С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА МОДУЛІ
ПОӘК
|
Силлабус
пәні Математика – Mat 1114
мамандығы 050507 – «Менеджмент»
Курс
|
-
|
бірінші
|
Семестр I
|
Барлығы
|
-
|
3 кредит (135 сағат)
|
|
Дәрістер
|
-
|
15 сағат
|
|
Практикалық сабақтар
|
-
|
30 сағат
|
|
СОБЖӨЖ
|
-
|
21 сағат
|
|
Барлық аудиториялық
|
-
|
66 сағат
|
|
СӨЖ
|
-
|
69 сағат
|
|
Бақылау формасы
|
-
|
емтихан
|
|
Алматы, 2012
ПОӘК пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш., аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.
Силлабус модуль отырысында талқыланған
«___»_____________2012ж., № ___ хаттама
Модуль жетекшісінің м.а., профессор ________________________Нұрмағанбетова М.О.
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
ЖОО аты
|
-
|
С.Ж. Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті
|
Модуль
|
-
|
Медициналық биофизика және биостатистика
|
Пән
|
-
|
«Математика», пән коды Mat1114
|
Мамандығы
|
-
|
050507 – «Менеджмент»
|
Оқу сағатының көлемі
|
-
|
3 кредит (135 сағат)
|
Курс және оқу семестрі
|
-
|
1 курс, 1 семестр
|
Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:
-
Байланыс ақпараты:
Медициналық биофизика және биостатистика модуліңің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат), тел.2-92-69-86 ішкі 219,190.
Пәннің саясаты
Студент міндетті:
дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;
себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;
жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс;
практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;
жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;
тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;
аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер емтиханға жіберілмейді.
2. БАҒДАРЛАМА
2.1. КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық іс-әрекеттерді басқару әдістерін жетілдіру көбіне экономикалық ғылым және практикада зерттеудің әртүрлі математикалық әдістерді қолданумен байланысты. Математика экономикалық білімнің көптеген салалары үшін сандық есептеу құралы болып қана қоймай, сонымен бірге дәлме-дәл зерттеу әдісі және ұғымдар мен мәселелерді нақты тұжырымдау амалы болып та табылады.
Математика қолданбалы есептерді шешудің күшті құралы және ғылымның жан-жақты тілі болумен қатар, жалпы мәдениеттің элементі болып саналады.
Сондықтан, математикалық білімді заманауи экономисті іргелі дайындау жүйесінің маңызды құраушысы ретінде қарау қажет.
2.2. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ
Экономикалық есептерді үлгілеуге, талдауға және шешуге көмектесетін математикалық аппаратты қажет болған жағдайда компьютерлік техниканы қолдана отырып меңгеру.
Студенттердің болашақ мамандықтарына байланысты үдерістер мен құбылыстарды болжауға және оқып үйренуге мүмкіндік беретін математикалық әдістерді игеруге көмектесу. Экономикалық мәселелерді зерттеулерді өз бетімен талдау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, өз жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын ізденуіне ұмтылуын дамыту.
2.3. ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ
«Экономикадағы математика» пәнінің іргелі пән ретінде негізгі міндеттері:
логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту;
математикалық қалыптағы есептерді зерттеу мен шешу тәсілдерін меңгеру;
қарапайым сандық әдістерді меңгеру және оларды ЭЕМ жүзеге асырумен танысу;
2.4. ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
студент білуі тиіс:
матрицалар алгебрасын экономикада қолдану;
көпсалалы экономиканың үлгісі;
сызықтық тәуелділіктердің экономикада қолданылулары;
функцияны дифференциалдауды ең жоғары пайданы табу үшін қолдану;
интегралдау әдістері;
айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулер;
ықтималдықтар теориясының анықтамалары, теоремалары және формулалары;
таңдама әдіс;
дисперсиялық талдау;
корреляциялық талдау.
игеруі тиіс:
матрицаларға амалдар қолдану;
сызықтық теңдеулер жүйесін шешу;
векторларға амалдар қолдану;
жазықтықтағы сызықтыңтеңдеуін беру;
бір айнымалы функциялардың шектерін есептеу;
бір айнымалы функцияларды дифференциалдау және интегралдау;
көп айнымалы функциялардың экстремумдарын табу;
айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу;
ықтималдықтар теориясының теоремалары мен формулаларын есептер шешкенде қолдану;
таңдама ортаны, таңдама орта квадрат ауытқуды табу;
бас жиынтықтың параметрлерін бағалау;
дисперсиялық талдау жүргізу;
сызықтық регрессия теңдеуін құру;
корреляциялық байланыстың сипаты мен күшін анықтау.
БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ:
2.5. Алдыңғы реквизиттері: Элементар математика, Информатика.
2.6. Кейінгі реквизиттері: Статистика, Эконометрика, Микроэкономика, Макроэкономика.
2.7. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Сызықтық алгебра негіздері және аналитикалық геометрия элементтері. Анализге кіріспе. Дифференциалды есептеулер. Интегралды есептеулер. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер. Қатарлар теориясы. Ықтималдықтар теориясының негіздері. Математикалық статистика.
2.8. ДӘРІСТІҢ, ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ, СОБЖӨЖ, СӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
р/б
|
Дәрістің тақырыбы мен мазмұны
|
Өткізу түрі
|
Сағаттар саны
|
1
|
Сызықтық алгебра элементтерін экономикада қолдану.
Матрицалар алгебрасы. Матрицалардың экономикада қолданылуы.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
2
|
Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері.
Теңдеулер жүйесінің үйлесімділігі. Көпсалалы экономиканың Леонтьев моделі. Халықаралық сауда моделі.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
3
|
Векторлар кеңістігі.
Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар. Сызықтық тәуелді және сызықтық тәуелсіз векторлардың жүйелері. Векторлар жүйесінің базисі мен рангісі. Меншікті векторлар және сызықты оператордың меншікті мәндері.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
4
|
Жазықтықтағы түзудің теңдеуі.
Сызықтық тәуелділіктердің экономикалық қолданылулары.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
5
|
Функционалдық тәуелділік ұғымы.
Негізгі қарапайым функциялар және олардың графиктері. Күрделі функциялардың графиктерін түрлендіру әдістері арқылы тұрғызу. Функцияның шегі.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
6
|
Функцияның туындысы мен дифференциалы.
Бір айнымалы функцияның туындысы мен дифференциалы ұғымы. Шектік ұғымдар. Дифференциалдық есептеулерді функцияны зерттеуге қолдану. Пайданың максимумын табу.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
7
|
Көп айнымалы функциялар.
Көп айнымалы функциялар ұғымы. Көп айнымалы функциялардың экстремумдары. Шартты экстремум. Лагранждың көбейткіштер әдісі.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
8
|
Интегралдық есептеулер.
Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталған интеграл. Ньютона – Лейбниц формуласы. Анықталған интегралдың геометриялық және экономикалық қолданылулары. Меншікті интегралдар.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
9
|
Дифференциалдық теңдеулер.Қатарлар теориясы.
Айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулер. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар. Коши есебі. Сандық және дәрежелік қатарлар ұғымы. Қатарлар жинақтылығы. Абель теоремасы. Тейлор және Маклорен қатарлары. Функционалдық қатар. Фурье қатары.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
10
|
Кездейсоқ оқиғалар.
Оқиғалар түрлері. Ықтималдық. Шартты ықтималдық. Ықтималдықты көбейту және қосу теоремалары. Қайталанбалы тәуелсіз сынаулар.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
11
|
Кездейсоқ шамалар және олардың таралу заңдары.
Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Таралу заңы. Таралу функциясы және ықтималдық тығыздығы. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың негізгі таралу заңдары.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
12
|
Көпөлшемді кездейсоқ шама ұғымы.
Екіөлшемді кездейсоқ шаманың таралу функциясы. Таралу заңы. Шартты таралу заңдары. Шартты математикалық күтім. Ковариация. Корреляция коэффициенті.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
13
|
Бас жиынтық және таңдама.
Вариациялық қатар. Жиілік полигоны мен гистограммасы. Вариациялық қатардың сандық сипаттамалары. Таралу параметрлерінің статистикалық бағалары. Статистистикалық жорамалдарды тексеру.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
14
|
Дисперсиялық талдау.
Бірфакторлы дисперсиялық талдау. Екіфакторлы дисперсиялық талдау туралы ұғым.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
15
|
Корреляциялық талдау.
Статистикалық және корреляциялық тәуелділіктер. Регрессия коэффициенті. Сызықтық регрессияның таңдама теңдеуі. Корреляция коэффициенті және оның қасиеттері. Корреляция коэффициентінің мәнділігін тексеру.
|
Презента-ция түрінде ақпараттық
хабарлама
|
1
|
|
Барлығы:
|
|
15
|
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
п/п
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыбы мен мазмұны
|
Өткізу түрі
|
Сағаттар саны
|
1
|
Матрицалар. Матрицалардың түрлері. Матрицаларға сызықтық амалдар қолдану. Матрицаларды транспонирлеу. Анықтауыштар. Анықтауыштар қасиеттері. Матрицалардың экономикалық интерпретациясы. Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
2
|
Сызықтық теңдеулер жүйелері және олардың шешімдерін зерттеу.
Сызықтық теңдеулер жүйелері және олардың шешімдерін зерттеу. Көпсалалы экономиканың Леонтьев моделі. Халықаралық сауда моделі.
«Сызықтық алгебра» бөлімі бойынша №1 бақылау жұмысы.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
3
|
Векторлар. Векторлық кеңістік. Векторларға сызықтық амалдар қолдану. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. Векторлардың сызықтық тәуелділігі. Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
4
|
Жазықтықтағы сызықтың теңдеуі.
Түзу теңдеуінің әрқылы түрлері. Екі түзу арасындағы бұрыш. Түзулердің параллельдік және перпендикулярлық белгілері. Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық.
Ситуациялық есептерді шешу.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
5
|
Функционалдық тәуелділік. Функцияның үзіліссіздігі.
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері. Функция шегі, біржақты шектер. Шексіз аз шамалар және шексіз аз шамалар туралы теоремалар. Үзіліссіз функциялардың қасиеттері. Функцияның үзіліс нүктелері және оларды топтау. Ситуациялық есептерді шешу.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
6
|
Бір айнымалы функцияның туындысы мен дифференциалы.
Функцияның туындысы мен дифференциалын есептеу ережелері. Туындылар кестесі. Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
7
|
Көпайнымалылар функциясы. Екіайнымалылар функциясының экстремумдары.
Анықталу облысы. Деңгей сызығы. Толық дифференциал. Бағыт бойынша туынды және функцияның градиенті. Экстремумның қажетті және жеткілікті шарттары. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері. Шартты экстремум.
«Функционалдық тәуелділіктер» бөлімі бойынша №2 бақылау жұмысы.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
8
|
Анықталмаған интегралды интегралдау әдістері.
Анықталмаған интегралдың қасиеттері. Интегралдар кестесі. Негізгі интегралдау әдістері: орнына қою әдісі және бөліктеп интегралдау. Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
9
|
Айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулер.
Қарапайым дифференциалдық теңдеулер. Айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері. Минивикторина.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
10
|
Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары.
Оқиға және ықтималдық. Ықтималдықтар теориясының негізгі теоремалары: қосу және көбейту теоремалары.
Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
11
|
Кездейсоқ шамалар.
Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың берілу тәсілдері. Сандық сипаттамалар.
Ситуациялық есептерді шешу.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
12
|
Кездейсоқ шамалардың негізгі таралу заңдары.
Биномиалды таралу заңы. Пуассонның таралу заңы.
«Кездейсоқ оқиғалар және кездейсоқ шамалар» бөлімі бойынша №3 бақылау жұмысы.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
13
|
Таңдаманың статистикалық таралуы.
Бас және таңдама жиынтықтар. Деректерді статистикалық өңдеу әдістері.
Ситуациялық есептерді шешу.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
14
|
Таралу параметрлерінің статистикалық бағалары.
Таңдама орта және дисперсия. Таңдама деректері бойынша бас дисперсияны бағалау. Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
15
|
Сызықтық регрессия және сызықтық корреляция.
Статистикалық және корреляциялық тәуелділіктер. Сызықтық регрессия теңдеуі. Регрессия және корреляция коэффициенттері. Тесттік бақылау.
|
Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері
|
2
|
|
Барлығы:
|
|
30
|
СОБЖӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№р/б
|
СОБЖӨЖ тақырыбы мен мазмұны
|
Өткізу түрі
|
Сағаттар саны
|
1
|
Кері матрица.
Кері матрицаның бар болуының қажетті және жеткілікті шарттары. Матрицаның рангісі. Элементар түрлендірулер.
|
Ұжымдық талқылау
|
2
|
2
|
Сызықтық теңдеулер жүйесі.
Теңдеулер жүйесінің үйлесімділігі. Кронекер – Капелли теоремасы. n белгісізді n теңдеулер жүйелерін шешу үшін Крамер ережесі.
|
Ұжымдық талқылау
|
1
|
3
|
Сызықтық теңдеулердің біртекті жүйелері.
Кері матрица әдісі. Жордан-Гаусстың итерациялық әдісі.
|
Ұжымдық талқылау
|
1
|
4
|
Ортогональды векторлар жүйелері.
Векторлар жүйесінің базисі мен рангі. Векторды базис бойынша жіктеу. Экономикалық есептердегі векторлар.
|
Ұжымдық талқылау
|
1
|
5
|
Жазықтықтың жалпы теңдеуі.
Кеңістіктегі жазықтықтың жалпы теңдеуі және оның дербес жағдайлары. Кеңістіктегі түзудің теңдеуі. Сызықтық тәуелділіктердің экономикалық қолданылулары.
|
Ұжымдық талқылау
|
2
|
6
|
«Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» бөлімдері бойынша аралық бақылау.
|
|
1
|
7
|
Сандық тізбектер.
Сандық тізбектер. Сандық тізбектердің шегі.
|
Ұжымдық талқылау
|
2
|
8
|
Бір айнымалы функцияны зерттеу және оның графигін тұрғызу.
Функция графигінің асимптоталары. Зерттеудің жалпы схемасы.
|
Ұжымдық талқылау
|
2
|
9
|
Анықталған интегралдың қолданылуы.
Анықталған интегралдың қасиеттері. Негізгі интегралдау әдістері. Ньютон-Лейбниц формуласы.
|
Ұжымдық талқылау
|
2
|
10
|
Сандық қатарлардың жинақтылығының қажетті және жеткілікті шарттары.
Сандық қатар ұғымы. Қатарлардың жинақтылығының қажетті және жеткілікті шарттары. Дәрежелік және функционалдық қатарлар.
|
Ұжымдық талқылау
|
3
|
11
|
Қайталамалы және тәуелсіз сынаулар.
Бернулли формулалары. Муавр-Лапластың локальді және интегралды формулалары.
|
Ұжымдық талқылау
|
2
|
12
|
Бірфакторлы дисперсиялық талдау.
Дисперсиялық талдау. Бірфакторлы дисперсиялық талдау.
|
Ұжымдық талқылау
|
1
|
13
|
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» бөлімдері бойынша аралық бақылау.
|
|
1
|
|
Барлығы:
|
|
21
|
Достарыңызбен бөлісу: |