С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия



жүктеу 5,89 Mb.
бет31/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
treatise128700

7.3. Адгезия және когезия

Юнг теңдеуіңе кіретін σқг, σкс шамалары алайда белгісіз боғандықтан, θ бұрышын анықтайтын молекулааралық күштер мен олардың жұмысын қарастыру қажет. Бір фаза молекулаларының арасында когезия күштері, ал әртүрлі фазалардың молекулалары арасында адгезия күштері әсер етеді.


Осыған сәйкес когезия жұмысы деп біртекті көлемдік фазаны бөлу үшін жұмсалған жұмысты атайды. Мұндай жүмыс келесі өрнекпен анықталады:


Wc =2σ, (7.15)

себебі екі сұйықтық-газ беті түзіледі.


Адгезия жұмысы дегеніміз фазааралық беттік қабатты бұзу үшін жұмсалған жұмыс. Ол екі жаңа беттің түзілуіне жұмсалып, бастапқы беттің бос энергиясы жойылады. Қатты-сұйықтық шекарасы үшін адгезия жүмысы келесі өрнекпен анықталады:


Wа = σсг + σқг – σқс , (7.16)

бұл теңдеу бойынша, қатты-сұйықтық шекарасындағы Wа фазааралық әрекеттесудің күшеюімен фазааралық керілу σқс кемиді. Юнг заңын қолдана отырып, Дюпре теңдеуін шығаруға болады:




Wа = σсг(1+cosθ). (7.17)

Бұл теңдеуден σсг, соsθ эксперименттік мәндері арқылы Wа шамасын анықтауға болады. Адгезияның артуымен жұғу жақсы жүреді. Яғни фазааралық әрекеттесу (адгезиялық күштер) тамшыны жаюға, ал когезиялық күштер тамшыны жинап, сфераға айналдыруға тырысады. Жұмыс терминдерінде жұғу шарттарын анықтауға болады:


Жұғу – Wа >0,5Wс;
Жұқпау – Wа = 0;
Шексіз жайылу – Wа = Wс
Wа – Wс айырымын жайылу коэффициенті деп атайды. Wа > Wс Дюпре теңдеуіне қайшы келеді, себебі теңдеу бойынша, Wа < Wс. Бірақ, Дюпре мен Юнг теңдеулері тепе-теңдік шартымен шектеледі, ал жайылу тепе-теңдіксіз үрдіс, сондықтан ол үшін жоғарыдағы теңдеулерді қолдануға болмайды.
Адгезия жұмысы туралы түсінік жұғудың шеткі бұрышымен қатты дененің сұйықтықпен әрекеттесу табиғаты арасындағы байланысты анықтау үшін маңызды. Қатты дене затының 1 моліне есептегенде мұндай әрекеттесудің энергиясы (Uқс)


Uқс = WaNA/nқ (7.18)

шамасына тең болады. Мұндағы Wa адгезия жұмысы; NA – Авогадро саны; nқ қатты беттің аудан бірлігіндегі молекулалар (атомдар, иондар) саны.


Егер беттік қабаттың қалыңдығы мономолекулалық қабатқа сәйкес болса,


nқ = (ρқNA/Mқ)2/3, (7.19)

мұндағы ρқ, Mқ қатты затың тығыздығы мен молекулалық салмағы.


Онда әрекеттесу энергиясы


Uқс = WaNA1/3(Mққ)2/3. (7.20)

Бұл теңдеу келесі қорытындыға әкеледі. Беттік керілулері аз (σ < 100 мДж/м2) болатын сұйықтықтар үшін жұғу шарты Waс әрекеттесу энергияның аз шамасында (Uқс ~ 1 – 10 кДж/моль) орындалу мүмкін. Энергияның мұндай аз мөлшері молекулалық, оның ішінде дисперсиялық әрекеттесулерге тән.


Беттік керілулері үлкен – 102-103 мДж/м2 болатын сұйықтықтар қатты беттерге жұғу үшін үлкен әрекеттесу энергиялары қажет (Uқс~101–102кДж/моль). Мұндай сұйықтықтарға сұйық металдар, тұздар мен оксидтердің балқымалары жатады, яғни жоғары энергиялар иондық, коваленттік және металдық байланыстардың түзілуімен жүретін химиялық әрекеттесулерге тән. Осы энергиялық тұрғыдан беттерді екі топқа төмен энергиялық (σқг ≤ 100 мДж/м2) және жоғары энергиялық (σқг > 100 мДж/м2) деп бөледі:



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау