Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



жүктеу 1,87 Mb.
бет32/58
Дата30.05.2023
өлшемі1,87 Mb.
#42855
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Патфиз сабақтікі

Машықтық жұмыс
Оқу бейнефильмін көру немесе тапсырмаларды орындау
1 тапсырма. Теңіз тышқандарында анафилаксиялық сілейменің үлгісін алу.
Әдісі: Жылқы сарысуына сезімталдығы жоғарылаған теңіз тышқанының жүрек ішіне аллергеннің шешуші өлшемін енгізеді (1 мл жылқы сарысуы). Жануарда анафилаксиялық сілейменің көріністерін бақылайды. Теңіз тышқаны өлгеннен кейін оның ішін жарып, кеуде қуысын ашып, өкпесінің жағдайына назар аударады. Қорытынды жасалады.
Жүрек топографиясы: кеуде шетінің сол жағынан 2 және 3 қабырғааралық деңгейде, сол қолдың сұқ бармағымен жүрек соғысын табады. Дәріпіспектің инесін тігінен оң қолмен жүректің қуысына түскенше енгізеді. Мікбасты (поршень) тартқанда, дәріпіспектің ішіне қан келуі, жүрек ішіне сарысу жіберудегі барлық іс- әрекеттердің дұрыстығын дәлелдейді.

2 тапсырма. Ситуациялық есептер


1. Жұтқыншақ арты іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин соң мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозулар, басының соққыланып ауырғаны, терісінің қышуы, бетінің қызаруы, АҚ 180/90 мм с.б., тамыр соғуы 120 рет. Осыған байланысты дәрігер науқасты бөлмесіне барып төсегіне жатуын ұсынды. 20 мин соң науқастың жағдайы нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен сипатталатын тұншығу ұстамасы, есінің кіресілі-шығасылы болуы, тырыспа-селкілдек ұстамасы; АҚ 75/55 мм с.б., тез төмендеуі пайда болды. Науқасқа жедел жәрдем көмегінің шаралары жасалынды.
1. науқаста антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай пайда болды?
2. бұл дерттік жағдайдың даму тетіктері қандай?
3. науқасқа қандай жедел жәрдем шаралары жасалынды?

2. 7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минөттен соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасайтын тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға да кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.



  1. Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?

  2. Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?

  3. Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?

3. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.


Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
3. Аталған ісінуді өмірге қауіпті ісінулерге жатқызуға бола ма?

ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 210-224

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 293-311.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.362-403

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101.

  6. Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта.– Алматы, 2010., с.85-86.

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с. 221-268

  8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 – 163

  9. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – С. 224-237.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, 164-181.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 557-577

  4. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223

БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 - 163

17 тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ


Сабақ мақсаты:

  1. Өспе өсуінің патофизиологиясын меңгеру

  2. Теориялық білімін есептер шығаруда қолдану

  3. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу дағдысын қалыптастыру

  4. Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу

Оқытудың міндеттері:

  • өспе пайда болуындағы физикалық, химиялық, биологиялық канцерогендердің маңызын,

өспелер өсуінің патогенезін оқып білу

  • Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Организмнің өспеге қарсы төзімділігінің тетіктерін және олардың өспе ауруларының алдын алу мен емдеудегі маңызын зерттеу

  • Эрлих карциномасының іш шемендік түрі жасушаларының морфологиялық атипиясын микроскоппен қарап табу

  • Теориялық білімін есептер шығаруда қолдану



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өспе туралы түсінік, анықтамасы.

  2. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

  3. Қатерсіз және қатерлі өспелер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  4. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

  5. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың, жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы.

  6. Өспе өсуінің патогенезі.

  7. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

  8. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,

  9. Өспенің организмге әсері, өспе алдылық үрдістер.

  10. Жақ-бет төңірегіндегі өспе өсуінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері.



Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, бейнебаяндарды көру, есептерді, сөзжұмбақ шешу.


Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, есептерді, сөзжұмбақты тексеру, тест жүргізу

жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау