Тәжірибені жасау жоспары:
• Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.
• Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды анықтау.
• Тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.
• Тәжірибені жоспарлау.
• Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.
• Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.
• Нәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.
• Алынған нәтижелерді талдау.
• Тәжірибеден қорытынды жасау.
III деңгей (эвристикалық)
Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.
IV деңгей (шығармашылық)
Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік німдердің үш түрі бар.
Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.
Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).
Достарыңызбен бөлісу: |