С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Z параметріне байланысты Геллер теңдеуіндегі



жүктеу 5,89 Mb.
бет21/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
treatise128700

Z параметріне байланысты Геллер теңдеуіндегі
m дәрежесінің мәндері



m

Z

m

Z

3,812

2,0

2,807

5,5

3,686

2,5

2,657

6,0

3,573

3,0

2,533

6,5

3,436

3,5

2,457

7,0

3,284

4,0

2,379

7,5

3,121

4,5

2,329

8,0

2,960

5,0

-

-

Геллер теңдеулеріндегі m дәрежесін турбидиметрлік мәліметтерден табады. Ол үшін әртүрлі толқын ұзындықтарында жүйенің оптикалық тығыздығын тәжірибеден анықтап, lgD = f(lgλ) графигін тұрғызады. Еңкіш бұрыштың тангесі арқылы m дәрежесін тауып, (5.12)-теңдеуден зерттелетін жүйедегі бөлшектер радиусын есептейді.


Ультрамикроскопия. Егер дисперсті жүйе бөлшектерінің өлшемдері r < λ болса, олар қарапайым микроскоптан көрінбейді. Бірақ бөлшектердің өзін емес, олар шашырататын жарықты бақылауға болады. Шашыраған жарық бойынша бөлшектердің бар-жоғын және олардың өлшемдері мен концентрациясын анықтауға болады. Ол үшін дисперсті жүйені жанынан күшті жарық түсіріп қарау керек. Мұндай бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін қондырғы ультрамикроскоп деп, ал тәсілдің өзі – ультрамикроскопия деп аталады. Ультрамикроскопты 1903 ж. Зидентопф пен Зигмонди құрастырған. Қарапайым микроскоптан айырмашылығы ондағы объект төменнен емес, жанынан жарықтандырылады.
Бөлшектердің өлшемдерін анықтау үшін окулярдың көру аймағында жарқыраған нүктелерді санайды. Нүктелерді бірнеше рет санайды, себебі көру аймағындағы бөлшектер саны үнемі өзгеріп отырады. Бөлшектердің орташа (n) санын табады. Ерітінді көлемі қондырғының тұрақтысы болып табылады және окуляр ауданы мен көру аймағының тереңдігінің көбейтіндісіне тең. Массалық (салмақтық) концентрациясын (с) біле отырып, бір бөлшектің массасын (mб) табуға болады:


(5.13)

Бөлшектерді сфералық деп алсақ,




(5.14)

мұндағы rбөлшектің радиусы, ρ – дисперстік фазаның тығыздығы.


(5.13)- және (5.14)-теңдеулерін теңестіріп, тұрақты шамаларды К деп белгілеп, бөлшектің радиусын табамыз:





(5.15)

(5.15)-теңдеу бойынша, микроскоптың көру аймағындағы бөлшектер санын (n), ерітіндінің массалық концентрациясын (с), дисперстік фаза тығыздығын (ρ), бөлшектер саны анықталатын ерітіндінің көлемін (V) біле отырып, дисперсті жүйедегі бөлшектердің орташа өлшемдерін анықтауға болады. Кейбіржағдайда ультрамикроскоптың көмегімен бөлшектердің формасы туралы ақпарат алуға болады. Егер бөлшектер жылтырап тұрса, жарық шашырауның бет жазықтығына байланысты екенін білдіреді, яғни бөлшектердің формасы шар тәрізді емес, таяқша немесе жапырақтәрізді болуы мүмкін.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау