Тігінен:
1.Бронхтың қабынуы.
2. Қабыну медиаторлары арахидон қышқылының циклооксигеназды жолмен тотығу өнімдері.
3. еттің қабынуы
4. Калмекреин –кинин жүйесі белсенділігінде гуморалды жолмен түзілетін (пайда болтын) медиаторлар
5. Негізінен жасуша элементіөсіп-өсуіне байланысты қабыну құрылымы (компоненті)
6. Мес жасушаларының дегрануляциясында пайда болатын қабыну медиаторы.
7. Лейкоциттердің эндотелимен әлсіз байланыста болуын қамтамасыз ететін молекулалар тобы (жанұясы)
8. Қабыну ошағына қан тамырынан лейкоциттердің шығуы
9. Қабыну ошағына нәруыздармен бірге қан сұйығының шығуы
10. Қалқанша бездің қабынуы
11. Тіс жетінің қабынуы
12. Пролиферация тежегіштер
13. Бүйректің қабынуы
Көлденеңнен:
1.Плевраның қабынуы
2. Өкпенің қабынуы
3. Қабыну ошағына алғаш шығатын лейкоциттер
4. Бронхылардың қабынуы
5. Артерияның қабырғасының қабынуы
6. Қол саусақтарының қабынуы
7. Лейкоциттердің эндотелий қабырңасына берік жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулалар
8. Жүрек етінің қабынуы
9. Арахидон қышқылынан түзелетін (шығуын) қабыну медиаторлар тобы
10. Жедел қабынудағы қан тамыр өзгерістерінің бірінші сатысы
11. Тілдің қабынуы
12. Қабынудың қан тамырлық өзгерістерінің реакциясының соңғы сатысы
13. Жасуша дәнекер тіндер, жүйке тармағының аяқтарының зақымдануы негізінде дамитын қабыну компоненті
14. Қабынудағы стаздың бірінші сатысы.
15. Қабынудағы физика –химиялық өзгерістер
16. Жасуша өнімі ретінде жаңадан (de Novo) синтезделетін (түзелетін) қабыну метиаторлары
17.Аарахидон қышқылының негізінен липоокситеназды жолмен тотығуынан пайда болатын қабыну метиаторлары
18. Ж.йке қабынуы
19. созылмалы қабынудың негізгі жасушалары
20. Мұрының ішкі қабатының қабынуы
21. Қуықтың қабынуы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 27-44
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 242-268.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116.
Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта.– Алматы, 2010., с.49-57
Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.141-177
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 - 228
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354
Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.
Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87
Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 110 -128
№ 15 тақырып. ҚЫЗБА
Сабақтың мақсаты:
Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру
Теориялық материалды қызбамен байланысты клиникалық жағдайлар мен ситуацияларды патофизиологиялық сараптағанда білімін қолдану
Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу дағдысын қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
қызбаның этиологиясын, патогенезін, қызба организмдегі маңызын білу
медициналық атаусөздерді теориялық материалды талдағанда колдануды үйрену
температуралық сызықтардың түрлерін ажыратуды үйрену
ерте постнатальды кезеңде қызбалық серпілістердің ерекшеліктерін зерттеу
теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда және ситуациялық үлгілерді сараптағанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.
Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.
Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.
Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Температураны түсіруге бағытталған емнің патофизиологиялық қағидалары, Пиротерапия туралы түсінік
Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері
Қызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер.
Қызбаның гипертермиядан айырмашылығы.
Қызба кезінде ауыз қуысы шырышты жағдайы мен сілекей бездері қызметінің өзгерістері
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс, үлгілерді талқылау, ситуациялық есептер шығару, кестелерді толтыру.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, үлгілерді, есептерді, кестелердің толғандығын тексеру, тест жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |