С. Т. Алмагамбетова


Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2019. №3



жүктеу 418,35 Kb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата25.12.2022
өлшемі418,35 Kb.
#40784
1   2   3   4   5   6   7
217-231-1-PB

 
Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2019. №3. 
 
 
107 
Сорбенттер әр түрлі және сұйық немесе 
газ тәрізді заттарды өз бойына сіңіріп алады. 
Қазіргі кезде суға төгілген мұнай мен мұнай 
өнімдерін тазарту маңызды мәселе. Суды та-
зартатын жеңіл және арзан өнімді шығарудың 
маңызы зор. Қазақстан мұнай өндіретін не-
гізгі елдердің бірі. Қара алтынды өндіру, та-
сымалдау барысында қоршаған ортаға бірша-
ма залал келеді. Кейде мұнай көп көлемде су-
ға, жерге төгіледі. Мұндайда қоршаған орта-
ны сорбентпен тазартудың мәні зор. 
Нәтижелер және оларды талқылау 
Қоршаған ортаға жайылған мұнайды 
жоюдың бірнеше тәсілі бар. Кәсіби мамандар 
оны термиялық, механикалық, биологиялық
физика-химиялық әдіс деп бірнеше түрге 
бөледі. Негізгі бағыттардың бірі физика-хи-
миялық, оның ішінде адсорбция деп аталады. 
Сорбент күріш қауызынан, яғни, ауыл-
шаруашылығы дақылының қалдығынан жаса-
лынады. Әдетте мұнайға арналған сорбент-
терді дайындауда ғалымдар өнімді әзірлейтін 
шикізат қорының мол, арзан болуына және 
мұнайды бойына сіңіретін қасиетінің жоғары 
болуына айрықша мән береді. 
Ал күріш қауызының осындай қасиеті 
бар екенін ғылыми-зерттеу жұмысын жүргіз-
генде білдік. Қажетті сорбент алу үшін күріш 
қауызын зертханалық жағдайда термиялық 
және химиялық өңдеуден өткізіп алу қажет. 
Осыдан кейін күріш қауызы көміртектенген 
сорбентке айналады [5]. 
Су бетінде қалқыған мұнайға зертхана-
лық жолмен алынған сорбентті сеуіп, суды 
мұнайдан тазартуға болады. Күріш қауызы-
нан жасалған сорбентті сынақтан өткізгенде 1 
грамм сорбент 15-18 грамм мұнайды бойына 
сіңіріп, суды жақсы тазартатынына көз жет-
кіздік. Осылайша сорбентіміз өзінің тиімділі-
гін көрсетті. Ал шикізатты өңдемеген жағ-
дайда, яғни, таза күріш қауызының 1 граммы 
су бетіндегі мұнайдың 1-2 грамын ғана бо-
йына сіңіретінін байқадық. Күріш қауызы ше-
мішкенің сыртқы қабығы сияқты қатты. Ал 
оны термиялық өңдеуден өткізгеннен кейін 
шикізат кристалдық фазадан аморфты фазаға 
ауысып, сорбциялық қасиеті жоғары сорбент-
ке айналады. Оның сорбциялық қасиетінің 
жоғарылауы күріш қауызында күрделі өңдеу-
ден кейін көп мөлшерде макрокеуектердің 
пайда болуымен түсіндіруге болады. 
Осы макрокеуектердің көмегімен суға 
төгілген мұнайды бойына сіңіріп, ластанған 
суларды тазартатын мүмкіндікке ие болады. 
Отандық сорбент суға батпайды. Өйт-
кені күріш қауызы өте жеңіл. Олардан қара 
алтынды бөліп алу маңызды мәселе. Осы тұр-
ғыдан алғанда жоба біршама жетілдіруді қа-
жетсінеді. Күріш қауызынан жасалған сор-
бентті механикалық жолмен сығып, бойын-
дағы мұнайды айырып алуға болады [6]. Бірақ 
мұндайда сорбентті бірнеше рет пайдалану 
қасиеті төмендейді. Әдетте сорбентті бір рет 
емес, бірнеше рет пайдаланады. Күріш қауы-
зынан жасалған сорбентті үш-төрт рет пайда-
ланудың мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 
Мұндай сорбентті өндірістік деңгейде өндіру 
мүмкіндігіне жол ашылуы мүмкін. Қазіргі 
таңда суға төгілген мұнайды жинап алуда 
синтетикалық сорбенттер қолданылады. Олар-
ды сығып, бойындағы мұнайды бөліп алған-
нан кейін синтетикалық сорбенттер бірден өз 
қалпына келеді екен. Бірақ мұндай сорбенттер 
өте қымбат. 

жүктеу 418,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау