Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Білім беру мониторингі ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық білім беру жүйесінен басқа білім беру жүйесінің сапасын сырттай және іштей бағалау үшін, оның ішінде халықаралық индикаторлармен (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЮНЕСКО) салыстыру үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштері кешені негізінде жүзеге асырылады. Бағалау осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген индикаторларға сәйкес жүргізіледі.
Білім беру мониторингін жүргізу:
1) мемлекеттік статистика материалдарының және уәкілетті органның шешімімен бекітілген және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен келісілген әкімшілік деректер нысандары;
2) мыналардың: білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау;
педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау;
білім беру ұйымдарын саралау;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушыларға біліктілік беру;
талдамалық және әлеуметтік зерттеулер барысында алынған құжаттар мен материалдардың негізінде ұдайы бақылау мен деректер жинақтауды ұйымдастыруды көздейді.
Мониторингтің төрт деңгейлі сатылы құрылымы бар: бірінші деңгей:
1) уәкілетті орган білім беру мониторингінің барлық рәсімдерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуін салалық үйлестіруді жүзеге асырады, барынша негізделген және жағдай талаптарына барабар басқарушылық шешімдер үшін білім беру мониторингінің негізгі бағыттары мен қорытындыларын жалпы талдауды айқындайды, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу тәртібін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректерін ұсынады;
3) ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректер бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады, өздерінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау үшін зерттеулерге, білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға қатысады;
екінші деңгейді облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары, республикалық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүргізеді. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары өз өңірінде мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдайды;
үшінші деңгейді аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады;
төртінші деңгей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік) және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының деңгейінде өткізіледі.
Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті уәкілетті органға жыл сайын:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі – есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтарында, наурызында, сәуірінде, мамырында;
2) облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу орындары және республикалық білім беру ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандар мен мерзімдерге сәйкес ұсынады.
Уәкілетті орган білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды жыл сайын:
1) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұлттық жинақ түрінде;
2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама түрінде жүзеге асырады. Деңгейлердің мониторингілік жүйелерінің жұмыс істеуінің келісімді болуы үшін компьютерлік желі түрінде бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады, ақпаратты жинақтаудың, берудің және сақтаудың автоматтандырылған рәсімі енгізіледі.
Бiлiм беру мониторингінің субъектілері бiлiм беру мониторингінің деректерiн қалыптастырып, қағаз жеткізгіште және электрондық форматта ұсынады.
Білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға жұмыс берушілер, ата-аналар қауымдастығының өкілдері тартылады.
№8 Дәріс. Білім сапасын бағалау жүйесі
Білім беру сапасын бағалау бөлімінің қызметі іс-тәжірибелік түрде іске асырылуы, жоғарғы оқу орны ішіндегі білім беру сапасын бақылау мен бағалау жайлы барлық рәсімдерді жүзеге асыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Құрлық әскерлері Әскери институтының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес құрылдаы.
Білім беру сапасын бағалауға: мәліметтерді жинау жүйесі және алғашқы өңдеу, білім беру сапасын талдау және бағалау, жоғарғы оқу орнының барлық субъектілерін статистикалық және талдаулық ақпаратпен қамту жүйесі жатады. Қызмет әр компонент бойынша білім беру сапасын бағалауды іске асыру уақыт тәртібімен анықталады.
Білім беру сапасын бағалау бөлімі қызметінің негізгі мақсаты:білім беру сапасының ахуалы, оның өзгеру үдерісі және оның денгейіне әсер тигізетін себептері туралы әділ ақпарат алу, және білім беру сапасын жақсарту мен әр түрлі пайдаланушы топтардың (профессорлық-оқытушылар құрамы мен оқушылар, әскери басқару органдары, жалпы ақпарат құрылғылары) хабардар және тұнық болу деңгейін жақсарту мақсатында басқару шешімдерді қабылдауға арналған оқу-тәрбие үдерісінің дамуы,жоғарғы оқу орнының білім беру үдерісі ахуалы мен дамуы туралы, қамтудың сапасына жету, білім беру нәтижесі (бітірушілердің біліктілігі мен кәсіпқойлығының) сапасын қамтитын, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізу, жоғарғы оқу орнындағы білім беру үдерісін қамтитын, оқу-әдістемелік және құрылымдық бөлікшелердің бақылау-бағалау қызметін үйлестіру болып табылады.
Білім беру сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері:
1 - жоғарғы оқу орнының барлық субъектілері тарапынан білім беру сапасының мемлекеттік стандартын қамту және сапалы білім алуға мұқтаждығын қанағаттандыру;
2 - жоғарғы оқу орнының білім беру сапасын басқаруын бақылау және талдап сүйемелдеу;
3 - білім беру сапасы мен жоғарғы оқу орнының дамуының негізгі үрдісінің ахуалын анықтау, сараптау, бағалау және болжау;
4 - білім беру сапасын жақсарту мәселері жайлы басқару шешімдерді ақпараттық қамту;
5 - жоғарғы оқу орнындағы білім берудің дамуы туралы сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамту, сыртқы пайдаланушыларды хабардандыратын тиісті жүйе әзірлеу.
Білім беру сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері:
1- білім беру сапасының өлшемдерін және оны өлшеуге деген көзқарастарын біріңғай түсінуді қалыптастыру;
2- білім беру сапасын бақылаудың жоғарғы оқу орнының ішкі жүйесінің бақылау жүргізуін ақпараттық, талдаулық және сараптаулық қамтуы;
3- білім беру сапасын бағалау жүйесінің біркелкі ақпараттық-технологиялық базасын әзірлеу;
4- жинаған ақпараттардың бағытын айқындау және оны басқару шешімдерді қабылдаудағы ақпараттық негізі ретінде пайдалану технологиясын әзірлеу;
5- білім беру дамуы ахуалын зерделеу және өзіндік бағалау, болжамалы мақсатта мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша жоғарғы оқу орнының ықтимал рейтингісін айқындау;
6- білім беру статистикасының және білім беру сапасына бақылау жүргізу қызметінің ресурстық базасын қалыптастыру және қамту;
7- білім беру нәтижесіне әсер ететін мәнді жайттарды табу;
8- қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамының, сондай-ақ оқытушылардың жоғарғы оқу орнын лицензиялау және аттестатау талаптарына тиісті, оқытушыларды аттестаттау, оқушылырдың жеке жетістіктер сауалдары бойынша біліктілігін арттыру;
9- білім беру сапасын бағалау аясында стратегиялық шешім қабылдау барысында қоғамдық сараптама, жариялылық және алқалылық тетіктерді іске асыру;
10- оқу және басқа да құрылымдық бөлікшелердің, қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамының рейтингісін (орнын) айқындау;
Жоғарғы оқу орнының білім беру сапасының стандарты:
1- білім беру дамуының мемлекеттік үрдісімен;
2- білім беру сапасының мемлекеттік стандарты және үлгісімен;
3- білім берудің мазмұны және құрылымының мемлекеттік стандартымен;
4- білім беру сапасын бақылау және бағалаудың мемлекеттік рәсімдері, құрал-саймандары, индикаторлары, құралдарымен арасалмақта.
Жоғарғы оқу орнының білім беру сапасының стандартына:
1- жоғарғы оқу орнының білім беру компонентінің мақсаты, құндылығы және мазмұнының дәлелділігі;
2- білім беру үдерісінің материалдық-техникалық қамтылуының сапасы;
3- білім беру бағдарламасы мен пайдаланатын білім беру технологиясының сапасы;
4- әрбір оқушының білім беру стандартының мемлекеттік компонентін меңгеруінің сапасы;
5- оқушылардың шығармашылық және ғылыми жетістігінің айқындалған деңгейі;
6- оқушылардың қосымша білім алуының қол жетімділігі мен сапасы;
7- оқушылардың әскери қызметінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету;
8- жоғарғы оқу орнындағы психологиялық жабдықталғандық пен қол жетімділікті қамтамасыз ету;
9- арнайы білім алу қажеттілігі бар оқушыларға, жекеше қарауды қамтамасыз ету;
10- қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі (аттестаттау барысында бекітілген) жатады.
Білім беру сапасын бағалау кәзіргі қолда бар бақылау рәсімдер және сараптамалық білім беру сапасын бағалау арқылы жүзеге асады:
1- әр қилы оқыту сатыларындағы оқушылардың білім алу жетістіктеріне бақылау жүргізумен;
2- оқушылардың шығармашылық жетістіктерін талдаумен;
3- қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамын жоғарғы оқу орны ішіндегі аттестаттау нәтижелерімен;
4- жоғарғы оқу орнын мемлекеттік аттестаттау барысындағы өзіндік талдау нәтижелерімен;
5- статистикалық (Білім беру сапасын бағалау бөлімі және жоғарғы оқу орнының Ғылыми кеңесінің бастамасымен өткізілген) және әлеуметтанулық зерттеме нәтижелерімен;
6- жоғарғы оқу орнының ішкі бақылау жүйесімен (құрылымдық бөлікшелерді жанжақты, жекеше, ағымдық және қызметтік тексеру);
7- жоғарғы оқу орнының Білім беру сапасын бағалау бөлімі, Ғылыми кеңесі мен медициналық қызметінің бастамасымен өткізілетін оқушыларды медициналық зерттеу жүйесімен;
8- психологиялық жабдықталғандықты жоғарғы оқу орнының ішкі бақылау жүйесімен.
Білім беру сапасын бағалау бөлімі білім беру сапасын бағалаудың нақты тұжырымдамасын құрады, білім беру сапасын бағалау мен бақылау рәсімінің жүзеге асыруын қамтамасыз етеді, білім беру сапасын бағалау мәселелерімен байланысты әр түрлі құрылымдардың жұмыстарын үйлестіреді, жоғарғы оқу орнының білім беру дамуының ахуалы мен үрдісін анықтайды, білім беру сапасын жетілдіру бойынша басқарушылық шешім қабылдайды.
Білім беру сапасын бағалау бөлімінің әдіскерлері жеке оқытушылар мен курсанттар бөлікшелерінің командирлерін оқушылардың оқу жетістігінің сапасын бағалауының өздеріне меншікті жүйесін қалыптастыруын көмекпен қамтиды, оқытушылар мен сабақ жетекшілерінің қолданысындағы білім беру сапасын бағалаудың жекеше жүйесінің сараптамасын жүргізеді.
Мақсатты талдау топтары (комиссиялар) қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамын аттестаттау барысында олардың өнімділігі мен кәсіпқойлығын бағалауға қатысады.
Жоғарғы оқу орнының Ғылыми кеңесі талқылауға қатысып Білім беру сапасын бағалау бөлімінің ұсыныстарын іске асырулары бойынша құрылымдық бөлікшелер бастықтарын тыңдайды, жоғарғы оқу орнының сапалы дамуы бағдарламасын іске асыруда жоспарланған нәтижелері бойынша қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамының қызметіне баға береді. Ғылыми кеңестің мүшелері білім беру сапасын сараптауға тартылады.
№9 Дәріс. Білім беру жүйесіндегі реформалар
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «...өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі «компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
№10 дәріс. Білім социологиясы
Білім социологиясы- шеңберінде білім процесі, адамдардың ғылым мен әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған білімдер мен жалпыланған тәжірибені меңгеру механизмі, осы білімдерді білім беру және ағарту әлеуметтік институты арқылы болашақ ұрпаққа беруі зерттелетін әлеуметтану ғылымының саласы
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың 1938 жылы Э.Дюркгейм қайтыс болғаннан кейін Міне, осыңдай білім берудің анық элитарлық Э.Дюркгейм өзі Еуропа мәдениетінің өкілі ретінде ең алдымен, Дюркгейм білім беру жүйесінің білім беру социологиясы қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі
Социологиядагы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс Индивид бір стандарттан екінші стандартқа өтуге Парсонс білім берудің жүйесін өте дарынды білім беру социологиясының орталық проблемасы "интеллект 1960 жылдардың соңында, 1970 жылдардың бас алайда, бұл көзқарасқа мықты қарсы дәлелдемелер осы тұрғыда, Канада маманы О.Клинебергтің де әрине, біз америка өндірістері мен орта білім беру социологиясы үшін таптық және кейбір социологтардың айтуьпппа, әлеуметтік топтың ішіндегі:
— жұмысшы табы шартты білім алуға
— жұмысшы табы жұмысты, жұмыс орнын
— жұмысшылар ұжымдық әрекеттің тиімділігіне (жеке
Әрине, мұндай әрекеттер жұмысшының нақты күйін бұл бағыттың кейбір мәселелері қатаң сынға ағылшын социологы Дж.Дуглас 1940-1960 жылдар аралығанда әлеуметгік әркелкіліктің моделін білім беруде -қазір социологтар таным депривациясы туралы да нақты депривациялау факторы ретінде әр түрлі мәдени депривация теориясы білімге деген бірыңғай мәденидепривация теориясы білім беру жүйесінде бұл бағытты жақтаушылардың құнды дәлелдемелері болса білім берудің социологиялық проблемаларын шешуге интеракционистік интеракционистердің пікірінше, адам айналасын өзі бақылап бірақ осы тәсілдердің әлеуметтік мәні неде? Оку процесінде педагогтар қолданатын әдістемелердің бірі интеракционизм ауқымында тағы да басқа айқындамалар қазіргі біздегі социологияда әлемдік социология әзірлеп біз өз шәкірттерінің қатарынан педагогтардың төмендегідей мұндай жағдайды қалай түсінсе болады? Социология оқу орындарының үлкен қалаларда шоғырлануы экономикалық білім алатын жастар мен оларды
Бүгін социологтар кез болып отырған күрделі сауда оқу орындарында және қызмет ету кейбір деректерде көрсетілгендей бұрынғы КСРО құрамындағы
Осылайша білім беру жүйесі қоғам деңгейінде:
— жоғары және кәсіби білім беруде
— әлеуметтік құрылымдағы деформацияның әсері білім
— білім беру мекемелерінің балама түрлерін,
№11 Дәріс. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену шарттарына сәйкес білім жүйесін жаңартуды талап етеді. Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері Нәсіпқали Дәулетов өз пайымдауларын былайша білдірді.
Оның мәлімдеуінше, аталмыш бағдарламада жалпы білім беруде мониторингтік жүйені дамыту, білім сапасын бақылаудың және бағалаудың ұлттық моделін жетілдіру, бейінді білім беруді жаппай жүзеге асыру, 12 жылдық білім беруге көшу сияқты мәселелер күн тәртібіне қойылған.
Бағдарлама, бірінші кезекте, білім берудегі сапа менеджементі жүйесіндегі, педагогикалық мониторингті жетілдіре отырып, «барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу» талабын қояды. Мониторингтік зерттеулер: білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі бақылауды; нәтижелерін өңдеп, талдаумен, ақпараттарды сақтау, жинақтау және тарату арқылы білім беру жүйесін дамыту үшін болжамдар жасау және басқару тетіктерін жетілдірумен айналысатын болады.
Ғалым-ұстаздың ойынша, бұл - қазіргі жалпы білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуда, білім сапасын көтеруде, тұңғыш ғылыми негізде қойылып отырған ең көкейкесті проблема. Өйткені, бүгінгі оқыту үрдісіндегі, әрбір оқушының күнделікті білімді жүйелі терең меңгеріп отыруын қамтамасыз ету, мектеп өмірінен көріп отырғанымыздай, мектептің алдында тұрған ең күрделі де, қиын да, мүлде кешеуілдеп қалған мәселе.
Оқыту үрдісінің сапалық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуде, ҰБТ моделі бағытында, оқушыға да, мұғалімге де тәуелсіз білім үрдісінде күнделікті бақылау мен бағалаудың, мектепте бірыңғай жүйесін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жетіспейді. Мектебімізде жүргізілетін мониторинг жұмыстар, оқушылардың білім алу, мұғалімдердің білімді беру үрдісінің сапалық деңгейін күнделікті, тоқсанаралық, тоқсандық, жылдық бақылау жүйесі арқылы, үнемі тексеріп отырудың қажеттілігін көрсетті. Мектептегі осы бағыттағы бақылау жүйесі-оқушының да, мұғалімнің де күнделікті оқу және оқыту іс-әрекеттеріне тұрақты бақылау жасау арқылы оның нәтижесін әділ бағалауға жол аштық. Нәтижесінде, бүгінгі білім сапасының төмендігіне қатысты мұғалімдердің бағаны көтеріп қоймауына және оқушының күнделікті әр материалды терең меңгеруге деген қажеттілігін қалыптастыруға қол жеткіздік.
Қазір мектебіміздің әрбір мұғалімі ғана емес, оқушының өзі жоғары балл жинап, күнделікті материалды терең меңгергенде ғана сапалы білім алу мүмкін екендігін жақсы түсінеді. Осыған орай, бағдарламаының «Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі» тарауында «білім беру нәтижелерін басқарудың базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі» деп жазылуы өте орынды.
Педагогика ғылымында оқушыға сапалы білім беруді қамтамасыз ету күнделікті беріліп жатқан білім нәтижелерін жүйелі, тұрақты бақылап отыруға тәуелді деп қарайды. Өткен ғасырдың аяғында-ақ, «кеңес мектебінде дәстүрлі қалыптасқан оқушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесі, олардың білімінің шынайы объективтік көрсеткіші болудан мүлде қалып барады, мұғалімдердің бағаны көтеріп қоюы әдетке айналды». Бұл оқушылардың білім сапасының төмендеуіне әсер етіп отырған фактор деп арнайы зерттеушілер анықтап берген еді. Осы кемшіліктерден арылу қажеттілігі біздің елімізде ХХІ ғасырдың басында білім сапасын бағалаудың жаңа жүйесі - ҰБТ моделін енгізуге негіз болды.
Бағдарламада«тәуелсіз бағалау элементтерін қамтитын, ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі - ұлттық бірыңғай тестілеу» одан әрі жетілдіріледі деп көрсетілген.
ҰБТ моделі аз уақыттың ішінде білімді тексерудің озық технологияларын енгізу арқылы білім мекемелеріне тәуелсіз, білімді бағалауға «адам факторын» қатыстырмай жүргізуді; тестілік сұрақтар арқылы, білім мазмұнын жоғары деңгейде қамтуды қамтамасыз етті.
Дегенмен өткен жылғы республикадағы «Алтын белгі» алушылар санының бір жылда мың жарымнан екі мың жарымға дейін жетуін, 125 балл жинаушылардың қырықтап саналуын, кейбір облыстар бір жылдағы орташа балл ондап өсуін - білім сапасының нақты көрсеткіші деп айту қиын. Демек, мемлекеттік ҰБТ жүйесінің білімдік мәнін жете пайдалануға, оны одан әрі жетілдіре түсуге кедергі болып отырған кемшіліктер баршылық. Бұл жерде, ҰБТ моделін жүзеге асырудағы, ең басты кемшілігіміз, оқушылардың білім сапасына тікелей ықпал ететін тестілік материалдың мазмұнынан гөрі, оны ұйымдастыруға жете мән бермейтіндігімізге байланысты.
Тестілік сұрақтарға байланысты сын пікірлер бастапқыда жиі айтылды. Қазір әрбір пән бойынша оқушылар жұмыстанып жүрген мемлекеттік емтихандардың сұрақтарынан, тек қана сан көбейтетін, бағдарламалық материалды меңгеруге көмектесе бермейтін, жеңіл сұрақтар кездесе бермейді. Тестілік бақылауды ұйымдастырудағы ең басты кемшілік - ең алдымен, ауылдағы тесті орталықтарымен байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында көптен бері айтылып, жұртшылықты алаңдатып отырған, ауылдық тесті орталықтарын жабу - кезек күттірмейтін шаруа. Жоғарыда келтірілген, білімнің баллдық көрсеткішінің сапа жағынан емес, жыл сайынғы сан жағынан өсу қарқынының 70-80 пайызы осы ауылдық мектепті бітірушілердің үлесіне тиеді. Ауылдағы тесті орталықтары түлектердің жоғары балл, жасанды «Алтын белгі» алуға көмектесуді «меңгергендерімен» қоймай, енді оқушының 125 балл жинауын қамтамасыз етуге «мамандана» бастады. Ауыл мектептерінде өз мүмкіндігіне лайық жеткілікті білім ала алмай жүрген қабілетті оқушылар бар. Бұрын ондай оқушылар облыстық, тіпті республикалық арнаулы мектептерде білім алуға талпынатын еді. Қазір ауылдық тесті орталықтары олар үшін жоғары балл жинау, «Алтын белгі» алудың ең «тиімді» тәсілі болып отыр.
Елдің ертеңі, интеллектуалдық байлығымыз, қабілетті оқушыларымыздың сапалы білім алуына біздің елімізде мемлекеттік деңгейде ерекше мән беріледі. Республикада жүзден астам дарынды балалар мектебі, қазірдің өзінде алты Назарбаев интеллектуалдық мектебі жұмыс істейді. Олардың көбі қазірдің өзінде элитарлық білім беру дәрежесіне дейін көтерілді. Оны облысымыздағы мамандандырылған дарынды балалар мектебінің білім сапасынан нақты көруге болады. Жыл сайынғы елулеген мектеп бітірушілердің грантпен университеттерге оқуға түсу көрсеткіші 100 пайызға жетіп, соңғы бес жылда бітірушілердің 77-сі «Алтын белгі» аттестатына ие болса, 30-дан астамы «Болашақ» стипендиясы бойынша әлемнің ең таңдаулы университеттерінде білім алуға қол жеткізді. ҰБТ бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 120,7 дейін жетіп, бір жылғы «Алтын белгі» алушылардың саны 16-ға, 125 балға ие болушылардың саны сегіз оқушыға дейін көбейді.
«Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің әлемнің ең таңдаулы университеттеріне білім алуына кедергі болмайтындай, сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте облыс орталықтарында арнайы құрылған комиссия алдында ашық жағдайда тестілік бақылау ұйымдастыру жеткілікті болар еді. Одан әрі, барған сайын «Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің, жалпы «5» бағаның балдық шекті деңгейін бірден-екі көтеру де білім сапасына тікелей ықпал ететін фактор.
Бұдан екі жыл бұрын Парламент депутаттары «Алтын белгі» аттестатын соңғы 9,10 сыныптарды үздік аяқтап, мемлекеттік емтиханды «беске» тапсырған оқушыларға беруге рұқсат етілсе деген пікір білдірген еді. Жоғарғы сыныптардағы білім - оқушының болашақ таңдаған мамандығына сәйкес өз қызығушылықтарына қарай саналы түрде меңгеретін білім. Бүгінгі мемлекеттік бағдарламаның «Бейінді білім» беруді жүзеге асыру талабы да осы мақсатты көздейді. Мектебіміздің тәжірибесінде 10, 11 сыныптарда, мемлекеттік емтиханда үздік білімділік көрсеткен түлектерге «Алтын белгі» аттестатын беру әділ шешім болатындығын нақты, дәлелді көрсетуде. Осы орайда «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерге ғана емес, жалпы тестілік бақылауға қатысты тағы бір мәселе - мемлекеттік емтихан кезінде оқушы «шпаргалкасы» - ұялы телефонды пайдалануды тоқтату тестінің шынайылығын қамтамасыз етудегі басты шаралардың бірі. Мемлекеттік тестілеу емтиханына мектеп бітіруші түлектердің толықтай қатысуы қажет.
№12 дәріс. Ақпараттық технологиялар көмегімен білім беру сапасын көтеру тәсілдері
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының өсуіне мүмкіндік туғызады.
АПТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АПТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АПТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АПТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АПТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АПТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АПТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АПТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – технологиялардың көмегімен кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а)электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
№13 Дәріс. Заман талабына сай білім беру сапасының қажетті факторлары
Жаңаша білім беру - заман талабы. Қазіргі білім беру саласында заман ағымына орай жаңаша білім берудің әр түрлі жолдары іздестірілуде. "Педагогикалық құрамның сапасын көтеру, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын күшейту қажет" деген елбасы жолдауына орай мемлекетімізде қолға алынған ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсын аяқтап, білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерді бойыма жинақтаған едім. Бұл оқыту жүйесі бойынша жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы болса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады.
Қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға ауысыды. Жеке адамның дамуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді. Бұл бағытта американ ғалымы А. Маслоудың идеяларына жүгінеміз. Адамның өзін-өзі өзектендіруі жетінші деңгейде қарастырылады. Яғни оқушы өз ақылына, сезіміне сүйене отырып, шешім қабылдауға үйрену керек. Сондықтан "Абай - қазақ даласының сұңқары" атты сабағымда құзіреттілікті қалыптастыруға баса мән бердім. Осы мақсатта Блум таксаномиясы арқылы сабақ құруға болады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі деңгейлерге қарай жылжи отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы осыған дейінгі алған білімдері болғандықтан қосымша берілетін тақырыптарды тереңдете түсу көзделді. Біз ғана емес, бүкіл әлем мойындаған Абайдың шығармашылығына жалпы шолу жасау мақсатында бұл сабақта Абайдың сан қырлы екенін берілген тапсырмалар арқылы ұғындыруымызға болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деген екен: "Абайдың мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |