С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Мицелла түзгіш қасиеті бойынша жіктелу



жүктеу 5,89 Mb.
бет47/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105
treatise128700

Мицелла түзгіш қасиеті бойынша жіктелу. Барлық БАЗ-дар үшін қатты және сұйық беттерде адсорбцияланып, осы беттің беттік энергиясын азайту қасиеті тән. Сонымен қатар, көптеген БАЗ-ң тағы бір қасиеті бар. Белгілі жағдайда (температура, концентрация) олар ерітіндіде ондаған немесе жүздеген БАЗ молекулалары, не иондарынан тұратын наноөлшемді агрегаттар түзеді. Мұндай агрегаттар мицеллалар деп аталады, ал мицелла түзгіш заттарды – мицеллалық (мицеллярлы) БАЗ -дар деп атайды.
«Коллоидтық БАЗ-дар» терминін де қолданады, себебі мицелланы наноөлшемді дисперсті бөлшек ретінде қарастыруға болады. Оларға тізбектегі көміртек саны 10-20 аралығында болатын БАЗ-дар жатады. Физика-химиялық әрекеті бойынша мицеллалық БАЗ-дар жуғыш ықпал көрсететін БАЗ-дарға жатады.
Фазаларды бөлу бетіне көрсететін физика-химиялық әрекеті бойынша жіктелу.

  1. Жұқтырғыштар мен көбік түзгіштер – сулы ерітінді-газ шекарасының беттік керілуін біркелкі өзгертетін БАЗ-дар (спирттер мен майлы қышқылдардың орта және жоғарғы гомологтары).

  2. Дисперсиялағыштар (диспергаторлар) – кез келген фазааралық шекарада (сұйық-газ, сұйық-қатты, сұйық-сұйық) адсорбцияланып, беттік керілуді елеулі кемітеді. Нәтижесінде дисперстеу және бұзу процестерін жеңілдетеді.

  3. Тұрақтандырғыштар – мұндай БАЗ-дардың адсорбциялық қабаттарының беріктігі жоғары, сондықтан олар эмульсиялар, көбіктер және басқа дисперсті жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұндай қасиеттерге полярлы топтары көп болатын жоғары молекулалы БАЗ-дар – ақуыздар, целлюлозаның туындылары, поливинил спирті ие.

  4. Жуғыш әсерлі БАЗ-дар – жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге ие, сонымен қатар, белгілі жағдайларда мицелла түзгіш қабілеттілікті көрсетеді. Мицелла түзу жуу әрекетінің маңызды шарты, себебі органикалық ластар мицеллаларда коллоидтық еруге ұшырайды (солюбилизденеді).

БАЗ-дардың шығу тегі бойынша жіктелу. Бұл көрсеткіш бойынша беттік-активті заттарды синтетикалық және табиғи деп бөледі.
Синтетикалық БАЗ-дарды мұнай-химиялық технологиялардың негізінде алады. Қазіргі синтетикалық БАЗ-дардың ассортименті кең – бірнеше мың қосылыстар. Синтетикалық БАЗ-дарың негізгі топтарының бірі – жуғыш заттар.
Табиғи БАЗ-дар дегеніміз полярлы липидтер: гликолипидтер, фосфолипидтер және т.б. Олар биологиялық жүйелердегі жүретін коллоидтық-химиялық процестерде әртүрлі қызмет атқарады. Табиғи БАЗ-дарды табиғи өнімдерден ферменттік реакциялар арқылы алуға болады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау