С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия



жүктеу 5,89 Mb.
бет29/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
treatise128700

7.2. Жұғу

Жұғу дегеніміз – сұйықтықтың қатты дене бетімен әрекеттесуіне байланысты физика-химиялық құбылыс. Жұғуда негізгі роль атқаратын сұйықтық пен қатты дененің беттік қасиеттері. Осы қасиеттерге байланысты жұғу дәрежесі айтарлықтай өзгеруі мүмкін.


Жұғудың негізгі ерекшелігі – бұл үрдіске табиғаты әртүрлі үш фазаның қатысуында. Біреуі – қатты дене, екіншісі – жұғатын сұйықтық және үшіншісі – ауа не газ. Техника мен табиғатта үшінші фаза ретінде жұғатын сұйықтықпен араласпайтын басқа сұйықтық та болатын жағдай жиі кездеседі. Мұндай жағдайды таңдамалы жұғу деп атайды. Таңдамалы жұғудың мысалы ретінде қатты дене бетімен полярлы және полярсыз сұйықтықтардың әрекеттесуін келтіруге болады.
Жұғу көрсеткіші – оның шеткі бұрышы (θ); ол үш фазаның жанасу нүктесінен тамшының бетіне жүргізілген жанаманың бұрышымен анықталады (7-сурет). Тамшының беттегі шекарасын үш фазалық периметр, жұғу сызығы немесе үш фазалық контакт сызығы деп атайды.


7-сурет. Қатты беттегі сұйықтық тамшысының шеткі бұрышы (θ)

Шеткі бұрышыты сұйық фазаға қарай, ал таңдамалы жұғу жағдайында полярлығы үлкен сұйықтыққа қарай өлшейді.


Шеткі бұрыш (θ) Юнг заңымен (1804) анықталады. Қатты дене-сұйық-газ үш фазалық жүйе үшін Юнг заңы келесі теңдеумен өрнектеледі:


. (7.9)
Бұл теңдеу жұғу сызығындағы термодинамикалық тепе-теңдік жағдайынан шығады. Теңдеудің оң жағына сұйықтық (σқс) пен газ (σқг) шекарасындағы қатты дененің беттік (фазааралық) энергиялары мен сұйықтық пен газ арасындағы шекараның беттік керілуі (σсг) кіреді. Үшеуі де термодинамикалық параметр болғандықтан, белгілі температурада әр үш фазалық жүйе үшін тепе-теңдікті шеткі бұрыштың бір ғана шамасына ие болады.
Юнг заңы капиллярлық құбылыстардың негізгі заңдарына жатады, сондықтан оны капиллярлыққтың екінші заңы деп жиі атайды. Жүйенің тепе-теңдігіне Гельмгольцтің минимал энергиясы сәйкес келеді деген термодинамиканың белгілі қағидасына негізделіп, Юнг теңдеуін шығаруға болады. Жуғу жағдайында жанасатын фазалардың арасындағы үш беттің де үлесімен анықталатын беттік бос энергия өзінің минимал мәніне ие болу керек.
Көлемі V болатын жазық бетке қондырылған тұрақты тамшының жұғу сызығын (r – жұғу сызығының радиусы) dr қашықтыққа жылжытып, беттік энергияның өзгерістерін есептейік. Сұйықтық жұққан аудан 2πrdr шамасына ұлғаяды, ал қатты дененің беттік энергиясы 2πr(σқг–σқс)dr шамасына өзгереді. Жұғу сызығының жылжуы тамшының газ арасындағы беттік ауданның sсг өсуіне де әкеледі. Жазық беттегі тамшы сфералық сегмент формасында болады, сондықтан тамшының беттік ауданының ұлғаюы dsсг=2πrdl (dl=cosθdr АС доғасының ұзаруы). Сұйықтық-газ шекарасындағы беттік энергия 2πrσcosθdr шамасына ұлғаяды. Яғни термодинамикалық тепе-теңдіктің шарты

(σқг – σқc)2πrdr +2πrσcosθd = 0 (7.10)


теңдеуімен анықталады Осыдан Юнг теңдеуі шығады. Юнг заңына сүйене отырып, қатты бет пен сұйықтық арасындағы әрекеттесулерді жіктеуге болады.


Жұқпау (θ>90°). Бұл жағдайда қатты дене мен газ шекарасындағы беттік керілуге (σқг) қарағанда қарағанда, қатты дене мен сұйықтықтың шекарасының меншікті беттік энергиясы (σқс) артық болады. Сондықтан қатты дененің бетінде сұйықтықтық өздігінен жайылмайды, яғни жұқпайды. Юнг заңынан жұқпаудың шарттары шығады:

σқс > σқг, cosθ < 0, θ > 90º.


Сұйықтықтар жұқпайтын беттерді жалпы лиофобты беттер деп, ал су жұқпайтын беттерді гидрофобты беттер деп атайды.


Жұғу (θ<90°). Бұл жағдайда қатты дененің газбен шекарасындағы беттік керілуге (σқг) қарағанда, қатты дене мен сұйықтық шекарасының меншікті беттік бос энергиясы (σқс) аз болып, Юнг заңы бойынша жұғуға сәйкес шарттар:



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау