ШЖНОБ001/13-2005
Жоспар
Кіріспе 3
1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі...............5
Заңды тұлға ұғымы және түрлері
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі 19
2-Тарау. Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалардың құрылуы
және құрылтайшылары 27
Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату 27
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары және құрылтайшылар 42
Құрылтайшылардың ґздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне
құқықтары 58
Қорытынды 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Кіріспе
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің ґзімен тығыз байланысты. Бұл еңбек заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын (жалпы ережелерін) кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Экономикалық және әлеуметтік ґзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы ґз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен ґзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылымды және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - заңды тұлғалардың мәнін түсінуге ґркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында: "Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бүл шаралар ґсіп-есейіп, әрі қарай ґркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет" деп атап ґтті. Президенттің осы сґздері мемлекеттің "жаңа әлемдік экономикалық парадигмаға сай болу үшін жеке меншік секторы мен ұлттық капиталдың белсенділігіне кґмектесуге, ынталандыруға жоне толықтыруға" міндеті туралы бүған дейін айтқан ойын растады.
Заңды тұлғаның құрылымының ґзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменнің даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу-қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең кґлемді еңбектер арналған. Қазақстанда бұл мәселелерге Басин Ю.Г., Грешников И.П., Диденко А.Г., Жакенов В.А., Жанайдаров И.У., Маметова Р.А., Мукашева К.В., Покровский Б.В., Сүлейменов М.К., Ташмұхамбетова Ш.Ж., Худяков А.И. жэне басқа авторлар ґз еңбектерін арнаған.
1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі.
1.1. Заңды тұлға ұғымы және түрлері
АК-тің 33 бабының 1 тармағының 1 бґліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен ґз міндеттемелері бойынша жауап беретін, ґз атынан мүліктік жэне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жэне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстыра кетейік: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, ґз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын және міндеттер атқара алатын, сотта, тґрелік сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады (ҚазКСР АК-тің 23 бабы). Тағы бір нұсқаны кґрелік: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, ґзінің міндеттемесі бойынша осы мүлкімен жауап беретін және сотта, тґрелік сотта ґз атынан сґз сґйлейтін ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие бола алады (АЗН-нің 11 бабы, 1 тармағы).
Сонымен, жаңа Кодексте ұсынылған анықтама іс жүзінде 1963 жылғы АК-тің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Бұрынғыдай біз заңды тұлғаның ґз атынан құқықтар мен міңдеттерге ие болу мүмкіндігі туралы, оның іс жүргізушілік құқық субъектілігі туралы сґз етілгенін кґреміз. Сондай-ақ, Негіздермен қатар, анықтамаға заңды тұлғаның ґз міндеттемелері бойынша оқшау мүлкімен жауаптылығы туралы ереже де "ауысты".
Аталмыш анықтама уақыт сынынан ґтіп, қоғамдық шындықты кґрсетеді деген қорытынды еріксіз туып отыр.
Біздің пікірімізше, кґрсетілген анықтама тек қана белгілерден (сыртқы белгілерден) тұратындықтан және заңды тұлғаның мағынасының ґзін, мәнін ашпайтындықтан ең сәтті болып табылмайды.
Азаматтық құқық оқу пәні ретінде, әдетте, оқу әдебиетінде айтарлықтай толық баяндалған оның келесі белгілерін ашып кґрсетеді:
ұйымдық бірлікті;
мүліктік оқшаулануды;
дербес мүліктік (сондай-ақ "азаматтық-құқықтық" деген сґз
қолданылады) жауапкершілік;
• азаматтық айналымда ґз атынан сґйлеу1
Заңды тұлғаның белгілері туралы сґз етіп, біз шын мәнінде, заңды анықтамаға жүгінетініміз, оларды содан шығаратынымыз анық. Мұндай жағдай негізделген болып танылуы екіталай, ґйткені анықтама белгілерді емес, пәннің мән-мазмұнын ашуға тиіс. Анықтама - бұл белгілі және жете ұғынып болған терминдердің (сґздердің) кґмегімен белгісіз терминнің (сґздің) мағынасын анықтау. Сондықтан заңды тұлға ұғымын құрастыру жґнінде айта отырып, осы мәселені шешуге жаңа ыңғайларды жасау қажет болып кґрінеді.
Бұған соңғы жылдары жарық кґрген бірқатар еңбектер арналған. Мәселен, заңды тұлға және оның белгілері ұғымы мәселесі бойынша қатаң ұстанымды И.П. Грешников білдірді. Ол кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың Азаматтық кодекстерінде заңды тұлғаның құқықтарымен ұйымдастырудың сипаттамалары мен пәндік белгілерінің тек жай ғана атап кґрсетілуі орын алған деп атап ґтеді. Мұндай белгілеуді анықтама деп есептеуге болмайды, ґйткені анықтаманы тұжырымдаған заңгерлер тұлға
ұғымына емес (және де оған зейін салмайды), олар үшін қазіргі шындыққа
______________________________________________________
1Кулагин М.И. Избранные труды. -М.: «Статут», 1997. 17 б.
жүгінеді3.
Белгілі дәрежеде бұл мәселелер оқу әдебиетінде де кґрініс табады. Мәселен, В.С. Мартемьянованың редакциясымен "Шаруашылық құқық" атты оқулығында заңды тұлға мәнін кәсіпкер тұлғасы арқылы түсіндіру мүмкіндігі қарастырылады. "Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы" Заңынан кез келген кәсіпорынның, жеке, сол сияқты мемлекеттік және муниципалды кәсіпорынның мәнін бүгінде осы тұлға білдіреді деген қорытынды шығаруға болады4. Е.А. Сухановтың редакциясымен "Азаматтық құқық" атты оқулығында "мақсатты мүлік" теориясы пайдасына дәлелдер келтіріледі5. Және де бұл ойды Е.А. Суханов бұған дейін де ұсынған болатын. Мәселен, ґзінің "Система юридических лиц" атты еңбегінде ол кәсіпорынды белгілі бір ұйымның синонимі ретінде түсіну дұрыс емес екенін атап ґтіп, назарды ұйымдық белгілерден мүліктік белгілерге кешіруді ұсынады. "Заңды түлға - белгілі бір күйіндегі ұйымдасқан ұжым ғана емес, бірінші кезекте оның құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) дербес коммерциялық қызмет үшін бґлінген "тұлғаландырылған мүлік" болып кґрінеді", - деп жазады ол6. Мемлекеттік меншіктің оның "жалпы халықтық" сипатын бір мезетте белсенді жариялау кезіндегі үстемдігі заманында астында белгілі бір негізі болған "еңбек үжымы" теориясы қазіргі уақытта ґзін толығымен жоққа шығарды7. Сонымен қоса, Е.А. Суханов әділ жазып кеткендей, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бір тұлғаның, яғни бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар компаниялардың таралуы заңды тұлғаның мәнін басқаша түсіндіретін ґзге де теорияларға зейін салып қарауға мәжбүр етеді. Соңғы дәлелмен де, әсіресе біздің де ұлттық заңнамамызда бұған дейін
___________________________
3Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Авторефер. Дис. ...
к.ю.н. - Алматы, 1997. 15-16 6.
4 Хозяйственное право. Учебник для ВУЗ-ов. Том 2 /Под. ред. В.С. Мартемьянова. - М.: «БЕК», 1994. 347 б.
5 Гражданское право. Учебник. Том 1 /Под. ред. Е.А. Суханова. -М.: «БЕК», 1993. 76 б.
6 Советское государство и право, 1991, №11. 44 б.
7 Иоффе О.С. Избраниые труды по гражданскому праву: Из истории цивилистической мысли.
Гражданское правоотношение. Критика теории "хозяйственного права". — М.: "Статут"
және қазіргі уақытта да "бір тұлғаның компаниясы" кґзделетін жәйтті есепке алсақ, келіспеске болмас.
Ю.Г. Басин заңды тұлға ең алдымен мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәнге ие екенін кґрсетіп, сґйтіп тағы бір рет оның мүліктік оқшаулану секілді белгісінің ерекше маңыздылығын атап ґтеді. "Заңды тұлғаның құрылтайшылары ґзінің кәсіпкерлік қаупін ґзі үшін жол беруге боларлық деп есептейтін қаржы кґлемімен шектеу мүмкіндігіне ие"8.
"Мүліктік оқшаулану - заңды тұлғаның негізгі белгісі, одан оның дербес мүліктік жауапкершілігі келіп шығады" - Р.А. Маметованың пікірі осындай9 . Осыған ұқсас кґзқарасты К.В. Мукашева білдіреді10.
Әрі келтірілген пікірлердің үзілді-кесілді екендігімен, біздің пікірімізше, әрқашан келісуге болмайды, дегенмен, заңды тұлға ұғымын құрастыру кезінде, бірінші кезекте, мүмкін, нақ мүліктік мәселелерге негізделу қажет екендігін атап кеткен жґн11. Алайда оны тек қана оқшау мүлік жиынтығы ретінде түсіну, сґзсіз, қажетті дәрежеде осы феноменнің мәнін бейнелей алмайды. Ґйткені мүліктің оқшаулануы екі немесе бірнеше қатысушылар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде шартқа қатысушы ортақ мүліктегі үлесін ґзге де қатысушылардың келісімінсіз иелік етуге құқылы еместігіне қарамастан жаңа заңды тұлғаны құрусыз нақтылы мақсатқа жету үшін ґздерінің мүлкін біріктірген кезде қарапайым серіктестікті құруда да орын алады. Сґйтіп, бұл мәселеде ґзге де аспектілерді ескерген жґн.
Бұған дейін айтылғандай, азаматтық құқық заңды тұлғаның
8 Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и
общая характеристика: Учеб. Пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. - Алматы: ВШП «Әділет», 2000. 3 б.
9 Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс) /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г.
Басин. - Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000. 112 6.
10 Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (Часть общая). 2-е изд., доп. и изм. /Отв. ред.
Г.И. Тулегалиев, К.С. Мауленов. - Алматы: «Данекер», 1999. 126 б.
111111 Комментарий к Гражданскому кодексу Российской Федерации, части первой (постатейной) /Отв. ред. О.Н. Садиков. - М.: «Контракт», Инфа. - М. 1997. 116-1176.
белгілерінің бірі ретінде ұйымдық бірлікті бґліп кґрсетеді. Заңды тұлғаның мәнін ашудағы оның рґлі аса зор деп есептейміз. Осыған орай, біздің пікірімізше заңды тұлға ґзінің ұйымдық жағынан пісіп - жетілуімен ерекшеленеді.
Бұл белгінің екі жақты мағынасы бар. Бір жағынан (сыртқы жағынан пісіп - жетілуі) - бұл заңды тұлғаның заңмен кґзделген ұйымдық - құқықтық нысандарының бірінде құрылуы мен қызмет жасауы. Мәселен, АК-тің 34 бабы коммерциялық заңды тұлғалар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ґндірістік кооператив түрінде құрылуы мүмкін екендігін белгілейді. Коммерциялық емес заңды тұлғалар мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылық кооператив, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңнамалық актілермен кґзделген ґзге нысанында құрылады. Бұл дәлелді ґзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларды АК-пен кґзделген ұйымдық - құқықтық нысандарға ґзгертуді міндет еткен ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы (Жалпы бґлім)" Қаулысының 4 тармағы айғақтайды.
Екінші жағынан (ішкі жағынан пісіп - жетілуі) - бұл, шын мәнінде, заңды тұлғаның ґзінің міндеттері мен функцияларын орындауға қабілетті тұтастық ретінде айқын ішкі құрылымымен ерекшеленуінен, ґзінің басқару органдарына ие болуынан және т.б. тұратын ұйымдық бірлік болып табылады. Егер заңды тұлғаның сыртқы пісіп-жетілуі заңнамамен белгіленсе, ішкісі - заңнамамен және құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
Заңды тұлға ұғымы мен белгілерімен байланысты тағы бір жайтқа назар аударайық. Заңды тұлға оның мемлекеттік тіркелуге дейін құрылған деп есептеле алмайды. Құрылтай шартына қол қою және (немесе) жарғыны бекіту - бұл әлі заңды тұлғаны кұру емес, тек құрылтайшылардың ниеті ғана.
Ал мемлекеттік тіркелу фактісі - бұл оның "тууы" фактісі. Қаншалықты әдеттен тыс болғанымен, бірақ мемлекеттік билік органының актісі (Президент Жарлығы, Үкімет Қаулысы) негізінде заңды тұлғаның пайда болуы кезінде ол осы актінің күшіне енуі сәтінен емес, бұл ұйымның белгіленген тәртіптегі мемлекеттік тіркелу сәтінен құрылған болып есептеледі.
Осыған орай АК-тің 42 бабының 1 тармағының тұжырымы қарсылық туғызады: заңды тұлға әділет органдарында тіркелуге тиіс. Біздің пікірімізше, "тиіс" деген сґз міндеттің болуын ұйғарады. Іс жүзінде, тіркелу бойынша міндет әзірге құрылмаған "заңды тұлғаға" (немесе "заңды тұлғаға" қатысты) жүктеледі. АК-тің 42 бабының 1 және 3 тармақтарын бір тармаққа біріктіріп, келесі редакциясында баяндаған дұрыс: заңды тұлға оның мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап құрылған деп есептеледі. Мемлекеттік тіркелу тәртібі заңнамамен айқындалады.
Сонымен, дәл мемлекеттік тіркелу фактісі және тек сол ғана заңды тұлғаның пайда болуы турасында сґз етуте негіз береді . Бұл ыңғай, біздің пікірімізше, занды тұлғалар және олармен айтарлықтай ұқсас азаматтық құқықтың ґзге де феномендерімен, мысалы заңды тұлғаны ұйымдастырусыз толық серіктестік пен қарапайым серіктестік арасында, бір тұлғаның компаниясы және жеке кәсіпкер арасында анық шекара ґткізуге мүмкіндік береді. 1994 жылғы Азаматтық кодекс алғаш рет ҚР заңнамасында заңды тұлғаларды екі топқа бґлді: коммерциялык және коммерциялық емес.
34 бапқа сәйкес ґзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс табуды кґздейтін ұйымдар (коммерциялық ұйымдар) жатқызылады. Коммерциялық емес ұйымдар мұндай мақсат ретінде кіріс табуға ие емес және алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестірмейді. Коммерциялық ұйымдар тізбесі
______________________________
12 Климкин С.И. Вопросы понятия юридического лица в новом Гражданском кодексе Республики Казахстан //Вестник Министерства юстиции Республики Казахстан
жабық болып табылады: олар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ґндірістік кооператив нысанында құрыла алмайды. Коммерциялық емес ұйымдар нысандары да АК-те аталған, бірақ олардың тізбесі ашық: олар заңнамалық актілермен кґзделген ґзге де нысандарда құрыла алады.
Ғылыми әдебиетте заңды тұлғаларды кґрсетілген топтарға бґлуде ґзгеше тұрғыдан қарауға талпыныстар жасалуда. Мәселен, И.П. Грешников коммерциялық және азаматтық ұйымдар арасындағы негізгі айырмашылық ұйымдық - құқықтық нысанынан емес және қызметінің кґлемі мен сипатында емес, оның құрылтайшыларының ниеттерінен тұрады деп есептейді13.
Іс жүзінде бұл жіктелімге жаңа позиция тұрғысынан қараудағы ґзінің талпынысы туралы мәлімдей отырып, автор оны негіздеп, заң шығарушыға белгілі ыңғайларды пайдаланады - кіріс табу және оны қайта үлестіру: шаруашылық серіктестіктер нысанындағы азаматтық бірлестіктерді құру үшін шынайы еркіндік беріп, ұйымдық - құқықтық нысанды ғана емес, негізінен қызмет түрі мен бағытын негізге ала отырып, салықтар бойынша жеңілдіктер беру қажет14.
Осы ретте автормен келісе отырып, біз сонда да азаматтық құқық проблемасын салық заңнамасы проблемасымен араластырудың негізі жоқ деп есептейміз. Азаматтық кұқық салық жеңілдіктері мәселелерін шеше алмайды, ґйткені олар кұқықтың осы саласы пәнінен тыс тұрады. Сонымен қатар, автордың кейбір тұжырымдарының қисыны толық жүйелі емес болып кґрінеді.
Мәселен, заңды тұлғаға оның қызметінің түрі мен бағытын негізге алып, салық жеңілдіктерін беруді ұсына отырып, ол егер, бірлестіктер, мекемелер, қорлар, ассоциациялар қандай да бір нысанда ґздерінің мүшелері
___________________________________________________
13 Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Автореф. дис. к.ю.н. - Алматы, 1997. 12 б.
14 Сонда. 12-136.
арасында пайда тауып, оны үлестірсе, онда олар коммерциялық құрылым болып танылуы керек деп атап ґтеді. Және керісінше, егер серіктестіктер, ґндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар пайда табумен байланысты емес қызметті жүзеге асырса және тапқан кірісті қатысушылар мен құрылтайшылар арасында үлестірмейтін болса, онда мұндай ұйымдарды коммерциялық емес (азаматтық) ұйымдарға жатқызған жґн15.
Бұл тезис, біздің пікірімізше, бұған дейінгі пікірдің қисынына толық сәйкес келмейді. Мәселен, автор аталмыш ереже (ұйымдарды түрлерге бґлу -С.К.) ең алдымен қазіргі салық салу жүйесімен байланысты екендігін атап ґтеді16. Алайда егер салықтар бойынша жеңілдіктер заңды тұлғаның кызметінің түрі мен бағытын есепке алуымен берілуге тиіс болса, онда заңды тұлғаларды қандай да бір түрге жатқызудың қажеті қандай?
Ґзінің зерттеуінің нәтижесінде автор тым ортақ проблемаға негізінде заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп бґлудің дәлелділігіне келуге тиіс еді деп кґрінеді.
Ґкінішке орай, қазақстандық ғалымдар заңды тұлғаларға арналған ґз еңбектерінде, әдетте, мұндай бґлудің қажеттілігіне тым болмағанда қысқаша негіздеме келтірмей, оның маңыздылығына кґрсетумен ғана шектеледі. Ал бұл мәселе шынында да ґте қызықты болып табылады.
Біздің пікірімізше, ұйымдарды түрлерге бґлудің заңдық маңызы келесілермен негізделе алады:
АК-ке коммерциялық ұйымдар нысандарының ерекше тізбесін, ал коммерциялык, емес ұйымдарда - ґзге де заңнамалық актілерге енгізудің туындаған тәжірибелік қажеттілігімен;
қайсыбір ұйымдар үшін әртүрлі салық режимін орнату
_____________________________________________________________________
15Сонда. 12 б.
16Грешников И.П. Классификация организаций с правами юридического лица. Правовой режим
коммерческих организаций /В кн. Общая часть Гражданского кодекса Республики Казахстан (Сборник
статей, комментариев). - Алматы: Изд-во КазГЮИ. 1996. 98 б.
қажеттілігімен;
3) заңды тұлғаның оның қатысушылары арасында таза кірісін үлестіру мүмкіндігі туралы мәселені айқын және бір мағыналы шешу қажеттілігімен.
Ю.Г. Басин "анықтап айырудың ең сенімді ґлшемі пайданы қатысушылар арасында үлестіру мүмкіндігі болып табылады" деп атап ґтеді. Оның пікірінше, егер заңды тұлға заңға немесе құрылтай құжаттарына орай қатысушылар арасында пайданы үлестіруге (дивиденттер тґлеуге) құқылы болса, оңда ол дивиденттердің кезекті тґлемдерінің тґленетініне қарамастан коммерциялық ұйым болып танылуы тиіс. Егер де заңды тұлға заңнама немесе құрылтай құжаттарына орай дивиденттерді тґлеуге құқылы болмаса, онда ол коммерциялық емес ұйым болып танылуы тиіс. Және оның бүкіл пайдасы, егер ондай пайда болса, жарғылық мақсаттарға жетуге бағытталуы тиіс.
Кґрсетілген дәлелдер таласты болмауға тиіс деп ойлаймыз. Ең алдымен "заңға немесе құрылтай құжаттарына орай құқылы" деген айналымға назар аударған жґн. Одан Ю.Г. Басиннің ұйымның құрылтай құжаттарында қатысушылар арасыңда таза кірісті үлестіру мүмкіндігі туралы шарт болған негізде ғана оны коммерциялық деп тану мүмкіндігіне жол беретіні кґрінеді. Алайда мүндай ыңғайда мекемені, егер оның құрылтай құжаттары таза кірісті қатысушылар арасында үлестіру мүмкіндігіне жол бергенде коммерциялық заңды тұлға деп тануға толық негіз бар. Іс жүзінде олай емес. Егер мекеменің құрылтай құжаттарында кґрсетілген ескертпе орын алса, бұл оны коммерциялық ұйымға айналдырмайды, бірақ мұндай мекеменің мемлекеттік тіркеуге қабыл алмауға негіз болып табылады. Егер де қандай да бір себептермен осы секілді заңды тұлға тіркеуден ґтіп қойған болса, бүл факт АК-тің 158 бабының 1 тармағына құрылтай құжаттарының немесе АК-тің 161
бабына сәйкес олардың тиісті бґлімдеріндегі құрылтай құжаттарын жарамсыз деп тану негіз болып табылады. Басқаша айтқанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттары заңнамалық актілерінің нормаларына қарағанда қатысушылар арасында таза кірісті үлестіру мүмкіндігі туралы мәселеге ґзге ыңғайлардан тұра алмайды. Коммерциялық заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, ґндірістік кооператив және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрыла алатыны белгілі. Егер алғашқы үш нысандарға қатысты таза кірісті үлестіру мүмкіндігі туралы мәселе туындамаса, мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісін пайдалану егжей -тегжейін тиянақты қарастырылуға тиіс. Біздің пікірімізше, кірісті үлестіру мәселесінде екі жағдай түйінді болып табылады:
осы кірістердің меншік иесінің ауысу фактісі;
таза кірісті үлестіру туралы шешім қабылдау тәсілі.
Бірінші жағдайға орай мемлекеттік кәсіпорын ґзіне тиесілі мүлікке
меншік құқығына ие емес екендігін атап кетейік. Құрылтайшылар табыс еткен (жалпы ереже бойынша) мүліктің, осы заңды тұлғалардың қызметінен алынған кірістің, сондай-ақ ґзге де заңды тәсілмен басқа да мүліктің меншік иесі болып табылатын шаруашылық серіктестіктен, акционерлік қоғамнан және ґндірістік кооперативтен оның айқын айырмашылығы осында. Сондықтан қатысушылар (акционерлер, мүшелер) арасында таза кірісті үлестіру осы кірістердің меншік иесінің ґзгеруі болып табылады. Және осы тұрғыдан мысалы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алған таза кіріс бґлігінің оның бірден бір қатысушысы болып табылатын тұлғаға бағыт алуы да - үлестіру.
Заң тұрғысынан мемлекеттік кәсіпорындар кірісінің "тағдыры" мүлдем ґзгеше. Бұл жерде тиісті бюджетке тґленуі тиіс таза кірістің үлесі ґзінің меншік иесін ґзгертпейді. Бүл жағдайда әңгіме негізінен үлестіру туралы емес, осы үлесті кәсіпорыннан алып, тиісті бюджетке тапсыру туралы болуы
мүмкін. Осыны растау мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 41 бабының 2 тармағында орын алған: қазыналы кәсіпорынның сметадан тыс алған кірістері тиісті бюджетке тґленуге тиіс.
Екінші жағдайдың да маңызы зор. Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ґндірістік кооператив алған таза кіріс бґлігін үлестіру және үлестіру тәртібі туралы шешім қатысушылардың (акционерлердің, мүшелердің) жалпы жиналысымен, яғни осы заңды тұлғаның органымен қабылданады. Басқаша айтқанда, АК-тің 37 бабының 1 тармағына сәйкес бұл заңды тұлғаның шешімі болып табылады. Ал шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын кірісінің үлесі ґкілетті органның ҚР Қаржы министрлігімен (сол секілді жергілікті органмен) келісіліп жыл сайын белгіленген таза кірісті үлестіру нормативінде тіркеледі жэне тиісті бюджеттің кірісіне аударылады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 27 бабының 2 тармағы). Қазыналы кәсіпорынның үлесін үлестіру тәртібі ґкілетті органмен анықталады (Сол жарлықтың 38 бабының 3 тармағы).
Сонымен, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам мен ґндірістік кооператив - кірісті үлестіру туралы мәселені шешудегі белсенді тұлғалар. Ал мемлекеттік кәсіпорындар енжар болып келеді. Ол жалғыз ґзі үшін қабылдаған шешімді орындайды. Сондықтан мұндай коммерциялық заңды тұлғалар унитарлы кәсіпорындар ретінде алынған пайданы қатысушылар арасында
үлестірмейтінін атап ґткен В.В. Долинскаяның сґзінде жґн бар 17 .
Заң шығарушының да осы мәселеге деген ыңғайы қызықты кґрінеді. Мәселен, АК-тің 34 бабының 1 тармағында коммерциялық емес заңды тұлғаларға қатысты екі белгі кґрсетіледі: ґзінің қызметінен кіріс табу мақсатының жоқтығы және алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестірмеу, ал коммерцялық заңды тұлғаларға қатысты бір ғана - кіріс табу
_____________________________________________________________________
17 Гражданское право. Часть первая: Учебник /Под. ред. А.Г. Калпина, А.И. Масляева. - М: «Юрист», 1997. 916.
мақсаты.
Басқаша айтқанда, таза кірісті қатысушылар арасында үлестіруді, сол секілді оның үлестіру мүмкіндігін заң шығарушы коммерциялық заңды тұлғаның сґзсіз белгісі ретінде қарастырылмайды.
Нәтижесінде осы екі белгінің ешбірі абсолютті емес болып шығады. Мәселен, бір жағынан, коммерциялық заңды тұлғалар ґзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс табуға ие емес, екінші жағынан –кәсіпкерлік қызметпен шұғылдана алады, ґйткені бұл олардың жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді. Яғни, кіріс табу - заңды тұлғалардың екеуінің де түрлеріне тән белгі.
Бір жағынан, коммерциялық емес ұйымдар алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестірмейді, ал екінші жағынан - мемлекеттік кәсіпорын да ґзінің таза кірісін үлестірмейді. Сондықтан осы белгі де тек бір ғана заңды тұлғаға ғана тән емес.
Оның үстіне, біздің пікірімізше, таза кірісті үлестіру немесе үлестірмеу қайсыбір заңды тұлға түрінің белгісі болып табыла ма деген мәселенің қойылуының негізі жоқ, ґйткені оның құрылтайшыларына тиісті салық жеңілдіктері бар коммерциялық емес ұйымдар түрінде коммерциялық қызметті жүзеге асырып, осы қызметтен алынған кірісті тұтынуға мүмкіндік береді.
Аталмыш тұжырымды ақылы жеке меншік мекеме мысалында кґрелік. Ресми түрде, осы заңды тұлға мекеме нысанында тіркелуі үшін ол екі кґрсетілген белгілерге ие болуы, яғни ґзінің қызметінен кіріс табу мақсатының болмауы және алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестіру мүмкіндіктеріне ие болмауы қажет. Жоғарыда кґрсеткеніміздей, бірінші белгінің ерекшелігі бар - коммерциялық емес ұйым үшін кәсіпкерлік қызметке, егер бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келсе жол беріледі. Сондықтан мұндай мекеме ґзінің қызметінен кіріс алып, кейін
оны, мысалы, кґрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағыттауға құқылы.
Екінші белгімен күрделірек, бірақ мұнда да шешімнің жолы бар. Таза кіріс - бұл шығындарды шегеру мен бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есептесуден кейін заңды тұлғаның қарауында қалатын кіріс екені белгілі. Жарғылық қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындар неғүрлым кґп болса, оның кґлемі соғұрлым тґмен екені түсінікті. Қазіргі заңнама бойынша еңбек ақы тґлемі қандай да бір шектеулерсіз шығындар құрамына кіреді. Сондықтан, еңбек ақы тґлемін ұлғайта отырып, заңды тұлғаның кіріс кґлемін іс жүзінде күрт тґмендетуге болады. Әрине, бұл нұсқа құрылтайшылар үшін прогрессивті кіріс салығын тґлеумен қауіпті, бірақ қарастырып отырған жағдайда біз үшін маңызды ол емес. Басқасы маңызды. Ґзінің еңбек ақысын ұлғайту жґнінде шешім қабылдай отырып, құрылтайшылар бір мезгілде осы мекеменің таза кірісті пайдалану проблемасын шешеді: оны үлестіру қажеттілігі жойылады - ол жоқ болады, ґйткені ол тіпті салық заңнамасы түрғысынан "кіріске" айналып, тұтынуға бағытталған.
Осы орайда В.А. Рахмилович қызметтің негізгі мақсатын негізгі мақсаттан айыру айтарлықтай қиын болады, ґйткені бұл жерде айналма жолдар мен сырт бейненің ґзгеруі болуы мүмкін (бір мақсат әдейі басқасын жасыруы мүмкін), ґлшем аса екі ұшты болып шығады деп әділ атап кґрсетеді. Сґйтіп, заңды тұлғаларды азаматтық құқық субъектілері ретінде коммерциялық және коммерциялық емес деп анықтап бґлуді жүйелі жүргізу қолдан келмейді, Осыған ұқсас анықтап бґлу негізінен салық заңнамасының пәні болып табылады деп ойлау керек 18 .
Қарастырылып отырған заңды тұлғаларды бґлу жґнінде сґз ете отырып, Ю.Г. Басин ресейлік заңнамадан гґрі, қазақстандық заңнама мұндай анықтап бґлуді жүйелі жүргізеді. Шынында да, мысалы РФ АК- тің 116 бабы
__________________________________________________________________________________________________
18 Гражданское право России. Курс лекций Часть первая /Под. ред. О.Н. Садикова. -М.: «Юр. Лит.», 1996. 62 б.
коммерциялық емес ұйымдарға жататын тұтынушылық кооператив мүшелері арасында үлестіру мүмкіндігін белгілейді.
Бұл проблемаға В.А. Рахмилович назар аударады: заңды тұлғаларды Азаматтық кодексте белгіленген белгілер бойынша коммерциялық және коммерциялық емес деп бґлу Кодекстің ґзінде тыңғылықты емес, жүйелі жүргізілмейді және тым шартты болып келеді. Тәжірибе жүзінде бірқатар жағдайларда шаруашылық серіктестіктер, атап айтқанда акционерлік қоғамдар нысанында пайда табу негізгі, басты мақсат болып табылмайтын және бар болған ол пайданы ґздерінің қатысушылары (акционерлері) арасында бґліске салмайтын ұйымдар құрылып, қызмет жасайды19.
Сонымен бірге АК-тің 34 бабының 3 тармағы, акционерлік қоғамдар туралы Заңның 3 бабының 5 тармағы, коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңның 6, 16 баптары акционерлік қоғамдардың ұйымдық - құқықтық нысанындағы коммерциялық ұйымдардың құрылуына жол береді. 1997 ж. 5 наурыздағы ҚР-ның "Құнды қағаздар туралы" Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес қор биржасы акционерлік қоғам нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Сондықтан біздің ортақ ережеден шығу заңнамамызға таныс екендігін мойындаған жґн.
Ґткізілген талдау кґрсетілген белгілер әрдайым бірге орын алмайтындығын кґрсетеді. "Ортақтық жоқ жерде, жалпы ғылыми ғымдар толығымен жойылып, тек жекелер болуы мүмкін". Бірақ ғылымдағы салыстырмалылық, шарттылық - бір нәрсе, ал заңда мүлдем басқа нәрсе. Сондықтан, біздің түсінігімізше, жалпы заңды тұлғаларды олардың заңнамалық тұрғыда коммерциялық және коммерциялық емес деп бґлу идеясын сынай бағалаудың мәні бар секілді.
________________________________________________
19. Гражданское право России. Курс лекций Часть первая /Под. ред. О.Н. Садикова. -М.: «Юр. Лит.», 1996. 88 б.
Достарыңызбен бөлісу: |