Протеинограмма
Қалыпты жағдайда
Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л
Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л
Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л
Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л
Аспаптық зерттеулер
Аспаптық зерттеулер нәтижесі: Рентгенограммада білезік-фалангалық буынды құрайтын сүйектердің буындық бөліктерінің боркеміктенуі (остеопороз) байқалады. Оң қолының II саусағының жоғарғы фалангасының негізінде және III білезік сүйегінің басында шеттік узуралар көрінеді. Оң қолдың III және II саусақ және білезік-фалангалық буындарының тесігінің айқын тарылуы байқалады.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы науқастағы аурудың мүмкін болатын себептері қандай? Осы аурудың этиологиясына байланысты кәзіргі кезде қандай көзқарастар бар?
Осы аурудың дамуына әкелетін жағдайларды көрсетіңіз. Аурудың тұқым қуалаушылыққа бейімділігі қандай тетіктерге байланысты?
Осы кездегі буын зақымдануының патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын зақымдануында иммундық зақымданудың қай түрі қатысады?
Осы науқастағы буын зақымдануының сызбанұсқасын оқып үйреніңіз. Осы жағдайдағы организмнің жалпы серпілісін шақыратын және буын қабынуының дамуына қатысатын дәнекерлерді көрсетіңіз
Антиген (вирус ?) → II топ HLA антигендері (тұқымқуалаушылыққа бейімділік)
↓
CD4+ Т-лимфоциттер
↓
Ц итокиндер
↓
макрофагтардың белсенділенуі
↓
В-лимфоциттердің әсерленуі
↓
антидене өндірілуі (құздамаға ұқсас жайт)
↓
иммундық кешендердің пайда болуы
↓
б уынның зақымдануы
|
Цитокиндер
↓
ф ибробластар, синовиалдық жасуша, хондроциттер
↓
коллагеназа, эластаза, ПГ E2 және басқа ферменттердің босауы
↓
п аннустың құрылуы, шеміршек, сүйек құрылымының бұзылуы, фиброздың дамуы
|
Эндотелиоциттердің әсерленуі
Пролиферация
адгезиялық молекулалардың шығуы
↓
Лейкоциттердің эмиграциясы
|
Қандағы СӘН –деңгейінің жоғарылау тетігін түсіндіріңіз. Қанда «жедел кезең жауабының» тағы қандай нәруыздары жоғарылаған?
Лейкоциттік өрнектің өзгеру тетігін түсіндіріңіз
Осы ауруға қандай патогенездік ем ұсынасыз?
№ 2 есеп. 2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынығымен жеткізілген. Тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған. Дәрігер төмендегілердің біреуінің түзілуінің бұзылысымен қабаттасқан тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді:
Коллагеннің I түрі
Коллагеннің II түрі
Коллагеннің III түрі
Коллагеннің IV түрі
Коллагеннің V түрі
№ 3 есеп. 65 жастағы науқас М.., дәрігерде ұзақ уақыт бойы несеп-тас ауруына байланысты бақылауда болған. Сүйек тінінің фиброзды өзгерістері, сүйек тіні резорбциясының остеосинтезден жоғары болуы рентгенограммада анықталған. Осы науқастың қанындағы кәлций, фостаттар және паратгормон деңгейінің өзгерісін қалай болжауға болады ?
|
Са2+
|
РО43-
|
паратгормон
|
A)
|
↓
|
↓
|
↑
|
B)
|
↓
|
↑
|
↓
|
C)
|
↓
|
↑
|
↑
|
D)
|
↑
|
↓
|
↑
|
E)
|
↑
|
↑
|
↑
|
№ 4 есеп. 35 жастағы науқас М.., дәрігерге жіліншік-білезіктік буынның бүккіш бетінде, окссилярлық және саусақ аралық қатпарлардағы терінің қышуына, ұйқысының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төменденуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде қасыну іздері бар қабық және қатпармен жабылған ирелектелген жолдар анықталды (суретті қараңыз): Науқаста дамуы мүмкін:
Жанасулық дерматит
Қотыр
Қызыл жегілік дерматит
Есекжем
Пиодермия
әдебиеттер:
Негізгі:
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. Алматы, «Эверо» баспасы. - Б. 244-319
Основы патологической физиологии. Руководство для врачей//В.В. Михайлов.-М.: МЕДпресс, 2004 –С. 631-650.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – с.448-450
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С. 716-731
Патологическая физиология // Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С.605 – 621
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 146-147, 214-216 .
Қосымша
Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 176 с
Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. – 176 с
Тақырыптың мульдимедиялақ көрсетілімі.
№ 22 тақырып. ТЫНЫС АЛУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты:
сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру
тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің вентиляциялық, перфузиялық, диффузиялық түрлерінің этиологиясы мен патогенезі зерттеу
Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын үйрену
Теориялық білімді ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Патогенезіне, зақымданған орнына, қанның газдық құрамының өзгеруіне қарай сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі. Гиповентиляцияның обструктивні түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясының себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері. Стоматологиялық аурулар мен іс-шаралардағы тыныс жолдарының бітелуі.
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензиялардың себептері мен даму тетіктері. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы
Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары (тыныс орталығының, афферентті, эфферентті тетіктердің зақымдануы), этиологиясы, патогенезі.
Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное. Үзілістік тыныстар, ақтық тыныс түрлері.
Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі
Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.
Респираторлық дистрес –синдромы, этиологиясы мен патогенезі
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, пневмограммалармен жұмыс, есептерді шешу.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен орындалған тапсырмалардың қорытындыларын тексеру, тест жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |