Сабақ ЖӘне өзара сабақҚА Қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы ереже І. Жалпы ережелер 1



жүктеу 89,68 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.02.2018
өлшемі89,68 Kb.
#10416
түріСабақ


 


АШЫҚ САБАҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА САБАҚҚА  ҚАТЫСУДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ  

ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ  

 

ЕРЕЖЕ 

 

 

І. Жалпы ережелер 

1.1 


Ашық сабақ және өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау  туралы Ереже 

(бұдан  әрі  -  Ереже)  «М.О.Әуезов  атындағы  педагогикалық  колледжі»  КМҚК  педагог 

қызметкерінің  (бұдан  әрі  -ПҚ)  ашық  сабақ  және  өзара  сабаққа  қатысуды  жүргізу  тәртібі 

мен рәсімделуін іске асырады.  

1.2. 

Ереже 2007 жылғы 27 шілдесінен «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 



№  319-III  (өзгерістермен  және  толықтырулармен),    2013  жылғы  17  мамырынан  «Тиісті 

үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын,  оның  ішінде  балаларға 

арналған  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдары 

қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының    Үкіметінің 

№ 499 Қаулысына,  «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Әдістемелік 

кеңес туралы Ережесіне, Колледж жарғысына сәйкес әзірленді.  

1.3. 

Ереже  білім  алушылардың  білім  алу  құқығын,  оқытушылардың  шығармашылық 



еркіндігінің  құқықтарын, Қазақстан  Республикасы заңнамасын жүзеге асыруды бақылау 

мақсатында колледж әкімшілігінің  сабаққа қатысу құқығын қамтамасыз етеді. 

1.4. 

Ереже төмендегі оқу сабағына қатысу тәртібін айқындайды: 



 

сабақ; 



 

сабақтан тыс іс-шара; 



–  зертханалық және сарамандық жұмыстар; 

–  факультатив сабақтар; 

–  жеке жұмыс және топтық жұмыс; 

 



үйірме; 

 



спорт секциялары; 

 



ағымдық емтихандар. 

1.5. 


Ашық сабақты және өзара сабаққа қатысуды қыркүйекке және каникулдан кейінгі 

семестрдің бірінші апталарына жоспарлау мақсатқа сай емес (бейімделу кезеңі). 



 

ІІ. Өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері 

2.1. Өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлаудың мақсаты:  

ПҚ өзара сабаққа қатысуы пәндік әдістемелік комиссия (бұдан әрі - ПӘК) шеңберінде оқу 

үрдісін  жетілдіру,  оқытушылардың  педагогикалық  шеберлігін  көтеру,  дер  кезінде 

әдістемелік  көмек  беру,  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  іс-тәжірибелермен  алмасу 

мақсатында жүргізіледі.  

2.2. Өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлаудың міндеті: 

 



педагогикалық шеберлікті жетілдіру; 

 



жаңа  әдістемелік  тәсілдер  мен  тәжірибелі  педагогтардың  білікті  ұсынымдарымен 

таныстыру;  

 

Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру; 



 

Оқу сапасы мен үлгерімін көтеру. 



 

ІІІ. Өзара сабаққа қатысу мақсатын айқындау 

3.1.


 Сабақ барысында мұғалім үлгерімі төмен білім алушылармен   жекелей жұмысты 

қалай жүзеге асыратынын зерттеу. 

Бағдарламасы: 

 

 




 

Үлгермеуші және үлгерімі төмен білім алушылардың үлгермеу себептері мен олардың 



педагогикалық – психологиялық деңгейлері хабардар болуы; 

 



Оқытушы  бұл  білім  алушыларға  берілген  үй  тапсырмасын  қалай  тексерді  және  оның 

орындалуын қалай бақылайтындығын назар салу; 

 

Үлгермеуші  білім  алушылардың    жаппай,  топтық,  жүргізілетін  жұмыстарға  қатысын 



бақылау; 

 



Сабақ үстінде үлгермеуші білім алушыға қандай көмек көрсетілді? Қалай? Қандай әдіс 

басшылыққа алынды? 

 

Оқытушы  жаңа  материалды  білім  алушыға  қабылдауға  және  меңгертуге  дайындауда 



қандай жұмыстар жүргізді? 

3.2.  Білім  алушылардың  ойлау  қабілетін  және  белсенділігін  арттырудағы  оқытушының 

қызметін зерттеу. 

Бағдарламасы: 

 

Білім  алушылардың  білім,  білік,  дағды  деңгейлерін  қалыптастыра  отырып, 



белсенділігін арттыруда қандай технологиялар және әдістер қолданды? 

 



Білімді  меңгертудегі,  тапсырмаларды  орындаудағы  білім  алушы  белсенділігі  қалай 

жүзеге асырылды? 

 

Білім  алушыларды  талдау,  жинақтау,  топтау,  салыстыру,  анықтау,  нақтылау 



жұмыстарын үйретудегі оқытушы  қызметінің тиімді жақтарын анықтау; 

 



Сабақ  барысында  білім  алушылардың  ойлау  қызметін,  өз  ойын  жеткізе  білу 

қабілеттерін анықтау; 

3.3. Сабақ  үстіндегі  білім  алушылардың  тәртібіне  және  жұмыс  істеу  қабілетіне  бақылау 

жасау. 


Бағдарламасы: 

 



Білім алушылардың оқытушыға және пәнге қарым – қатынасы; 

 



Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің қалыптасуы; 

 



Тәртіп  ережесінің  және  бірыңғай  талаптың  білім  алушылар    тарапынан  орындалуы, 

тәртіптілік деңгейі; 

 

Білім алушылардың белсенділігі, ұйымшылдық, өзара талап қоюшылық деңгейі; 



 

Еңбекқорлық, қиындықты жеңе білу деңгейі; 



 

Білім алушылардың өзара қарым – қатынас мәдениеті; 



 

Оқытушыға деген сыйластық нормаларының сақталуы; 



3.4.  Оқытушы  қабілетілетін зерттеу. 

Бағдарламасы: 

 

Жобалаушылық қабілетін анықтау



 

Құрастырушылық қабілетін анықтау; 



 

Ұйымдастырушылық қабілетін зерттеу; 



 

Тілектестік (коммуникативтік) қабілетін зерттеу; 



 

Танымдық қабілетін анықтау; 



 

т.б; 



3.5.  Білім  алушылардың  білім,  білік,  дағды  деңгейлерін  қалыптастырудағы  оқытушы 

қызметін зерттеу. 

Бағдарламасы: 

 



сабақ мақсатына сай білім алушылар  қызметінің ұйымдастырылуы; 

 



білім алушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыруда қолданылатын әдіс 

– тәсілдердің тиімділігі; 

 

білім беру технологияларының қолданылуы: 



 

білім алушылардың ой – өрісінің дамуына оқытушының ықпалы; 



 

жас ерекшеліктерінің ескерілуі; 



 

білім алушылардың білімін есекере отырып, дифференциалды қарым – қатынас жасау; 



 

 



т.б; 


3.6.  Білім  алушылардың  біліміне  бақылау  жасау  және  оны  есепке  алуды  жүзеге 

асырудағы оқытушы қызметіне зерттеу жүргізу. 

Бағдарламасы: 

 



оқытушының  күнделікті  сабақ  жоспарында  білім  алушылардың  білімі  қалай 

тексерілгендігін қарау; 

 

сабақ барысын бақылау  және  топ журналын  тексеру  арқылы  білім  алушылардың баға 



қорын, білім алушыларға қойылатын бағаның нақтылығын зерттеу; 

 



үлгерімі  төмен  және  үлгермеуші  білім  алушылармен  жүргізілетін  жұмыс  формасына 

назар салу; 

 

оқу бағдарламасының меңгерілуін бақылау және оны білім алушылардың қабылдауын 



есепке алу формаларын анықтау; 

 



білім  алушылардың  білімін  тексеру  барысында  олардың  білім  деңгейлеріне  қарай 

дифференциялды ықпалдың жүзеге асуы; 

 

білім алушылардың біліміне бақылау жасау технологиялары мен әдіс – тәсілдері; 



 

т.б.; 



3.7.  Сабақта  білім  алушылармен  жүргізілетін  практикалық,  сарамандық,  өзіндік 

жұмыстың ұйымдастырылуы барысын зерттеу. 

Бағдарламасы: 

 



сабақ 

барысында 

практикалық, 

сарамандық, 

өзіндік 

жұмыстың 

орынды 

ұйымдастырылуы, нақтылығы, дұрыстығы және қойылған мақсаттың айқындылығы; 



 

Оқытушы өзіндік жұмыстың қандай бағыттарын жүргізуді практикаға айналдырған? 



 

практикалық,  сарамандық  жұмысты  жүргізудегі  қолданылатын  әдіс  –  тәсілдердің 



тиімділігі, пайдасы; 

 



практикалық  жұмыстың  білім  алушылардың  білім,  білік,  дағды  деңгейлерін 

қалыптастыруға ықпал ету дәрежесі; 

 

практикалық  жұмыстың  ұйымдастырылуында  білім  алушылардың  теориялық  білім  



деңгейін есепке алуы; 

 



практикалық  жұмыстың орындалуы  сапасы, кездескен қиындықтар, кемшіліктер және 

оларды шешу қалай жүзеге асырылатындығын анықтау; 

 

т.б.; 



  

ІV. Колледж әкімшілігінің сабақтарға қатысуы 

4.1.  Колледж 

әкімшілігіне  (осы  жағдайда)  колледж  директоры,  директордың 

орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер жатады. 

4.2.  Колледж әкімшілігі сабақтарға қатысу жоспары бойынша сабаққа қатысады. 

4.3. Сабақтарға қатысудың негізгі мақсаты болып табылады: 



 



 

оқытушыларға кәсіби міндеттерді орындауда көмек көрсету; 



 



 

оқытушылардың  қызметіндегі  білім  алушылардың  пән  бойынша  МЖМБС  талаптарын 

меңгеру деңгейін бақылау; 



 

 

оқу және тәрбие шеңберінде заңнамалық сақтауды бақылау; 



 



 

колледждегі жұмыс нәтижесінің тиімділігін жоғарлату. 

4.4.Оқытушыға  жоспарланған  қатысу  туралы  сабаққа  дейін  45  минут  бұрын  алдын  ала 

ескертілу  керек.  Директор  және  оның  орынбасарлары  ескертусіз  сабаққа  қатысуына 

болады. 

4.5. Әкімшіліктің құқығы 



 



 

Сабақтың оқу жоспарымен танысу; 

 

білім алушылардың дәптерлерін жинап қарау; 



 



 

қажет болса, сабақтан кейін білім алушылармен сұхбаттасу. 

4.6. Сабаққа қатысу кезінде әкімшіліктің келесіге құқығы жоқ: 



 

 

сабақ барысына кірісуге; 



 

 



 



 

сабақ үстінде шығуға (жоспардан тыс жағдайда ғана); 

4.7. Сабаққа қатысқан соң әкімшілік өкіліне міндетті түрде келесі бағыттарда сұхбаттасу: 



 

 

оқытушының өз сабағын  талдауы; 



 



 

әкімшілік өкілінің сабақ талдауы; 



 



 

сабаққа қатысу нәтижесінің  корытындысын ұйғару. 



 

V. Колледж  оқытушыларының сабақтарға қатысуы 

5.1.    Оқытушылардың  сабақтарға  қатысуын    ПӘК  төрағасы  ұйымдастырады.  Сабақтарға 

қатысу кестесін ПӘК төрағалары қадағалап отырады

5.2. Оқытушылар оқу жылы барысында ПӘК жоспарына сәйкес сабақтарға қатысады; 

5.3.  Бір  оқытушының  сабақтарға  қатысуларының  саны  оқу  жылында  24  сағаттан  кем 

болмауға тиіс; 

5.4. Сабаққа қатысатын оқытушының құқықтары:  



 

 

сабақта қолданылатын әдістемелік ұсыныстармен және дидактикалық оқу тәсілдерімен, 



оқу-жоспар құжаттармен  танысуға; 



 

 

сабақтан  соң  талдау  кезінде  жағымды  және  жағымзыз    жақтары  жөнінде  өз  пікірін 



айтуға; 



 

 

сабаққа  қатысқан  әріптестер  білім  беру  сапасы,  сонымен  бірге  болашақ  мамандарды 



дярлау  денгейі  төмен  болуын  анықтаса,  оқытушыға  педагогикалық  және  әдістемелік 

көмек көрсету сұрағын педагогикалық кеңеске шығаруға құқықтары бар. 

5.5. Сабаққа қатысқан оқытушының  міндеттері: 



 

   сабаққа қатысу жөнінде оқытушыға алдын ала хабарлау керек (бір күн бұрын); 



 



 

оқытушы мен студенттердің жұмысына кіріспеуге; 



 



 

тәртіп пен тыныштық сақтауға; 



 



 

сабаққа  қатысқан  соң  оқытушы  сабаққа  талдау  жасап,  жағымды  және  жағымсыз 

жақтарын,  болса  қателерін  айтып,  талдауды  өзара  сабаққа  қатысу  дәптеріне  жазбаша 

рәсімдеуге; 



 



 

ұялы телефонды өшіріп қоюға міндетті. 



 



 

Оқытушының рұқсатынсыз фотоға, бейнежазбаға түсіруге тыйым салынады. 

5.6. Сабағына қатысатын оқытушының құқықтары: 



 

 

алдын ала сабаққа қатысуға келісілмеген оқытушыларға рұқсат бермеуге құқығы бар; 



 



 

сонымен  бірге,  сабағына  қатысатын  оқытушы  сабақ  нәтижелі  болу  мақсатында, 

әріптестеріне қашан, қай сабаққа қатысуға болатынын  белгілеуге құқығы бар. 

5.7.  Сабағына қатысатын оқытушының міндеттері: 



 



   әріптестеріне сабаққа қатысу ниеттеріне себепсіз кедергі жасамауға; 



 

 

жоғары және бірінші біліктілік санаттағы  оқытушылар міндетті түрде өз сабақтарына 



кіруге рұқсат беріп, әрдайым педагогикалық және әдістемелік көмек көрсетуге



 

 

оқу кабинетінде сабақтың барысын бақылау және талдау үшін орын дайындауға. 



5.8.  Сабаққа  қатысу  нәтижелерін  оқытушы  ПӘК  төрағасы  мен  колледждің  мониторинг 

орталығына әр аттестация сайын  талап еткен уақытта ұсынады.  

5.9.  ПӘК  төрағалары  сабақтарға  қатысу  нәтижелерін  ПӘК-тің  жылдық  статистикалық 

есебіне енгізеді. 

5.10.Қатысқан  сабақты  талқылау  барысындағы  даулы  мәселелер  ПӘК  отырысында 

директордың  оқу  жұмысы  жөніндегі  орынбасары,  директордың  ғылыми-әдістемелік 

жұмысы  жөніндегі  орынбасары  немесе  әдіскер  қатысуымен  шешіледі.  Қорытынды 

шешімді колледж директоры қабылдайды.  



 

VI. Ашық сабақтар мен өзара қатысу шеңберіндегі сабақтарды жүргізу  

6.1. Ашық оқу сабақтары іскерлік жағдайда өтеді.  

 

 



6.2. Ашық сабақтарға қатысатын оқытушыларға таныстыру үшін әдістемелік жасалымдар, 

сондай-ақ орындауға жоспарланған дидактикалық материалдар көшірмесі ұсынылады.  

6.3.  Барлық  шақырылғандар  педагогикалық  әдепті  сақтауы  қажет,  сабақ  жүргізілу 

барысына  араласпауы  керек,  білім  алушылардың  көзінше  оқытушы  жұмысы  жайында 

айтпауы керек.  

6.4.  Сабаққа  қатысушылар  бақылау  үрдісінде:  сабақ  беретін  оқытушының  қойылған 

мақсатқа қалай жеткенін, оқу бағдарламасы талаптарын  қандай әдістемелік тәсілдер мен 

оқу  құралдарының  көмегімен  жүзеге  асырғанын,  осы  іс-әрекеттің  нәтижесі  қандай 

болғанын қадағалауы қажет.  

6.5.  Ашық  сабақтар  мен  өзара  қатысу  шеңберінде  өткен  сабақтарға  қатысу  нәтижелері 

өзара сабаққа сабаққа қатысу журналында жазылып көрсетіледі. 

6.7.  Ашық  сабақ,  егер  оған  пәк  төрағасын  қоса  есептегенде  кем  дегенде  үш  оқытушы 

қатысқан жағдайда ғана ашық сабақ өтті деп саналады.  

6.8.  Егер  жоспарланған  ашық  сабақ  болмай  қалған  жағдайда,  оқытушыға  дайындалуына 

қосымша уақыт беріледі, жоспардан тыс өткізу ұйымдастырылады.  

ПӘК  жоспарына  сәйкес  оқу  жылына  ұсынылатын  ашық  сабақтар  саны  әрбір  оқытушы 

үшін 4 сағаттан артық болмау керек (оның нақты жүктемесін есепке алғанда). 

Ашық  сабақтар  мен  өзара  сабаққа  қатысу  оқу  жылы  көлемінде  оқытудың  барлық  түрі 

бойынша  жүргізілуі  мүмкін.  Оқытушының  қалауы  бойынша  сабақтың  кез-келген  түріне 

беруі  мүмкін,  соның  ішінде:  дәріс,  семинар  және  практикалық  сабақтар,  іскерлік  ойын, 

жекелей немесе топтық кеңес беру, сынақ немесе емтихан және сабақтың т.б. түрлері.  

6.9.  Ашық  сабақ  жүргізудің  міндетті  шарты  әдістемелік  әзірлеменің  бар  болуы  болып 

табылады.  Ол  оқытушы  үшін  дербес  әдістерімен  әдістемелік  нұсқаулық  түрінде,  немесе 

жүргізілетін ашық сабақтың кең түрдегі жоспары түрінде берілуі мүмкін.  

6.10.  Ашық  сабаққа  ПӘК  ПҚ  және  барлық  қатысуға  ниет  білдірушілер  шақырылады. 

Келушілер  сабақтың  болатындығы  туралы  ақпаратты  колледждің  апталық  жоспарынан 

және колледж сайтынан алады. Хабарландыру сабақтың аңдатпасын, тақырыбы мен оны 

ашудың негізгі әдістерін көрсете отырып, мазмұндалу керек.  



 

VІІ. 

Сабақты талдау тәртібі 

7.1. Өткен сабақты талқылау тура сабақты біте салысымен жүргізілуі керек, сонымен бірге 

жуық  арада  болатын  ПӘК  отырысында  да  жүргізіледі.  Қатысқандар  болған  ашық 

сабақтың талқылауын кемшілікті көрсету мақсатында емес, тәжірибе алмасу мақсатында 

өткізілгенін ұмытпауы керек, сондықтан олар тілектестік және әдептілік жағдайда болуы 

керек.  


7.2  Талқылау  мақсаты  -  таңдап  алынған  әдістерді,  инновациялық  технология  мен 

құралдарды,  әдістемелік  тұрғыда  құралған  жеке  әдістер  мен  технологияны  білуін, 

олардың  қойылған  міндеттер  тарапынан  тиімділігін,  сабақтың  мақсатына  жету  деңгейін 

орынды бағалау.  

7.3 Талқылауды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары немесе 

пәндік әдістемелік комиссия (бұдан әрі- ПӘК) төрағасы ұйымдастырады.  

7.4 Талқылау келесі тәртіппен жүргізілуі тиіс:  

 



сабақ жүргізген оқытушы (қысқаша өзіндік талдау); 

 



қатысқан оқытушылар;  

 



ПӘК меңгерушісі; 

 



әкімшілік, әдістемелік кабинет өкілдері; 

 



сабақ жүргізген оқытушы. 

 

7.5 Алғашқы сөз сабақ жүргізген оқытушыға беріледі. Ол сабақтың мақсатын анық ашып, 



таңдалған әдістер мен құралдарды негіздеуі керек, олардың қолданылу сапасын, таңдалған  

материалдың  мазмұны  мен  сабақ  жүргізу  бойынша  сыни  қорытындыны  хабарлауы  тиіс. 

Оқытушы сөйлеу сөзі қатысушыларға оның педагогикалық ойын, қолданылған әдістері  



мен  тәсілдерінің  ерекшелігін,  оның  жұмыс  жүйесі  негізіне  жататын  басты  идеяларын 

түсінетіндей көмегі тиюі керек.  

7.6  Сөз  сөйлеушілер  сабақтың  құндылығы  мен  кемшілігін  әбден  талдап,  дидактикалық 

принциптер  тұрғысында  сабақты  бағалап,  оқытудың  қойылған  тәрбиелік  және  дамыту 

мақсатына,  көрнекті  құралдар  мен  дидактикалық  материалдарды  қолдану  тиімділігіне 

назар  аудару  керек.  Талқылау  барысында  кемшіліктерді,  сабақ  мазмұны  мен 

ұйымдастырылу барысында жіберілген қателіктерді атап өтуге, жұмыс жүйесін жетілдіру 

бойынша ұсынымдар беруге болады.  

7.7  Әдістемелік  кеңес  өкілі,  ПӘК  төрағасы  талқылау  қорытындысын  шығарады, 

қатысушылармен жіберілген қателері болғанын байқайды, сабақта пайдаланылған әдістер 

мен  тәсілдерге  баға  береді,  оқу  сабағының  қойылған  әдістемелік  мақсатына  жетудегі 

ашылу  тереңдігін  және  көрсетілген  тәжірибені  қолдануда  мақсатқа  сәйкестілігі  туралы 

қорытынды жасайды.     

7.8 Ашық сабақты (сабақ) талдау кезінде барлық сөз алушылар сабақтың тәрбиелік рөлін, 

оның  мағынасын  бағалауы  керек.  Әріптестерінің  жұмысын  сыни  тұрғыдан  бағалайтын 

ғана  ықылас  тудыратындай  емес,  сонымен  бірге,  қызметте  оның  тәжірибесін 

шығармашылық жағынан да пайдалануға нақты пікір алмасу, дискуссия қажет.  

7.9  Сабаққа  қатысқандардың  сөзінен  кейін  сөз  қайтадан  ашық  сабақ  (сабақ)  жүргізген 

оқытушыға  беріледі.  Оқытушы  қандай  ескертпелерді  қабылдайтынын,  немен 

келіспейтінін және не үшін, өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдеп, көрсетеді.  

7.10 Ашық сабаққа (сабаққа) қатысу нәтижесі, сонымен бірге өзара сабаққа қатысу жуық 

арада  болатын  ПӘК  отырысында  талқыланады,  талқылау  қорытындысы  журналға 

тіркеледі.  

7.11  ПӘК  жоғары  деңгейде  өткен  ашық  сабақтар(сабақтар)  талдауы  колледж  сайтына 

жариялану үшін  мониторинг орталығына беріледі (қосымша сабақ талдауына фото-сурет, 

бейне материалдар және жүргізілген сабаққа иллюстрациялар  тапсырылады).   



 

VIІІ. Өзара сабаққа қатысу регламенті 

7.1. Директор  - айына 8 сағат; 

7.2.Директордың орынбасарлары – аптасына 2 сағат; 

7.3. Колледж әдіскерлері – айына 7 сағат; 

7.4. Бөлім меңгерушілері - айына 7 сағат; 

7.5. Пәндік әдістемелік комиссия төрағалары – айына 6 сағат; 

7.6. Колледж оқытушылары– айына 3 сағат. 

 

 

 



жүктеу 89,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау