Қажетті материалдар мен құралдар: әр түрлі микроорганизмдер, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, микроскоптар.
Тапсырмалар:
1. Микробиологиялық препараттар дайындау. Бекітілген препараттары жасау.
Бақылау сұрақтары
Микроскоп құрылысы және оның техникасы дегенді қалай түсінесің?
Кептірілген препараттар дегеніміз не және оны қандай мақсатта пайдаланады?
Микроорганизмдерден «Бекітілген препарат» дайындау жолдары.
Практикалық сабақ № 3.
Микроорганизмдердің табиғатта таралуы. Ауа микрофлорасы. Тіс өңезінің микрофлорасы.
Зертханалық сабақтың мақсаты - микроорганизмдердің табиғаттағы таралуы, ауа және адамның ауыз қуысының микрофлорасымен танысу.
Зертханалық сабақтың міндеті - ауаның және адамның микрофлорасын зерттеу әдістерімен танысу.
Ауа микрофлорасын зерттеу.
Су және топырақ сияқты ауа микроорганизмдер тіршілік ететін орта болып саналады. Бактериялар көп мөлшерде ауаға шаң -тозаңмен түседі, олардың сандық және сапалық құрамы топырақ микрофлорасымен тығыз байланысты болып келеді. Микроорганизмдер ауада тіршілік еткенімен, ауа олардың көбею ортасы бола алмайды, яғни олар күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды. Ауа микрофлорасы негізінен климаттық жағдайларға, жыл және тәулік мезгіліне, тұрғылықты жерлерге байланысты өзгеріп отырады. Жаңбырлы күнде микробтар шаңмен қоса топырақтың бетіне шөгіп, ауа тазарады. Ауаның жоғары қабаты микробтардан едеәуір таза болып келеді. Адамдар көп жерлерде, ластанған аймақтардың ауасында микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі. Зерттеу міндеттеріне байланысты ауа микрофлорасын зерттеу кезінде түрлі тәсілдер қолданылады. Бөлмелердегі ауа ластануына баға беру үшін Кох тәсілі кең қолданылады. Ол үшін зерттелетін бөлмеге қатты қоректік орта құйылған Петри табақшаларын 5 -10 минутқа ашық қалдырып, уақыт аяқталған соң табақшаның бетін жауып, термостатқа 280 С орналастырады. 2-3 тәуліктік инкубациядан соң ауа микрофлорасына сандық есептеу жүргізеді. Бөлме ауаларында көбінесе бактериялардың кокка тәрізді формалары, оның ішінде Sarcina flava, споралы таяқшалар, зең саңырауқұлақтары кездеседі.
Әр түрлі бөлмелерге қойылған Петри табақшаларындағы микроорганизмдердің 1 м 3 аудағы санын анықтап, салыстырмалы түрде талдау жасау, колонияларды сипаттап, препараттар дайындап, ауа микрофлорасымен танысу, суреттерді салып, түсініктеме беру.
Достарыңызбен бөлісу: |