Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2019. №3.
105
Сурет 1 - Мұнай ұстағыштың типтік сызбасы
1-сарқынды су; 2-қабылдау камерасы;3-тұндыру аймағы; 4-тазаланған су; 5-тік жартылай батырылған
қалқалар; 6-мұнай жинағыш құбырлар;7-жүзіп шыққан мұнай өнімдерінің пленкасы
Механикалық әдістер - ерімеген қалдық-
тары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілер-
ден, электрден өткізіп, бір жерге жинап, тұн-
дыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дис-
персті заттардан тазартудың оңай жолы және та-
зарту үлгісінің бірінші сатысы болып табылады.
Механикалық әдіс, лас судың құрамын-
дағы күрделі минералды заттарды, ерітілмей-
тін қоспаларды ұстау үшін қолданылады.
Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады.
Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданы-
луы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің ал-
дында қолданылады.
Механикалық әдістерге төмендегідей
қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабыл-
дау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұн-
дырғыштар (сурет 1).
Су тұндырудың жұмыс істеу қабілетін
көтеру үшін төмендегідей әдістер және қон-
дырғылар қолданылады. Олар лас суды жай
аэрациялау, биокоагуляторлар, табиғи аэрация-
лау бар мөлдіреткіштер, мөлдіреткіш-шіріткіш-
тер, тұндырғыштар, флотаторлар, мұнай ұста-
ғыштар, май ұстағыштар. Тұндырғыштардың
тұндыру эффектісі 60%, органикалық заттарды
ұстау эффектісі 10-15%-тен аспайды [3].
Ағынды судың улылығын азайтуға ке-
ңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұң-
қырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады.
Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыш-
тар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метр-
ге дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше
метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік
өнімділігі 20 мың текше метрден астам та-
зарту станцияларында қолданылады.
Биологиялық әдісте әсіресе тұрмыстық
қалдық суларды тазалауға пайдаланады.
Қалдық суларға химиялық реагенттер-
ден (басқа затпен қосылып химиялық реакция
жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген
заттарды бөліп алу кейбір заттарды зиянсыз
ету арқылы тазалайды. Бұл әдіспен тазала-
ғанда ерімеген қалдықтың 95%, еріген қал-
дықтардың 25% бөліп алуға болады.
Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары
бар қалдық суларды тазартуға қолданбайды.
Физика-химиялық әдістер ағынды суды
майды дисперсті, коллоидтық және еріген
заттардан тазарту үшін қолданылады. Бұл
әдістер қатарымен жүретін физикалық және
химиялық процестерге негізделген [4].
Физика-химиялық әдістерге радиация-
лық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану және
т.б. әдістер жатады.
Су температурасы жоғары болса, мұнай
өнімдерінің созылғыштығы төмен болады жә-
не бөлшектердің бөліну жағдайы жақсарады.
30°С-ден төмен температурада мазут
мұнай ұстағышта тұнады, 30-40°С-де ілінген
жағдайда болады, ал 40°С-ден жоғары болса,
бөлшектердің жүзіп шығу эффектісі байқа-
лады (сурет 2).
Сурет 2 - Қырғыштық механизмі бар мұнай ұстағышы
1-қабылдау камерасы; 2-қалқа; 3-тұну аймағы; 4-қалқа; 5-шығару камерасы; 6-қайта құю жаймасы; 7-
қырғыш; 8-бұрылысты жікті мұржалар; 9-приямок; 10-соратын құбыр
|