Сабақ: қазақ тілі Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Мақсаты мен міндеттері: 2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу



жүктеу 3,46 Mb.
бет22/30
Дата20.05.2018
өлшемі3,46 Mb.
#14904
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

4.Үйге тапсырма: 134-135 бет ереже, 135 б 50 жаттығу, 136 бет ереже, 57 жаттығу-137 бет.

Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; түбір мен қосымшаның жазылуын ұғындыру түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; қосымшалардың ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;,түйе суреті, қималы карточкалар., сызбалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау: 3 оқушы тақтада

-жуан сөздерге қандай косымшалар қосылады? Мысал келтір

-жіңішке сөздеге қандай косымша қосылады? Мысал келтір

-не себептен және қандай сөздердің түбір сөздері өзгереді? Мысал келтір.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.

58 жаттығу мәтінді жақшаларды ашып көшіріп жаз.

59 жаттығу

Кезекті бір жануар ,

Үстінде екі тауы бар.

Мойны ұзын, көзі үлкен.

Бұл не? (түйе)



Оқы өте қызық!

Түйе-үй жануары, шөл далаға бейімділігі. Аштыққа, суға шыдамды. Тікенек шөптерді жейді. Май қорын өркешіне жинайды. Қатты ыстықта 80-90 км жол жүру тек түйенің шамасы келеді.Түйе қос және сыңар өркешті болып келеді. Оның етін, сүтін, терісін, жүнін және көлік ретінде пайдаланамыз.

Ойын «Қолғаптың сыңарын тап»






  • бір қолғапта сөздер: тап, шап, жап, кеп, сеп, қап.

  • Екінші қолғапта сөздер: қауып, тауып, жауып, кеуіп, сеуіп.

  • Қандай өзгеріс болғанын айт.


Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

61 жаттығу- жатқа жазу- өзара тексеру., бағалау.

65, 66-жаттығу-

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.



Тап- таба- тауып- сөздерді сөз құрамына талда.

67 жаттығу мәтінді оқы, қарағай туралы не білдің? Хош иісті дегенді қалай түсінесіңдер?



Қарағайдың, дәрілік, қасиеттері, бар, қарағай, ормандары, хош, иісті, келеді, қарағайлы, алқапқа.- сөздерін сөз құрамына талда.

Шығармашылық жұмыс:

Ата, әже, немере, ауыл- сөздерін пайдаланып әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой, жаз- топтық жұмыс.

Өзіндік жұмыс дәптері бойынша 40-41 беттегі тапсырмаларды орындау.



4.Үйге тапсырма: 139 бет 62 жаттығу, 141 бет 68 жаттығу.

Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер. Диктант№4 «Әуетаяқ»

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; түбір мен қосымшаның жазылуын пысықтау, мәтіндерді , тапсырмаларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; қосымшалардың ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: оқулық, жадынамалар

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру

.Бүгін сабақта алған білімдерімізді өзіміз тексереміз.

Оқулықтағы 142-143 беттер бойынша «Өзіңді-өзің тексер» тақырыбында берілген тапсырмаларды өздіктерімен орындап шығасыңдар

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

1 жаттығу өлеңді жатқа жаз, қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талда.

Қасқалдақ

Ұшпайды онша аспандап,

Қасқа дейді ел,

Дұп-дұрыс.

Қара бауыр қасқалдақ

Суда жүзгіш, сүңгігіш.

2 жаттығу Мәтінге ат қой, көшіріп жаз- Өзіңді-өзің тексер жаднамасы бойынша тексер.

Диктан №4 «Әуетаяқ»

Ойын тәртібі бойынша ойыншылар бірнеше жұпқа бөлінеді. Ойын жүргізуші екі баланың әрқайсысына бір-бір шағын таяқтан береді. Олардың біреуі таяғын әуелете лақтырады. Екіншісі оны өз таяғымен көздеп атып түсіруі керек. Таяқты лақтыруды жеребе бойынша жүргізуге де болады. Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе, таяқтарын көп тигізетін топ жеңген болып есептеледі.



Тапсырма: ойыншылар, жүргізуші, таяқты, жұпқа сөздерін сөз құрамына талда.

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

3 жаттығу көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаз.

Тоғай іші тып-тыныш. Қарағай мен қайың ақ кимешек киіп алған сықылды. Шырша... ақ тыспен көмкерілген алып тымақ... ұқсайды. Үлп еткен жел... қар құйылып төгіледі.

4 жаттығу іштей мәтінді оқы, жатқа жазуға дайындал, қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талда.

6 жаттығу мәтінді оқы, төртінші сөйлемді жатқа жаз.

4.Үйге тапсырма: 143 бет, 5 жаттығу, қайталау.

Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз таптары, зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: , қималы карточкалар., сызбалар, борсық, құстар суреттері

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру

Диктанта қорытындысын айту, қатемен жұмыс жүргізу.

Өткенді қайталау: 3 оқушы тақтада

сөйлемді жалғастыр:

- айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жаңжағынан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз

- заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.... деп аталады.

- заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер .. және ... арқылы беріледі.

Сөйлемдерде не туралы айтылды? Зат есім, етістік, сын, сан есімдер. Бір сөзбен қалай айтамыз- сөз таптары



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.

Зат есім


Етістік нені білдіреді?

Сын есім Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім

Суреттерге қара. Құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақтар қоясың? Ал мына суреттерге қандай сұрақтар қоясың?





жүктеу 3,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау