С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Гидрофильді-липофильді баланс



жүктеу 5,89 Mb.
бет49/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
treatise128700

10.2.Гидрофильді-липофильді баланс

БАЗ-ң әртүрлі беттерде адсорбциялану қабілеті молекулаларының құрылымымен – әсіресе, дифильділігімен анықталады. БАЗ молекуласы полярлы және бейполярлы бөліктерден тұрады. Осы екі бөліктердің қасиеттерінің қатынасына БАЗ-дардың беттік активтілігі мен басқа қасиеттері байланысты.


Келесі мысалды қарастырайық. Төмен молекулалы БАЗ-дардың гомологтық қатарында Дюкло-Траубе ережесіне сәйкес көмірсутекті радикалдың ұзаруымен сұйық-газ шекарасындағы гомологтардың беттік активтілігі артады. Сонымен қатар төмен гомологтар (СН3ОН, С2Н5ОН) беттік активтілікті көрсетпейді. Гидроксилді топтың әсері басым болғандықтан, олар суда жақсы ериді және олардың бетке шоғырлану үшін ешқандай себеп жоқ. Сонымен қатар көмірсутекті тізбектері ұзын (пC > 10) спирттер мен карбон қышқылдары молекуланың полярсыз бөлігінің басым әсерінен суда нашар ериді. Сондықтан оларды жұқтырғыш пен көбік түзгіштер ретінде қолдануға болады.
Яғни БАЗ-дардың оптимал әрекетіне БАЗ молекуласының полярлы мен полярсыз бөліктері белгілі бір тепе-теңдікте (баланста) бөлу керек. Беттік-активті заттардың коллоидтық-химиялық қасиеттерінің өлшемі ретінде гидрофильді-липофильді баланс (ГЛБ, φ) алынады, оны БАЗ молекуласының полярлы (гидрофильді) және полярсыз (липофильді) бөліктерінің әсерінен анықтайды.
Гидрофильді-липофильді баланс концепциясын Гриффин ұсынған. Нормал ионогенді емес БАЗ-дар үшін ГЛБ сандары келесі қарапайым есептеулер арқылы анықталады:

  1. этоксиленген спирттер мен этоксилденген алкилфенолдар үшін:







  1. этоксиленген көп атомдық спирттер үшін:







  1. майлы қышқылдар мен көп атомдық спирттер үшін:



.

Гриффиннің ГЛБ сандарының концепциясын Дэвис ары қарай дамытты. Дэвистің әдісі бойынша, БАЗ молекуласының құрамындағы әр топқа бір топтық сан (qі) беріледі. Гидрофильді-липофильді балансты (φ) топтық сандар қосындысынан анықтайды:




. (10.1)

Гидрофильді топтар үшін qi > 0, сондықтан φ > 7 болғанда полярлы топтардың әсері басым болып, БАЗ суда жақсы ериді. Керісінше, φ < 7 жағдайында БАЗ полярсыз еріткіште («майда») жақсы ериді. Осыған орай ГЛБ мәндерін тура (судағы «май» тамшылары) және кері («майдағы» су тамшылары) эмульсияларды тұрақтандыруда БАЗ таңдау үшін қолданады. Тура эмульсияларды алу үшін ГЛБ мәні үлкен БАЗ-дарды, ал кері эмульсиялар үшін ГЛБ сандары төмен БАЗ-дарды пайдалану керек.


Яғни физикалық-химиялық мәні бойынша ГЛБ БАЗ-дардың су (Сс) мен майдағы (См) ерігіштіктерінің қатынасын бейнелейді, онда ГЛБ санын келесі формуламен есептеуге болады:


. (10.2)

Бұл теңдеудің термодинамикалық негіздемесі бар. Полярлы және полярсыз фазалардың арасындағы БАЗ-дардың тепе-теңдікті таралуы осы фазалардағы олардың химиялық потенциалдар теңдігіне байланысты. Онда БАЗ молекуласын полярлы фазадан полярсыз фазаға ауыстыру үшін W жұмысы қажет:


. (10.3.)

Мұндағы - Больцман тұрақтысы, Т - абсолюттік температура.


СС/СМ қатынасы БАЗ-дың полярлы және полярсыз фазалардың арасындағы таралу константасын көрсетеді. Онда:


. (10.4)

Яғни ГЛБ мәндерінің аддитивтілігі БАЗ молекуласын бір фазадан екінші фазаға ауыстыру жұмысының аддитивтілігіне байланысты. Осыдан топтық сандардың физикалық-химиялық мәні анықталады – олар жеке топтардың парциалды тасымалдау жұмыстарына пропорционал:




. (10.5)

Кейбір гидрофильді жәге гидрофобты топтарының Дэвис бойынша топтық сандарын келтірейік (5-кесте):


5-кесте

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау