С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Қос электрлік қабаттың теориялары



жүктеу 5,89 Mb.
бет77/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
treatise128700

14.1. Қос электрлік қабаттың теориялары


Гельмгольц теориясы. Қос электрлік қабаттың алғашқы теориясын 1879 жылы Гельмгольц ұсынды. Ол кезде ерітінділерде иондар болатынынан беймәлім болған, сондықтан Гельмгольц ҚЭҚ-ты жазық конденсатор ретінде қарастырған. Оның сыртқы қабаты ерітіндіде молекулалардың өлшемдеріне сәйкес қашықтықта бетке параллель орналасады.
Жазық конденсатордың теориясына сәйкес, ҚЭҚ-тың потенциалы (φ) конденсатордың жазықтықтар арақашықтығының (х) артуымен сызықты күйде азаяды. Гельмгольц теориясының кемшіліктері келесіде: теория электркинетикалық құбылстарды түсіндіре алмады және ҚЭҚ-тың қалыңдығы молекулалық өлшемдерден үлкен болды.
Гуи-Чепменнің классикалық теориясы. Гуи (1910 ж.) және Чепмен (1913 ж.) теориясы ҚЭҚ-тың сыртқы иондары (қарсы иондар) қозғалмалы деген ілімге негізделген. Қарсы иондардың бетке электрстатистикалық (кулондық) тартылуы және коиондардың (бетпен бірдей зарядталған иондардың) беттен тебілуі иондардың жылу қозғалысымен (диффузиямен) және беттік потенциалмен анықталады.
Бұл теория бойынша, ҚЭҚ-тың қарсы иондарының концентрациясы беттен алшақтаған сайын азайып, диффузиялық қабат түзіледі деп жорамалданады. Бұл ҚЭҚ-тың қалыңдығының тәжірибелік мәнінің молекулалық өлшемдерден үлкен болатынын түсіндірді. Теория ұсынған теңдеулер заряд тығыздығының потенциал мен электролит концентрациясына тәуелділігін дұрыс бейнеледі, бірақ кейбір жағдайда тәжірибелік мәліметтерге сәйкес келмеді. Мұның себебі теорияның классикалық нұсқасында иондар бетке шексіз жақындай алатын нүктелік заряд ретінде қарастырылған.
Штерннің теориясы. 1924 ж. Штерн ҚЭҚ теорясына жаңадан иондардың өлшемдері мен спецификалық адсорбциясы туралы екі түсінік еңгізді. Ішкі және сыртқы қабат иондарының өлшемдерімен анықталатын d шамасынан артық қарсы иондар бетке жақындай алмайды. Мұндай иондар тығыз қабатты құрайды. d қалыңдығы гидратталған иондар радиустарының қосындысына және нанометрдің ондық үлесіне тең. Қалған иондар диффузиялық қабатта болады. Потенциал тығыз қабатта сызықты, ал диффузиялық қабатта экспоненциалды түрде азаяды. Сонымен қатар Штерннің теориясы көп валенттік иондар, бояғыштардың иондары, алкалоидтар мен БАЗ-дардың ерекше адсорбциясын қарастырды.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау