С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Электролиттер қоспаларының әсері



жүктеу 5,89 Mb.
бет84/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
treatise128700

15.2. Электролиттер қоспаларының әсері

Электролиттердің қоспаларымен зольдерді коагуляциялағанда, электролиттердің әсері бір-біріне тәуелсіз болмайды. Басқаша айтқанда, аддитивтік әсер байқалмайды. Көбінесе, электролиттер бір біріне кедергі жасайды (антогонизм) немесе бір-бірінің әсерін күшейтеді (синергизм).


50-cуретте электролит қоспаларының коагуляциялағыш ықпалы үшін үш жағдайы көрсетілген. График тұрғызу үшін координаталық осьтерде коагуляциялағыш электролиттердің концентрациялары алынған. Графиктегі әр нүкте электролит қоспаларының коагуляция табалдырықтарына сәйкес келеді. Әр электролиттің таза күйіндегі коагуляция табалдырықтары γ1 және γ2 нүктелерімен бейнелген.
Электролиттердің аддитивті әсері 50-суретте γ1 және γ2 коагуляция табалдырықтарын біріктіретін түзумен (1) сипатталады. Электролиттердің әсері бір-біріне тәуелсіз болып, коспаның коагуляциялағыш қабілеті қарапайым қосу арқылы анықталады. Мұндай жағдай зарядтары бірдей және гидраттану дәрежесі жақын иондар үшін байқалады. (мысалы, NaCl+KCl қоспасы).
Электролиттердің антогонизмі. Коагуляциялағыш қоспада әр электролиттің мөлшері оның коагуляция табалдырығынан артық болады (2-қисық). Фрейндлих бойынша, антагонизмнің себебі бір ион екінші ионның адсорбциялық қабілетін және коагуляциялағыш қасиетін азайтады. Мысалы, AgJ золін Al(NO3)3 +K2SO4 қоспаларымен коагуляциялағанда, антогонизм байқалады.
Электролиттердің синергизмі. Электролиттер бір-бірінің әсерін күшейтеді және зольді коагуляциялау үшін олардың мөлшері коагуляция табалдырығынан аз болады (3-қисық). Мұндай құбылыс антогонизмге қарағанда сирек кездеседі. Мысал ретінде H2S гидрозоліне CaCl2 және LiCl қоспасының әсерін алуға болады.
Зольдердің бір-бірін коагуляциялау. Бөлшектерінің заряды әртүрлі зольдер бір-бірін коагуляциялайды.


15.3. Концентрациялық және бейтараптық коагуляция


Концентрациялық коагуляция коллоидтық ерітінділердің компоненттерімен әрекеттеспейтін электролит концентрациясының артуына байланысты. Мұндай электролиттерді индифференттік деп атайды. Олардың иондары мицелланың ядросын толықтырмайды және потенциал анықтаушы иондармен әрекеттеспейді. Индифференттік электролиттер концентрациясының артуымен мицелланың диффузиялық қабаты сығылып, адсорбциялық қабатқа өтеді. Нәтижесінде ζ-потенциал азайып, нольге теңесуі мүмкін. ζ-потенциалдың кемуімен коллоидтық ерітінділердің агрегаттық тұрақтылығы азайып, ζ-потенциалдың критикалық мәнінде коагуляция жүреді. Мұнда термодинамикалық потенциал өзгермейді.
Бейтараптық коагуляция жүргенде енгізілген индифференттік емес электролиттердің иондары зарядты бейтараптайды, термодинамикалық потенциал мен электркинетикалық потенциал азаяды. Коллоидтық ерітінділерге көп валентті қарсы зарядталған иондары бар электролит енгізсе, золь басында тұрақты болып, концентрацияның белгілі аралығында коагуляция жүреді, кейін қайта тұрақтанады және электролиттің көп мөлшерінде қайтымсыз коагуляция орын алады (51-сурет).
Бұл құбылыстың механизмін қарастырайық. Басында көп зарядты иондардың мөлшері зольді коагуляциялау үшін жеткіліксіз. Мұнда ζ-потенциалдың шамасы критикалық мәнінен үлкен. Электролит мөлшерінің артуымен оның иондары коагуляциялағыш әсер көрсетеді. Концентрацияның осы шама-ларында ζ-потенциал –ζкр ÷ +ζкр аралығында өзгереді. Ары қарай концентрацияның артуы коллоидтық бөлшектердің қайта зарядталуына әкеліп, золь тұрақтанады. Бұл зонада (аймақта) ζ > ζкр, электролит концентрациясының артуымен көп зарядты иондар зольді толық және және қайтымсыз коагуляциялайды.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау