Тақырыптар: «Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары», «Қабыну», «Қызба», «Аллергия», «Өспе өсуі».
Сабақтың мақсаты:
студенттер білімін аудиториялық және аудиториядан тыс өткен тақырыптар бойынша бағалау
есептер шығару дағдысын бағалау
Бақылау міндеттері:
өткен материалдар бойынша білімді нығайту
ситуациялық есептер шешу дағдысын бекіту
Кәсіптік сұрақтар мен тест тапсырмалары
1. Қызбаның бірінші сатысында ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады: (3)
A) сілекей мөлшерінің артуы
B) сілекей мөлшері өзгермейді
C) ауыз қуысының құрғауы
D) рН-ң қышқылдық жаққа ығысуы
E) сөйлеудің және тамақты жұтудың қиындауы
F) катаралды глоссит және стоматиттің көріністері
G) шырышты қабықтың жарылулары, жаралары және гиперемиясы
I) ауыз қуысының ылғалдылығы орташа дәрежеде
J) сілекей мөлшерінің төмендеуі
2. Қызба кезінде ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады (3)
A) тіс тастарының түзілуі
B) тістің өңезденуі
C) ауызда шірікті иістің пайда болуы
D) рН-ң сілтілік жаққа ығысуы
E) рН-ң қышқылдық жаққа ығысуы
3. Тіс-жақ аймағы тіндерінің қабынуының мысалы бола алады (1)
A) дерттік серпіліс
B) дерттік жағдай
C) аурулар
D) дерттік үрдіс
E) аурудың басталуы
4. Тіс-жақ аймағы тіндерінде қабынудың дамуына әсер етеді (3)
A) иммундық тапшылық
B) лейкопениялар
C) тіс-қызылиек жүлгелерінің өзгерістері
D) ауыз қуысының тазалығы
E) организм резистенттілігінің жоғарылауы
F)ауыз қуысында әлсіз сілтілі рН-ң болуы
5. Тіс-жақ аймағы тіндерінің жіті қабынуы сипатталады (4)
A) гипоергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы
B) гиперергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы
C) тұйықталған аймақта шектелуімен
D) қабыну үрдісінің шектелуімен
E) қабыну ошағынан метаболиттердің белсенді түрде сорылуымен
F) мыйдың жақын орналасуына байланысты асқынулар даму қауіпімен
6. Жіті пульпиттер мен периодонтиттерге тән (1)
нейтрофилді лейкоцитоз және ЭТЖ-ң артуы
лейкопениясыз ЭТЖ-ң артуы
агранулоцитоз және ЭТЖ-ң төмендеуі
лейкоцитозсыз ЭТЖ-ң артуы
лимфоцитоз және ЭТЖ-ң артуы
7. Тіс-жақ аймағы тіндерінің сүлде қабынуы сипатталады (3)
A) ағымының қысқалығымен
B) ұзаққа созылуымен
C) нейтрофилді лейкоцитоз дамуымен
D) мононуклеарлы сіңбелердің дамуымен
E) дәнекер тіннің пролиферациясымен
F) тіндердің айқын альтерациясымен
Кәсіптік тест сұрақтарының жауабы
Сұрақтар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Жауабы
|
В,Д,J
|
В,С,Е
|
Д
|
А,В,С
|
В,С,Е,Ғ
|
Д
|
В,Д,Е
|
№ 9 САБАҚ
№ 19 тақырып. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.
Сабақтың мақсаты:
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен негізгі механизмдері бойынша білім қалыптастыру
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
жүйке жүйесі бұзылыстарының негізгі эндогенді тетіктерін, этиологиясы мен патогенезін зерттеу
Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын үйрену
Теориялық білімді ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу
Сабақ тақырыбына сәйкес сұрақтарға жауап беру
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. Патогендік агенттердің ОЖЖ-не түсу жолдары.
Жүйке жүйесінің қорғаныстық жолдары.
Нейрондар денесінің, аксондардың, дендриттердің бүліністері, себептері, даму жолдары, салдарлары
Тежелудің тапшылығы, тежелуден шығып кету синдромы, себептері, патогенезі.
Денервация, деафферентация, нәрленістің бұзылуы синдромдары
Патологиялық күшейген қозу генераторы туралы түсінік, даму жолдары, нейропатологиялық
үрдістер дамуындағы маңызы.
Дерттік жүйе туралы түсінік, даму жолдары, организм үшін маңызы.
Сезімталдықтың нейрогенді бұзылыстары, олардың түрлері, патогенезі
Ауыру сезімі, түрлері. Ноцицепциялық, антиноцицепциялық жүйе, нейрохимиялық тетіктері.
Шеткері тіндердің бүліністерінен және жүйке жүйесінің орталық бөліктерінен дамитын ауыру сезімі.
Жоғарғы жүйке әрекеттерінің бұзылыстары, невроздар, этиологиясы, патогенезі
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, «мылқау» кестені толтыру, есептерді шешу.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен орындалған тапсырмаларды тексеру, тест жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |