Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан



жүктеу 0,96 Mb.
бет9/23
Дата29.12.2019
өлшемі0,96 Mb.
#25419
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




Оқу бағдарлама сына

сілтеме


Оқу мақсаттары


Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)


Оқыту ресурстары




және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

келтіретін әдістермен танысады.

(С) Оқушылар суреттер мен олардың жеке бөлшектерін қандай әдістер арқылы қозғалысқа келтіруге болатынын көреді. Берілген әдістер одан әрі түсінікті болуы үшін, өзіңіз қозғалмалы элементтері бар бірнеше бетті жасап көрсетіңіз.
(Ж, Ө, Қ) Оқушылар кітаптың екінші бетін жасайды. Бетте кейіпкер немесе кейбір элементтер қозғалыста болуы керек. Оқушыларға қандай бөлікті қозғалмалы етіп жасайтындары туралы ойлануды ұсыныңыз. Ол үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданады?

Оқушылар ойластырылған сюжетті жалғастырады немесе жаңасын ойлап шығарады.

Оқушылар өз жұмыстарына қажетті материалдарды талқылайды.

Аппликацияның негізі ретінде қалың немесе қатырма қағаз қолданылады. Ал пішіннің өзі түрлі-түсті қағаз немесе қатырма қағаздан, мата, бисер және т.б. қоспалар қосу арқылы жасалуы мүмкін.

Оқушылар кітаптың дайын парақтарын сыныптастарына ұсынып, олардың бөліктері қалай қозғалатынын көрсетулеріне болады. (Ж, Ө) Жұмысты аяқтаған соң, оқушыларға өз жұмыстары жайлы әңгімелеуді ұсыныңыз. Жоспарлағаның іске асты ма? Тағы басқа қандай әдіс-тәсілді қолданар едің?


қозғалысқа келтіретін механизм екенін түсіндіріңіз. Бұл үшін суреттер жапсырылған қағаз жолақшаларын негізгі қағаздың шеттеріндегі тесігіне бекіту керек.

Оқушыларға қайшымен, сыммен, батырмамен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін есте сақтауды міндетті түрде ескертіп отыру қажет.

Жұмыс барысында оқушылар ойластырылған сюжетті немесе жаңа оқиға құрастыруына болады.


Ақ және түрлі-түсті қатырма қағаз,

ұшы үшкір қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім,

қалың мата, журналдардан қималар, скотч,

сурет салуға арналған альбомдар.









Ерекше кітаптар










Оқу бағдарлама сына

сілтеме


Оқу мақсаттары


Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)


Оқыту ресурстары

2.3

Дайындау технологиял ары


2.2


Шығармашы лық жұмысты орындау материалдар ы мен

техникалары



2.2.3.1

Әртүрлі тәсілдер мен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру


2.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

(С) Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталап шығыңыз, оқушылардан кітапты ерекше етіп жасау үшін қандай әдістерді білетіндерін сұраңыз.

(С) Оқушыларға иінтіректі механизмі бар кітапты көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:

  • Кітаптар несімен қызықты?

  • Олар қалай жасалған?

  • Қалай және қай жері қиылып жасалған?

  • Бөлшектер қалай ашылады?

(К) Оқушыларды төңірегіңізге жинап, иінтіректі механизмнің орындалу кезеңдерін көрсетіңіз. Алдымен, суретті салып алып, оның қай бөліктерінің қозғалатынын анықтау керек. Содан соң үшкір қайшымен бөлшектің үш жағынан ойып, тесу керек. Төртінші жағы бүтін күйінде қалуы керек. Содан соң шыққан жармаларды ұқыпты ашып алу керек.

(Ж, Ө, Қ) Оқушылар шығармашылық жұмысты орындауға кіріседі. Олар әртүрлі пішін мен өлшемдердегі есіктер мен терезелерді суретке қосуы керек. Жұмыс барысында оқушылар өз қалаулары бойынша қағаз, мата, үлдір (пленка) және т.б материалдарды қолдануына болады.

(Ж, Ө) Тапсырманы аяқтаған соң оқушыларға өз жұмыстарына ат ойластыруды ұсыныңыз. Ашылатын механизм жайлы пікірлесу.

Ашылмалы механизмді оқушыларға есік пен терезе үлгілері арқылы көрсетуге болады.

Слайдер мен ашылмалы механизмнің (жылжымалы механизмге жақын) айырмашылығын көрсету қажет.

Оқушыларға сыныптың есігі мен пойыз купесінің есігі қалай ашылатыны туралы ойлануды ұсыныңыз. Бұл жерде қандай механизм қолданылғанын? Неліктен екенін талқылаңыз.

Дайын жұмыста ашылмалы механизмнің дайындалу технологиясының сақталуын бағалау керек, жармалар (бекітпе) ашылады, шашылмайды, ашық саңылауына өлшемі мен пішіні сәйкес келеді. Сонымен қатар түстік гаммасының таңдалуын: фоны мен бұйым түстерінің кереғарлығын бағалау. Жұмыс жасау барысында өткір, үшкір заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін қаншалықты сақтағанын бағалау қажет. Үстелдің

бетін сызып алмау үшін, сурет салатын парақтың астына қатырма


Ақ және түрлі-түсті қатырма қағаз, ұшы үшкір қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім,

қалың мата, журнал қиындылары, скотч,



қайшы, терезе, есік тәрізді иінтіректің қарапайым механизмдері.




Оқу бағдарлама сына

сілтеме


Оқу мақсаттары


Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері


Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)


Оқыту ресурстары










қағаз төсеу керек.

Тапсырма ашылмалы механизмді жасай білу ептілігімен бекітіледі, есік- терезенің пішіні мен өлшемі олар жабатын саңылаудың пішіні мен өлшеміне байланысты екендігі туралы түсінік қалыптастырады.






3.3

Жұмысты талқылау және қорғау



2.3.3.1

Шығармашылы қ жұмыстарын түсіндіру және жақсартудың идеясын ұсыну



Кітап дайын
(С) Оқушылармен кітап жасауды аяқтау үшін не дайындау қажет екенін талқылаңыз. Мұқабасы қандай болуы керек? Онда қандай ақпараттар жазылуы мүмкін?

(С) Оқушыларға болашақ кітаптарын жасау үшін, өткен сабақтарда жасаған кітап парақтарын қарастыруды ұсыныңыз. Сұрақтар қойыңыз:

  • Сен оларды қалай біріктіресің? Неге?

  • Өз идеяң туралы айтып бер.

(С) Жекелеген парақтардан кітап жасау үшін,оларды біріктіру қажет. Парақтарды біріктірудің әр түрлі әдістері бар. Олардың кейбіреулерімен оқушылар бұрыннан таныс. Оқушылардан тағы қандай басқа әдістерді білетіндерін сұраңыз. Оқушыларға ол туралы айтып берулерін ұсыныңыз.

(Ж, Ө) Оқушылар берілген бөлімнің барлық сабақтары бойы жасалып келген кітапты аяқтайды. Сабақтың негізгі тапсырмасын орындай отырып, олар дайындалған парақшаларды дайын мұқабаға бір-бірімен

Парақтары түйреуіш, түптеу, бүктеу арқылы, ширма әдісімен жасалған балалар кітаптарын жинақтаңыз.

Сабақты мақал-мәтелді талқылаудан бастаңыз.

Оқушыларды топтастырып, мақалды қалай түсінгендерін сұраңыз. Талқылаудан кейін жұптар өз ойларын сыныпқа ортаға салады.

Барлық кітаптардың мұқабасы болатын түсіндіріңіз. Мұқаба кітаптың жұқа парақтарын бүлінуден сақтайды. Ерте заманда кітаптың мұқабасын ағаштан, сүйектен, соғылған темірден жасап, асыл тастармен безендірген. Қазір кітап мұқабасын қалың қатырма қағаздан жасайды. Мұқабада кітап туралы негізгі ақпарат көрсетіледі: авторы, атауы, кітаптың мазмұнын айқындайтын сурет (егер бар болса). Балаларға арналған кітаптың мұқабасы жас оқырманның назарын аударатындай ашық түрлі-түсті болуы керек.



Өткен сабақтарда жасалған кітап парақтары,

Қатырма қағаз, түрлі- түсті қағаз, желім,

мата қиындылары, скотч, үлкен степлер ине, жіп.

Балалар кітабы, жұмбақтар немесе қысқа өлеңдер мен мәтіндер жазылған журнал қиындылары.


Ақ қатырма қағаз, сурет салуға арналған материалдар (бояулар, қарындаштар, фломастерлер және т.б.)

жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау