1.11-сурет Жалдың тік кесілуін арнайы үлгімен анықтау
Поездардың қозғалу жылдамдықтарының артуына және композициялық
қалыптардың қолданылуына байланысты, доңғалақтардың айналу бетінде
сақиналық орындардың пайда болуы және айналу бетінде үстірт құрайтын
металдың ығысуы түріндегі бұзылыстары жиілеп кетті. Айналу бетіндегі
сақиналық орындардың жалдың негізінің маңындағы 1 мм-ден артық және
1:7 еңісте 2 мм-ден артық тереңдігіне немесе олардың 15 мм-ден артық еніне
рұқсат етілмейді. Үстірттің жолаушылар вагондарының жоңғалақ жұптары
үшін 0,5 мм-ден артық және жүк вагондары үшін 1 мм-ден артық биіктігіне
рұқсат етілмейді.
Доңғалақ жұптарының аса қауіпті ақаулықтары -
бұл осьтер мен
доңғалақ-тардағы жарықшақтар.
Осьтің кез-келген бөлігінде көлденең жарықшағы, осьтің ортаңғы
бөлігінде жалпы ұзындығы 25 мм-ден артық бір немесе бірнеше бойлық
жарықшақтары бар доңғалақ жұптары пайдалануға жіберілмейді. Көлденеңге
қатысы бойынша 30
0
артық бұрышпен орналасқан көлбеу жарықшақтар –
көлденең, ал ал қалған көлбеу жарықшақтар бойлық жарышақтарға жатады.
Тоғынының немесе құрсаудың ені 5 мм-ден артық жергілікті ұлғайған
(жаншылған) және тоғынының жанындағы кеңею 3 мм-ден артық; егер
тоғынның немесе құрсаудың қалған бөлігінің ені жарылған жерде 120 мм-ден
кем болса, тереңдігі 10 мм дөңгелек қаптаманың жергілікті жарылуын
қосқанда, сыртқы қыры жарылған; тұтас айналатын доңғалақ құрсауының
немесе тоғынының ені 126 мм-ден кем емес, металдың тереңдігіне кететін
жарықшақты зақымданған орны бар доңғалақ жұптары пайдалануға
жіберілмейді.
1.12 Вагондардың техника-экономикалық сипаттамалары
Жүк көтергіштік - бұл вагонның тасымалдайтын жүгінің оның
құрылымы есептелген аса үлкен массасы. Жүк вагондары үшін орташа жүк
көтергіштік 63-64 т құрайды.
Салмақ – бұл арбалар мен доңғалақ жұптарының массасын қосқанда,
вагонның меншікті массасы. Вагонның салмағын дәлдігі 10 кг-ға дейінгі та-
разыларда өлшеу жолымен анықтайды. Салмағының шамасы вагонның
бүйірлік аралықтарында көрсетіледі. Сондай-ақ есептеулерде жүк және жо-
лаушылар вагондарының салмағын сипаттайтын, әр түрлі коэффициенттер
пайдаланылады.
Салмақтың техникалық коэффициенті – бұл вагон салмағының
Т оның
жүк көтергіштігіне
Q қатынасы
=
Т
К
Q
Т
.
(1.1)
45