С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет13/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40

 
 
ауыстырады,  бұл  кезде  ауа  тежегіш  цилиндрлерден  осы  кран  арқылы 
атмосфераға кетеді. 
ВЛ60,  ЧС2,  ТЭП60  және  т.б.  жолаушылар    локомотивтері,  әдеттегідей,  
электрпневматикалық  тежегішпен  жабдықталады.  Бұл  локомотивтерде 
пневматикалық  тежегішті  қоректендіру  аспаптарына  қосымша  түрде  электр 
тогының  көзі – сыйымдылығы 10 А
⋅ч,  кернеуі 50В    шоғырлағыш  батарея 
және  статистикалық  түрлендіргіш  орнатылған.  Түрлендіргіш  тізбектердің 
электрпневматикалық  тежегіштің  жұмысын  басқару  үшін  тұрақты  токпен 
және  поездың  барлығының  электр  тізбегінің  жарамдылығын  бақылау  үшін 
айнымалы токпен қоректенуін қамтамасыз етеді.   
Қысым  тұрақтандырғышы  бар  машинист  краны  штепсельдік 
ажыратқышы  бар  электр  контроллермен  жабдықталады.  Аспапты  білдіретін 
басқару  блогы  бар,  онда  электрпневматикалық  тежегіштің  электр 
құрылғыларының барлық релелік-түйіспелік бөлігі шоғырланған.  Онда төрт 
реле,  резисторлар,  түзеткіш  көпір  және  клеммалы  панель  бар. 
Электрпневматикалық тежегіштің жарамдылығын бақылау үшін жарық сиг-
нализаторы  және  тұрақты  токты  вольтметр  орнатылған.  Пакеттік 
ажыратқыштар мен сақтандырғыштар бар. Ауа таратқыштарға электрлік ауа 
таратқыштар қосылады. 
Қажет  болғанда  электрлік  басқаруды  сөндіріп  тастап,  кәдімгі 
пневматикалық тежегіштерге ауысуға болады.  
Локомотивтің әрбір сериясы мен вагон типінің рычагты берілістері кон-
струкциясы  бойынша  әр  түрлі,  алайда  олардың  барлық  жылжымалы  құрам 
үшін тағайындалуы бірдей. Рычагты беріліс  күшті тежегіш цилиндрдің што-
кы бойынша қысылған ауамен  беру үшін (пневматикалық тежеу кезінде) не-
месе  доңғалақтарға  қысылатын  тежеу  қалыптарына  адамның  күш  түсіруі 
(қолмен тежеу кезінде)   үшін қызмет атқарады. 
Рычагты  тежеу  берілісі  рычагтар,  триангельдер.  тартымдармен  және 
тарқыштармен жалғанған, қалыптары бар табандықтар жүйесін білдіреді.  
Тежеу  қалыптарын  доңғалақтарға  бір  жақтан  және  екі  жақтан  басыла-
тын  рычагты  берілістер  болады.  Екі  жақтан  басқан  кезде  қалыптар 
доңғалақтың екі жағынан, ал бір жақтан басқан кезде – бір жағынан орнала-
сады.  Екі  жақтан  басқан  кезде    рычагты  беріліс  өзінің  конструкциясы 
бойынша  күрделірек  және  бір  жақты  басу  берілісімен  салыстырғанда 
салмағы бойынша ауырлау болады. Алайда оның бірқатар артықшылықтары 
да бар. Сөйтіп, әрбір тежеу қалыбына берілетін қысым едәуір аз; тозу және 
тежеу  кезінде  қызу  аз,  оның  нәтижесінде  қалыптардың  қызмет  ету  мерзімі 
ұлғаяды. Бұдан басқа, екі жақты тежеу кезінде меншікті басудың азаюы сал-
дарынан қалып пен доңғалақ арасындағы  үйкелу коэффициенті артады және 
тежегіштердің тиімділігі ұлғаяды. 
Рычагты  берілістің  әрекет  ету  принципін  түсіндіру  үшін, 1.4-суретте 
бейнеленген сұлбаны қарастырамыз. Тежегіш цилиндріне – І ауа келген кезде 
піспек штокпен бірге оңға қарай орын ауыстырады. Бұл кезде бірқатар лездік 
орын ауыстырулар болады. АВ (2)  көлденең рычагы Б нүктесінде айналды-
                                                                   33
                            


 
 
рады,  ВВ (3) тартымын жылжытады және ВД (5) тік рычагын Г нүктесінде 
бұрады. Д рычагының төменгі ұшы - 5 триангельді  табандықтармен - 8 және 
қалыптарды - 9 құрсауларға қысады үзік сызықпен бейнеленген қалыпта бо-
лады. 
Қалыптардың  бірінші  жұбын    қысқан  соң    Д  рычагының - 5 II нүктесі 
қозғалыссыз  болып  қалады  және  рычаг  әрі  қарай  солға  қозғалған  кезде, 
құрсауларға  қалыптардың  екінші  жұбын  (I) қыса  отырып,  ГГ  тартқышы 
арқылы ЖЕ рычагы  (7) жылжытылады.  5 және 7 рычагтар, сондай-ақ тар-
тым - 3 және рычагтың - 2 В нүктелері қозғалмайды. 
Рычаг - 2 Б
1
Б
1
 тартқышын оңға қарай жылжытады және  В
1
В
1
 тартымы 
арқылы  қалыптардың  үшінші  жұбын  (Ш)  құрсауларға  қысады.  В
1
Д
1
 
рычагының әрі қарай айналуы Д
1
 қозғалмайтын нүктесінің маңында болады, 
осының салдарынан Г
1
Г
1
 тартқышы оңға қарай жылжиды және  Ж
1
Е
1
 рычагы 
қалыптардың  төртінші  жұбын  (IV) құрсауларға  қысады.  Екі  ось  те  бір 
мезгілде тежеледі,  өйткені ВВ көлденең рычагы Б нүктесінде ғана емес, со-
нымен бірге В нүктесінде де айналады. 
 
 
1.4-сурет  Рычагты беріліс әрекетінің сұлбасы 
 
Тежегішті  босатқан  кезде  тежегіш  цилиндрінің  піспегі  және  рычагты 
беріліс,  тежегіш  цилиндрінде  орналасқан  серіппемен  бастапқы  қалпына 
қайтып  келетін  болады.  Қолмен  тежеу  жетегімен  тартымды - 4 жылжытқан 
кезде қолмен тежеледі  және босатылады.  
Ауа таратқыштардың және машинист крандарының типіне байланысты  
пневматикалық  тежегіштер  үш  топқа  бөлінеді:  тура  әсер  ететін  автоматтық 
емес, тура әсер етпейтін автоматтық және тура әсер ететін автоматтық.  
 1.5-суретте  тура  әсер  ететін  автоматтық  емес  тежегіштің  принциптік 
сұлбасы берілген. Сығымдағыш - 1 ауаны бас  резервуарға  - 2 айдайды және 
ондағы  қысымды (7,5–9,0)
⋅10
5
  Па  шамасында  ұстап  тұрады.  Қоректендіру 
магистралінің бас резервуары - 3 машинист кранымен - 4 жалғанған. Тежеу 
кезінде  машинист  краны  ауа  құбырын - 5 қоректендіру  магистралі - 3 бар 
тежегіш  цилиндрлеріне - 6 жалғайды,  мұнымен  ауаның  бас  резервуардан 
тежегіш цилиндрлеріне тура қозғалуын қамтамасыз етеді. 
                                                                   34
                            


 
 
Тежегіш  цилиндрлердегі  қысым    машинист  кранымен  реттеледі.  Ауа, 
тежегіш  цилиндрлерге  түсе  отырып,  серіппелерді  қысып,  піспектерді – 7 
штоктармен – 8 бірге ығыстырады. Штоктарды - 8 тік рычагтар жылжымай-
тын  нүктелер – 9 маңында  бұрады  және  төменгі  ұштарымен  тежегіш 
қалыптарын – 10 доңғалақтар құрсауына қысады.    
 
 
  Тежеу  Жабу Шығару 
1.5-сурет  Тура әсер ететін автоматтық емес тежегіштің сұлбасы 
 
Жабу кезінде қоректендіру магистралі - 3 машинист краны – 4  арқылы 
ауа өткізгіштен - 5 және атмосферадан, сондай-ақ тежегіш цилиндрлерден – 6 
ажыратылған. Олардағы қысым өзгеріссіз қалады. 
Шығару  кезінде  ауа  тежегіш  цилиндрлерден – 6  машинист  краны -  4 
арқылы атмосфераға кетеді. Тежегіш цилиндрлердің серіппелері піспектерді 
- 7 штоктармен  бірге  босатылған  жағдайға    қайтарады  және  тежегіш 
қалыптар тік рычагтармен құрсаулардан бұрып әкетіледі. 
Тежеу  кезінде  ауа  бас  резервуардан  тікелей  тежегіш  цилиндрлерге 
түсетіндіктен, бұл тежегіш тікелей әрекет етуші деп аталады. Ол ауа құбыры 
ажыратылған жағдайда жылжымалы құрамды тежемейтіндіктен, автоматтық 
емес болып саналады, ал керісінше, егер ажыратылғанға дейін ол онда болса, 
тежегіш цилиндрлерден ауаны шығарады, яғни босатады.  Мұндай тежегішті 
тек локомотивтің өзін ғана тежеу үшін қолданады. 
Тікелей  әрекет  етпейтін  автоматтық  тежегіште  тікелей  әрекет  ететін 
автоматтық  емес  тежегіштің  барлық  аспаптары  және  бұдан  басқа,  тежеу 
магистралі, ауа таратқыш және бас резервуар бар. 
Мұндай тежегішпен тежеу үшін, оны алдын-ала зарядтау қажет. Заряд-
тау кезінде ауа бас резервуардан  (7,5–9,9)
⋅10
5
 Па қысыммен  машинист кра-
нына келеді. Машинист краны  ауа қысымын онымен бүкіл поездың тежегіш 
магистралі,  ал ауа таратқыш арқылы – барлық тежелетін вагондардың резер-
вуарлары  толтырылатын  зарядтық  қысымға  дейін  төмендетеді.  Бұл  кезде 
тежегіш  цилиндрлер  ауа  таратқыш  арқылы  атмосферамен  байланысқан. 
Тежегіштің бұл типін жолаушылар поездарында, электр және дизель поезда-
рында  пайдаланады,  онда  машинист  крандары  тежеу  магистраліндегі  за-
рядтық қысымды (5,0-5,2)
⋅10

Па ұстап тұру үшін реттейді. 
                                                                   35
Поезд  ажыраған  кезде  ашық  тұрған  тоқтату  краны – 9 немесе  тежеу 
магистраліндегі  қысымның  қандай  да  бір  себеппен  төмендеуі  кезінде 
тежегіштер  автоматтық  түрде  іске  қосылады  да,  жылжымалы  құрамды 
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау