|
С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химияӨзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
|
бет | 76/105 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 5,89 Mb. | | #44020 |
| treatise128700Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Молекулалық адсорбцияда Дюкло-Траубе ержесі қалай орындалады?
Ребиндер ережесін түсіндіріңіз.
Иондық адсорбция нәтижесінде қос электрлік қабаттың түзілуін бейнелеңіз.
Қос электрлік қабаттың құрылымына сипаттама беріңіз.
Ион алмасу процесіне қандай иондар қатысады?
Ион алмасуға иондардың радиусы мен заряды қалай әсер етеді?
Иониттер дегеніміз не?
Иониттер қалай жіктеледі?
Иониттердің қандай физикалық-химиялық сипаттамалары бар?
Ион алмасу тепе-теңдігін Никольский теңдеуі арқылы сипаттаңыз.
Күшті электролиттер адсорбциясының қандай ерекшеліктері бар?
14. Дисперсті жүйелердің
электрлік қасиеттері
Көптеген дисперсті бөлшектердің беттерінде электрлік заряд болады. Дисперсті жүйелердегі құбылыстардың көпшілігі осындай беттік зарядтарға байланысты болғандықтан, оларды электрбеттік құбылыстар деп атайды.
Сұйық және қатты бөлшектердің беттеріндегі электрлік зарядтардың әсерінен жүретін негізгі құбылыстарды қарастырайық.
Дисперстік бөлшектердің беттеріндегі біртекті заряд олардың электрстатикалық (кулондық) тебісуіне әкеліп, бөлшектердің бір біріне жақындауы мен жабысуына кедергі жасайды. Сондықтан электрлік заряд дисперсті жүйелердің агрегаттық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Беттік зарядтың әсерінен дисперстік бөлшектер не дисперсиялық орта электр өрісінде белгілі бір бағытта (анодқа не катодқа қарай) қозғалуы мүмкін. Мұндай құбылыстарды электркинетикалық құбылыстар деп атайды.
Электрлік зарядтар сұйықтықтардың беттік керілуі мен электролиттер ерітінділері мен қатты денелердің шекарасындағы беттік энергияның азайтады. Бұл құбылысты электркапиллярлыққ эффектісі деп атайды.
Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның шекарасындағы иондардың таралуы барлық электрбеттік құбылыстарда негізгі роль атқарады. Осы аймақтағы катиондар мен аниондар екі бөлек қабатқа бөлініп, қос электрлік қабат (ҚЭҚ) түзеді. Фазалардың жанасу шекараларындағы қос электрлік қабаттың құрылымы мен қасиеттерінің коллоидтық химиядағы маңызы зор.
Дисперсті жүйелердегі қатты денелер мен сұйықтықтар беттерінде қос электрлік қабат (ҚЭҚ) бірнеше механизм арқылы түзіледі. Жоғарыда айтылған (13-тарау) иондық адсорбция және беттік диссоциациямен қатар келесі механизмдер де орын алады:
Электролит ерітіндісімен жанасқан электрөткізгіш зат бетінің катодтық немесе анодтық полярлануы. Бұл үрдіс беттік керілудің электркапиллярлық азаюына тән.
Механохимиялық активтендіру. Қатты денелер мен сұйықтықтарды дисперсиялағанда түзілген жаңа беттерде электрондар эмиссиясының, бос радикалдардың түзілуінің және т.б. факторлардың нәтижесінде электрлік зарядтар пайда болуы мүмкін.
Бөлшектердің бетіне зарядталған иондардың адсорбциялануы. Бұл құбылыс аэрозолдерде орын алады. Бұлтты күні найзағайдың жарқылдауы бұлттардағы тамшыларда зарядтардың түзілуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|