|
С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химияӨзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
|
бет | 87/105 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 5,89 Mb. | | #44020 |
| treatise128700Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Коагуляция үрдісін сипаттаңыз.
Коагуляцияның негізгі сатыларын атаңыз.
Коагуляция ережелерін келтіріңіз.
Электролит қоспалары коагуляцияға қалай әсер етеді?
Смолуховскийдің жылдам коагуляция теориясының негізгі айтыңыз.
Жартылай коагуляция уақытының физика-химиялық мәнін түсіндіріңіз.
Коагуляцияда тұрақтылық зоналары қай жағдайда орын алады?
Фукс теориясын сипаттаңыз.
Коалесценцияның коагуляцияда айырмашылығы неде?
Коагуляцияның негізгі сатыларына сипаттама беріңіз.
16. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы
16.1. Негізгі қағидалары
Дисперсті жүйенің тұрақтылығы оның негізгі екі параметрлерінің – дисперстілігі мен диффузияның нәтижесінде ортадағы тепе-теңдікті таралуының өзгермеуіне байланысты.
Термодинамикалық тұрақсыздыққа қарамастан лиофобты коллоидтар кинетикалық тұрақтылықты көрсетіп, ұзақ уақытқа дейін өзгермейді. Мұндай жүйелер метастабилді (метатұрақты) күйде болып, бөлшектердің бірігуіне кедергі жасайтын потенциалды тосқауылы өте жоғары.
Тұрақтылықтың негізгі екі түрі бар – седиментациялық және агрегаттық.
Агрегаттық тұрақтылық деп жүйенің өзінің дисперстілігі мен өзгешелігін сақтау қабілетін айтуға болады.
Седиментациялық тұрақтылық дегеніміз – ауырлық күшіне қатысты дисперстік фазаның тұрақтылығы. Бұл тұрақтылықтың бұзылуына келесі үрдістер әкелуі мүмкін:
төмен (дөрекі) дисперсті жүйелердегі шөгу;
дисперстік фазаның кіші бөлшектерін изотермиялық айдау арқылы ірі бөлшектерге айналдыру және олардың шөгуі;
дисперстік фазаның коагуляциясына әкелетін бөлшектердің бірігуі.
Фазалық тұрақтылық. Көптеген жағдайда қатты дисперстік бөлшектердің құрылымы тепе-теңдіксіз болады. Мұндай жүйелерде дисперстік бөлшектердің құрылымы өзгеріп, өлшемдері өзгермейді.
Тұрақтылықтың факторларын кинетикалық және термодинамикалық деп бөледі.
Электрстатистикалық факторлар – беттік қабатта ҚЭҚ түзілу нәтижесінде Липпман теңдеуі бойынша фазааралық керілу төмендеуіне байланысты.
Адсорбциялық-сольваттық фактор Гиббс және Дюпре теңдеулеріне сәйкес дисперстік фазаның ортамен әрекеттесу нәтижесінде фазааралық керілудің төмендеуіне байланысты.
Энтропиялық фактор жоғарыдағы екі факторға қосымша болып дисперстік фаза броундық қозғалысқа ұшырайтын ультрамикрогетерогенді жүйелерде пайда болады. Бұл фактор дисперстік фазаның көлемде таралуына байланысты.
Құрылым-механикалық фактор кинетикалық факторға жатады. Бөлшектердің бетінде серпімділігі және механикалық беріктігі үлкен пленкалардың түзілуіне байланысты. Мұндай пленкаларды бұзу үшін белгілі энергия мен уақыт қажет. Бірінші екі факторды да осы факторға жатқызуға болады, себебі олар да серпімді беттік қабаттардың пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.
Гидродинамикалық факторлар ортаның тұтқырлығы мен фазалардың тығыздығының өзгеруінен коагуляция жылдамдығын төмендетеді.
Аралас факторлар реалды жүйелерге тән. Көбінесе, агрегаттық тұрақтылықты бірнеше факторлардың әсері қамтамасыз етеді. Жоғары тұрақтылық термодинамикалық және кинетикалық факторлар әсер еткенде байқалады, фазааралық керілудің төмендеуімен қатар бөлшектер арасындағы пленкалар құрылым-механикалық қасиеттерді көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|