14.2. Электролиттердің қос электрлік қабатқа әсері
Қос электрлік қабатқа көрсететін әсері бойынша электролиттерді екі топқа: индифференттікк және индифференттікк емес деп бөледі.
Индифференттікк электролиттер дегеніміз иондары қатты бөлшектің құрамына кірмейтін электролиттер. Сондықтан олар фазаларды бөлу шекарасындағы потенциалдың өзгеруіне және беттік зарядтың тығыздығына әсер етпейді. Бірақ, мұндай электролиттер ҚЭҚ-тың қалыңдығына ықпал етеді. Егер электролиттің құрамына қарсы иондар кірсе, онда электролит қосқанда ҚЭҚ сығылып, оның қалыңдығы кішірейеді. Қарсы иондармен аттас зарядталған қосымша иондардың ҚЭҚ-қа тигізетін әсері олардың адсорбциялық қабілеттілігіне байланысты болады. Иондардың адсорбциялық қабілеттілігіне екі фактор әсер етеді.
1. Зарядтары бірдей иондардың адсорбциялық қабілеті олардың радиустарының (ri) артуымен күшейеді, себебі ионның радиусы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол сумен аз гидраттанады. Ионның гидраттық қабаты оның бетке тартылуын азайтады. Адсорбциялық қабілеті бойынша иондар мынадай қатарларға орналасады:
Li+ < Na+ < K+< Rb+ < Cs+
Mg2+ < Ca2+ < Sr2+ < Ba2+
Cl- < Br- < Cl- < NO3- < I- < CNS-
Келтірілген тізбектерді лиотроптық қатарлар деп атайды.
2. Зарядының артуымен иондардың адсорбциялық қабілеті артады, себебі олардың қатты беттегі қарсы иондарға Кулон зағына сәйкес, электрстатикалық тартылуы күшейеді. Ион зарядының әсерін келесі қатар көрсетеді:
K+ << Ca2+ << Al3+ << Th4+
43-сурет. ҚЭҚ потенциалының өзгеруі.
1-бастапқы жүйе; 2-қайта зарядталу
К өп валентті үлкен иондар ҚЭҚ-тың сығылуына әкеледі, сонымен қатар потенциал анықтағыш иондар қабатына кіріп, электркинетикалық потенциалдың белгісін өзгертеді (43-сурет). Бұл құбылысты қайта зарядталу деп атайды. Көп валентті иондар адсорбцияланғанда бөлшектердің қайта зарядталуы, яғни электркинетикалық потенциалдың белгісі мен шамасы өзгеруі мүмкін. Бірақ, бұл кезде фазалардың бөлу шекарасындағы потенциал өзінің белгісі мен мәнін сақтап қалады.
Индифференттікк емес электролиттер. Мұндай электролиттердің құрамына қатты бөлшектің кристалдық торын толықтыра алатын иондар кіреді. Екі түрлі жағдай байқалады:
Электролиттің құрамында потенциал анықтағыш иондармен аттас зарядталаған иондар болуы мүмкін. Мұндай иондар бетке адсорбцияланып, оның потенциалын (φ0), арттырады. Электролит концентрациясының ары қарай өсуі диффузиялық бөліктің сығылуына, яғни электркинетикалық потенциалдың азаюына әкеледі;
Электролиттің құрамында қарсы иондармен аттас зарядталған иондар болса, олар алдымен ҚЭҚ-тың сығылуына әкеледі, ал жеткілікті ұлкен концентрацияда бет қайта зарядталады.
Яғни электролиттердің көмегімен дисперстік бөлшектер-дің электрбеттік қасиеттерін белгілі бағытта реттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |