Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
№14 дәріс. Білім беру академиялық сапа негіздері
Жоғары оқу орындары студенттеріне университет жанында академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде шетел тәжірибесін зерттеу қажеттілігі бүгінгі жоғары білім беру үдерісінің басым бағыттарына байланысты мамандардың кәсіби сапасына, дайындығына қоғам тарапынан қойылатын талаптарымен түсіндіріледі. Себебі, Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер студенттерді білім алу үдерісіне жауапты, субъекті тұлға ретінде қалыптастыруды маңызды, басты міндеттердің бірі ретінде қарауды талап етіп отыр.Бұл міндеттің жүзеге асырылуы жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісін жүйелі тәсілмен cтудент тұлғасына бағытталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыруды көздейді.
Осы уақытқа дейінгі отандық, ресейлік ғалымдардың, Американың жоғары білім беру жүйесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық, психологиялық басылымдарына жасалған талдаудар, АҚШ-тың университеттерінде студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтары мен әртүрлі бағдарламаларының ұйымдастырылу ерекшеліктері жеке зерттеу объектісі ретінде ғылыми-тұрғыдан негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Бұл мәселелер:
қазіргі жоғары білім беру жүйесінің маман даярлауға қойып отырған талаптарына сәйкес, студенттерге арнайы академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттігі мен осы тұрғыда Америка жоғары мектебінің озық тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі;
жоғары оқу орындары студенттеріне академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігімен оның теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделмеуі;
-кредиттік оқыту технологиясында студенттің бейімделуіне, университет ортасына интеграциялануына, ішкі ресурстық потенциалын белсендіретін білім алушыларға арналған арнайы дамытушы оқу курстары мен бағдарламаларының, ғылыми, мерзімді, оқу және оқу-әдістемелік қорының жеткіліксіздігі;
білім алушыларға академиялық колдау көрсету бағдарламаларын ұйымдастыруда негіз болатын шетел тәжірибесінен зерделеніп жасалған, өзіндік қазақстандық моделінің қажеттігі мен оны жүзеге асырудағы әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама–қайшылықтардың бар екенін көрсетеді.
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытының тәжірибесін жан-жақты зерттеп, қайта пайымдау арқылы ҚР жоғары оқу орындарында қолдану мүмкіндіктерін анықтау, кредиттік оқыту технологиясында студенттерге жаңашыл академиялық қолдау көрсету бағдарламаларымен қамтамасыз етіп, білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға жағдай жасайды. Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің академиялық қолдау көрсетудің теориялық негіздері атты бірінші бөлімде зерттеу проблемасына жан-жақты теориялық талдау жасалып, Американың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуының төрт кезеңі, қазіргі АҚШ саясатындағы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамалары, «академиялық қолдау көрсету» ұғымы, жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі, ұйымдастыру моделдері, озық тәжірибелері анықталды.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
№1 Білім беру сапасының нәтижелік тұрғыдан басқару
№2 Білім сапасын басқарудың өзекті мәселелері
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың теориялық тұжырымдамасы
2. Қазақстандағы білім берудің қазіргі жайы
3. Білім беру деңгейінің сапасы мен мазмұны
№3 Білім беру саласы
1. Білім беру жүйесінің басты міндеттері
2. Жалпы білім беру
№4 Білім беру жүйесі
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік-кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті
3. Білім беру құзыреттілігі-педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті
№5 Білім сапасын басқарудың психологиялық–педагогикалық аспектілері
1. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
2. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның.
3. Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты
№6 Білім сапасын көтеру
1. Оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту
2. Білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу
3. Білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру
4. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану
5. Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру
№7 Білім сапасын арттырудың негіздері
1. Оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемаларды өздігінен шеше білуге тәрбиелеу
2. Гуманитарлық таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту
3. Сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
4. Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу
5. Математика пәндері бойынша сағат санын көбейту
№8 Қазіргі білім беру дамуындағы негізгі тенденциялары
1. Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы
2. Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы
3. Үйренудi бiртiндеп жекелендіру
№9 Білім сапасы–педагогикалық кәсіби шеберлігінің негізгі кепілі
1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдептілігі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, өзін қоғамдық орындарда ұстауы, дауыс ырғағы, өнері, жан-жақтылығы
№10 Білім беру сапасының негізгі сатылары мен формалары
1. Пәндік білім мен оны игеру тәсілдері аумағында ғалымдар мен педагогтардың жетістіктерін жинақтау мен сақтауға мүмкіндік беретін ашық дамушы әдістемелік жүйе
2. Оқытудық дидактикалық принциптеріне сүйеніп оқушылар мен студенттердің жеке потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған оқушылар қызметін ізгілендіру құралдары
№11 Білім берудің негізгі компоненттері
1. Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру
2. Өзін-өзі жетілдіру мен білім алудағы қажеттіліктерді арттыру мақсатында ұмтылысты қалыптастыру
3. Студенттерді салауатты өмір сүруге тарту, өсіп келе жатқан ұрпаққа белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру
№ 12 Білім берудің инновациялық стратегиясы
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту және тәрбие үрдісінде ойын технологиялары
2. Қосымша білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбие технологиялары
3. Ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу материалдары
№ 13 Білім беру сапасы педагогтың жауапкершілігі
1. Жоғары білім беру
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
3. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
№14 Білім алушылардың кәсіптік практикасы
1. Кәсіптік практиканың басталуынан екі ай бұрын ұйымға бағдарламаны, кәсіптік практиканы өтудің күнтізбелік кестелерін және білім алушы-практиканттардың санын келісу үшін ұсыну
2 Кәсіптік практиканың басталуынан бір апта бұрын кәсіптік практикаға жіберілген білім алушылардың тізімін (тегі, аты-жөні) ұйымға ұсыну
3 Білікті оқытушылардың ішінен практика жетекшілерін тағайындау
4 Білім алушылармен еңбек тәртібін орындауын қамтамасыз ету
4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)
Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.
2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.
Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.
3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.
4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.
Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.
Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.
5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.
Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.
5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
БӨЖ – өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
БӨЖ тақырыптарының тізімі
Білім беру бағдарламаларының тұжырымдары.
Білім беру мазмұны
Білім беретін оқу бағдарламалары
Білім беру құрылымының бөліктері
Қазіргі кезеңдегі білім беру мазмұны
Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
Білім беру сатылары
Стандарт туралы ұғым
12 жылдық білім беру жүйесі
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Білім беру сапасының қазіргі проблемалары
Білім беру сапасының негізгі бағыттары
Білім сапасын бағалау
Білім беру құзіреттілігі
Жаңа білім беру жүйесінің негізі
Бақылау сұрақтары
Білім беру бағдарламаларының тұжырымдары.
Білім беру мазмұны
Білім беретін оқу бағдарламалары
Білім беру құрылымының бөліктері
Қазіргі кезеңдегі білім беру мазмұны
Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
Білім беру сатылары
Стандарт туралы ұғым
12 жылдық білім беру жүйесі
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Білім беру сапасының қазіргі проблемалары
Білім беру сапасының негізгі бағыттары
Білім сапасын бағалау
Білім беру құзіреттілігі
Жаңа білім беру жүйесінің негізі
Достарыңызбен бөлісу: |