыныңыз.

(С, Қ) Оқушылардан көрсетілген материал негізінде және өз бақылаулары бойынша сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз.

  • Спорттың қандай түрлері бейнеленген?

  • Саған қай спорт түрі ұнайды? (неліктен?)

  • Сендер қандай танымал спортшыларды білесіңдер?

  • Оқушыларға спортшылардың белгілі бір қозғалыста тұрған суреттерін көрсетіп, мұқият қарап шығуларын, қандай спорт түріне жататынын сұраңыз. Мұны қалай анықтауға болады? Әртүрлі қозғалыс кезінде адамның бейнесінде не өзгереді? Адамдар спортпен не үшін шұғылданады?

(Т, Қ) Оқушыларға спортшылардың белгілі бір спорт түрімен шұғылданып тұрған суретін аппликация техникасында жұптасып орындауын ұсыныңыз.

Оқушылар өз беттерінше қимаүлгілер арқылы адам денебітімінің бөліктерін белгілі бір түстегі қатырма қағаздан қиып алып дайындайды. Кереғар түсті қатырма қағаздың екінші парағына адам



Мұғалім адам баласын спортпен шұғылдану ерте замандардан бері қызықтырғанын оқушыларға көрнекі құралдар арқылы түсіндіруі керек. Дәлел ретінде оқушыларға әртүрлі антикалық спортшылардың суреті бейнеленген ежелгі Грек амфорын, ежелгі Египет пирамидасының қабырғасында салынған жүгіруден жарыс, секіру, ескек есу, арба дөңгелектерімен жарысу бейнеленген суреттерді көрсетіңіз.

Сонымен қатар спорттың алуан түрлері бейнеленген суреттер мен атақты шетелдік және Қазақстандық спортшылар бейнеленген бейнематериалдарды дайындаңыз.


Адам денебітімінің бөліктері бейнеленген дайын қимаүлгілерді таратыңыз.

Оқушылар кеуденің, қолдың және аяқтың бірдей доғал пішінде бейнеленгенін, бірақ өлшемі жөнінен ерекшеліктері бар екенін анықтайды.

Оқушыларға аппликацияны берілген спорт түріне тән қосымша нышандармен (футбол добы, теннис ракеткасы, секіруге арналған сырық және т.б.) толықтыруларын ұсынуға болады.

Қауіпсіздік техникасы мен тазалық гигиенасын сақтауларын қадағалаңыз.



Түрлі-түсті қатырма қағаз,

желім (қарындаш), қайшы.


Адам денебітімі бөліктерінің қимаүлгілері (бас, дене, екі қол бөлігі , екі аяқ бөлігі, табан, қол білезіктері)
Спортпен шұғылданып жатқан адам бейнелерінің постерлері; қозғалыстағы спортшылардың фотосуреттері
Интернет ресурстар: Қозғалыстағы адам суретін қалай салу керек

http://kak- narisovat.narod.ru/kak- risovat-cheloveka- risuem-lyudej- karandashom-v- dvizhenii.html










денебітімінің дайын бөліктерін орналастырып, спортшының әртүрлі қозғалысын жасайды.

Спортшының қозғалыстағы бейнесін жасау.

Берілген спорт түріне сәйкес қозғалыстың бірнеше нұсқасын жасап, сәтті шыққан суретті желім арқылы жапсырыңыз.

(Ж, Қ) Бір-бірінің суреттерін қарастырып, оқушылар спорт түрін анықтайды және спорттың адам өміріндегі маңызы жайлы айтады.

Берілген тапсырманы орындау барысында тазалық ережелері мен кесетін құралдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды.









1.2 Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну

2.1.2.1

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау және олардың айырмашылық ерекшеліктерін (сипаттамасын) суреттеу



Өнер және қозғалыс







Қозғалыстағы адамның денебітімі бейнелеген суретшілер мен мүсіншілердің ұсынған жұмыстарын оқушылармен қарастырыңыз.

Әйгілі суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстарын негізге ала отырып, адам денебітімі бөліктерінің пропорциясының сәйкестігін қараңыз.

Сұрақтар қойыңыз:


  • Қандай іс-әрекет бейнеленген?

  • Суретші қозғалысты қалай бейнелеген?

  • Қай суретте адамдар билеп жатыр?

  • Сен оны қалай анықтайсың?

  • Өз ойыңды түсіндір.

Әуенге қосылып, оқушылармен бірге би



Александр Дейнек, Александр Самохвалов, Гүлфайруз Исмаилова, Амадео Модельяни және т.б. суретшілердің жұмыстарын, сондай-ақ б.э.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген мүсінші «Мирон» жұмысы болып санаталын, қоладан жасалған "Дискобола" мүсінінің бейнесін және ежелгі әлемнің басқа да мүсіншілерінің жұмыстарын, әр түрлі қозғалыстағы бейнелерді дайындаңыз (мысалы, оқушылар адам денебітімі бөліктерінің әртүрлі қалыптарын бақылай алатын спорттағы немесе бидегі қозғалыстар).

Ырғаққа толық тереңдеу үшін оқушыларға ырғақты әуенді тыңдай отырып, би қимылдарын көрсетулерін ұсыныңыз.



Суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары.

Билеп жатқан адамдар бейнесі.



Әр түрлі сипаттағы би композицияларының фонограммалары.
А4 парақтары. Гуашь, пастель, балауыз борлар, акварель










қимылдарын бейнелеңіз. Берілген тапсырма барысында оқушылар бір- бірлерін бақылап, өз қозғалыстарын түсіріп алады.

Бір-бірінің сұлба қозғалыстарын қарастырады.



(Ө) Оқушылар белгілі бір қозғалыстарды таңдап, оны көрсетуге материалдар іріктейді.

Оқушылар қозғалыс бейнеленген сұлбалы суреттер салады.



(Т, Қ) Оқушылар суретшілердің жұмыстарын, сыныптастарының және өз суретін қарастырады. Өзі жасаған сұлба мен суретшінің жұмысын салыстырып, денебіміндегі ұқсас бейнелерді табады.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Жұмысты орындау барысында гигиена ережелерін сақтайды.


Мүмкіндігіне қарай берілген тапсырманы жарықпен және оқушылар сұлба көлеңкесін байқай алатындай етіп мүсіндерді экранда немесе қабырғада көрсету арқылы ұйымдастыруға болады.

Берілген тапсырманы форматқа бояумен немесе түрлі-түсті борлармен салуға, ал жұмыс нәтижелі болуы үшін кереғар түсті фонда орындауға болады.






2.3

Дайындау технологиял ары



2.2.3.2

Айқындалған тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан қағаз материалдары ) қарапайым көлемді

пішіндер жасау


Қозғалыс - денсаулық кепілі!







Оқушылар алдыңғы білімдерін қолдана отырып, адамның анатомиялық құрылысын қайталайды.
(С, Қ) Оқушылар әртүрлі спорт түрлеріндегі бейнеленген денебітім суреттерін қарастырады.

Оқушылар өздеріне ұнайтын спорттың түрін таңдайды. Осы спорт түріне сәйкес қимылдарды көрсетуге тырысады.

Мүмкіндігіне қарай әртүрлі спорттық қозғалыстағы сыныптастарын суретке түсіруге болады. Оқушыларға сұрақтар қойыңыз:

- Көлемді денебітімді қандай



Адамның денебітім бөліктерінің сәйкестігі туралы өткен сабақтарда алған білімдерін қолдана отырып, адамның анатомиялық құрылысын қайталау керек. Үлгі ретінде адамның сызбалық бейнесінің үлгісін қолдану ұсынылады.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, әр түрлі спорт түрлері көрсетілген материалдарды дайындап қойыңыз (мұғалімге дәстүрлі спорт түрлерінен басқа заманауи спорт түрлері көрсетілген материалдарды қолдану ұсынылады).



Оқушыларға қажетті материалдарды таңдап, спортшылардың көлемді денебітімін жасауды ұсыныңыз.




жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау